Кіріспе Мақсаты


Насекомдар классификациясы



бет4/6
Дата09.06.2016
өлшемі1.34 Mb.
#124962
1   2   3   4   5   6

Насекомдар классификациясы.

Сабақтың мақсаты: Көбелекті мысалға ала отырып, отрядтың тұқымдастар-

ға бөлінетінімен танысу . Осы кездегі классификация жануарлар арасындағы

туыстық байланысты қамтитындығын көрсету. Оқушыларды жануарларды

анықтаудың алғашқы тәсілдерімен таныстыру.


Методтары: Баяндау, әңгіме.
Құрал-жабдықтар: Қоңыздар жартылай қанаттылар, тура қанаттылар, көбе-лектер отряды өкілдерінің таблицалары мен коллекциялары.

Сабақтың барысы: Сендер насекомдардың қандай отрядтарын оқып, үйрендіңдер? Әрбір отрядтың өзіне тән қандай ерекшеліктері бар? Өкілдерін атаңдар. Қандай белгілеріне қарап бұл отрядты насекомдар класына жатқыза-

ды . Тақтаға мұғалім оқылып өткен насекомдар отрядтарының салыстырмалы

таблицасын жазады, ал оқушылар оны дәптерлеріне жазып алады.Оны толтыру әңгіме барысында жүргізіледі.

Насикомдар класы отрядтарының сипаттамасы.


Отрядтар Басында қан- Көкірегінің Денесінің Көкірегінің

дай бірдей орган төменгі жағы- қандай бө- жоғарғы жа-

дар болады на қандай ор- лімдері бар ғына қандай

гандар бекіне- органдар бе-

ді және ол кінеді және

нешеу олар нешеу


Қатты қанатты- 3 Жұп мұртты 3 жұп аяқтары Басы көкіре- 2 жұп қанат-

лар жұп көздері гі, құрсағы тары

Жартылай қа-

наттылар


/ кандала/
Тура қанатты-

лар


Көбелектер


Денесі неше бө-

ліктен тұ-

рады

Осы таблицаны толтырғаннан кейін мұғалім оқушылардың назарын қарастырып өткен жәндіктер отряды өкілдерінің / қоңыздар, көбелектер және т.б./ бір қарағанда алуан түрлі болып көрінгенімен, шындығында, схемадан көргендегідей құрылысы бәрінде бірдей екендігі аударады. Бұл олардың туыс екендігін, демек тегінің бір екендігін білдіреді.

Міне сондықтан, да қаралып өткен басқа отрядтар да бір класқа насекомдарға-жатады. Мұғалім оқушыларға насекомдар класы өкілдерінің даму типтерін, ауыз мүшелерінің құрылысын қанаттарының құрылысына тән белгілерін салыстырып, осы белгілеріне негізделе отырып, бұдан ұсақ системалық топтарға-отрядтарға бөлінетінін айтады. Осы кездегі систематика бойынша насекомдардың 25-ке жуық отядтары бар.

Әрбір отрядтың ішіндегі ұқсастығы мен айырмашылық белгілері отрядты оданкіші топтарға-тұқымдастарға бөлуге мүмкіндік береді. Көбелек отрядына да бірнеше тұқымдастарды бөліп алуға болады. Мысалы ақ көбелектер тұқымдасының өкілдері : капуста ақ көбелегі шалғам көбелегі, долана көбелегі, сары көбелек. Емен көбелек тұқымдасына: Қалақай көбелегі, күндізгі емен көбелек, траурница, емен жібек көбелегі жатады.



Өздігінен істелетін жұмыстар: Мұғалім оқушыларға өсімдіктердің қандай тұқымдастығына жататынын, қалай анықтағандығын естеріне түсіруді ұнатады. Содан кейін зоологияда да анықтағыш бар екнін баяндап береді. Бүгін сендер ақ көбелектер тұқымдасына жататын көбелектерді карточка бойынша анықтап көріңдер дейді.

Көлемі ірі немесе орташа көбелектер,ақ,сары, немесе қызыл сары, алдынғы аяқтары дұрыс жетілген.



Ақ көбелектер.

Қанатарының шеті мөлдір болып келген, қанаттағы сызат-талшықтары жіңішке, қара. Көбелек ақ, өрнексіз, тек жүйкелері және көлденең жүйкесіндегі дақтары жіңішке тозаңы аз. Қанатының серпу өрісі 50-60мм. Жұлдызқұрттары жеміс ағашын бүлдіреді.





Долана көбелегі.

Қанаттарын тығыз орналасқан тозаң жауып жатады, қанаттағы жүйкелері әдетте қара болмайды. Артқы қанаттарының артқы жағы сарғылттау болып, онша байқалмайтын немесе қарапайым қоңыр жолақтармен жүйкені бойлай өрнектелген. Жұлдыз құрттары бақшадағы кресті гүлді өсімдіктерді зақымдайды.



Бақша ақ көбелегі.

Алдыңғы қанаттарының жоғарғы ұшы сұр емес, қара. Алдыңғы ақ қанаттарының жоғарғы ұшы қара бұрышталып тұрады, немесе екі үлкен қара дағы болады, артқы қанаттарының алдыңғы ұшында қара дақтары болады, артқы қанаттарының астыңғы жағында өрнегі болдмайды, 50-55 мм.


Капуста ақ көбелегі.

Алдыңғы қанаттарының жоғарғы ұшы сұр. Капуста көбелегінікіндей қанаттарының астыңғы бетіндегі жүйкелеріне тозаңданған өрнегі болмайды, алдынғы қанаттарының жоғарғы ұшындағы дақтары кішірек, 40-50 мм.


Шалқан көбелегі.

Қанатының астыңғы жағындағы жүйкесінде қара немесе қоңыр тозаңнан жолақты өрнегі болады,35-43 мм.


Тарна көбелегі.

Ескерту: Шалқан көбелегі мен тарна көбелектерінің еркектерінде алдыңғы қанаттарында шағын ғана бір-бірден дақ болады да ұрғашыларында екі дақтан болады.

Насекомдар ауру-таратушылар./ шыбындар, масаслар, бүргелер, биттер/.



Сабақтың мақсаты: Шыбын мен масаға мысал ретінде қос қанаттылар отрядының өздеріне тән ерекшеліктерімен оқушылардытаныстыру. Олардың дене құрылысы мен тіршілігін білудің ауру таратқыш насекомдармен күресу үшін қажет екендігін көрсету. Ауру таратқыш басқа насекомдармен: бүрге және битпен таныстыру.

Методтары: Баяндау, әңгіме, оқулықпен өздігінен жұмыс істеу.

Құрал-жабдықтар: Суретпен бейнеленген құралдар. ыбын мен масаны және олардың дамуларын бейнелейтін таблицалар.

Сабақтың барысы: Мұғалім сыныпқа мынадай сұрақтар береді: жарғақ қанаттылар отрядының өкілдерін атаңдар. Олар неліктен насекомдар класына жатады? Құмырсқалардың әрекетін неліктен саналы деп есептеуге болмайды? Құмырсқаларды не себептен қорғау керек? Зиянкестермен күрестің қай тәсілін биологиялық күрес дейді?

Жаңа материалдарды оқыту: Мұғалім тақтаға безгек масасы мен кәдімгі маса бейнеленген таблицаны іледі де оқушыларға безгек масасының келтіретін зиянын естеріне түсіреді. Мұғалім оқушыларға: үй шыбыны қандай аурулардың қондырғыштарын таратады?-деген сұраққа жауап беруді ұсынады. Оқушылардың қайтарған жауаптарынан кейін мұғалім: өзі шыбын денесінен шығарағн қортылған заттардың қалдықтарын микросксппен қарағанда ішінен ауру тарататын бактериялардың / дизентерия, іш сүзегі, оба және басқа да аурулардың/ спорлары табылғанын; сонымен қатар шыбын паразит құрттың/аскариданың/ жұмыртқасын тарататынын айтып толықтырады. Осыдан соң мұғалім үй шыбынының көбеюі мен дамуын таблица арқылы баяндап, дамудың әрбір кезеңін сипаттап шығады. Өте өсімталдығына көңіл аударылады, бір жазда жеті рет ұрпақ береді. Бұдан кейін мұғалім оқушыларға: шыбындарды жою үшін қандай шаралар қолдану керек және шыбын шықпау үшін алдын-ала қандай шаралар қолдану керек? деген сұраққа ойлануды ұсынады. Мұғалім шыбынның көп екенін баяндай келіп, мысалдарын атайды: капуста шыбыны-өсімдіктің қауіпті зиянкес!, Африкада болатын цеце шыбыны ұйқы ауруын таратады. Осыдан соң мұғалім масалар мен шыбындарды салыстырып, жалпы ұқсас белгілерін табуды тапсырады. Оқушылардың жауаптарынан кейін , мұғалім бұл насекомдардың жалпы ұқсас белгілері жақсы жетілген қос қанаттарының болуы екенін айтады. Ұшып жүргенде бұл насекомдарға тән ызылдаған дыбысты осы қанаттары шығарады және оны бағдарлау үшін маңызы бар. Масалар мен шыбындар қос қанаттылар отрядынат жатады. Осы отрядқа бүгелектермен отыра, сона да жатады. Бүргелер мен биттер оқылып өткен отрядтардың біреуіне де жатпайтынын айтады.

Сабақтың қорытынды бөлімі: Насекомдар класын оқып үйрену осы сабақпен аяқталуымен байланысты, мұғалім насекомдар көбеюінің біркелкі өтпеу себептерін баяндап береді.

Мұғалімнің баяндауы: Насекомдар біркелкі көбеймейді. Кейбір жылдар насекомдар жаппай көбейіп кетеді де насекомдар төні реткі толтырып орман даланы жалмап, шаруашылыққа өте зиянын тигізеді. Насекомдардың жаппай көбеюіне олардың жаулары-шаншарлар, құстар, жануарлар, сондай-ақ адамның оларға қарсы күрес шаралары шек қойып отырады.

Үйге тапсырма беру: Қос қанаттылар отрядын таблицаға жазып, оларға сипаттама беру. Жетім көбелек дегеніміз не және оны адам қалай пайдаланады.
Буын аяқтылардың жалпы сипаттамасы. Буын аяқтылар мен

буылттық құрттардың арасындағы ұқсастық белгілері мен

айырмашылықтары.

Сабақтың мақсаты: Буын аяқьтылар мен буылттық құрттарды салыстыру негізінде осы жәндіктер типтерінің арасындағы туыстық байланысты және олардың жалпы ортақ тектен тарағандығын көрсету. Омыртқасыз жәндіктер жайында, олардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы жайында ұғым беру.

Методтары: Баяндау, әңгіме.

Құрал-жабдықтар: Суретпен бейнеленген құралдар. «Буын аяқтылар кластары», «Жауын құрттары» таблицалары және басқа типтері бейнеленген таблицалар.

Сабақтың барысы: Мұғалім сыныпқа мынадай сұьрақтар қояды: өзен шаян тәрізділерінің, өрмекші тәрізділердің, насекомдардың тыныс алу органдары қандай? Трахея мен өкпенің дамуы неменеге байланысты? Өзен шаяны мен насекоидардың зәр шығару системасында қандай айырмашылықтар бар және ол немен байланысты. Мұғалім организмдегі барлық органдар системасы тіршілік жағдайымен тығыз байланысты болғандықтан, буын аяқты жәндіктер кластарының әрқайсысының құрылысндағы ерекшеліктер осыған байланысты екенін айтып қорытынды жасайды.

Қорытындыны оқушылар мұғалімнің көмегімен жасайды. Буын аяқтылар типі кластарының құрылысындағы жалпы ұқсастық, олардың туыс екендігін демек шығу тегінің бір екендігін дәлелдейді. Бұл шаян тәрізділер өрмекші тәрізділер және насекомдар кластарын бір типке-буын аяқтылар типіне жатқызуға негіз болып отыр.

Буын аяқтылардың қандай белгілері буылттық құрттармен салыстырғанда олардың құрылысы жоғары екенін дәлелдейді?/ Буылттық ет бекінетін сыртқы хитин склетінің болуы, дененің белгілі қызмет атқаратын бунақтардан тұруы, аяқтарының бунақты болуы, органдар системасының біршама дамуы, әсіресе нерв системасы мен сезім органдары өте дамыған, мінез қылықтарының күрделене түсіп шартты рефлекстердің қалыптасуы, яғни инстинктінің болуы. Қарапайым жәндіктерге бір клеткалы жәндіктер жатады. Олардың барлық тіршілік процестері жалғыз клетканың цитоплазмасында өтеді.

Ішек құрылыстардың денесі екі қатарға орналасқан көп клеткалардан тұрады. Тұтас организмді құрап тұрған клеткалар тобы, әр түрлі қызмет атқарады. Бұл тканьнің пайда бола бастауы. Жалпақ құрттарда органдар түзілгендігін көреміз, бірақ әлі оның денесінің қуысы болмайды. Жұмыр құрттар денесінің қарапайым қуысы болады. Буылттық құрттардың денесінің күрделі қуысы және бір қатар органдар системасы болады. Буын аяқтыларда органдар системасы, сезім органдары және жәндіктердің мінез-қылығы күрделене түседі. Жануарлар дүниесінің бұдан былайғы дамуы органдар системаларының жетіліп, кемеліне келу бағытында өтеді.

Гүлді өсімдіктердің 30% -ін насекомдар тозаңдандырады. Кейбір омыртқасыздардың бор және ізбес тастың түзілуіне /моллюскалардың, қарапайымдардың бакалшактары/ маңызы бар.

Мұалім омыртқасыз жәндіктердің көпшілігі адамға зиян келтіретінін айтады, оқушылар олардың қандай жәндіктер екенін және қандай зиян келтіретінін естеріне түсіреді.

Сонымен табиғатта омыртқасыз жәндіктердің түрлері өте көп. Олардың біреулері пайдалы, екінші біреулері-зиянды, ал кейде күнделікті тұрмыста жәндіктерді зиянды деп есептейді, оның өзі орманда пайдалы болып саналады; өйткені омыртқасыздардың дамуының бір сатысында зиян келтіреді / жұлдызқұрттар, личинкалар/, ал ересек формалары /көбелектер/ пайдалы /өсімдіктерді тозаңдатады, басқа жануарларға азық болады, табиғатқа көрік береді/ болады.

Жануарлар дүниесін зерттей және бақылай отырып қана, оған өзінің қалай қарайтыныңды, яғни қандай жәндіктерді /жануарларды/ қорғау, қандайларын жойып жіберу керек екенін анықтауға болады.


Тікен терілер типі.

Оқу тәрбиелік міндеттері: Тікен терілер мысал негізінде оқушыларды жануарлардың тегі жағынан алғанда өте ертедегі және құрылысы мен тіршілігі жағынан ерекше бір тобымен таныстыру.

Тікен терілердің жануалардың ьасқа топтарының бірінде де кездеспейтін мынандай ерекшеліктерін: ересек күйінде бес сәулелі симметриялы және личиника күйінде екі жақты симметриялы болуын, айқын білінетін мезодермалық, ізбесті склетін; дененің жақсы жетілген екінші-целомикалық қуысын, су-сосудты системасын анықтау. Тікен терілі жануарлар теңіз түбіндегі тіршілікке бейімделген. Олардың қорғаныштық бейімділігі-мықты сауытты және тікенектері болады немесе бейім келеді, не улы бездері болады.



Биолгиялық ұғымдар: Жалпы құрылысы күрделенбегенімен жануарларда жеке бейімділіктер пайда болатын эволюцияның негізгі бағытын көрсетіп, эволюция жайындағы ұғымды қалыптастыруды жалғастыра түсу.
Теңіз жұлдызы.

Сабақтың мақсаты: Теңіз жұлдызы мысалынан тікен терілердің құрылысындағы және тіршілігіндегі ерекшеліктерін анықтау.

Методтары: Баяндау, әңгіме.

Құрал-жабдықтар: Табиғи құралдар. Теңіз жұлдызының құрғақ және ылғал препараттары. Теңіз жұлдызының ішкі және сыртқы құрылыстарының қолдан жасалған таблицалары.

Үйге тапсырма беру: Оқулықтың теңіз жұлдызының дискісі мен тармағының жарып көрсеткен схемасын дәптерге салу.

Сабақтың барысы: Мұғалім өзінің тікен терілердің тіршілік ортасы жайындағы баяндауында бұл жануарлардың таралу аймағының тар екенін айтады. Осы күнгі терілердің түрінің санын /6000/ шамасы айтады.

Теңіз жұлдызының сыртқы құрылысына тоқталады.


Тікен терілердің әр түрлілігі.

Сабақтың мақсаты: Өтілген әр түрлі тікен терілерге негіздей отырып типтің өзіне тән белгілерін анықтау; тікен терілердің құрылысындағы және тіршілік ету тәсіліндегі ерекшеліктердің себептерін ашу.

Методтары: Баяндау, әңгіме.

Құрал-жабдықтар: Табиғи құралдар. Әр түрлі тікен терілердің құрғақ және ылғал препараттары.

Сабақтың барысы: Мұғалім осы күнгі тікен терілердің алуан түрлілігі жайында баяндай келе, әр сыныптың бейімділік ерекшеліктерін сипаттайды, оларды бір типке біріктіретін құрылыстарындағы ұқсаса белгілерге тоқталады.

Тікен терілер теңіз жануарлары, ересек күйінде бес сәулелі симметриялы, ал личинка күйінде екі жақты симметриялы болады, бұл оларлың екі жақты симметриялы жануарлардан шыққандығын көрсетеді, ізбесті ішкі скелеті бар, дене қуысы жақсы жетілген су-сосуд системасы болады. Мұғалім қазбадан табылған тікен терілер жайында баяндай отырып, осы күнгі теңіз лилиясын сәулелі симметриясы орнында қозғалмай отырып тіршілік етуге байланысты келіа шыққандағын айтады. Өте ертеде тікен терілер қозғалып жүріп тіршілік еткен де, екі жақты симметриялы болған. Тікен терілердің бір тобы теңіз түбінде қозғалмайтын тіршілікке көшкен. Сонымен байланысты оларда сәулелі симметриялы және қозғалмайтын жануарды жауыннан қорғайтын ізбесті склет пайда болған. Кейініректе тікен терілердің көпшілігі ата тегінің белгілерін сақтай отырып, қозғалып тіршілік етуге көшкен.


Хордалылар типі.

Оқу-тәрбиелік міндеттері: Оқушыларды хордалы жауарлардың белгілерімен, олардың шығу тегімен және классификациясымен таныстыру. Омыртқалы және омыртқасыз жануарлардың арасындағы айырмашылықтарды белгілеу. Хордалардың шығу тегі туралы мәселелерді зерттеудегі орыс ғалымдарының ролін көрсету.

Биологиялық ұғымдар: Жануарлардың систематикасы және эволюциясы жайындағы ұғымды қалыптастыруды жалғастыроа түсу. Ішкі склет жайында ұғым беру.

Хордалы жануарлардың белгілері.

Сабақтың мақсаты: Хордалы жануарлардың өздеріне тән белгілерімен, олардың шығу тегімен және классификациясымен оқушыларды таныстыру.

Методтары: Баяндау, әңгіме, оқулықпен жұмыс істеу.

Құрал-жабдықтар: Табиғи құралдар. Омыртқалылардың склеті мен тұлыбы

Сабақтың барысы: Насекомдардың метомерлі (сегментті) құрылысы нені білдіреді. Зауза қоңызында қандай органдар системасы бар. Симметрия дегеніміз не? Құрттар және буын аяқтылар денесінің симметриясы қандай болады? Омыртқасыздардан ланцетниктің тағы бір айырмашылығы – органдар системасының орналасуында. Орталық нерв системасы хорданың үстіне, жануардың арқа жағына орналасқан. Ішек қарыны хорданың астына орналасқан, оның алдыңғы бөлігінде ішекпен қатынасатын желбезек саңылаулары бар.
Нерв түтігі Хорда



желбезек саңылаулары бар ас құрыту түтігі
Хордалы жануарлар құрылысының схемасы
Ланцетникті ең алғаш 1773 жылы сипаттап жазған орыс ғалымы академик П.С.Паллас екенін айтады. Ғалым оны алдында моллюска екен деп қалады, кейін бұл жәндікті төменгі сатыдағы балықтарға жатқызады. Ланцетниктің шын мәніндегі табиғаты және оның жануарлар дүниесінің систематикасында орны көпке дейін белгісіз болып қала берді. Орыс ғалымы А.О.Ковалевский ланцетниктің ересек формасын және ұрықтың дамуын зерттей келе бұл организмде жануарлар дүниесінің екі үлкен тобының арасындағы туыстық байланыстың барлығын көрсетеді. А.О.Ковалевскийдің зерттеулерінің нәтижесінде жануарлардың жаң типі – хордалылар белгілі болды. Кейініректе тип бірнеше тип тармағына бөлінеді, оқушыла соның ішінде құрылысы жағынан ланцетникке ұқсас жануарлар жататын бас сүйексіздер тип тармағын, бас сүйектілер тип тармағын немесе омыртқалыларды оқып үйренетін болады. Омыртқалылар өздерінің құрылысы жағынан алуан түрлі болып келетіндіктен бірнеше кластарға бөліретінін айту керек.

Хордалылар омыртқасыздардан қандай белгілері арқылы ажыратылады?



Хордалылардың систематикасы.


Хордалылар типі


бас сүйектілер тип тармағын немесе омыртқалылар



бас сүйексіздер тип тармағын /ланцетник/






Класс

Класс

Класс

класс класс


Балықтар класы

Оқу-тәрбиелік міндеттері: Балықты мысалға ала отырып, омыртқалы жануарлар құрылысының, қызмет атқару системаларының күрделене түсуімен таныстыру. Балықтардың көп түрлілігі жайында ұғым беру. Су ортасындағы арнайы жағдайларға /судың оттекпен қанығу дәрежесі, химиялық құрамы, температурасы, жарықтың түсуі, қысым сондай-ақ қорек түрі мен қоректену тәсілі/, және әрбір көбею жағдайының ерекшеліктеріне байланысты алуан түрлі экологиялық топтардың болу себептерін ашу. Балықтардың нерв системасының даму дәрежесін көрсететін мінез-қылығы мен олардың тіршілік жағдайы арасындағы материалдық үздіксіз байланыстың барлығын ашу.
Балықтың сыртқы құрылысы:

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды балықтардың сыртқы құрылысындағы ерекшеліктерімен және суда тіршілік етуге бейімделгендіктерімен салыстырмалы екенін айту.

Методтары: Баяндау, әңгіме. Өздігінен бақылау.

Құрал-жабдықтар: Табиғи жабдықтар. Көрсетуге арналған балықтардың әр түрінің ылғал препараттары.
С

абақтың барысы
: Мұғалім екі оқушыны ортаға шығарып, олардың бір-екеуіне түрлі-түсті бормен хордалылар құрылысының схеимасын салып, ондағы бейнеленген органдардың тұсына аттарын жазуды тапсырады. Екіншісіне – хордалылардың систематикасы схемасын сызуды ұсынады.

Оқушылардың білімін тексеріп, мұғалімнің айтып тұрып, дәптерге мына төмендегілерді жаздырумен аяқтайды.

Хордалылар типінің өздеріне тән белгілері:

Ішкі скелеті.

Хорданың үстінде, арқа жағына орналасқан орталық нерв системасы.

Ересектерінде немесе ұрықта болатын ішектің алдыңғы жағымен байланысқан желбезек саңылауларының болуы.



Жаңа материалды оқыту: Мұғалім омыртқалылардың бірінші класын – балықтарды оқи бастайтындарын хабарлайды және оқушыларға дәптерлеріндегі «Хордалылардың систематикасы» схемасының тиісті графасына бұл кластың атын, сондай-ақ сабақтың тақырыбын – «Балықтың сыртқы құрылысы» - жазып қоюды ұсынады.

Өздігінен бақылау: Мұғалім тақтаға сабақ басталар алдында балықтың сыртқы көрінісіндегі ерекшеліктерді көрсететін бес суретті салады және оларды нөмірлеп қояды.

Егер мектепте ірі материал болса, онда кезекші бақылауға арналған нұсқауды оқушыларға таратып береді. Одан кейін кезекші әр столға ішіндегі тірі балығымен суы бар банкадан алынған балық қабыршағын және қол лупасын қояды. Мұғалім оқушыларға нұсқаудағы сұрақтар бойынша және тақтадағы суретті пайдалана отырып, балықтың сыртқы құрылысындағы ерекшеліктерді белгіледі ұсынады.
Балықтың склеті мен еттері.

Сабақтың мақсаты: Ішкі склет жайындағы ұғымды тереңдету; организм тіршілігіндегі сүйек-ет системасының маңызын көрсету.

Методтары: Табиғи құралдар. Балықтың скелеті. Таблицалар. «Балықтың ішкі құрылысы», «Жауын құрты». «Балық құрылысының ерекшеліктері», қосымша құрал-жабдықтар.

Сабақтың барысы: Бұлшық еттері. Мұғалім «Жауын құрты» таблицасын іледі де, оқушылардың жауын құртының қалай қозғалатынын, бұлшық ет тканінің негізгі қасиеттарінің қандай екенін сұрайды.

Мұғалім сыныпқа терісі сыпырылған балықты көрсетіп тұрып, терінің астына еті орналасқанын түсіндіреді; оқушылардың назарын мына төмендегі ерекшеліктеріне аударады.

Балық денесінің көп бөлігін ет алып жататынын айтады. Әсіресе балықтың тығыз судағы белсенді қозғалысын жүзеге асыратынын арқа және құйрық еттері болады. Денесінің бойымен сегмент бөліктерінен тұратын үлкен бүйір еттері созылып жатады.

Балық денесін оңға және солға қозғалтып, яғни балықтың қалай қозғалатынын еліктей салып тұрып, мұғалім сегменттердің жиырылуы және босануының кезектесіп келетінін көрсетеді Сегменттердің саны омыртқалардың санына байланысты болатынын, өйткені еттердің сүйекке бекінентінін айтқан жөн. Бақылау және бұлшық ет жұмысын оқып үйрену негізінде оқушылар: балықтың жиырылуға қабілетті бар еттері жануардың алуан түрлі белсенді қимыл-қозғалыстарын қамтамасыз етеді, деген қорытынды шығарады.

Балықтың склетін оқыту. Мұғалім пинцетпен балықтың етін алып, оқушыларға оның астындағы еттер бекінетін склетті көрсетеді.

Балықтың нерв системасы. Балықтың көбеюі.
Сабақтың мақсаты: Оқушылырды балықтың нерв системасының құрлысы-мен таныстыру: Тіршілік жағдайы мен жануарлардың мінез қылығының арасындағы материалдық байланысты ашу; оқушылырды балықтың су жану-ары болуына байланысты көбеюіндегі ерекшеліктерімен таныстыру. Омыртқасыздар мен омыртқалы жануарлардың ұрықтану процесіндегі және жұмыртқаның бөлшектенуінің алғашқы сатысындағы бірлікті табу , балықтың көбею процесін зерттеудің халық шаруашылығында орасан зор маңызы бар екенін көрсету.

Методтары: Табиғи құралдар. Балықтың орталақ нерв системасының және дамуының ылғал препараты.


Көбею кезеңіндегі шамшар балық мінез- қылығының рефлекстер тізбегі (қолдан жасалған таблица)

Рефлекстер тізбегінің бірінші буыны –еркек балықтың ұя жасауы. Екінші буыны –еркек балықты (1) еліктірген құрсағы үлкен ұрғашы балық (2). Осындай ұрғашы балықьың сыртқы көрінісі әсерінен еркек балықтың реңі жалтырай түседі. Үшінші буын-еркегінің ұрғашысын еліктіреді. Ол еркегіне жақындайды. Төртінші буын – еркегі жақындап келе жатқан ұрғашысын көргенде, өзінің ұясына қарай кетеді. Ұрғашы балық оның соңынан ереді. Бесінші буын – ұрғашысы ұяға уылдырығын шашады. Алтыншы буын –ұрғашы балық жүзіп кетіп қалады. Еркегі уылдырықтарды ұрықтандырады. Жетінші буын –еркек балық уылдырығы бар ұяны қорғайды. Стрелкамен рефлекторлық әрекеттердің реті көрсетілген.



Сабақтың барысы: Оқушылырдың білімі 6 вариант бойынша жазба түрде тексеріледі. Жұмыстың ұзақтығы 10 минутқа созылыды.

1-вариант.

Түрлі-түсті қарандашпен балықтың қан айналу системасының суретін салу.Стрелкамен қанның бағытын көрсету.Жүректің бөлімдері мен тамырларын атап, олардың тұсына аттарын жазу.

2-вариант.

Ішкі скелеттер мен еттердің балық тірішілігіндегі маңызын түсіндіру.Скелет бөлімдерін атау.Омыртқасыздардың сыртқы скелеті мен омыртқалалардың ішкі скелетіндегі айырмашылықты айыру.

3-вариант.

Балықтың дене қуысындағы органдарды тиісті түсті қарандашпен бояу және мылқау суретке олардың аттарын жазу.

4-вариант.

Ас қорыту процесінің не екендігін түсіндіру. Асты қорытуға қатысатын органдарды санап, атап шығу.

5-вариант.

Балықтың кеудесіндегі және құйрығындағы омырқалалардың суретін салу. Олардың бөліктерінің аттарын жазу.

6-вариант.

Зат алмасудың мәнін түсіндіру. Оған қандай органдар системасы жатады.

Жаңа материалды оқыту: Әңгіме араластыра отырып кіріспе баяндау.Мұғалім сабақтың тақырыбын хабарлап тұрып, оны тақтаға жазады.»Нерв системасының құрылысы», «Қоршаған ортада балықтың бағдарлауы».Содан кейін балықтың желбезектері тыныс алуды, бүйректері зәр шығаруды, жүрек пен тамырлары қан айналуды атқаратынын айта келіп нерв системасы жануардың тірішілігінде қандай роль атқаратының сұрайды. Оқушылардың жауаптарын жинақтай келіп,мұғалім балық нерв системасы және сезім органадарының көмегімен әр түрлі реңді ажырата білетінін, өте нәзік иісті ажырата алатынын баяндайды.Кейбір балықтар әртүрлі дыбыстар шығарады және соған сай өздері әрекет етеді, яғни өзара сөйлеседі.Одан басқа балықтар су түбінің түсіне және судағы өздері жүретін жердегі өсімідіктің түсіне қарай реңдерін өзгерте алады да, сөйтіп жауларына байқалмайтындай жасырына алады. Балықтардың өте ерекше бір қасиеті- терісімен «көру». Соқыр балықта кәдімгі көздері көретін балық сияақты тіршілік етеді: басқа заттарға соғылыспайды және жемін де аулайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет