Кіріспе Курстық жұмыстың мақсаты



бет1/13
Дата16.05.2024
өлшемі90.55 Kb.
#501315
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
stud.kz-49041


Кіріспе 
Курстық жұмыстың мақсаты: Әлеуметтік және ғылыми техникалық өрлеудi дамытудағы басты мәселенің бірі – адамдардың дара тұлға ретiнде белсенділігі мен мұраттық сенімдідігін қалыптастырып, қазiргi мектептің алдына қойылған оқушылардың өз бетінше іздемпаздығы мен жасампаздық және шығармашылық қабілетін дамытуды қамтамасыз ететін амал-тәсілдер табу. 
Мектеп оқушылырының тиянақты білім алып, біліктілігі мен дағдыларын қалыптастыруды мақсат етіп қоя отырып, оларды ойлауға үйрету, өз бетінше білімдерін толықтырып, жаңа білімдерді игеру тәсілдерімен қаруландыру, алған білімдерін теориялық және тәжірибелік мәселелерді шешуге саналы түрде қолдана білу сияқты ақыл-ой белсенділігінде дамыту. Бұл бағыттағы негізгі мәселе – оқушыларды сөйлеуге,қарым-қатынас жасауға үйрету. «Сөйлеу - адамдардың материалдық өзгертуші іс-әрекеті процесінде тарихи тұрғыдан қалыптасқан тіл арқылы болатын қарым-қатынас нысаны». Сондықтан Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында: «Тіл арқылы баланың логикалық ойлауын дамытуға, қарым-қатынастың дағдыларын жетілдіруге яғни сөйлесім әрекетінің түрлеріне қатысты машықтарын шыңдауға септігін тигізеді. Сол себепті «Қазақ тілінің» жаңа білім мазмұнын меңгерудің функциональдық-семантикалық және коммуникативтік-әрекеттік аспектілерін күшейтудің қажеттігі арта түседі», - деп көрсетсе, оқу бағдарламасында сөйлеудің түрін ауызша және жазбаша деп қарастыра келіп, «тіл мәдениетін қалыптастыру ауызекі сөйлеу, жазу, тыңдау мәдениетінің қалыптарына сай дағдыларды жетілдіру» міндетін қояды Жазбаша сөйлеу әрекеті - таңбалардың белгілі бір фонемалық, мағыналық қасиетке ие болуы арқылы адамдардың бір-бірімен жазбаша қарым-қатынасын қамтамасыз етеді. Жазбаша сөйлеу әрекетінде оқушы сөйлемнің мәніне, мағынасына қалыбына (формасына) көңіл аударып, оны ойлау әрекетімен пайымдауы арқылы өз санасынан өткізіп, қағаз бетіне түскен материалдың түсінікті, жүйелі болуы нәтижесінде жазбаша тілдік қатынасты жүзеге асырады. 
Қазір тілді оқыту саласында әдіскерлердің айрықша назар аударатын мәселесі – тілді қатысымдық-танымдық тұрғыдан оқыту мәселесі. Бұл міндет әсіресе, мектеп жасындағы балаларға қазақ тілін қатысымдық тұрғыдан оқытудың мәселесі күн тәртібінде тұр. Бұл ретте оқушылырдың тек сөйлемді дұрыс құрастыру жайы ғана емес, алған білімдерін, меңгерген сөздік қорларын қарым-қатынас негізінде әр түрлі жағдайларда пайдалана білу мүмкіндігі ескерілуі тиіс. Қазіргі кезде мектеп оқушылары да қарым-қатынаста өз ойын түсінікті айтып жеткізумен бірге сау
атты, дұрыс жаза білуге ерекше мән беріле бастады. Мұның өзі сөйлеу әрекетінің ішінде жазбаша сөйлеу үдерісін (процесс) тез де сапалы игеруге қажет әдістемелік жүйені талап етіп отыр. Сондықтан мектепте қазақ тілін оқытудың басты мәселесі – жазбаша сөйлеу әрекеті арқылы сауаттылықты, тіл мәдениетін меңгерту және сол арқылы тілдік қатысымға жаттықтыру. Бұл қазақ мектептеріндегі белгілі міндеттерді жүктейді: танымын арттыру арқылы жастардың ұлттық сана-сезімін ояту; әдеби тілдің ауызша, жазбаша нормасын игерту; оның мол байлығын меңгертіп, сол арқылы тілге деген сүйіспеншілігін сезімін және қарым-қатынас жасау икемділік пен дағдылырын қалыптастыру. Қоғамның дамуына сай өмірдің әр саласында қолданылатын тілдің мәдениеті де жетіліп, сөйлейтін немесе жазатын адам ойы айқын да жатық әрі мәнерлі болуы тиіс. Сондықтан оқушыларға тілдік құралдарды өз тәжірибесінде пайдалана білудің ғылыми-әдістемелік жолдарын көрсетіп, ойын дұрыс,еркін айта, жаза алатын етіп меңгерту – бүгінгі заман талабы. Қазақстан Республикасының «Орта білімді дамыту тұжырымдамасы» бойынша: «Білім мазмұнында білім, білік, дағдыларды игеру бірте-бірте оқушылырдың талдау, жинақтау, логикалық ойлау қабілеттерін дамытуға қарай өтуге бағыт алуы қажет», - деп көрсетілген.
Оқушылардың тілінің жұтаңдығы мен тіл мәдениетінің төмендігінің өзіндік себептері бар. Олардың ең негізгілері: 1) жалпы білім беретін мектептердегі жазбаша сөйлеуге жаттықтыру, тіл дамыту жұмыстарынын жүйесінің жасалынбауы; 2) жазбаша сөйлеу жұмыстарының мазмұны, мақсаты мен міндеттерінің нақтыланбауы; 3) мектептердегі бағдарлама, оқулық оқу құралындағы жазбаша тілін дамытуға байланысты материалдар көлемінің теориялық жағынан да тәжірибелік жағынан да анықталмауы; 4) жазбаша тіл дамытуда басшылыққа алатын оқушылардың сөйлеу икемділік
әдістерін дамыта оқыту зерттеу мен тәжiрибелердiң қазіргі күн талаптарына сай болмауы. Қазақ тілі пәні бойынша 5-10-сынып оқушыларының жазбаша сөйлеу икемділіктері мен дағдыларын дамытудың теориялық негіздері мен тәжірибелік жолдарын анықтап, 5-10-сынып оқушы-лырының жазба тілін дамытудың тиімді әдістемелік жүйесін жасау. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет