Оқу материалының бұлай үш түрде берiлуi, пайдаланушының бiр оқу материалын бiрнеше рет қайталап шығуына мүмкіндiк туғызады. Бұл оқу материалын есте сақтауды жақсартады.
Қазiргi ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалану негiзiнде жаңа педагогикалық әдiстердi қалыптастыруға бағытталған бiлiм беру жүйесін ақпараттандыруды зерттеу iстерi оқулықтар шығарумен қатарласа немесе оның алдында атқарылуы керек.
Компьютерлiк оқыту жүйелерiн жасау және қолдану үшін оның түрлерiнiң мүмкіндiктерi мен ерекшелiктерiн бiлу керек. Негiзгi КОҚ түрлерi келесi белгiлерi бойынша топтастырылады:
-
пән мазмұнына бойынша;
-
жүзеге асыра алатын педагогикалық мәселелерi бойынша;
-
оқу материалын қамту көлемi бойынша;
-
телекоммуникациялық пайдалану мүмкіндiгi бойынша;
-
оқыту деңгейi бойынша;
-
информацияны бейнелеу формасы бойынша.
Пән мазмұны бойынша КОҚ-рi жаратылыстану, гуманитарлық, техникалық мазмұндағы болып бөлiнедi.
Жүзеге асыра алатын педагогикалық мәселелерi бойынша жiктеу үшін алдымен КОҚ-рi шеше алатын мәселелердi қарастыру керек. Олар: пәндi оқудың мақсатымен танысу, оның негiзгi ұғымдары мен тұжырымдарын түсiну; түрлі деңгейдегi базалық дайындық жұмыстарын орындау; пәннiң практикалық есептерiн шешу дағдысы мен ебдейлiктерiн қадлыптастыру; эксперименттiк жұмыстар жасау дағдысын қалыптастыру; стандарты емес жағдайлардағы есептердi шешу қабiлетiн қалыптастыру; зерттелетiн объектiлердi, процесстердi игеру; бiлiмдi, дағды мен ебдейлiктi бекiту, орнықтыру; бiлiм мен дағды деңгейiн бағалау.
Осы аталған педагогикалық мәселелердi шешу мүмкіндiгiне қарай КОҚ-рi келесi топтарға жiктеледi:
-
теориялық және техникалық дайындық құралдары;
-
практикалық дайындық;
-
көмекшi құралдар;
-
кешендi құралдар.
Бiрiншi топқа келесi КОҚ-ры кiредi:
Компьютерлiк оқулық (КО) – баспа оқулық негiзiнде жасалған, белгiлi бiр курс бойынша базалық Ұғымдар мен процесстер жайлы мейлiнше толық материалдар қамтылған КОҚ;
Бiлiмдi тексерудiң компьютерлiк құралы (БТКҚ) – белгiлi пән бойынша студенттiң теориялық бiлiмiн тексеруге арналған көпнұсқалы, көпдеңгейлi тапсырмалар жүйесi.
Практикалық дайындық КОҚ-рi:
Компьютерлiк практикум (КП) – пәннiң типтiк есептерiн шығаруға және есептер арасындағы байланыстарды анықтуға арналған тапсырмалар жинағы;
Компьютерлiк тренажер (КТ) – iс-әрекет дағдысын қалыптастыруға және оған қатысты қабiлеттi дамытуға арналған құрал.
Көмекшi КОҚ-рi:
Компьютерлiк лабораториялық практикум (КЛП) – автоматтандырылған лабораториялық жұмыстар жинағы; Компьютерлiк анықтамалық (КА) – пән бойынша ұғымдарға, терминдерге, анықтамаларға қысқаша түсiнiктемелер беретiн құрал;
Кешендi құралдар қатарына келесi КОҚ-лерi енедi:
Компьютерлiк оқу курсы (КОК) – теориялық, практикалық және техникалық дайындық функциялары мен құралдары бiрiктiрлген түрде қарастырылатын белгiлi бiр курс бойынша берiлген құрылымданған оқу материалдары; Компьютерлiк бекiту курсы (КБК) – квалификацияны көтеру үшін берiлетiн стандартты және стандартты емес жағдайлар туралы және игерiлген курс мазмұнындағы бiлiмдi, дағдыны, ебдейлiктi қайта бекiтуге арналған материалдар жиынтығы.
Оқу материалдарын қамту көлемi бойынша интегралды және интегралды емес КОҚ-рi бар. Интегралды КОҚ-рiнде курс мазмұны толығымен қамтылады және теориялық бiлiм мен дағдыны, ебдейлiктi қалыптастыру мәселелерi өзара тығыз байланыста құрылады. Интегралды емес КОҚ-рi студенттiң кейбiр жеке қабiлеттерiн дамытуға арналған.
КОҚ-рi телекоммникациялық технологияларды пайдалану мүмкіндiгi бойынша жергiлiктi және желiлiк болып бөлiнедi.
Желiлiк КОҚ-рi есептеу техникасының түріне қарай жергiлiктi желiге бағытталған (Intranet) және жаїандық желiге бағытталған (Internet) болып бөлiнедi. Сонымен қатар желiлiк КОҚ студенттердiң өзара байланысын қамтамасыз ету мүмкіндiгiне қарай да екi түрге бөлiнедi: өзара байланысты және өзара байланыссыз.
Информацияны бейнелеу формасы бойынша мультимедиялық және мультимедиялық емес КОҚ-ры бар.
Программалық жүйенiң құрылымы дегенiмiз оның пайдаланушылармен байланысы мен iшкi компоненттерiнiң өзара қатынасы. Құрылым жүйенiң негiзгi программалық бөлiктерi мен ақпараттық компоненттерiнiң байланысын және сыртқы қолданбалы программмалармен байланысын бейнелейдi. Программалық компоненттердi (модульдердi) жiктеу функционалдық принцип бойынша орындалады. Ақпараттық компоненттер (массивтер, блоктар, файлдар, берiлгенде қоры, т.с.с.) қызметi, пайдаланылуы, берiлгендердi бейнелеу форматтары, қол жеткiзу тәсiлдерi т.с.с. белгiлерi бойынша бөлшектенедi.
Оқу материалы мен таспырмалар жүйесi ақпараттық және программалық объектiлерге сiлтеме жасауы мүмкін. Оқу материалының құрылымдық компоненттерi тапсырмалар жүйесіне және сыртқы КОҚ-дарға сiлтеме жасайды, ал тапсырмалар жүйесінде оқу материалына және сыртқы КОҚ-не сiлтемелер болады. Ендi оқу материалының құрылым мен оның тапсырмалар жүйесiмен байланысын қарастырайық.
КОҚ-де оқу материалдарына қол жеткiзудiң негiзгi үш тәсiлi қарастырылады:
-
элементтерi оқу материалының сәйкес құрылымдық бiрлiктерiне сiлтеме жасайтын мазмұн блогы арқылы;
-
көрсеткiштер арқылы (анықтамалық сөздiк, терминдер жинағы, тезаурус, глоссарий, т.с.с.);
-
оқу матриалының iздеу жүйесi арқылы;
Iздеу процесiн оқу материалдарын iздеу модулi (ОМIМ) толық мәтiндiк, не кiлттiк сөздер көмегiмен орындайды. Екiншi жағдайда кiлттiк сөздер индекстелген болуы қажет.
КОҚ орнатуға арналған ақпараттық компоненттер. Бұл ақпараттық компоненттiң бiр бөлiгi баспа кiтаптың титул бетiнiң қызметiн атқарады. Мұнда КОҚ-ның қысқаша сипаттамасы, авторлары және авторлық құқық жайлы мәлiметтер келтiрiледi.
Екiншi бөлiгiнде жүйенiң орнатылуы, КОҚ конфигурациясының пайдаланушы өзгерте алатын тұстары сипатталады және оны орындауға арналған қысқаша нұсқаулар блогы болады.
Оқушылардың жұмыс нәтижелерiн бейнелейтiн ақпараттық компоненттер. Мұнда оқушылар модулi мен олардың КОҚ-сiнде жұмыс iстеу барысының хаттамалары сақталады. Хаттамаларға пайдаланушының КОҚ-мен байланысын бейнелейтiн мәлiметтер енгiзiледi. Оқу материалымен жұмыс iстеу барысы оны оқуға кеткен уақытпен, анықтамалық жүйелерге сiлтеме жасау бiрлiктерiмен, өтiп кеткен оқу материалдарына қайта көңiл бөлу санымен анықаталады.
Оқушы модулiне оқушының игерiп жатқан пән бойынша ағымдық бiлiм деңгейi, оқу процесiнде анықталған негiзгi дербес ерекшелiктерi жайлы мәлiметтер кiрiстiрiледi.
Ендi КОҚ-ның құрылымдық схемасындағы негiзгi модiльдердiң атқаратын қызметтерiн сипаттап өтелiк:
А.Оқу материалдарымен жұмыс iстеудi қамтамасыздандыру модулiнiң (ОМЖҚМ) атқаратын негiзгi қызметтерi:
-
мазмұн, сiлтемелер, анықтамалық сөздiк, терминдер сөздiгi, тезаурус көмегiмен оқу материалының бiрлiктерiне қол жеткiзудi қамтамсыз ету;
-
оқу материалының белгiлi бiр бөлiгiн баспадан шығарып алуға мүмкіндiк жасау;
-
оқу маетриалының мазмұны толық болу қажеттi демонстрациялық, иллюстрациялық маетриалдарды шығаруды қамтамасыз ету;
-
оқу материалында гиперсiлтемелер жүйесiмен жұмыс жасауды ұйымдастыру;
-
оқу материалының құрамына енгiзiлген таспырмалар жүйесін орындау және нәтижесiн талдау жұмыстарын жүргiзу;
-
Оқу материалын iздеу модулiнiң (ОМIМ) негiзгi қызметi ОМЖҚМ-мен жұмыс iстеудi толықтыру.
Б. Тапсырмалар жүйесi модулi (ТЖМ) келесi функцияларды атқарады:
-
пайдаланушыға орындауға арналған тапсырмалар тобын тапсырмалар жиынынан кездейсоқ не жүйеленген түрде берудi ұйымдастыру;
-
тапсырмаларды бiртiндеп, кезеңдерге бөлiп беру;
-
тапсырмаларды орындау нәтижелерiн талдау және дұрыс орындалмаған тапсырмалар үшін оқу материалының сәйкес бiрлiгiне сiлтеме жасау;
-
пайдаланушының тапсырмаларды орындау барысы туралы хаттамаларды ұйымдастыру;
-
пайдаланушының бiлiм деңгейiн тексеру және бағалау.
В.Тапсырмаларды тiркеу модулi (ТТМ) ТЖМ-нiң қосымша қызметтерiн атқарады.
Г.Оқу процесiн басқару модулi (ОПБМ) оқытудағы психологиялық-педагогикалық стратегияны тиiмдi iске асыруды қамтасыз етуi тиiс. Ол келесiлерден тұрады.
-
оқушының оқу материалымен және тапсырмалар жүйесiмен байланыс деңгейiн тiркеу;
-
жоғарыдағы мәлiметтерге сүйене отырып оқушының моделiн құру;
-
оқушының бiлiм деңгейiн бағалау;
-
оқушының моделiне сүйене отырып, оқыту процесiнде оқу материалдары мен тапсырмалар жүйесін беруге өзгерiстер мен реттеулер енгiзу;
-
оқытушыға оқушының оқу барысы мен нәтижелерi жайлы мәлiметтер беру;
Оқушыларды тiркеу және анықтау модулi (ОТАМ) КОҚ-нi орнату және алғашқы рет iске қосқан кезде оқушы жайлы мәлiметтердi тiркеуге алады. Ол мәлеметтер оқушының аты-жөнi, тобы, алғашқы тестен өту нәтижесi, т.с.с.
Д.Оқушылардың жұмыс хаттамалары модулi (ОЖХМ) – пәндi игеру барысы жайлы оқушыға не оқытушыға мәлiметтер берудi ұйымдастырады.
Е.Оқытушы интерфейсi модулi (ОИМ) – оқушының оқу барысы, тапсырмаларды орындау барысы, оқушының белсендiлiгi, психологиялық-педагогикалық стратегияның iске асуы туралы мәлiметтер модульдерi мен оқытушы интерфейсiнiң арасындағы байланысты қамтамсыз етедi.
Ж.КОҚ-ның конфигурасын сипаттау модулi (КОҚКСМ) – пайдаланушыны КОҚ-мен жұмыс жасау туралы нұсқаулармен қамтамасыз етедi.
2 MS access-ті үйренуде КОМПЬЮТЕРЛlК ОҚЫТУ ЖҮЙЕСlН ДАЯРЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
2.1 MS access-ті үйренуде компьютерлiк оқыту жүйесiн жасау негiздерi
Компьютерлiк оқыту жүйелерiн жобалауда жасау құралдарын тиiмдi таңдау да оның сәттi жұмыс жасауының алғышарттарының бiрi.
Инструменталдық жабдықтар ретiнде компьютерлiк оқыту жүйелерiн құру барысында орындалуы тиiс мәселелердi шешуде қолданылатын программалық жүйелердi түсiнемiз. Негiзгi инструменталдық жабдықтар мен оларды қолдану кезеңдерi 1 -суретте келтiрiлген.
«Access» курсының электронды анықтамалығын жасауда бiз Visual Basic программалау ортасы мен FrontPage веб-беттер құру ортасын қолдандық. Сондықтан осы инструменталдық жабдықтарға толығырақ тоқталып өтсек.
Жоғарғы деңгейлі программалау тілдері жарыққа шыға бастағаннан бері көптеген программалау тілдері пайда болды. Есептеуіш техниканың қарқынды дамуы және программалық жабдыктауды тиімді дайындауга қажеттілік нәтижесінде соңғы кездерде Windows ортасында жарыкқа шыққан және объектілі - бағдарлы программалау (ОБП) негізінде кұрылған программалау тілдері - Borland C++ for Windows, Object Pascal және визуальды Microsoft Visual Basic, Borland Delphi.
Объектіге багдарлы оқиғалы программалау тілінде программаның жұмысы негізінен оқиғалар тізбегінен және түрлі объектілердің осы оқиғаларға жауабынан тұрады. Олардың визуальды түрлері - Visual Basic тілі QBasic программалау тілі негізінде, Delphi (Дельфи) Объектілі Паскаль (Object Pascal} тілі негізінде Windows операциялық жүйесін басшылықка апып кұрылган (visual — көзбен көру, экрандық). Олар, әсіресе, Visual Basic, Delphi программалау тілдері — кез келген қосымшаны дайындауға болатын жылдамдығы тез, куатты тілдер.
Visual Basic программалау тілі–кез-келген типті қосымшаны дайындауға болатын жылдамдығы тез, қуатты тілдердің бірі.
Орта. Проект. Қасиеттер.
Visual Basic (VВ) программалау жүйесі компьютерге орнатылған соң оны іске қосу Windows терезесі арқылы әдеттегідей жүргізіледі: Іске қосу - Программалар - Місгоsofrt Visual Basic 5.0. Бұл кезде Ргoject Wizard (Проект шебері) программасы іске қосылады да, экранда Microsoft Visual Basіс, оның жоғарғы бетінде белсендірілген New Ргоjeсt (Жаңа проект) сұхбаттық терезесі көрінеді. Терезеге үш қосымша бет енгізілген: New (Жаңа), Ехіsting (Қолданылған), Recent (Жақында қолданылған файлдар).
New бетіне енгізілген проект типтері:
-
Standert EXE (стандартты ехе файл);
-
VB Application Wizard (қолданбалы VB шебері);
-
Add-In (қосымша қондырма);
-
Internet-те Web беттер құруға мүмкіндік туғызатын Active X файлдары т.б.
Бұрын не жақында кұрылған проектілерді екінші не үшінші қосымша беттерінің бірінен іске қосуға болады, (проект- дайындалатын программада қандай форма, модуль, тағы басқа файлдардың пайдаланылатынын көрсететін терезесі бар арнайы файл. Программа проект ішінде орындалады). Жаңа проектіні ашу үшін New Project терезесіне орналастырылған Standart EXE белгішесін таңдап, Ашу (Открыть) түймесін шерту жеткілікті. Бірнеше компоненттері (сыңарлары) бар, Дайындаудың (Жетілдірудің) біртұтас ортасы (IDE, Integrated Development Envivonment) не Visual Basic программалау ортасы деп аталатын терезелер көрінеді. Оларды қысқаша Орта деп те атайды (1-сурет). Егер компоненттердің кейбірі көрінбесе, оларды арнайы командалар арқылы орнату қиын емес.
1 - сурет. Жетілдірудің біртұтас ортасы (IDE)
1- негізгі мәзір (Menu);
2- аспаптар панелі (Тооlbar);
3- проект терезесі (Рroject 1);
4- форма терезесі (Ғопm 1);
5- қасиеттер терезесі (Рroроrtіеs);
6- элементтер панелі (Тооlbох);
7- форма конструкторы (Рroject Сопtаіпеr);
[design] - программаны дайындау режимі (ол Рroject 1 та-қырыбында көрінеді),
Ортада Immediate (тез, тікелей орындау) терезесін шығару да мүмкін, оған қосымша ортада форма макетін (Form Layout Window) шығаруға болады. Олар Көрініс мәзіріне енгізілген. Аспаптар панелінде соңғысын қосуға арналған арнайы түйме де бар.
Панельдер мен терезелерді жылжыту не формасын өзгерту (кеңейту, сығу) тәсілі Windows-та пайдаланатын әдістер сияқты. Егер терезенің шекарасы басқа терезенің шекарасымен біріктірілетіндей етіп жылжытылса, ол соңғы терезеге қосылып (бекітіліп) қойылады. Мұндай терезелерді кеңейту, олармен жұмыс істеу қиын емес.
Visual Ваsіс - бірнеше файлдар жиынтығы (exe-файл). Онымен жұмыс істеу IDЕ ортасында орындалады. Ортада жұмыс істеу командалары мәзірлерге енгізілген. Аспаптар панеліне мәзірлерге енгізілген негізгі командаларды орындайтын түймелер орналастырылған. Стандартты түймелер:
- Standart.ехе типті проектіні іске қосу (Аdd Standart ЕХЕ Рroject);
- Форма қосу (Аdd Form);
- Проектіні ашу (Ореn Рroject);
- Проектіні сақтау (Savе Рroject);
- Көшіру (Сору);
- Кірістіру (Рastе);
- Проект терезесін шығару (Рrоjесt Ехрlоrеr);
- Қасиеттер терезесін шығару (Рroporties Window);
- Программаны іскe қосу (Start);
- Программа жұмысын аяқтау (Еnd);
- Мәзір редакторы (Меnu Editor);
- Элементтер панелі (Тооlbох), т.б.
Проект. Проект терезесі
Visual Ваsіс - қосымшалар құруға арналған күрделі программа. Онда жиі қолданылатын компоненттер (сыңарлар): проект, форма, басқару элементтері, модуль және т.б.
Проект (Рrоjесt) - дайындалатын программада қандай формалардың, модульдер мен элементтер панелі пайдаланылатынын көрсететін арнайы файл. Қосымша құрайтын барлық объектілер проект арқылы басқарылады және проектіде сақталады.
VВ-те проект үшін Рroject тeрезесі карастырылған. Проект терезесі Windows терезесіне шамалас (2 - сурет). Оған енгізілген проект, форма бумаларын ашуға не жабуға болады. Ол үшін көрінген ауыстырып қосқыш белгілерін шертсе болғаны.
Достарыңызбен бөлісу: |