Неліктен оқушылар ашық тапсырмаларды аса күрделі деп санайды?
Оқушылар ашық тапсырмаларды күрделі (мысалы, гуманитарлық ғылым саласында шешім қабылдауды талап ететін жаттығулар, ғылыми эксперименттер және математика саласындағы проблемаларды шешуге бағытталған тапсырмалар) деп санады, себебі мұндай тапсырмалар оларға өз идеяларын зерттеуде және дамытуда көбірек еркіндік береді. Мысалы, география пәнінен «Сауда» тақырыбындағы ойында оқушылар әр елді білдіретін топтарға бөлінді. Әр елге олардың экономикалық дамуына қарай әр түрлі ресурстар бөлінген болатын. Қажетті өнімді шығару үшін басқа елдермен сауда-саттық жүргізу қажет болды. Бұл ойын кезінде мұғалім нақты әлемдік сауда-саттыққа еліктеу үшін квоталар мен жеңілдіктер енгізе отырып, Дүниежүзілік банк рөлін орындады [23].
Достарыңызбен бөлісу: |