Кіріспе Курстық жұмыстың мақсаты


Жазбаша сұрақ-жауап жұмыстарын жүргізу



бет6/13
Дата16.05.2024
өлшемі90.55 Kb.
#501315
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
stud.kz-49041

Жазбаша сұрақ-жауап жұмыстарын жүргізу. 
Сұрақ-жауапқа жаттықтыру жұмысы стилистикадан алғаш мәлімет беру кезінде, тіл ұстарту мақсатында жүрізіледі. Онда оқушыларға белгілі мақсатқа байланысты сұрақтар беруі талап етіледі. Ал ол сұрақтарды мұғалім белгілі бір мәтіннің немесе сөйлемнің стильдік ерекшеліктерін білдіретіндей етіп ұйымдастырады. Яғни, сұрақтар әр сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне, оларға стилистикадан берілетін білімнің ауыр-жеңіліне байланысты беріледі. Тегінде, сұрақ қоя білу, қойылған сұрақтарға орынды, дәйекті жауап қайтару дағдылары оқушыларға нақтылы көмек берудің нәтижесінде қалыптасады. Оны ауызекі жұмыстан гөрі жазбаша жаттығулардың үстінде жүзеге асыру мүмкіндігі мол. Өйткені, оқушы жіберген кемшілікті (сөз таңдау, сөйлем құрау, ой нақтылығы т.б.) жазып, сызып көрсетуге, дұрыс жазудың үлгілерін беруге болады. Дегенмен, жазу жұмыстарының сапалы орындалуы оған дейінгі сұрақ-жауапқа жаттығу кезінде оқушылардың алған білім, дағдыларына байланысты. Мысалы, мына мәтін қай стильде жазылған? деген сұрақ беру үшін, ол мәтінмен оқушылар бұрын танысқан немесе стиль туралы бұрын мәлімет берілген болуға тиіс. Демек, сұрақты белгілі мақсатқа лайықты құрастыру, оны оқушының дұрыс түсініп, орынды жауап қайтаруы – жұмыстың сәтті орындалуының басты шарттары болып есептеледі. Өзіміздің көп жылдық педагогтық іс тәжірибемізге сүйене отырып түйгеніміз оқушылардың қалың көпшілігі сыныптық және сыныптан тыс қабылданған материялдарды жинақтап, логикалық жүйеде байланысқа түсіріп, жазбаша баяндап беруге қабілетсіз келеді.Оның басты себебі бұл мәселе қазақ тілін оқыту әдістеме ғылымында күні бүгінге дейін зерттеу нысаны болмағандықтан мұғалімдер әр түрлі білім көздерінен жинақтап біріктіру арқылы бала тілін жазбаша дамытудың тиімді әдіс-тәсілдері кең көлемде белгіленбей келді. Сондықтан оқушыларды мұндай жұмыс түріне жаттықтыру ісі талап деңгейінде көріне алмай жүр. 
Жоғарыдағы аталғандарға сәйкес, оқушыларды әр түрлі білім көзінен жинақталған материалдарды біріктіру нәтижесінде тұтас байланысқа түскен мәтін түзу дағдыларын қалыптастыру, яғни олардың контекстік тілін дамыту жолдарын анықтауды сұрақ-жауап, яғни әңгіме әдісі арқылы жүргізу тиімді. Біз біріктірілетін материалдарға әдебиет оқулығындағы әңгімелерді, сурет-иллюстрацияларды, табиғат құбылыстары мен өмір шындығын бақылаудан алынған мәліметтерді, жүргізілген тәжірибелердің нәтижелері мен оқушының жеке басының пікірін пайдаландық. Ең негізгі білім көзіне оқылатын мәтін алынады да, ал қалғандары оған қосымша қызмет атқарады. Әр түрлі білім көздерінен біріктіру арқылы балалардың контекстік тілін дамыту мақсатында жүргізілетін жұмыс үдерісін мынадай бөлімдер бойынша қарастырдық. 
1. Оқылатын мәтінді ұғу. 
2. Оқылған мәтінді сапалы толықтыру үшін екінші білім көзінен материал жинақтау. 
3. Оқыған материал мен оқушылардың басқа білім көзінен жинақталған материалының контекстегі мазмұнға сай логикалық байланысқа түсіруге дағдыландыру. 
4. Біріктірілген материалдар бойынша әңгімелету, жазбаша мәтін құрауға жаттықтыру. 
Оқулықтағы мәтін мен басқа білім көзінен жинақталған (бақылау, сурет, тәжірибе т.б.) материалдарды бір мезгілде талдау үдерісі тек тақырыптық байланысын белгілейді сөйлемдер арасындағы мағыналық дәнекерлікті анықтайды, мұның өзі баланың контексті тілін дамытуда маңызды роль атқарады. Сөйлемдер арасындағы бұл қатынастар әр түрлі білім көздерінен алынған материалдардың логикалық негізде жүйеге түсуді қамтамасыз етеді, оқушыларды байланыстырып сөйлеуге дағдыландырады. 
Оқылатын мәтін мен сыныптан тыс табиғат құбылыстарына жүргізілген бақылаудың немесе мектепте жүргізілген тәжірибенің барысында жинақталған материалдарды біріктіріп, тұтас әңгіме құру дағдыларын қалыптастыру жайындағы жұмыстарға мысал келтірейік. 
