Кіріспе оқырмандарға ұсынылып отырған «Криминалистикадан электронды оқу құралы» қазіргі заманғы оқу үрдісіне енгізілген кредиттік технология ерекшелігін ескере отырып құрастырылған көрнекі оқу құралы болып табылады


Тақырып. Тінту және алу тактикасы



бет29/76
Дата01.10.2022
өлшемі388.76 Kb.
#461737
түріСабақ
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   76
annotation491

Тақырып. Тінту және алу тактикасы.
Дәріс, тәжірибелік және СОӨЖ (СӨЖ) сабақтарының негізгі мазмұны.

Тінтудің және алудың түсінігі, міндеттері. Тінтудің түрлері. Тінтудің тактикалық және ұйымдастарушылық әдістері. Тінту алдында жүргізілетін дайындық жұмыстары. Тінтудің объектісі және тінтілетін адам жөнінде бағдарлау мәліметтерін жинау. Тінтуге міндетті және факультативті қатысатын адамдарды іріктеп алу. Олардың тінтілетін жерде тінту басталмас бұрын алдын ала жүргізетін әрекеті. Техникалық құралдарды дайындау. Ғылыми-техникалық құралдарды қолдану.


Тінту психологиясы. Тінтуді үйдің ішінде және сыртта жүргізудің ерекшеліктері. Жеке адамды тінту. Бірнеше объектіні бір мезгілде тінту.
Тінтудің нәтижесі мен алуды бекіту. Тінтудің хаттамасы, жоспарлар, схемалар, фотосуреттер, заттардың тізімі.
Тақырып. Тінту тактикасы 2 - сағат
Тәжірибелік сабақтын мақсаты:

  • Тақырыпқа байланысты теориялық негіздер туралы сұрау,

  • криминалистикалық полигондағы макеттер, плакаттар, стендтер арқылы талдау жұмыстар жүргізу,

  • қажет ғылыми-техникалық құралдармен танысу,

  • тергеу ситуациясын талдап, дайындық жұмыстарын жүргізуді үйрету, полигонға инсценировканы жасап жедел-тергеу тобын құрып, тінтудің әрекетін үйрету,

  • жүргізілген тінтудің нәтижелерін талдау, кемшіліктердің болу себептеріне негіз болған жағдайларды анықтау және көрсету,

  • жүргізілген тінтудің нәтижелері бойынша жасалған хаттамаларды талдау.

Теориялық негіздер туралы бақылау сұрақтары

  1. Тінтудің түсінігі, мәні, түрлері және процесуалдық шарттары.

  2. Тінтудің кезеңдері және оны жүргізудің амалдары.

  3. Тінтуге дайындық жұмыстары (бағдарлау мәліметтерін жинау, тінтуге қатысатын адамдарды анықтау, техникалық құралдарды дайындау).

  4. Тінту психологиясы,

  5. Тінту жұмыс қезеңіндегі жалпы және детальды қарау.

  6. Тінту нәтижелері бойынша бекітудің тәртібі.

  7. Бақылау сұрақтары және жалпы өткен тақырып бойынша қорытынды шығару.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет