ҚАУЛЫ
куәландыру туралы
Қызылорда қаласы 5 ақпан 2011.жыл
Қызылорда ІІБ тергеу бөлімінің аға тергеушісі Адранов К., азаматша Ержанова Манаттың арызы бойынша ҚР Қк-нің 226 бабының 1,2 бөлімінің белгілерімен қозғалған №2267 санды қылмыстық істің құжаттарын қарап
ТАПТЫМ:
2 ақпан 2011. жылы 19 сағат 30 минут шамасында Қызылорда қалалық байланыс торабының жанында белгісіз екі жігіт Ержанова Манатты «Жигули» автомашинасымен қала сыртына алып шығып, зорлауға әрекет жасаған. Ержанованың қатты қарсылық жасауынан қылмыстық ойларын ақырына дейін жеткізе алмаған белгісіз екі жігіт жәбірленушіні оқиға болған жерде қалдырып кеткен.
Ержанова өз жауабында зорлықшылардың бірінің сол жақ білегінде көлемі сіріңке қорабымен шамалас меңі бар екендігін көрсетке.
4 ақпан 20.. жылы сезікті қатарында Зарлықов Айтжан ұсталған. Зарлыковтың қолында жәбірленуші Ержанованың көрсеткен белгісін анықтау үшін куәландыру қажет екендігін ескеріп, ҚР ҚІЖК- нің 226 бабын басшылыққа алып,
ҚАУЛЫ ЕТТІМ:
Сезікті Зарлықов Айтжанды куәландыруға, бұл туралы оның өзіне жариялауға.
ІІБ тергеу бөлімінің аға төргеушісі: Адранов К.
ХАТТАМА
куәландыру жүргізу туралы
5 ақпан 2011. Жыл Қызылорда қаласы.
Қызылорда ІІБ тергеу бөлімінің аға төргеушісі Адранов К., бүгін 5.02.20.. жылы қаулының негізіңде ҚР ҚІЖК-нің 226 бабының талаптарын сақтап, куәгерлер: Сәлімов Құрақ, тұрағы Қызылорда қаласы «Шұғыла мөлтек ауданы» 2\4; Арынов Орынбасар, тұрағы Қызылорда қаласы Мұратбаев көшесі 19 үй; қатысуымен анықтау мақсатында куәландыру жүргізіп, ҚР ҚІЖК-нің 227 бабына сәйкес осы хаттаманы жасадым.
Куәландыру жүргізу үшін З.Айтжановқа куәгерлердің көз алдында сол қолын білегіне дейін жалаңаштап көрсету ұсынылды.
З. Айтжанов сол қолының білегін көрсеткенде сырт жағында көлемі 4х5 см болатын меңі бар екендігі анықталды.
Куәландыру жүргізу 16 сағат 05 минутта басталып, 16 сағат 25 минутта аяқталды.
Хаттама дұрыс жазылған, дауыстап оқылды. Куәгерлер тарапынан ескерту, талап-тілек түскен жоқ.
Куәгерлер: Сәлімов, Арынов А.С.,
Сезікті: Айтжанов О.Л.
ІІБ тергеу бөлімінің аға тергеушісі: Адранов К.А
Достарыңызбен бөлісу: |