Егер сабақта күнделікті тұтынылатын зат не құбылыс жайында жазылған әңгіме оқытылса, мұғалім сабақты түсіндіруде оқушылардың жеке басының тәжірибесіне сүйенеді (жаңа мәтінді оқығанға дейінгі игерген), ал егер шала таныс немесе мүлде таныс емес нәрселер жайында баяндалған мәтін талданатын болса, онда оқушыларды онымен тереңірек таныстыру мақсатында белгілі бір зат не құбылысқа бақылау ұйымдастырады не тәжірибе (басқа да білім көздерін пайдалануы мүмкін) өткізіледі. 
Әңгіме мәтінін оқудан бұрын оқушыларға сол зат не құбылысқа бақылау жүргізу тапсырылады. Бақылау нәтижелі болу үшін, нені, қашан, қалай бақылау керектігі, оқылатын мазмұнда сөз болатын нәрселер жайында қосымша мағұлмат алатындай етіп егжей-тегжейлі нұсқау, сұрақтар беріледі. Олай дейтініміз, оқушының оқу материалын ұғынуды тікелей сезу үдерісіне сүйеніп, іске асады. Ал тікелей сезу үдерісінде түйсіну, қабылдау, елестеу жатады.
Қабылдаудың ерекше түрі – бақылау. Бақылау үдерісі белсенді жүргізілуі шарт. Бақылаудың белсенділігі дегеніміз – жұмысты жүргізерде оқушыларды қандай нәрселерге мән беруді ескерте отырып сұрақтар арқылы жетелеу. Демек бақылау дегеніміз белгілі бір нысанды мақсатсыз қарау немесе бір нәрсені тыңдау сияқты пассив үдеріс емес, керісінше ойдың қатысымен белсенді түрде іске асатын үдеріс. 
Енді жұмыс барысын мысалдар арқылы көрсетейік. 
1. “Керемет көктем”әңгімесін оқу (оқушылардың табиғат құбылыстарына жасаған бақылау нәтижесінде жинақталған материалды пайдалану). 
2. “Ұя сыры” әңгімесін оқу (мектепте жүргізілген тәжірибе нытижелерін пайдалану). Оқулықтағы .“Керемет көктем” әңгімесін өту алдында оқушыларға табиғат құбылыстарына бақылау жүргізуді тапсырады. 
Мұғалім бақылау нәтижелі болу үшін нақтылы жоспар – сұрақ ұсынады: 
1. Қардың еруі (таңертең, түсте, кешке). Қар неліктен ериді? Еріген кар неге айналады? Су қайда, қалай ағады? 
2. Көктемнің хабаршыларын қалай білесің (жердің көктеуі, ағаштардың бүршік жаруы, жидектердің гүлдеуі, жапырақ жаюы, құстардың келуі, алғашқы келген құстар, олардың іс әрекеттері, жан-жануарлардың түрленуі).
3. Адамдардың көктемгі іс әрекеттері қандай? (Жер жырту, егін салу, бау-бақшаларын күтіп баптау, т.б.) 
Ендігі жерде қандай құбылыстарға зейін аудару қажеттігіне бағыт беріліп “Керемет көктем” әңгімесін мәтінімен оқушылардың табиғатты бақылау нәтижесінде жинақталған материалды қоса талдау жасау арқылы бұл бір-біріне ұқсас материалдар бір мазмұнға біріктірілді. Мысалы: 
“Керемет көктем” мәтінін екі мағыналы бөлікке бөлінген талдау кезінде бақылау нәтижесінде жинақталған материалдарда осы екі бөлік бойынша сұрақ-жауап мынадай жүйеде жүргізіледі. 
Берілген тапсырма түрінің бірінші бөлімі бойынша жұмыс:
Мұғалімнің сұрақтары:
Оқушылардың жауаптары: 
1.Әңгімеде қар жайында не айтылған?
2. Көк туралы не жазылған? 
3.Құстар туралы не айтылған? 
4.Бірінші бөлімде көктемнің неше белгісі сөз болады? 
5.Қар қалай ериді? 
1.Қар кетті. 
2. Қылтыйып көк те көріне бастады. Шөптің кішкентай жапырағы көрінеді. 
3. Құстар – көктем хабаршысы. Құстар аспанда қалықтап ұшып, қанатын кең сермейді. 
4. Үш белгісі сөз болады: а) қардың кетуі; ә) шөптің шығуы; б) құстардың келуі. 
5. Күн біртіндеп жыли бастады. Таңертең қар қатты болғанымен, түс кезінде ериді. Қар асты тола су. Су ағып жылғаларға құяды. Жылғадағы су сылдырлап ағады.
Үй шатырлары мен беткейлерде қар еріп біткен. Тек шұңқырлар мен жылғаларда ғана қалған. Кешке қар қатаяды. Өйткені күн батады.Су бетін жұқа мұз басады. 
Тапсырманың екінші бөлігі бойынша жұмыс. Мұғалімнің сұрақтары: 
Оқушылардың жауаптары:
1.Дәрмен неге ерте оянды? 
2.Дәуреннің әжесі керемет көктем-нің келуін қалай түсіндірді? 
3.Әңгіме неліктен керемет көктем деп аталады? 
4.Адамдардың көктемгі іс-әрекет-терін баяндап беріңдер? 
5. Көктемді неге “керемет көктем” деп атауға болады? 

1.Ауылдың көшесін дүрілге толтырып трактор өтіп барады. 


2.Дәуренді далаға шығарып тракторлар керуенін нұсқап: Әне егіншілер дабылы соғылған, керемет көктемнің келгені. 
3. Көктемде жер жыртылып, егін егіледі. 
4. Күн қызып, жер дегдиді. Көктем шығысымен диқандар жер жыртып, егін егеді. Бидай, арпа, сұлы, жүгері себеді. Бұлар – дәнді дақылдар.
Ауыл адамдары бақтарына өрік, алма, жаңғақ, шие, 
алмұрт, жүзім көшеттерін отырғызады. Ал бақшаларына қияр, асқабақ, қызылша, сәбіз, пияз, қауын, қарбыз егеді. Жеміс ағаштарының түбін қопсытып, әктейді. 
5. Көктемде күн жылынып, жер көктейді, ағаштар бүршік жарып, жеміс-жидектер гүлдейді. Алыстан құстар ұшып келеді. Диқандар жер жыртып, егін егеді. Ауыл адамдары бақтарына жеміс ағаштарын отырғызып, бақшаларына көкөніс отырғызады. 
Міне, осылайша, оқушылар мәтіннің әр бөлігіне өздерінің бақылау нәтижесінде жинақтаған мәліметтерді бейнелейтін бүтін тілдік компоненттерді (өзара байланысқан сөйлемдер тобы) біртіндеп біріктіреді. Әр түрлі білім көзінен жинақталған материалдарды мұқият талдай отырып әр бөлікке кіріктірген соң, оқушылар кеңейтілген әңгіме мазмұнын байланыстыра отырып, ауызша баяндау мүмкіншілігіне ие болады.Мәтіннің әр бөлігі талданған соң, әңгімені қайта оқымай, бүтін логикалық байланысқа түскен материалды байланыстыра жазып шығу тапсырылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет