Жауын құртының ішкі құрылысы
Сабақтың мақсаты: Жауын құртының ішкі құрлысын өткенде, ішек қуыстылармен салыстырғанда оның біршама күрделі екндігін көрсеті.
Методтары: Баяндау, әңгіме.
Құрал-жабдықтар: Суретпен бейнеленген құралдар. Жауын құртының ішкі құрылысы бейнеленген табдлица.
Сабақтың барысы: Мұғалім алдыңғы сабақтардағы қойылған тәжірибені демонстрациялайды және оқушыларға мына сұраққа жауап беруді ұсынады: Бірінші және екінші банкадағы қара топырақ пен құм қабаттарының бір бірінен қандай айырмашылықтары бар? Одан кейін оқушылар өздерінің бақылағандарын баяндап береді де қорытынды жасайды. Мұғалім таблица мен кітаптың суретін пайдалана отырып, жауын құртының ішкі құрылысын баяндайды. Құрттың тері-бұлшықет қапшығы мен дене қуысы жайында түсінік береді, тақтаға схема түріндегі суретін салады. Сондай-ақ тері – бұлшықет қапшығы сұйықтыққа толған дене қуысын, онда орналасқан ішкі оргендармен қоса, қоршап жататынын түсіндіру қажет. Мұғалім оқушылардың назарын құрттың сыртқы буылтықтар аралығындағы сайларға тура келетін көлденең орналасқан ішкі перделерге және олардың денелері айқын екі жақты симмет-риялы екеніне, денесінің сегменттерге бөлінгеніне аударады. Пердалерді түзетін клеткалар үшінші қабат-мезодерманы құрайды. Ол дене қуысының ішкі жағын астарлап жатады, асқорту системасын орай отырып, тері –бұлшықет қапшығын ішкі жағынан жауып жатады.
Асқорту органдары: Мұғалім оқушыларға жауын құртының қалай қоректенетінін, гидроқорегін қайда және қалай қорытындылайтынын естеріне түсіруді ұсынады. Осыдан кейін мұғалім жауын құртының қорегі гидрадан өзгеше, тканьдерден тұратын асқорыту органдарында қорытылатынын атап көрсетеді. Мұғалім таблицадан құрттың асқорыту органдары мен астың біртіндеп қозғалуын көрсетеді де, оқушылардың назарын оның өзгеріп, ішек қабырғасы арқылы қанға сіңе алатындай қоректік заттар түзетіндігне аударады.
Ол ас қорыту органдары (ауыз, жұтқыншақ, өңеш, жемсауыт, қарын, ішек) белгілі жүйемен-системамен орналасқанан, бұлардың бәрі бір жұмыс атқаратынан және ас қорыту системасын құрайтынын атап көрсетеді. Оқушыларға жауын құрты ас қорытуының, гидраның ас қорыту процесінен қандай айырмасы бар?-деген сұраққа жауап беруді ұсынады.
Қан айналу органдары және тыныс алу процесі. Бұдан бұрын өткен жәндіктерден жауын құртының өзгешелігі тамырда ағатын (қызыл түсті) қаны болатынын айтады. Мұғалім баяндай және таблицаны көрсете отырып, тақтаға қан айналуының схема түрдегі: арқа қан тамыры, құрсақ қан тамыры, сақиналы тамырлар-«жүрек» суретін салады. Бұл қантамырларының басқа ұсақтау жанама тамырлар болады, оның өзі өте майда капиллярға тарамдалып кетеді. Барлық қантамырлары ашық қан системасын құрайды. Жауын құртының сыртқы құрылысын өткенде оқушылар жауын құрттары бүкіл денесімен терісі арқылы тыныс алатынын белетін болады. Енді мұғалім тынысалудағы қанны маңызын баяндайды және гидрамен жауын құртының тыныс алу процестеріндегі айырмашылықты көрсетеді.
Зәр шығару системасы: Мұғалім оқушыларға мынадай: қарапайымдар мен гидра денесінен зиянды заттар қалай шығарылады?-деген сұраққа ауап беруді ұсынады. Жауын құрты зиянды сұйық заттарды ерекше орган зәр шығару түткітері арқылы шығаратынын оқушылардың білуі қажет. Зәр шығару түткітері зәр шығару системасын құрайды.
Нерв системасы: Мұғалім оқушыларға гидра нерв системасының құрылысын және оның маңызын естеріне түсіріп, рефлекс дегеніміз не? –деген сұраққа жауап берідер де мысал келтіріңдер осыдан кейін оқушылар өткен сабақта, құрттың мінез-құлығын бақылау мақсатында жасаған тәжірибелерін естеріне түсіреді. Мұғалім мұнда жауын құртында алуан түрлі рефлекс байқалатынын, оның мінез-құлығы, гидраныкіне қарағанда, күрделірек екенін айтады. Түсіндіру барысында мұғалім жауын құртының нерв системасын таблицадан көрсетеді және схема түрінде оны тақтаға салады. Бұл жерде жауын құртының нерв системасын жақсы жетілгендігін көсете отырып, оның орталық органын жұтқыншақ астық түйіні мен құрсақ нерв тізбегі болатынын, олардан жанама нервтер таралып, олардың ұштары құрт денесінің барлық жеріне дейін жететінін айту керек. Бұдан әрі мұғалім схема түріндегі сурет арқылы қозу жолдарын көрсетеді. Мұнда ол тітіркену болса да нерв арқылы нерв тізбегіне өтіп одан басқа нервтер арқылы бұлшық етке өтіп, оның жиырылуын тудыратынын түсіндіреді. Құрт денесі алдыңғы ұшынан ғалымдар ерекше сезімтал клеткалардың болатынын тапқан. Органдардың бүкіл қызметін реттестіру, сыртқы ортамен байланыс жасау нерв системасы арқылы жүзеге асрылады.
Көбеюі: Құрттың көбеюі, құрылыс жайында баяндай отырып, мұғалім олардың орналасуын таблицеден көрсетеді; белбеушенің рөліне назар аударады, құрттың дамуы да ішек қуыстылардікіндей бір клеткадан ұрықтанған жұмыртқадан басталатынын айтады; одан кейін жұмыртқа бөліне келе қос қабаттан тұратын ұрыққа айналады. Оқушылардың назарын құрт денесендігі ұрықтың көп қабаты болатындығына және азды-көпты дамығын органдары мен тері –бұлшықет қапшығы сопақша пішінді болатындығына аударған жөн. Жауын құртының: Ас қорыту, қан айналу, зәр шығару нерв және жыныс органдар системалары болатынын айтады. Бұл системаның органдары клеткалардан тұрады. Клеткалар өзара топталып тканьдер түзеді. Оқушылар құрылысы да атқаратын қызметі де бірлдей, өзара қатынасып жатқан клеткалар тобын ткань деп атайтынын өздері түсініп алулары керек. Жауын құртында: жабын тканьі нерв тканьі және басқа да тканьдері болады.
Регенерация: Мұғалім сыныпқа: Біз оқып өткендердің ішінде регенерация құбылысы қай жәндіктерде байқалған еді?-деген сұрақ қояды. Қайтарылған жауаптан соң ол жауын құртының регенерация құбылысы жайында баяндап, жәндіктің өзі үшін мұның қандай маңызы бар екенін түсіндіреді: кездейсоқ жарахаттанудан жәндік өлмейді.
Моллюскалар типі.
Оқу - тәрбиелік міндеттенрі: Оқушылар жануарлар дүниесінің алуан түрлілігі жайындағы ұғымдарын көнейте түсу, оларды моллюскалар типіне жататын жануарлардың ерекшеліктерімен таныстыру. Моллюскалар мен құрттардың туыстық байланыстарын табу олардың жалпы ортақ тектен шыққандығының дәлелі екендігі. Шаруашылық саласындағы адам қызметі үшін моллюскалардың маңызын айқындайды.
Биологиялық ұғымдар: Эвалются туралы, систематика туралы ұғымдарды қалыптастыруды одан әрі жалғыстыру.
Жүзім ұлуы (немесе тоспа ұлуы)
және шалаңаш шырыштылар
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды бауыр аяқты моллюскалардың өздеріне тән ерекшеліктерімен таныстыру
Методтары: Баяндау, әңгіме. Өздігінен істелетін жұмыстар.
Құрал-жабдықтар: Табиғи құралдар. Тірі объект жүзім ұлуы (немесе тоспа ұлуы), жалаңаш шырыш. Бауыр акяқты моллюскалардың бақалшақтарының жиынтығы. Суретпен бейнеленген құралдар. Моллюскалар типінің өкілдері бейнеленген таблица. Шыны пластинкалар, сапталған инелер, ұсақтап кесілген сәбіз.
Сабақтың барысы: Оқушыларға мұғалім құрттардың өздеріне тән ерекшеліктерін және құрттардың типтерін атауды ұсынады. Осымен қатар мұғылім оқушыларға моллюскалардың мекен ететін жерлері жайында түсіндіреді. Оқушылар жалпы моллюскаларға тән белгілерді, әртүрлі пішінді және әр көлемдегі сыртқы бақалшақтарының болуын, бақалшақтың ішінде жұмсақ денесінің болуын, осыдан олардың екінші аты былқылдақ денелер деп аталуын. Қимылдау органы – аяғының болуын ескертіп өтеді.
Таратып беретін материалдармен жұмыс істеу. Тұщы суларда кездесетін бауыр аяқты моллюскалардың бос бақалшақтарын (шалшық ұлуы, тоспа ұлу, қошқар мүйіз), оқушылар үстелдеріне таратып береді. Оқушылар: осы жәндіктердің барлығына не ортақ? Бақалшақ пішіні қандай болады? Олар қайда тіршілік етеді?-деген сұрақтарға жауап қайтарулары керек. Содан кейін мұғалім таблицадан жүзім ұлуын және оның спиральша ширатылған бақалшағын көрсетеді, бақалшақ заттары қалай түзілетінін түсіндіреді, моллюска денесінің құрылысын баяндап береді, мұнда моллюсканың қимыл органы – аяғы-денесінің бауыр жақ (құрсақ жақ) бөлігі болып, көбінесе (тоспа ұлуында, шалшық ұлуында, қошқар мүйізде) табан пішіндес болып келетінін айтады. Бұл бауыр аяқтылар кластарының өкілдеріне тән сипат.
Осыдан соң мұғалім моллюсканың басндағы органдары: қармаулауыштары, көздері, ауыз тесігі жайында баяндайды. Тыныс алу процесі жайында баяндағанда ұлудың құрлықтағы түрлері (жүзім ұлуы және бақ ұлуы) мен суда мекендейтін түрлері (тоспа ұлуы, қошқар мүйіз) өкпесімен тыныс алатынын, алайда желбезегімен тыныс алатын моллюска да бар, мысалы (шалшық ұлуы) екенін айтады. Бауыр аяқты моллюскалардың көпшілігі уылдырықтар арқылы көбейеді, дегенмен тірі туатындары да бар, мысалы шалшық ұлуы.
Өздігінен істелетін жұмыстар: Өдігінен істелетін жұмысқа даярлық. Оқушылардың столдарына шыны пластинканың бетіндегі жүзім ұлуларын таратып береді (жүзім ұлуларын таратып беруден 1-2 минут бұрын жылы суға салып алу қажет.
Сабықтың қорытынды бөлімі: Мұғалім оқушыларға бауыр аяқты маллюска-лардың өкілдерін және олардың өздеріне тән ерекшеліктерін атап шығуды ұсынады.
Үйге тапсырма беру: Жалаңаш шырыштың күндіз емес, түнде әрекетшіл болу неліктен екендігіне (яғни жемін түнде аулау), жауап беру.
Тіссіз – қос жақтаулы моллюскалардың өкілі.
Бас аяқты моллюскалар.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды қос тақтаулы және бос аяқты моллюскалар-дың өздеріне тән ерекшеліктерімен таныстыру бауыр аяқтарымен ұқсастық-тары және олардың айырмашылықтарын белгілеу. Моллюскаларға жалпы сипаттама беру.
Методтары: Баяндау, әңгіме , өздігінен істелетін жұмыс.
Құрал-жабдықтар: Табиғи құралдар. Тіссіздердің бақалшақ жақтаулары. Ашылған күйіндегі дәріленген тіссіз. Суретпен бейнеленген құралдар. Тіссіз ішкі сыртқы құрылысын бейнелейтін құралдар. Меруерт ұлуының, сегізаяқтың, каракатицаның, кальмардың қолдан жасалған таблицалары.
Қосымша құрал-жабдықтар: Ваннелер, сапталған инелар, лупалар.
Сабақтың барысы: Мұғалімнің столында бауыр аяқты ұлудың бақалшақтары жатады. Мұғалім оқушыға шалшық ұлуын, тоспа ұлуын, қошқар мүйіздітауып, олардың әр қайсысының өздеріне тән ерекшеліктерін айтып беруді ұсынады. Басқа бір оқушыға жалаңаш шырыш жайында айтып беруді және неге бауыр аяқты моллюскаларға жататынын түсіндіруді ұсынады. Бүкіл сыныпқа, бауыр аяқты моллюскалардың қайсысы мәдени өсімдіктерге зиян келтіреді және олармен күресудіңқандай шаралары бар? – деген сұрақ берілді.
Жанама материалды оқыту: Мұғалім тіссізді, перловицаны және басқа да қос жақтаулы моллюскаларды демострациялайды. Оқушылар, бұл моллюскалардан қандай айырмашылықтары бар?-деген сұраққа жауап береді. Мұғалім бақалшағы екі жақтаудан тұратын моллюскалардың барлығықос жақтаулы моллюскаларға жататынын, барлық қос жақтулы моллюскалар су жәндітері екенін түсіндіреді. Тіссіздің мекені және тіршілік қалыбы жайында ашып айтып береді.
Сабақтың қорытынды бөлігі: Оқушылар моллюскалар типінің жалпы белгілерін: мантияция, бақалшағын денесінің бөлімдерге бөлінетінін, оған тән орган-аяғы екенін және оның өзі қозғалу органы екенін саралап айтатын болады. Содан кейін мұғалім бауыр аяқты моллюскалардың жұмыртқадан дамуының теңсіздігі бұлттық құртардың дамуымен көп ұқсастықтары болатынан баяндап береді. Бұл ұқсастық моллюскалар мен құрттардың алғашқы даму сатыларында болады. Ол моллюскалар мен сигментке бөлінген буылтық құрттардың арасында туыстықбайланыс бар емес пе жіне бұл типтердің тегі бір емес пе екен деп жорамалдауға мүмкіндік береді. Сонымен бірге мұғалім, құртарға қарағанда, моллюскалар дамудың жоғарғы сатысында тұратынын, оларда жүрекбүйрек, арнайы тыныс органы, әжептеуір күрделі нерв системасы мен сезім органдар бар екенін атап көрсетеді.
Үйге тапсырма беру: Моллюскалар типінің өздеріне тән ерекшеліктерін дәптерге жазып келу. Қосымша әдебиетті оқу. Мына төмендегі өлген тіссіздің бақалшақ жақтаулары неліктен ашылып жатады? Ішек қуыстылар және бұлтық құрттармен салыстырғанда, моллюскаларды қай белгілеріне қарап құрылыс жағынан күрделі организімдер деп санауымыз мүмкін?-деген сұрауларға жауап беру.
Буын аяқтылар типі.
Оқу-тәрбиелік міндеттері: Жануарлар дүниесінің көп түрлілігі жайында оқушылардың ұғымын кеңейте түсу, оларға буын аяқтардың ең көп тараған алуан түрлі болып келетін жәндітер тобы екенін көрсету. Буын аяқтыларды буылтық құрттармен салыстыру арқылы олардың арасындағы ұқсастық және айырмашылықтарын белгілей отырып, буын аяқтылардың ертедегі көп қылшықты құрттардан шыққандығын дәлелдеу және екіншісінікімен салыстырғанда, біріншісінің дене құрылысы күрделі болатындығын көрсету. Буын аяқтылардың жеке формаларын өткенде тұтас алғанда организмде әр түрлі органдардың пішіні және атқаратын қызметі бір-біріне бағыныңқы болып келетінін көрнекі мысалдар арқылы көрсету. Әр түрлі тіршілік жағдаына организімдірдің бейімділік құбылысны оқушыларға нақтылы мысалдармен ашып көрсетіп, оның салыстырмалы екенін атап айту. Буын аяқтылардың тіршілік ету биологиясын оқып үйрену негізінде егіс түсімін арттырып, адам денсаулығын сақтаудағы ғылым мен практиканың өз ара байланысын көрсету: пайдалы буын аяқтылардың өсіруге қолайлы жағдай жасау. Зиянды насекомдар көбейіп кетуінің табиғи себептерге байланысты екенін оқушыларға түсіндіріп осы мәселе жайындағы әр түрлі діни нанымдар-ды жоққа шығару.
Өзен шаянының сыртқы құрылысы мен тіршілігі.
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың буын аяқтылар типіне жататын жәндіктердің өзіне тән ерекшеліктерімен таныстыру. Өзен шаянын мысалға ала-отырып, шаян тәрізділер класының сыртқы құрылысындағы белгілерді анықтау.
Методтары: Баяндау, әңгімен, өздігінен істелетін жұмыс.
Құрал – жабдықтар: Табиғи құралдар. Аквариумдағы тірі өзен шаяны. Өзен шаянның препараттары. Суретпен бейнеленген құралдар. Буын аяқтылар типіне жататын жәндіктер бейнеленген таблицалар.
Сабақтың барысы: Мұғалімнің буын аяқтылар типі жайындағы кіріспе әңгімесімен баяндауы. Мұғалім оқушыларға оқылып өткен жәндіктер типін түгел атап, олардың өздеріне тән ерекшеліктерін ажыратуды ұсынады, содан кейін оларға енді жәндіктердің жаңа типін-буын аяқтылар типін кластарға бөлінетінін, ал кластырдың өзі жәндіктердің одан кішілеу топтарына-отрядтарға бөлінетінін баяндайды. Оқушылар буын аяқтылардың негізгі кластары мен отрядтарын оқитын болады.
Буын аяқтылар типі.
Шаян тәрізділер класы.
Өрмекші тәрізділер класы
Отрядтар: өрмекшілер, кенелер
Насикомдар класы
Отрядтар: қоңыздар, кобелектер шыбындар және т.б.
Отрядтар: шаяндар, крабтар
Осыдан соң мұғалім буын аяқтылардың құрылысы күрделі (жоғары сатыдағы) және өте алуан түрлі болып келетін, теңіздерді де, тұщы суларды да, сондай-ақ барлық құрлықтың кез-келген жерлерін мекендейтін, әртүрлі тіршілік жағдайына бейімделген жәндіктер екенін айтады. Мұғалім оқушыларға буын аяқтылардың қандай ерекшеліетері олардың әртүрлі тіршілік жағдайына бейімдеулеріне және осыған орай бұл топтағы жәндіктердің кеінен таралуына, сойтіп олардың негізінен құрлықта иемденуіне нендей себеп болғанын ойлануды ұсынады. Оқушылардың берген жауаптарынан кейін мұғалім сыныпқа қарап, жауын құртының денесі немен жабылғанан және бұл жабынның қандай ерекшеліктері бар екенін естеріне түсіріп, айтып беруді сұрайды. Мұғалім буын аяқтылардың құрттардан айырмашылығы денесі хитинмен жабылған деген қорытынды жасайды.
Хитин қабығы мықты болады да суды аз өткізеді, ылғалды кем буландырады. Бұл типке жататын жеңілдіктердің аяқтары бунақты болып келеді де, осыдан типтің аты – «буын аяқтылар» деп аталған.
Өзен шаянының сыртқы құрылысын оқып үйренуге оқушылардың өздігінен істейтін жұмыстары. Оқушыларға жаңа ғана өлтірілген немесе дәріге салынған шаянды және бақылауға қажетті жазба нұсқауды таратып береді.
Бақылауға арналған нұсқау.
Мақсаты: Шаянның сыртқы құрылысын қарап шығып, олардың құрылысындағы өзендеріне тән ерекшеліктерін және оның судағы тіршілік жағдайына сай екендігін табу.
-
Шаянның сыртқы түрі
-
Тірі шаян денесінің реңі қандай? Оның денесіндегі жабынның қаттылығын /сипап/ жауын құртының деенсіндегі жабын мен салыстырыңдар.
-
Баскөкірек
-
Баскөкірегін және бас пен көкіректің арасындағы сайды /жігін/ табыңдар. Қосылған жерін түсіндіріп, анықтаңдар, шаянның бас көкірегінде қандай органдар болады, /мұрттары, көздері/, ауыз органдары, жүретін аяқтары, олардың саны және құрылысы/.
-
Шаянның бас көкірегі және бүйірін /аяқтарының астынан/ қараңдар. Желбезек қуысына апаратын саңылауды табыңдар.
111. Құрсағы
4. Құрсағының неше бунақтан тұратынын санаңдар. Аяқтарын табыңдар және оларды санап шығарыңдар. Оларды жүретін аяқтарымен салыстырыңдар. Құйрық қанаты және артқы тесігін табыңдар.
Сабақтың қорытынды бөлімі: Өздігінен істеген жұмыстан кейін оқушылардың білімдерін айқындай түсіп, шаянның сыртқы құрылысындағы өздеріне тән ерекшеліктерді /баскөкірек, құрсақ, екі жұп мұрттары, фасеткалы жұп көздері, тыныс органдары, желбезектер/ жекелеп саралап көрсетеді. Өзен шаянының хитин қабығы және бунақты аяқтары болатындықтан буын ақтылар типіне жататындығына ерекше көңіл аударады.
Үйге тапсырма беру: Оқулықтағы суретті пайдаланып келесі сабаққа өзен шаянын мүше-мүшеге бөлшектеп даярлап қою.
Өзен шаянының ішкі құрылысы. Басқа шаян тәрізділер және олардың маңызы. Шаян тәрізділер класының сипаттамасы.
Сабақтың мақсаты: Өзен шаянының ішкі құрылысындағы өзіне тән ерекшеліктерін анықтау. Шаян тәрізділердің маңызын анықтау.
Методтары: Баяндау, әңгіме.
Құрал-жабдықтар: Тірі объектілер. Пробиркадағы циклоп пен дафниялар. Табиғи препараттар. Ішін жарған өзен шаяны, крабтар, омарлар және т.б. Суретпен бейнеленген құралдар. Өзен шаянының және басқа да шаян тәрізділердің ішкі құрылысы бейнеленген таблицалар.
Сабақтың барысы: Үйге берілген тапсырманың орындалуын тексеру.
Өзен шаянын мүшелеу бағытындағы жұмыстьар. Жақсы орындалған жұмыстарды ерекше атап көрсету. Тақтаға шығарылған оқушыға таблицадан өзен шаянының баскөкірегіни көрсету және оған қандай органдар келіп бекітілетінін, олардың маңызын айтып беру тапсырылды.
Жаңа материалды оқыту: Мұғалім шаянның ішін қалай жаруды көрсетеді және өзен шаянының ішкі құрылысы жайында қысқаша баяндап, шаянды таблицадан көрсете тұрып, оны жауын құртымен салыстырады. Оқушылар іші жарылған өзен шаянының препаратын қарап көреді. Мұғалім оқушыларға сұрақтарға жауап қайтаруды ұсынады.
Өзен шаяны сыртқы ортадан не алады? Шаян организмінде қоректік заттар қандай өзгеріске ұшырайды? Шаянның денесіне оттек қалай кіреді.Шаян организміндегі зиянды заттар қандай органдары арқылы қайда шығарылады?
Мұғалім қайтарылған жауаптан соң қорытынды жасайды. Сыртқы ортада шаянның денесіне оның тіршілігіне қажетті заттардың бәрі енеді. Олардың қорытындылауының нәтижесінде қоректік заттар түзіледі де клеткаларға өтеді және сол жерде клетка затына айналады. Клеткалар өседі, көбейеді. Сонымен қатар клеткаларда заттар ыдырап, тіршілік әоекетіне қажетті жылу энергиясын бөліп жатады. Ыдырау процесі нәтижесінде зиянды заттар түзіледі де, организмнен шщығарылып тасталынады, сөйтіп организм мен сыртқы орта арасында үздіксіз зат алмасу болып тұрады. Бұл процес оның әрбір клеткасының ішінде жүреді, сондықтан да клетка ішілік зат алмасу деп делінеді. Бұл процесті мына схема күйінде көзге елестетуге болады. Мұғалім схеманы тақтаға жазады, ал оқушылар оны дәптерлеріне көшіреді.
Зат алмасу
Сыртқы орта
|
Организм
|
Қорек
Оттек
|
Ас қорыту органдары Қан айналу
органдары
Тыныс алу органдары Дененің клеткалары
Қоректік заттардың жылу энергиясын бөле отырып, клетка затына айналуы
|
Зиянды сұйық заттар
Көмір қышқыл газ
|
Зәр шығару органдары Зиянды заттардың түзілуі
Тыныс алу органдары
|
Сыныпқа: сыртқы ортадан организмге оттек пен қоректік заттар енбесе не болар еді? – деген сұрақ қойылады.
Мұғалім зат алмасудың бұзылуынан организм өлді деген қорытынды жасайды. Зат алмасу барлық тірі организмде жүреді. Зат алмасу болмаса – тіршілік те жоқ. Одан әрі мұғалім өзен шаянының нерв системасы жайында баяндап, шаянның нерв системасы құрттардікі сияқты нерв тізбектерінен тұратынын, бірақ құрылысы жағынан одан гөрі күрделірек екенін атап көрсетеді. сыртқы тітіркендірулерді қабылдайтын сезім органдарының жақсы жетідгендігі өткен сабақтан оқушылардың естерінде. Шаян оған өзінің мінез-қылығын өзгертуімен жауап береді.
Мұғалімнің басқа шаян тәрізділер және олардың маңызы жайында баяндауы. Мұғалім крабтар, креветкалар, лангустар, омарлар және төменгі сатыдағы шаян тәрізділер – циклоп пен дафниялар жайында баяндайды. Ол өзінің баяндауын таблицалар және табиғи объектілерді көрсетумен ұштастырады. Мұғалім өзен шаяны мен дафнияның дене құрылыстарындағы жалпы ортақ белгілерді атап көрсетеді. Шаян тәрізділердің маңызы жайында баяндағанда оны адамның асқа пайдаланатындығын алдымен атап айту керек болады. Мысалы 1963 жылы дүние жүзі бойынша ауланған шаян тәрізділердің мөлшері 1080 мың тоннаға тең болатындығы туралы мағлұматтар айтылады.
Оқушылардың білімін пысықтау: Жаңа материалдарды жақсы ұғулары үшін мұғалім оқушылардың мынандай сұрақтарға жауап беруін ұсынады: шаян тәрізділер класына жататын организмдердің құрылысына қандай белгілер тән болады? Шаян тәрізділер класы неліктен буын аяқтылар типіне жатады? Шаян тәрізділер мен буылтық құрттардың қандай белгілері бар?
Зат алмасуға қандай органдар системасы жатады
|
Зат алмасуға олар қандай қызметтер атқарады
|
Ас қорыту системасы
|
Асты қорытады, қоректік заттарды сіңіреді
|
Тыныс алу системасы
|
Сыртқы ортадан оттекті қабылдап көмір қышқыл газды сфыртқы ортаға бөліп шығарады
|
Қан айналу системасы
|
Органдар мен клеткаларға қоректік зат пен оттегін алып келеді. Көмір қышқыл газды тыныс органына, сұйық өнімді зәр шығару органдарына алып барады.
|
Зәр шығару системасы
|
Организмнен зиянды сұйық заттарды шығарады.
|
Кенелер және оның өзіне тән ерекшеліктері.
Кене энцефалиті.
Кененің жабылып кетуінен адамды сақтау шаралары.
Сабақтың мақсаты: Кенелердің паразиттік тіршілігіне байланысты пайда болған өздеріне тән ерекшеліктерін көрсету. Оқушыларды кенеден қорғану шараларымен таныстыру.
Методтары: Табиғи құралдар. Дәріленген кенелер. Суретпен бейнеленген құралдар. Кененің сыртқы құрылысын бейнелейтін таблицалар. «Кене-энцефалитті тасушы».
Сабақтың барысы: Алдымен мұғалім оқушылардың жазбаша тапсырманы қалай орындағандарын тексереді. Одан кейін мына сұрақтарға жауап беруді ұсынады. Инстинкт дегеніміз не? Инстинктің тұқым қуалайтын қандай фактілермен дәлелдеуге болады? Егер тіршілік әрекетінің нәтижесінде түзілген өнімдер дененден шығарылмаса, зат алмасу процесі жүзеге аса ма?
Жаңа материалды оқыту: Кенелер жайында баяндап тұрып, мұғалім олардың көпшілігі өсімдіктердің, жануарлардың және адамның қауіпті паразитті екеніне оқушылардың назарын аударады. Бұлардың көпшілігі паразиттік тіршілігіне байланысты дене құрылысы өзгерген бас көкірегі құрсағымен бірігіп кеткен, аузындағы қосалқы мүшелер шаншып-соратын немесе кеміріп соратын аппаратқа айналған, шағын жәндіктер болып келеді. Мұғалім өрмек тоқитын қызыл кене, тайга кенесі жайында қысқаша баяндап береді. Тайга кенесі жайында баяндағанда оның зілді ауру-энцефалитті таратушы екенін айтады. Ол ауру жайында қысқаша мына мағлуматтарды айтады: «энцефалит» деген сөз – грекше, оны қазақшаға аударғанда мидың қабынуы деген мағына береді. Ауру кенеттен басталады, дененің ыстығы 38-39-қа дейін көтеріліп, дірілдеп бас ауырады. Адамды қалжырататын науқас 6-8 күнге дейін созылып, ақырында адам сал болып ауырады, кейде өледі.
Өздігінен істелетін жұмыстар: Мұғалім лупамен тайга кенесінің препаратын қарап көруді және тақтадағы жазуды мына сұрауларға жауап беруді ұсынады. Кененің денесінің мөлшері қандай болады? Кененің сыртқы көрінісі неге ұқсайды? Кененің аяғын санап шығыңдар.
Мұғалімнің столында микроскоптар - /2-3 дана/ тұрады, ол арқылы оқушылар кезек-кезек кенесінің ауыз аппаратын қарап көретін болады. Егер препараттар жоқ болса, оқушылар кененің оқулықтағы суреттерін қарап көреді. Барлық өрмекші тәрізділердің денесі қысыңқы, бас жағына қарай сүйірленіп бітеді, бас жағына ауыз аппараты орналасқан. Сүйір тұмсығы арқылы қан сорады. Бұнақы төрт жұп аяқтары болады. Оның ұшында жабысқан ілгекті тырнақтары бар. Денесі бітісіп кеткен.
Мұғалімнің баяндауы: Мұғалім таблицадан кененің бірдемені күткендей қалшиып қалған кейіпін көресің. Кене тұрған жерге адам немесе жануар қалай жақындаса болды, солай кене оның денесіне жорғалап барып мойнына, көкірегіне, қолтығына жабысып алып, ауыртпай қанын сорады, өйткені оның сілекейінде жараға түскенде ауыртпайтын зат болады. Осы қан сору кезінде энцефалиттің қоздырғышы адам организміне өтеді. Мұғалім энцефалиттен сақтандыру үшін алдын-ала егу шараларын қолданудың жөн екенін, одан кейін адам организмі энцефалит ауруына қарсы тура алатынын баяндап береді.
Кенеден сақтану үшін мыналарды орындау ұсынылады.
Көктемде, жазда энцефалит таратушы кенесі бар орманға бармау. Лажсыз орманда болу керек болса, кенелерден қорғану шараларын қолдану керек.
А) кененің адам денесіне жорғалап кіріп кетуінен қорғайтын арнайы киім кию, көйлекті шарбарланып, белді белдікпен белдіктеу, жеңдердің аузына резенке салу, жағаны қымтап жауып қою, шалбардың балағын етіктін немесе шұлықтың ішіне ссалып қою.
б) кенелерді шошындыратын заттарды пайдалану.
в)әрбір 2-3 сағат сайын шешінбестен бірінің үстілеріңді бірін, немесе өзде-ріңді өздерің қарап шығу.Бір жолата қарап шығуды ұйықтар алдында жүргі-зеді , сондай-акорманнан әкелінген гүлдерді, шөптерді, жидектерді, саңырауқұлақтарды толығымен қарап шығу керек.
Кенені денеден алуға қиынға түседі, өйткені жабысқан жерінен алып таста-мақ болып жүргенде тұмсығы үзіліп кетеді де,тұмсығы қалып қойған жері ір-іңдеп жара болып кетуі мүмкін.
Кенені денеден шығарып алу үшін оның денесін пинцетпен немесе қолға дәке не шүберек орапалып, саусақпен ұстап, ары-бері баяу қозғай отырып,
ақырын шығарып алу керек болады . Немесе кенені жіппен байлап, оның екі
ұшын екі жаққа айырып, жоғары қарай тарту керек. Егер кененің басы жұлы-нып кетсе, алдын-ала отқа қыздырылған инемен шұқып алып тастап, орнына
йод жағып қою керек . Кенені алып тастау үшін май немесе вазелин жақса, онда кененін тұмсығын босатып алуға және екінші орынға ауысуына түрткі болады.
Үйге тапсырма беру: Кененін паразиттік тіршілігімен байланысты бол-ған өзіне тән ерекшелігін дәптерге жазу.
Достарыңызбен бөлісу: |