Кіріспе жұмыстың өзектілігі



бет12/19
Дата02.01.2022
өлшемі1.28 Mb.
#452476
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   19
Мадина ДИПЛОМ

Мұғалімдердің рөлі. Топтық жұмысты мұғалімдер ұйымдастырады, әрі олар қолдау көрсетіп отыруға тиіс, сондай-ақ тапсырманы орындағаннан кейін оны талқылауға уақыт беру қажет. Мұғалімдер топтың тиімді жұмысына қолдау көрсетіп, оңтайлы нәтижелерге қол жеткізуге ықпал етулері керек.

Сонымен қатар, сыныппен жүргізілетін жұмыс неге қол жеткізілетіндігін, нені білу жоспарланғандығын және топтық жұмысқа арналған тапсырмалар барлық сыныпты оқытумен қалай байланысты екендігін талқылауды қамтуы тиіс. Талқылау барысында оқушыларға олар қолдана алатын дағдылар, стратегиялар мен ережелер туралы ескерту қажет.

Оқушылардың жұмысына мұғалім сыпайы түрде араласып, оқушыларға ұсынылатын әдістерді моделдеуі тиіс. Топтың бірлескен жұмысын қамтамасыз ету үшін, бастапқы кезеңдерде барынша көп қолдау көрсету талап етілуі мүмкін.

Сабақ аяқталған соң оқушылар топтағы жұмыс үдерісін және оның нәтижелері туралы ойлану үшін түрткі жасау керек.



Сурет 4 -Топтың көлемі


Топтық жұмыс ұтымды, тиімді болу үшін белгіленген тапсырмалар мен топтың қызметі стратегиялық тұрғыдан дұрыс құрылуы тиіс, олар топта тиімді жұмыс істеуге ынталандырып/қамтамасыз етіп, жоғары деңгейдегі оқытуды, ойлауды және түсінуді дамыту үшін қолданылады.

Жақсы ұйымдастырылған топтық жұмыс оқушылар арасында әлеуметтік өзара қарым-қатынасты, тиімді араласу және проблемаларды шешу дағдыларын дамытуға ықпал етеді. Бұл, өз кезегінде оқушыларды өздерінің оқуларына белсенді қатысуға итермелейді.

Оқушыларды алынған ақпаратты ойластыруға және талқылауға, өзгелердің пікірлерін түсінуге немесе теріске шығаруға ынталандырған жағдайда Топтық жұмыс тиімді болады [21, 22].

Фактілер бұл үдерістің кезең-кезеңмен жүретіндігін растайды. Айталық, бастапқы кезеңдегі топтық жұмыс әлеуметтік өзара әрекет етудің дағдыларын дамытуы қажет, содан кейін оқушылардың арасында қарым-қатынас біршама орнаған соң, мұғалімдер олардың тиімді қарым-қатынас жасау және мәселелерді шешу дағдыларын дамыта алады (5-сурет).


Сурет 5 - Дағдыларды дамыту үдерісі


Әлеуметтік өзара әрекет ету дегеніміз не? Төменгі және жоғарғы сынып оқушылары топқа мүше болудың мәні туралы ойды қалыптастыру мүмкіндігіне ие болып, басқа адамдардың пікірлері мен идеяларына төзімді бола білуге үйренуі тиіс, соның нәтижесінде олар басқа адамдарға қатысты өзара сыйластыққа және түсіністікке келеді.

Тапсырмаларды орындау барысындағы бірлескен жұмыс оқушыларға жағдайды басқа адамдардың пікірлерін ескере отырып, қарауға мүмкіндік береді.



Тиімді топтық қарым-қатынас дегеніміз не? Қарым-қатынасқа түсу мүмкіндігі топтағы жұмыстың барынша қолайлы аспектісі болып табылады, алайда ол тек айта білуді ғана емес, сонымен қатар тыңдай білуді де қажет етеді, сондықтан оқушылар білуге тиісті бірнеше негізгі ережелер бар, олар:

кезекпен сөйлеу

• белсенді тыңдау

• сұрақ қою және сұрақ бар ма екенін сұрау

• ұсыныс енгізу және басқаларда ұсыныс бар ма екенін сұрау

• өз ойларын және пікірлерін ортаға салу және басқалардың идеялары мен пікірлерін білу

• ұсыныстарды, идеяларды және пікірлерді ұжыммен талқылау

• көмектесу және көмек сұрау

• түсініктеме беру және түсініктеме беруді өтіну

• идеяларға түсініктеме беру және оны бағалау

• топтық шешім қабылдау және бір тоқтамға келу

• талқылаудың қорытындысын шығару

• дәйекті айғақтар келтіру.

Орын алған проблеманы шешу мақсатындағы топтық жұмыс – оқытудың өте ықпалды тәсілдерінің бірі. Оқушылар ересек адамдарға тәуелді болмау үшін тапсырмаларды жоспарлайды және оларды орындауды ұйымдастырады. Бұл тәсіл оқушыларға:



  • уақытты ұтымды жоспарлауға;

  • инновациялық көзқарастар мен идеяларды ұжыммен талқылауға;

  • топтағы жұмысқа дейін қандай да бір жеке-дара қызмет немесе ойластыру қажет пе екендігін анықтауға;

  • топ ішінде рөлдерді анықтауға (басшы, хатшы, тілші, бақылаушы және т.б.) немесе топ мүшелеріне тапсырмаларды бөліп тапсыруға;

  • тапсырмаларды орындау барысында келісімге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Бірлескен жұмыс аса күрделі тапсырмаларды орындау арқылы, әсіресе талқылау үшін мүмкіндік болса, әлеуетті анықтауда өте тиімді бола алады.

Күрделі тапсырмалардың болмауы және қызықсыз тапсырмалар бәрінен бұрын қабілетті оқушылардың оқуда шамалы нәтижеге ғана қол жеткізуіне әкеліп соқтыратынын түсіне отырып, Кэролин дарынды және талантты оқушыларды ынталандыратын және олардың қызығушылықтарын тудыратын стратегиялар мен тапсырмалардың алуан түрін зерттеді. Ол дарынды және талантты оқушылардың пікірі бойынша бірлескен жұмыс, аса күрделі тапсырмалардан тұратын ашық тапсырмалар (ақпаратты талдау мен қолдануды білдіреді) аса күрделі болып табылатындығын анықтады. Олар сондай-ақ мұғаліммен және сыныптастармен жақсы қарым-қатынаста болу маңызды екенін атап өтті. Оқушыларға қысым жасалмаған жағдайда, олар эксперименттер мен жаңа идеяларға ашық болды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет