Кіріспе Курстық жұмыстың мақсаты


Қазақ тілі сабағында орындалатын талдау жұмыстарының түрлері



бет3/13
Дата16.05.2024
өлшемі90.55 Kb.
#501315
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
stud.kz-49041

1.2. Қазақ тілі сабағында орындалатын талдау жұмыстарының түрлері
Жазбаша лексикалық жаттығулар.
Бұл жаттығулар негізінде сөздермен жұмыс жүргізу болып есептеледі. Лексикалық жаттығу жұмыстарын мұғалім, ең алдымен, оқушының тілін дамытуға, сөздік қорын молайтуға, сөздік қоры мен оны молайтудағы ерекшеліктерді үйретуге ерекше назар аудара отырып жүргізіледі. Лексикалық жаттығулар сондай-ақ оқушылардың лексикадан білімін бекіту мен лексикалық икемін қалыптастыру үшін де жүргізіледі. Бұл жаттығуларды жүргізуде ең негізгі мәселенің бірі – ол сөздің мағынасы және сөздердің стильдік қолданылуын анықтап, тани білуге үйрету болып табылады. Мұндағы негізгі мақсат сөздердің жалпы беретін мағынасы мен контекстегі қолданудағы мағынасын ажыратып, түсінуге жаттықтыру. Лексикалық жаттығулар сонымен бірге сөздік жұмыстарын жұргізуді қамтып, оқушылардың сөздік қорын молайту мақсатын да көздейді. Ал оқушыларға стилистикадан мәлімет беріп, олардың тіліміздегі сөздерді қолданудағы мағыналық және стилистикалық реңдерін үйретуде стильдік-лексикалық жаттығулар да жүргізіледі. 
Сөздің мағынасына байланысты жаттығу жұмыстарында, әсіресе сөздің тура және ауыспалы мағынасы, омомним, синоним, антоним және фразеологиялық тіркестер, терминдер, диалектизмдер мен кәсіби лексика жөнінде мәліметтер берілумен бірге олардың тілдегі қолданылуы, тіл стильдеріне қатысты қызметтері мен стильдік реңдерін анықтау байланыстыра жүргізіледі. Сондай-ақ сөздерді орынды, дұрыс қолдануға, яғни тіл нормасын ажыратуға дағдыландырады. Мұндай жаттығулардың негізгі мақсаты сөздердің негізгі және ауыспалы мағынасына байланысты қолдану ерекшеліктерін, көркемдігін, бейнелілігін танытуды мақсат етеді. 
Сондай-ақ мұндай типтегі, стильдік-лексикалық жаттығулар беру мен орындаттыруда мынадай мақсаттар көзделеді: 

  1. Сөздің мағынасын ажырату; 

  2. Сөздің тура және ауыспалы мағынасы болатындығы және оның қолданудағы стильдік реңдері;

  3. Сөздің образ жасауға қатысы

  4. Сөздердің экспрессиялылығы мен эмоциональдылығы;

  5. Сөздердің синонимдері, олардың мағыналық және стильдік реңдері;

  6. Сөздердің тіл стильдеріне қатысы. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет