Кіріспе жұмыстың өзектілігі


Сыни тұрғыдан ойлауға үйретудің негізгі элементтерін география сабағында қолдану



бет14/19
Дата02.01.2022
өлшемі1.28 Mb.
#452476
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Мадина ДИПЛОМ

2.3 Сыни тұрғыдан ойлауға үйретудің негізгі элементтерін география сабағында қолдану

    Қоғамымыздың қазіргі даму кезеңі мектептегі білім беру жүйесінің алдына оқыту үрдісін технологиялар арқылы дамытудың қажеттілігін нагізгі мақсат етіп қойып тұрғаны анық. Жаңа педагогикалық технологияларды күнделікті сабақ барысында пайдалану – ХХІ ғасыр талабы болғандықтан, мұғалімнің мақсатына, мүддесіне сай, өзінің шеберлігіне орай оқыту формалары мен модульдерін таңдауға мүмкіншілік жаратылған. Сонымен қатар, оқытудың әр түрлі технологиялары жасалып, мектептердің тәжірибесіне енуде. Жаңа әдістерді оқушының  зияткерлік,  іздемпаздық, адамгершілік, рухани тағы басқа да адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізетіні сөзсіз. Осы аталған барлық қасиеттерді оятатын, сонымен қатар әрі қарай дамытатын модуль – сын тұрғыдан ойлау модулі болғаны айдан анық. Өзімнің жиырма бес жылдан астам педагогикалық тәжірибеме сүйене отырып, сана елегінен барлық жеті модульдің маңыздылығы мен қажеттілігін саралап, сын тұрғыдан ойлау модулінің менің оқушыларыма тиімділігін анықтадым. Себебі, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, терең ойлау білуін, эстетикалық көзқарастарды пайымдауын, баға беруін, танымдық  белсенділігін арттыруға бағытталған. Сонымен қатар, сын тұрғыдан ойлау – оқушыларымның алатын білімдерін сапалы етеді, оның толыққанды жеке тұлға болып қалыптасуына негіз болатынына сенімім кәміл.

Барлық заманда  ұстаз  өз шәкіртінің ойлау қабілетін дамытуға тырысқан. Ұстаз үшін баланың өз ойын толық, ашық және еркін жеткізуі маңызды. Мен географ ретінде, өзім Орта Азияның көптеген жерлерінде оқу іссапарларымен  болып келдім, ал оқушыларға  ондай мүмкіншілік қазіргі таңда тұмай  тұр. Сондықтан  сабақтарымды қызық өтуге тырысып, баланың абстракциялық ойлау қабілетін дамытуға тырысамын, онымен бірге керемет география әлеміне саяхат жасауға  тырысамын. Ал  ол қабілеттің барлығын, сын тұрғыдан ойлау стратегиялар толығымен дамытады [24, 25].

Қазақстан Республикасының Президенті – Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында «ХХІ ғасырдың табалдырығы алдында білім беру капиталға айналуда. Оның өзі мазмұны жөнінен стратегиялық ресурстармен бәсекелесе алады. Елдің даму деңгейі осы арқылы бағаланатын болады»- деп, сапалы білім беруге ерекше назар аударылып отыр. Джон Дьюи былай дейді: «Біз жан – жақты жеке тұлға тәрбиелегіміз келсе, ол тұлғаны жан – жақты зерттеп білуіміз керек». Осы ой бүгінгі таңда менің іс-әрекетімнің тұжырымдамасы. Соған байланысты оқушының тұлғалық құрылымын және басты белгілері мен сапаларын анықтаудың мәні зор.

Сыни тұрғыдан ойлау – бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, бағалауға, талдауға және синтездеуге бағытталған пәндік шешім. Ол болашақта әрекет жасауға негіз бола алады.

Сыни тұрғыдан ойлау көбінесе қарсы пікір айтуға, баламалы шешімдерді қабылдауға,ойлау және іс-әрекетімізге жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерді енгізуге дайын болуға,ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге және басқаларды сыни тұрғыдан ойлауға баулуды білдіреді Қазіргі кезде де мектептерде жиі қолданылып отырған жаңа технологиялардың бірі – оқушылардың жазу мен оқуда сын тұрғысынан ойлау қабілетін қалыптастыруға бағытталған әдіс-тәсілдер.Оқытудың осындай жаңа педагогикалық технологияларын сабаққа ендіру бүгінгі таңда әрбір ұстаздың басты мақсаты болуы керек. Себебі, елімізге заман талабына сай қалыптан тыс ойлай алатын, шұғыл шешімдер қабылдай білетін, белсенді, шығармашыл азаматтар қажет. Сабақта тек білімділік мақсаттарды шешіп қоймай, балалардың жекелік қасиеттерін, қабілеттерін дамытудың жолдарын қарастыруда дәстүрлі оқыту мен дамыта оқытудың айырмашылығын салыстыру кестесі арқылы көрсетуге болады. Мұғалім бұл жүйемен жұмыс жасағанда, үнемі оқушы санасында болып жатқан өзгерістерді бақылап, оның дамуын жан-жақты зерттей отырып, өз сабақтарын соған сай өзгертіп отыруы тиіс. Сыни тұрғыдан ойлау  маңызды мәселелерді талқылауды және тәжірибені ой елегінен өткізуді қамтиды.

География сабағында оқушыларды сөйлесуге сыни тұрғыдан ойлануға белсенді қатысу мүмкіндігін беру, олардың өзін -өзі оқытып бағалауға мүмкіндік береді. Сыныпта әңгімелесу үшін дұрыс жағдай жасау  мұғалімге байланысты болады. Бұнда уақыт, ептілік орын алады және кейбір табандылықты талап етеді. Оқушылар бір-бірінен әңгімелесу арқылы үйренуі мүмкін деген ойға келеді. Оқушылар жаңа өздерінің алдын ала идеяларын айта бастайды және жаңылысуға әкелетін мәселелер туралы айтуға сенімді болады. Осылайша, оқушылар сыныпта көмек болатынына толық сенімді болады. Әсіресе шектеліп қалған оқушының өзі бір, екі сөзін айтса да ойын жеткізе алады.

Сыни тұрғыдан ойлау сұрақ қоюдың, дәлелдеудің басты дағдыларын және төмендегі қабілеттерді дамытуды көздейді:



  • Айтқандарын негіздеуге және өзіміздің өмірлік тәжірибемізге қарай оны тәртіпке келтіріп, мәнін құруға әзірлік;

  • Күн ілгері кесіп-пішіп қоюға ұмтылмай, сұрақ қою, тапсырма беру және басқалардың идеяларын сыни бағалау;

  • Басқалардың өзіңнің пікіріңді сыни бағалауына және өз пікіріңнің қате болуына ашық болу;

  • Идеяларды сынау және «шындықты» іздеу.

Балаларға негізделген, әділ сыни тұрғыдан ойлауды қалай дамыту керектігін көрсету қажет. Оларға сұрақ қою, негіздеу, болжам жасау мен үлгілеу дағдыларын жаттықтыру қажет. Сыни тұрғыдан ойлауға оқыту мыналар туралы негізді бағалауға үйрету дегенді білдіреді:

  • Қалай, қашан және қандай сұрақтарды қою қажет.

  • Қалай, қашан және қандай негіздеу әдістерін пайдалану керек.

Бенджамин Блумның және басқалардың жұмысының шеңберінде сыни тұрғыдан ойлау оның жіктеуіндегі ойлаудың алты дағдысының ең жоғарғысы болып табылады.

«Сын тұрғысынан ойлау үшін оқу мен жазу» стратегияларын география сабақтарында пайдалана отырып өткізу барысында мынадай қорытындыға келуге болады:

- география сабағында оқушы мен мұғалімнің кең дәрежеде сыйласуына;

-география пәні бойынша оқушыларға өз пікірін айта білуіне;

-оқыту процесіне барлық оқушыларды қамтуға;

-география пәні бойынша шығармашылық қабілеттерін ашуға жағдай жасайды.


Ең басты сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы оқушылардың жеке тұлға болып қалыптасуына оң нәтижесін беретін жоба. Жаңа технологияларды күнделікті сабақ процесінде пайдалану үшін, әр мұғалім өзінің алдында отырған оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, педагогикалық мақсат мүддесіне байланысты, өзінің шеберлігіне байланысты таңдап алуға болады. Жаңа технологияны жүзеге асыруда мұғалім белсенділігі, шығармашылық, ізденіс, өз мамандығына деген сүйіспеншілігі, алдындағы шәкірттерін бағалауы ерекше орын алады.

Сыни тұрғыдан ойлау сұрақ қоюдың, дәлелдеудің басты дағдыларын және төмендегі қабілеттерді дамытуды көздейді:



  • Айтқандарын негіздеуге және өзіміздің өмірлік тәжірибемізге қарай оны тәртіпке келтіріп, мәнін құруға әзірлік;

  • Күн ілгері кесіп-пішіп қоюға ұмтылмай, сұрақ қою, тапсырма беру және басқалардың идеяларын сыни бағалау;

  • Басқалардың өзіңнің пікіріңді сыни бағалауына және өз пікіріңнің қате болуына ашық болу;

  • Идеяларды сынау және «шындықты» іздеу.

Балаларға негізделген, әділ сыни тұрғыдан ойлауды қалай дамыту керектігін көрсету қажет. Оларға сұрақ қою, негіздеу, болжам жасау мен үлгілеу дағдыларын жаттықтыру қажет. Сыни тұрғыдан ойлауға оқыту мыналар туралы негізді бағалауға үйрету дегенді білдіреді:

  • Қалай, қашан және қандай сұрақтарды қою қажет.

  • Қалай, қашан және қандай негіздеу әдістерін пайдалану керек.

Бенджамин Блумның және басқалардың жұмысының шеңберінде сыни тұрғыдан ойлау оның жіктеуіндегі ойлаудың алты дағдысының ең жоғарғысы болып табылады.

Сыни тұрғыдан ойлау ой жүгірту, пайымдау жасау немесе проблеманы шешу үдерісі жүрген барлық жағдайларда, яғни неге сенуге болады, не істеу керек және бұны ойластырылған әрі рефлексивтік тәсілмен қалай істеуге болатындығын анықтау қажет болған жағдайлардың барлығында орын алады.

Сыни тұрғыдан ойлау «ойлау туралы ойлану» деп сипатталған. Сыни тұрғыдан ойлау бақылау, тәжірибе, толғану және ой жүгірту нәтижесінде алынған ақпаратты ұғыну, бағалау талдау және синтездеуде қолданылатын әдіс болып табылады, сонымен қатар ол әрекет жасауға негіз, түрткі болуы да мүмкін. Сыни тұрғыдан ойлау көбінесе бір нәрсені елестетуге, баламалы шешімдерді қабылдауға, ойлау және іс-әрекеттің жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерін енгізуге дайын болуды көздейді,ол ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге бейілділік пен басқаларды сыни тұрғыдан ойлауға баулуды білдіреді. Сыни тұрғыдан ойлау дағдыларының негізгі тізбесіне қадағалау, интерпретация, талдау, қорытынды жасау, бағалау, түсіндіру, метатану кіреді.

Сарапшылардың пікірінше, сыни тұрғыдан ойлау проблемаларымен белсенді айналысатын адамдар мен топтар:



  • қадағалау жолымен алынған деректерге;

  • мәнмәтінге;

  • барабар шешім қабылдауға арналған тиісті критерийлерге;

  • ой-пікір, пайымды қалыптастыру үшін қолданылатын әдістерге;

  • алдағы проблемалар мен мәселелерді түсіну үшін қолданылатын теориялық құрылғыларға лайықты көңіл бөледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет