Жазбаша синтаксистік жаттығу.
Оқытудың негізгі мәні тілді тәжірибелік меңгерту болғандықтан сөз тіркестерін оқытудағы жүргізілетін стильдік-синтаксистік жаттығуларға сөз тіркестерін белгілі бір тіл стильдеріне байланысты сөйлем құрастыру және мектеп оқушыларының тіліндегі сөйлем құрудағы стильдік кемшіліктерді түзету сияқты жұмыстар ұйымдастыру енеді. Мысалы:
1-жаттығу. Берілген мәтіндердегі негізгі және бағынышты сөзді анықта. Кітаби тіл стильдеріне байланысты қолданылатын тіркестерді көрсет:
Жиналысты өткізу, қызықты кітап, көңілді серуен, ынтыққан жүздер, уақытты өлтіру, алдағы мақсат, табыс кепілі, өнімдерді өндіру.
Сөйлемді оқытуға байланысты жүргізілетін стильдік-синтаксистік жаттығулар негізінде сөйлемнің стильдік ерекшеліктерін танытуға байланысты және ойды жеткізудегі сөйлемдердің тіл стильдеріне қатысын анықтау барысында жүргізіледі.
Стильдік-синтаксистік жаттығу жұмыстары синтаксистің стильдік ерекшеліктерін игертуге байланысты мынадай мәселелерге көңіл аудартады:
- тілдегі стильдік-синтаксистік тіркестердің ерекшеліктерін таныстыру;
- бір ойды беретін әр түрлі синонимдік тіркестер мен варианттарды салыстыра байқау;
- ойды тіл стильдеріне байланысты жеткізу мақсатында тіркестер мен сөйлемдерді алмастырып, стильдік эксперимент жасауға дағдыландыру;
- әр түрлі тіл стильдеріне байланысты сөйлем құрау мен мәтін құрастыруға жаттықтыру; тіл стильдеріне байланысты ойды жеткізу бағытында өз тәжірибесінде қолдана білуге дағдыландыру. Бұл білімдер, яғни тілдік құралдар туралы білімдер жаттығулар арқылы жинақтауға жаттықтырылады. Мәтін – тіл бірліктерінің үлкен тұтастығын танытатын ерекше бірлік. Мәтіннің өн бойында дыбыстан бастап, құрмалас сөйлемнің күрделі түріне дейін қызмет етіп, өзінің үлкен жүйені құраушы болмысын танытып тұрады. Осынысымен де мәтін оқушылардың ойлауы мен тілін, грамматикалық автоматизмін қалыптастырып, жазбаша тілін дамытуда үлкен орын алады. Оқушылардың ойлауы мен тілін дамытуда сөз тіркесінің түрлі белгілері мен түрліше қызметтерін тек сыртқы деректерді көру арқылы ғана емес, терең тынысты байланыстарды түйсіну арқылы да танылуы қажет. Ол үшін, сөз бен сөз тіркесінің түрлі өзгерістерге түсуін, сөз, сөз тіркесі, сөйлеммен салыстарғандағы өзіндік айрықша белгілері мәтіннің құрамында танытылуы тиімді болмақ. Сөздердің тіркесу қабілеті – олардың өздерінен үлкен тіл бірлігін жасау қызметінен танылады. Жеке сөз келесі жеке сөзбен интонация, орын тәртібі, жалғау, шылау арқылы байланысқа түсе келе, байланыстың белгілі бір түрін туғызады (қиысу, қабысу, жанасу, меңгеру, матасу). Осылай байланысқан сөздер айтылмақ ойдың синтаксистік схемасына барып еніп, тіл бірлігінің келесі жоғары түрі – сөйлем туындауына қатысады. Алдыңғы басыңқы, бағыныңқы формада келген сөз тіркестерінің компоненттері енді сөйлемнің құрамында басқа қызметке, яғни сөйлем мүшелері қызметін атқарып, енді басқа, бұрынғыдан үлкен деңгейдегі байланыстар мен қатынастардың түрлерін анықтауға кіріседі. Тұтастықтың бір түрінен екінші түріне ене отырып, сөз тіркесі де түрлі деңгейде түрліше қызмет атқара алатын ішкі «бейімділіктерін» аша береді. Бұл бейімділік болса, тіл бірліктерінің түрлі икемделгіш қасиеттері мен көпқырлы заңдылықтарынан туындап жатады. Бұлардың барлығын оқушыға таныту – олардың ойлауының динамикалы, дамулы күйде келуіне үлкен әсер етеді. Жазбаша жұмыста дидактикалық негізінде көрсетілгеніндей, мынадай формулалар қолданылады:
1. «Сөз ( сөз тіркесі ( сөйлем ( мәтін »; (
2.«Мәтін ( сөйлем ( сөз тіркесі ( сөз »; (
сөз (сөз форма) сөйлем
3.Сөйлеу грамматикалық байланыс
Мысалы,мәтінмен жұмыс берілетін болса: Мәтін – ішкі күрделі құрылымға ие жүйе. Мәтін құрамындағы сөйлемдердің өзара байланысы оны құрауға негізделеді. Мәтінді құраушылар арасындағы байланыстар жасалуын қамтамасыз ететін элементтер, О.Р.Каменскаяның айтуынша, коннектор деп аталады.
Сөз тіркесі мәтін ішіндегі құрылымдық-семантикалық байланыстылығы жағынан тек бір сөйлемнің ішінде қалып қоймайды. Бір сөйлемнің мағынасын құрауға қатысқан сөз тіркесі тұтас сөйлем мағынасының кіші бөлшегі бола отырып, келесі сөйлемге мағыналық жағынан тізбектеледі. Сөйтіп, бір сөйлемнен келесі сөйлемге, одан үшінші сөйлемге т.б. ұласпалық арқылы сөз тіркесі тұтас мәтіннің мағынасын жасауда белгілі бір дәрежеде коннекторлық қызмет атқарып тұрғаны байқалады. Сондықтан бұл құбылысты Н.Ж.Құрманова: «Жалпы, сөз тіркесінің мағыналық жағынан мәтін ішінде өзара байланысуы – ортақ тақырыпқа сай бір өріске ұйыса бірігу үдерісі негізінде өтеді. Белгілі бір ойлау актысының көрсеткіші ретінде қызмет ете отырып, сөз тіркестері де өзара «үндесе» орналасады», - деп көрсетеді. Б.Шалабаевтың айтуынша, сөйлеушінің не жазушының өмірлік тәжірибесі, белгілі бір мәтінді құрауда қолданылған мотиві, мақсаты, жағдайы тілдік құралдар мен тілдік тәсілдерді таңдауда көп басшылық етеді. М.Әуезовтің “Абай жолы” эпопеясынан алынған үзінді-мәтіндегі сөз бен сөз тіркестерінің мәтін құраушылық қызметі мен мәтіннің тұтас мазмұнын ашудағы барынша орайласа, тізбектеле, кезеңділікке бағына орналасу сипаты талданды. Мәтін: “Есентай – кесек мұрынды, маңдайы тайқылау келген, зор басты, бітік көзді, зіл салмақты адамның бірі. Оразбайға жасы да тақау. Елде Сармырза деген рудың аса сотқар, жуан бел атқамінерлерінің бірі. Бірі ғана емес, бірдің өзі. Ол Оразбайдың әр пәледе, әр кесір әлекте ұдайы қасынан табылатын үзеңгі жолдасы.
Жасырақ шақтарында бұлар ұрлықты бірге істескен дейтін сыбыс бар-ды. Ол өте аз сөйлейді. Оразбай сапылдап: ашуын да, боқтығын да, шешен тілді қар боратқан дауын, жаласын да аласапыран айта жөнелгіш кісі. Ал Есентайдан сондайда Оразбайды бес-алты рет ақтарылта сөйлетіп алмайынша, үн шықпайтын. Тегі, әр жиынның ең артқы сөзін айтуды өзіне тәсіл ететін. Әуелі сөзге сараң, онан соң айтса, неғылса біреуді соқтырып, өшіктіре, қиян-кескі қиталастыра сөйлемесе, іші кебетіндей болған. Пәлесіз, үлкен ылаңсыз, алыс-жұлыссыз аяқтайтын сөздің тұсында Есентай көбінше тіл бермей, үн қатпай, жым-жырт қалатын. Әсіресе, даңғойлау, есерсоқ, аңғалдау адамдар болса, Есентайдың қолына түссін. Ол бітік көзін жұма беріп, маңғаз, биік бойдағы сырын сездірместен сызданып отырып алады. Бір де бір езу тартып, жылы жүз беріп келген, жылыған, жібіген ажар көрсетпейді. Сырт қалпында адамды алдар деген титтей белгі болмайды. Бірақ сөйте отырып, талайларды алдап соғады, мысқыл етеді, мазақ қып кетеді” (М.Әуезов). Талдау жұмысын мынадай жүйеде жүргізуге болады: Мәтінді іштей үш бөлікке бөліп, олардың әрқайсысына тақырып бердік: 1-тақырыпша – Есентайдың сыртқы бейнесі. 2-тақырыпша – Есентайдың ішкі дүниесінің бейнесі. 3-тақырыпша – Есентайдың әрекетінің бейнесі. Бұл тақырыптардың байланысуында сөз бен сөз тіркестерінің де үлкен роль атқарып тұрғанын көрсету мақсатында оқушылармен біріге отырып теориялық талдау жүргізілді.1-тақырыпшадан 2-тақырыпшаға желі тартқан сөз тіркесі – Оразбайдың жолдасы, үзеңгі жолдасы.2-тақырыпшадан 3-тақырыпшаға қарай өтетін жолды біз біреуді біреуге соқтыру, іші кебу; қиталастыра сөйлеу деген сөз тіркестері арқылы көрсетуге болады. 3-тақырыпшадаға үзінді мәтіннің шешімін талайларды алдау, мысқыл ету, мазақ қылу деген сөз тіркестері көрсетеді. Сонда, сөз тіркестерінің өзі сөйлемнің құраушы материалы болғанымен, шын мәнінде, өздерінің орналасу жүйесі арқылы мәтіннің құраушы материалына айналып тұр. Сөйтіп, “Есентай” деп басталған мәтін, алдымен оның сыртқы бейнесі, одан ішкі дүниесін, ең соңында зұлым адамның тұтас бейнесін суреттеп аяқталып тұр.
Осы яғни сөз тіркестерінің орналасқан логикалық желісін біз оқушыларға мынадай үлгіде де талдауды үйреттік:
1-тақырыпшадағы сөз тіркестері: “ кесек мұрынды ( маңдайы тайқылау( зор басты (зіл салмақты (Оразбайға тақау (аса сотқар (бірдің өзі әр пәледе, (әр кесір әлекте( үзеңгі жолдасы( ұдайы қасынан табылады(ұрлықты бірге істескен (екеуі берге істескен
2-тақырыпшадағы сөз тіркестерінің тізбегі: бір басқашалығы(айқын басқашалығы( аз сөйлейді ( Оразбай аласапыран сөйлейді ( Есентайдан үн шықпайды ( ең артқы сөзді (әуелі сараң( сөзге сараң(біреуге соқтырады ( әйтпесе іші кебеді ( пәлесіз сөздің тұсында(үн қатпайды(жым-жырт қалады
3-тақырыпшадағы сөз тіркестерінің тізбегі: даңғойлау, есерсоқ, аңғалдау адам түссін(Есентайдың қолына түссін( сырын сездірмейді(сызданып отырып алады(жылы жүз бермейді( жібіген ажар көр сетпейді(адамды алдар белгі болмайды( алдап соғады ( мысқыл етеді( мазақ қып кетеді”.
Берілген үзінді мәтіндегі Есентайдың бейнесі, шын мәніне келсек, романдағы Оразбайдың зұлым бейнесін аша түсетін қосымша персонаж ретінде беріледі. Ол Оразбайдың бейнесі болса, тұтас романдағы “жауыздық” деген концептіні танытатын бір элемент ретінде суреттелген. Көрсетілген сөз тіркестері болса, сол үлкен тұтастықтағы мазмұнды ашуда белгілі бір маңызға ие болып тұр. Мәтіннің тұтастығын тану оны бөлшектерге бөлу арқылы жүргізіледі. Бірақ, бөлшектерге бөлген кезде, олардың арасындағы грамматикалық және мағыналық байланыс жойылып кетпеуі тиіс. Сөздердің байланысу түрлері туралы сабақтарда қабыса байланысқан сөз тіркестерінің ерекшелігіне көбірек назар аударған дұрыс. Мынадай мәтінді талдау арқылы оқушылардың талдау әдістерін меңгеруі жетілдіріле түсті: “Ақылды адамдар күн тәулігіндегі уақытты істелетін жұмыс, атқарылатын қызметтің ауқымына қарай бөліп қояды. Ол істерді бірімен-бірін араластырмайды. Олардың қызметкерлері де қай кезде қандай іспен шұғылданатынын біледі. Сондықтан да олардың атқаратын жұмыстары белгілі бір қалыптағы тәртіпке бағынады” (Кабуснаме).
Бірінші сөйлемдегі ақылды адамдар деген сөз тіркесіне талдау жүргізілді. Мұндағы тіркестің түрі – қабысу. Басыңқы сөзі – адамдар. Келесі сөйлемде осы басыңқы сөз – ол есімдігімен ауыстырылып, енді қиыса байланысқан тіркестің алғашқы яғни бағыныңқы сыңарына айналған (ол араластырмайды). Үшінші сөйлемде адамдар деген сөз олардың болып, матаса байланысқан сөз тіркесінің бағыныңқы сыңарына айналып кеткен (олардың қызметкерлері). Төртінші сөйлемде де осылай (олардың атқаратын жұмыстары). Сөйтіп, оқушыларға мәтінмен жұмыс жасатуда сөз тіркесінің өзі компоненттерінің түрленуінде белгілі бір тұтастық құруға деген бағыныштылық, тәртіп бары көрсетіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |