Курстық жұмыстың міндеті: тілдік қарым-қатынасты қалыптастырудағы жазбаша сөйлеу әрекетінің орны және оның функциональдық ерекшеліктерін анықтау; жазбаша сөйлеу икемділіктері мен дағдылары туралы лингвистикалық, педагогика-психологиялық әдістемелік әдебиеттерді талдау арқылы 5-10- сынып оқушылырының жазба тілін дамытудың теориялық және әдістемелік негіздерін белгілеу;
5-10-сынып оқушыларының жазба тілін дамытудың психологиялық, педагогикалық негіздерін тану арқылы жазбаша сөйлеуге жаттықтырудың нәтижелі жұмыс түрлері мен тиімді әдіс, тәсілдер жүйесін жасау;
Жазбаша сөйлеу әрекетін дамыту негізінде оқушылардың қатысымдық білік, дағды, икемділіктерін қалыптастыру әдістемесін жасау болып табылады.
Курстық жұмыстың құрылымы: Кіріспеден, екі тарау, үш бөлімінен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
ІТАРАУ САБАҚТА ОРЫНДАЛАТЫН ЖҰМЫС ТҮРЛЕРІ
1.1. Қазақ тілі сабағындағы жазба жұмыстарының жүйесі
Жазу жұмысын мақсатқа сай ұйымдастыру оқушылардың лингвистикалық алған білімін қолдана білуге, өз ойын жеткізуде сөйлемдер мен сөздерді орынды пайдаланып, жазбаша мәтін құрастыру икемділіктері мен дағдыларын қалыптастырады. Оқу бағдарламасында жазу жұмысына «Мазмұндамалар мен шығармалардың тілдік жазу – сөздерді таңдап, дұрыс қолдану, сөз тіркестері мен сөйлемдерді дұрыс құра білу әрбір сыныпта жетілдіріліп отырылады»-, деп көрсетіледі. Қазақ тілі сабағында жүргізілетін жазу жұысында оқушылардың ауызша және жазбаша сөздік қорларын молайтып, сауаттылығын арттыру мен жазбаша мәтін құрауға дағдыландыру үшін оқушылардың мынадай икемділіктері мен дағдылары қалыптастырылады:
1. Берілген жұмыстың мазмұнын, көлемін анықтай білу;
2. Тапсырманы түсініп оқи біліп, мазмұнын игеру;
3. Тақырыбын нақты белгілеп, оған материал жинап, әңгімелей білу;
4. Жазба жұмысының тақырыбына лайықты өз көзқарасын, ойын білдіріп, жаңа пікір қосуға баулу;
5. Жазба жұмыстарда баяндау, суреттеуге машықтандыру;
6. Жазылған жұмыстарды өңдеп, толықтырып, қайта редакциялап жазуға үйрету;
7. Жанрлық, функциональды стильдері бойынша жазбаша мәтін құрастыруға жаттықтыру;
8. Сауатты сөйлеп, қатесіз жазуға баулу. Әдіскерлер мен мұғалімдердің пікірінше, жазбаша тіл дамыту үдерісінде білім мен дағды беруге байланысты жаттығулар мынадай мақсатта жүргізілді:
1. Мектеп оқушыларына тілдік құралдардан берілетін алғашқы білім мен дағды мәліметтерін бекіте түсу мен түсіне білу үшін әр түрлі тіл стильдері бойынша байқау мен бақылау жаттығулары жүргізіледі. Бұл жаттығулар оқушыларды тіл стильдерінің өзіндік ерекшеліктері мен тілдік құралдарын ажырата білуге, мәтіннің стилін анықтауға, әр түрлі стильдегі жазылған мәтіндерді салыстыра білуге төселдіреді. Мұндағы мақсат – мәтінді түсініп оқуға жаттықтыру.
2. Оқушыларға тіліміздегі стильдерден білім мен дағды берудегі маңызды жаттығу жұмыстарының бірі – ол стильдік талдау жүргізу. Ол арқылы тіл стильдерінің қолдану аймағы, ойды жеткізу формасы, олардың тілдік құралдарын жете ажырата білуі, стилистика туралы білімдерін кеңейтіп, дағдыландыру талап етіледі. Бұл сияқты жаттығу жұмыстары оқушылардың тілдегі стиль туралы теориялық білімдерін бекіте түскенімен, ол білімдерін өз тәжірибелерінде қолдана білу дағдыларын алуға жағдай жасай алмайды.
3. Жаттығу жұмыстарының кейінгі кезеңдеріндегі бағыты оқушыларды ойларын жеткізуге, стиль түрлерін қолдана білуге дағдыландыру болып табылады. Ондай жаттығулар жұмысының қарапайым алғашқы түрлерінің бірі – сөйлем мен мәтіндерді редакциялау, қайта өңдеу бағытындағы жаттығулар болып есептеледі. Мұнда оқушылар сөйлем мен мәтіндерді белгілі бір тіл стильтүрлеріне байланысты жөндеуге, жетілдіруге, берілген мәтіннің стилін өзгертіп жаза білуге жаттығады.
4. Оқушылардың алған білімдерін өз тәжірибесінде қолдана білуге төселдіретін жаттығулардың бірі , ол - әр тіл стильдеріне байланысты мәтін құрастыру. Мұнда оқушы тілдегі стильдердің өздеріне тән ерекшеліктерін жан-жақты меңгеріп, сол стильдердің ерекшеліктеріне сай келетін мәтін құрастыру арқылы, ойды жеткізу тәсілдері мен формалары туралы мәлімет алады. Өз ойларын тіл стильдеріне байланысты жеткізе білуге машықтана бастайды, жазбаша тілі дамиды.
5. Тіл стильдері туралы алған білімдерін өз тәжірибесінде қолдана білуге дағдыландырудың ең жоғарғы кезеңі, ол – тіл стильдеріне байланысты мазмұндамалар мен шығарма мәтіндерін құрастыру болып табылады. Бұл жаттығу жұмыстарында оқушылар стилистикадан алған білімдерін қолдана білуге, тіл стильдеріне байланысты мазмұндамалар, шығармалар, ғылыми мақалалар, очерктер т.б. жаза білуге жаттығады.
Тәжірибемізде осы сияқты жаттығу жұмыстарының түрлері мен топтарын жүргізудің негізгі әдіс-тәсілдерін қарастырайық.
Қазақ тіліндегі жаттығу жұмыстары көбінесе үйретіліп отырылған грамматикалық материалдарды жете түсініп, бекіте түсу үшін жүргізіледі. Сондай-ақ бұрынғы білімдерін қайта жаңғырта отырып, теориялық материалдарды саналы түсіне білуге жаттықтырылады.
Сондықтан тіл стильдерін оқытуда жаттығу жұмыстары мына сияқты мақсаттарда жүргізіледі:
- мәтін мазмұнын игерту, түсініп оқуға баулу;
мәтіндегі форма, сөз және сөз тіркесі мен сөйлемдердің қолдануындағы стильдік ерекшеліктер мен реңдерін таныстыру;
сөз, сөйлем, мәтіндерді синоним және варианттармен ауыстыру арқылы салыстыра білу, олардың стильдік ерекшеліктерін ажырата алу;
тіл стильдеріне байланысты сөйлем немесе мәтін құрастыра білуге жаттықтыру;Олай болса, жаттығу жұмыстарының түрлеріне тоқталайық: Мәтін мазмұнын игерту жаттығулары: Бұл жаттығуларды талдап оқуда лингвистикада “формадан - мазмұнға” қарай әдісі қолданылады. Осындай мәселелермен байланысты Х.Вайнрих, қарапайым-мәтіндерді (тексты-примиты) қарастыру қалыпты мәтіндерді талдайтын лингвистика ғылымында қалыптасуы қиын болып келетіндігін айтады .
Ал қарапайым-мәтіндерде “мазмұннан-формаға қарай” әдісі негізгі орында тұрады. Өйткені мұнда басты мәселе – қарапайым түрде берілген мәтіннің мазмұны түсінікті (біршама дәрежеде, әрине) ал қалыпты түрде болса, қандай құрылымда, қандай байланыстар арқылы тұтастық жасалар еді деген мәселе қарастырылады. Бұл, негізінен, психолингвистикалық бағыт болып табылады. Өйткені мұнда мәтіннің байланыстылығы емес, тұтастығы бірінші алынып отыр. Осы ретте гештальт мәселесі туындайды. Гештальт теориясы бойынша қарастырсақ, мәтін – тұтастық күйде б
еріледі, оны талдау арқылы қандай байланыстар болуы мүмкін екендігін ғана анықтай аламыз. Осымен байланысты, психолингвист ғалымдар “текстер парадигмасы”, “текстер синонимиясы” деген ұғымдарды да қарастыру қажеттігін айтады. Осы ретте “тірек сөздер” және қарапайым-мәтіннің жасалу мәселесі қарастырылады. Өйткені “тірек сөздер” “қарапайым-мәтіннің” ерекшелігін құрайды. Бұл айтылғандардың барлығы психолингвистиканың тереңдетіле қарастыратын мәселелері болғандықтан, қысқаша тоқталып өттік. Сөйлем тек сөйлеудің туындау үдерісінің жемісі ғана емес, сонымен қатар, қабылдау жемісі болып табылады. Сондықтан да мәтінді екі жақты тану маңызды орын алады: біріншісі – айтушының тұрғысынан, екіншісі – тыңдаушының тұрғысынан қарастыру. Кейбір психолингвистикалық ғалымдар мәтіннің байланыстылығын айтушы сөйлеуімен байланыстырса, мәтіннің тұтастық сипатын тыңдаушы қабылдау ерекшелігімен байланыстырады. Сонда айтушы өзінің тұтас мәтінін тыңдаушының қажеттілігіне байланыстыра туғызады.Өйткені айтушы әрдайым өзінің тыңдаушысының даму дәрежесі мен сөз түсіну деңгейін ескеріп отырады. Тыңдаушы тұрғысынан келсек, берілген мәтінді түсіну оны қабылдаудан басталады. Түсіну үдерісін О.М.Копыленко үш бөліктен тұрады деп анықтайды: 1) қабылдау; 2) қабылдағанды түйсіну; 3) қабылданған және түйсінілгенді өзіндік дәрежеде түсіну. Тыңдаушы тұрғысынан талдау барысында тіл бірліктері емес, сөйлеу бірліктері танылады дейді осы автор. Шындығында, тыңдалған мәтіндегі сөздердің, сөз тіркестерінің қалай байланысқандығы, сөйлем құрамында қалай орналасқаны орын алмауы керек деген оймен келісу қиындау.
Бұл жерде сөйлеу синтаксисі мен тіл синтаксисінің жігін нақты ажырату мүмкін емес. Сондықтан біржақты пікір айту да қиын. Ал енді “жазушы-оқушы” жүйесіндегі мәтін өзіндік ерекшеліктері болашақта қазақ лингвистикасында терең зерттелуі қажет. Өйткені мәтін синтаксисінің ерекшеліктерін тану – оқыту әдістемесіне де үлкен жетістіктер алып келеді.
Л.П.Руденко мәтіннің жазбаша жұмыстарының мәндік компрессиялануын зерттей келе, орындалған тапсырманың ішінде мазмұндық тұрғыдан тығыздалу мүмкіндігі бар екендігін айтады. Автор “жайылма мәтіннен, тезис, жоспар, минималдық үшқары жазба” түрінде келген жоба жасату арқылы экспериментке қатысушылардың түпкі ойының (замысел) толықтай жүзеге асу жолдарын анықтайды. Түпкі ойдың сөздік (вербалдық) түрде жүзеге асырылуы – ерекше құрылымда келеді деп шешеді: “… можно сказать, что своеобразному психологическому феномену – внутренней смысловой программе речевого целого во вне
шней речи соответствует синтаксическая модель заголовка”[19,57].
Мәтінді түсіну туралы М.М.Мұқанов мынадай пікір айтады: “Тексте ой бар ма? Әрине, әркімнің ойы өз басында. Сол ойды қағаз жүзінде түсіргендіктен, бәлкім, текстегі мазмұнды біз ой деп айта алармыз. Егер тексте ой болса, текстің өзі адамсыз сөйлей ала ма? Әрине, сөйлей алмайды. Ендеше, тексте ешқандай ой жоқ. Ой дегеніміз – тексті жазған кісінің жадында қалуы. Егер тексте ешқандай ой жоқ болса, онда оны өзге кісілер қалай оқып түсіне алады? Деген сұрақ туады. Тексті оқып түсіне алатын себебі, текстердің қай-қайсысының болса тілде сөйлеушілердің ш
арттасқан келісімі сияқты. Сөйтіп, сол келісім нәтижесінде текстегі ойды бір тілде сөйлейтіндер тегіс танитын болады” [20,117]. Шындығында, мәтіннің ауызша болсын, жазбаша болсын, түрін бір тілде сөйлейтіндердің түсіну үдерісі – күрделі, тамыры тым-тым тереңде жатқан құбылыс екені сөзсіз. Бірақ, біздің ойымызша, мәтінді түсінуде “келісім сияқты” бір нәрсе бар деген ойдың өзін әлі де тарата түсіну керек сияқты. Бұл жерде тіл біліміндегі “тіл қайдан пайда болды?” деген мәңгілік талас сұрақтың бір ұштығы – “келісім теориясымен” жүздесіп от
ырғандай сезінеміз. Өйткені мәтін – тіл бірлігінің барлығы өзінің болмысын, қызметін көрсете алатын ерекше “өріс” (поле). Ал дәл бір мәтін пайда болып отырған сәттегі сол мәтінде айтушының немесе жазушының түпкі ойын барлық сол тілде сөйлеушілер бірден түсіне қалады деген М.М.Мұқановтың пікіріне келісу де қиындау. Өйткені көп адамдардың психологиялық жағынан біріне – екіншісі үйлеспей, конфликтілер туындауы – сол бірінің ойын жеткізген тілін екіншісі өзінің түсіну дәрежесіне байланысты “кодталғанды шеше алмау” немесе өзінің жеке тәжірибесіне сай “шешуі” сияқты мәселелерден туындап жататынын өмір дәлелдеп жүр. Сондықтан мәтінді түсініп оқу дағдысын қалыптастыруда оқушыларды мәтінге жоспар жасауға жаттықтырудан басталады.
Негізінде ғалымдар жоспар құруды біліктіліктің күрделі қызметін қажет ететін үдеріс деп санайды. Сондықтан да оқушыға жоспар құрғызуға жеңіл қарамағаны дұрыс. Дұрыс құрылған жоспар – оқушының айқындалған ойын танытады. Ал оқушы өз ойын айқындап, бір желіге түсіре алмаса, материалды дұрыс меңгерді деп айта алмаймыз. А.А.Смирнова, Л.И.Каплан, М.Ф.Морозова т.б. ғалымдар оқушылардың тапсырманы меңгеруінің психологиялық аспектісін зерделей келе,жоспар құрғызу оқушыларды түрлі ойлау амалдарын жинақы жүргізуге, өзінің айтарын басқаның “көзімен” салыстыра отырып беруге тәрбиелейді деген пікір айтады. Берілген тапсырмаға сәйкес жоспар құру барысында оқушы екі жақты әрекет жасайды: оның бірі – тұтас бөлшектеу жолын танып жатады, екіншісі –мәнісі жағынан жуық келетін бөліктерін топтап, жинақтап жатады. Сонда, жоспар құру анализ бен синтездің қатар жүруін қажет ететін логикалық амалдар екендігін танимыз. Құрылымдық жағынан бөлшектеп жатқанымен, сол бойда мән-мағыналық жағынан топтап жатады. Жоспар құрғызуды оқушылардың танымдық әрекеті деп тану осыдан келіп туындайды. Өйткені тұтас пен бөлшектің ара қатынасы және тұтастықты құрап тұрған ішкі байланыстарды анықтау – оқушының таным қызметінің нәтижесі. Жазбаша жоспар құруды үйрену арқылы оқушы берілген материалдың ішіндегі ең мәнді, маңызды, яғни ойдың дәнін тану жолын меңгеретінін ұмытпау керек. Алғаш жоспар құруды үйренген кезде оқушы маңызды емес, жанама белгілерді алдыңғы кезекке қоюы мүмкін. Мысалға, ол бір заттың айрықша белгісі болуы да, немесе оқушыға таныс емес, айтылуы күрделі сөз болып та көрінуі мүмкін. Бірақ тұтас қайта-қайта оқып, дауыстап оқып, одан мазмұндау барысында оқушының санасында үлкен мазмұн біртіндеп компрессиялана бастайды да, нәтижесінде оқушы жоспарды немесе тезисті “жасай бастайды”. Бұл – біліктілікпен (интеллект) тығыз байланысты ой амалдары деп саналады.
Жоспар құрғызуда оқушылар орындайтын, оларды қалыптастырылуы тиіс деп саналатын логикалық амалдар мыналар: тұтас мәтінді мағыналық бөлшектерге бөлу; негізгі ойды іріктеп, анықтау; бөлшектерге тақырыпшалар беру; оларды жоспар түрінде ретке келтіру.
Жоспар құру үшін, сонымен бірге жоспардың түрлерін де тану керек. Олар:
- жоспарды сөзбен құру, мұның өзі жай жоспар,күрделі жоспар, кеңейтілген жоспар болып бөлінеді;
-сурет арқылы жоспар құру;
-танымдық жоспар құру;
Негізінде жоспар құру барысында оқушылардың ой қызметі жетіледі. Оқушы мәтіндегі берілген материалдың мазмұнындағы түйінді ой мен қосалқы ойды ажырата ала ма, ол үдеріс қалай өтіледі, ойлау қызметі қаншалықты өсіп-жетілді, жазушы адамның тілдік қызметінің нәтижесі (яғни мәтін) екінші адамға қалай аударылып шешілді деген маңызды сұрақтарға мұғалім оқушының жоспар құру қызметінен, соның нәтижесінен жауап іздейді. Бірақ сол жақсы нәтижеге жету үшін мұғалім соған жететін баспалдақтарды қалауы тиіс екендігі есте тұрады.
Берілген мәтінге мәндік тұрғыдан (смысловое) қайта шолуға мүмкіндік беретін ақыл-ой әрекеттерінің сипатын осы ғалымдар мынадай деп таниды: тұтасты мәндік топтарға бөлу; мәтіннің құрылымын сол мәндік топтар арқылы топтау; есте сақталуы қажет материалдың жекелеген бөлшектерін бір-бірімен сәйкестендіру; есте сақталатындарды бір-бірімен және өзінде бұрыннан бар таныс мазмұнмен байланыстыру, үдеріс жаңаны есте сақтауда тірек болады; көрнекі бейнелерді тірек ету; метафоралық ойлау қызметін белсендіру т.б.
Мектептерде орта сыныптарда танымдық қызметті, негізінен, бірізділікке, бірқалыптылыққа түскен деп санауға болатыны белгілі. Сондықтан да жазу әрекеттерді оқушының орындауы үшін негіз бар болып келеді. Ал есте сақтау мен материалдың маңызды мәнді тұстарын ғана айқындауды ойлаудың жоғары басқыштағы қызметі десек, психология мен логика ғылымдарының мәліметтерін қазақ тілін оқыту әдістемесінде молынан пайдалана білудің қажеттілігін көреміз. П.И.Зинченко оқушының есте сақтау қабілетінің қалыптасқан кезде өзінен-өзі орындалып жатқан сияқты болатын дәрежеге өсетінін көрсетеді. (22( Сондықтан Р.Ә.Шаханова тілді оқытудың негізгі құралы жаттығу екендігін айта келіп, “…оқыту сөзбен, сөйлеммен байланысты жүргізіледі. Ал бұл мақсатқа жету тек тіл туралы берілетін білім арқылы емес, сөйлеу әрекетіне бағытталған жаттығулар арқылы да іске асады”, - деп есептейді. Ал А.И.Рахманов тілдік жаттығу және сөйлеу жаттығуы деп бөледі: “Нам представляется, что при установлении последовательности упражнений надо следить за тем, чтобы сначала давать языковые упражнения, а затем речевые. Языковые упражнения служат для того, чтобы усвоить и запомнить ту или иную форму, то или иное значение, после этого даются речевые упражнения, которые позволяют использовать накопленные знания, употребить в речи то, что усвоено только как какой-то языковой знак” .
Н.Оралбаева, Қ.Жақсылықова тілдік жаттығуларды сөйлеуге үйрету сөйлеудің алғашқы дағдысын қалыптастыру ретінде түсіндіріп: “Тілдік жаттығулар тілдік нұсқалар туралы алғашқы білімді бекітуге арналады. Оқулықтағы жаттығулар оқушыны сөйлей білуге үйрету, сөйлеу дағдысын қалыптастыруға керек”, - деп нақтылайды. Сондықтан біз жаттығуларды құрастыра білу, яғни жазбаша мәтін түзе білуге байланысты қарастырайық.
Оқушылардың жазбаша тілін дамыта оқыту үшін, ең алдымен, тапсырма мазмұнын жоспар жасауға жаттықтыру арқылы игертіледі.
Бұл жұмыстар қазақ тілін оқыту үдерісінде игерген тіл туралы біліміне негізделе жүргізіледі. Ол жаттығулардың көмегімен іске асады. Мәселен, жазбаша сөйлеу әрекетін дамыта оқытуда стильдік-грамматикалық жаттығулар мектепте теориялық материалдарға байланысты мәтіннің тілдік ерекшеліктерін игерту мақсатында жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |