ҚОРЫТЫНДЫ:
Курстық жұмысымды қорытындылай келе, сабақта орындалатын жұмыс түрлерін талдап көрсетіп, оқушыларға тілдік құралдарды өз тәжірибесінде пайдалана білудің ғылыми-әдістемелік жолдарын нұсқай отырып, ойын дұрыс,еркін айта да, жаза алатын жұмыс түрлерін меңгерту арқылы – бүгінгі заман талабына сай әдіс- тәсілдерді қазақ тілі сабағында қолдану нұсқаларын көрсете білу.
Осы курстық жұмысымда мектеп оқушылырының тиянақты білім алып, біліктілігі мен дағдыларын қалыптастыруын мақсат етіп қоя отырып, оларды ойлауға үйрету, өз бетінше білімдерін толықтырып, жаңа білімдерді игеру тәсілдерімен қаруландыру, алған білімдерін теориялық және тәжірибелік мәселелерді шешуге саналы түрде қолдана білу сияқты ақыл-ой белсенділігінде дамыту бойынша жұмыстар жүргізу. Бұл бағыттағы негізгі мәселе – оқушыларды сөйлеуге,қарым-қатынас жасауға үйрету, сабақ барысында жұмыс түрлерін айқындап, жаңа технологияларды пайдаланып, сабақта орындалатын тапсырмалар түрлерін сапалы деңгейге көтеру.
Бұл жұмысты зерттеудегі негізгі мақсатым - қазiргi мектептің алдына қойылған оқушылардың өз бетінше ізденімпаздығы мен жасампаздық және шығармашылық қабілетін дамытуды қамтамасыз ететін амал-тәсілдер табу, сонымен қатар күнделікті дәстүрлі сабақ барысында қолданылатын жұмыс түрлерінің талдау үлгілерін жазбаша және ауызша түрде тәжірибеден өткізу, жекелей мысалдармен талдап көрсету. Қазіргі уақыт талабына сай орындалатын жұмыс түрлерін жаңаша ұйымдастырып, өзіндік тың ізденістерге талпыну. Сабақ өткізу барысында оқушыларды халық педагогикасы негізінде тәрбиелеп, оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттырып, сабақ беру әдісінің тиімді түрлерін пайдалану, орындалатын жұмыс сапасына қарай сабақтың жаңа түрлері де сабақтың мазмұнын, мақсатын, әдісін айқындап береді. Кеңінен қолданылып жүрген «Мемлекеттік тілді деңгейлік оқыту технологиясын» негізге ала отырып, оқушылардың ізденушілік, өзіндік жұмыс істеу, білімді сапалы қабылдау, шығармашылықтарын арттыруын, мәселені тиімді шешудің жаңа мүмкіндіктерін тың идеялармен толықтыра білу.
Жұмысым қызықты, әрі жүйелі болуы үшін, сонымен қатар алға қойған мақсатқа жету үшін мынадай әдістер қолданылды: теориялық әдіс, педагогикалық бақылау әдісі, салыстырмалы әдіс, эксперимент әдісі.
Жұмысымның теориялық және тәжірибедегі маңызы оқушылардың жазбаша сөйлеу әрекеті мен оның түрлерін дамыту тілді қатысымды-танымдық тұрғыдан меңгерудің сапасын арттырып, әдістеме ілімін теориялық жағынан байытады. Тиімді де орынды пайдаланылған оқыту технологиясы - сапалы білім негізі бола алады.
Достарыңызбен бөлісу: |