Кіріспе оқырмандарға ұсынылып отырған «Криминалистикадан электронды оқу құралы» қазіргі заманғы оқу үрдісіне енгізілген кредиттік технология ерекшелігін ескере отырып құрастырылған көрнекі оқу құралы болып табылады



бет70/76
Дата01.10.2022
өлшемі388.76 Kb.
#461737
түріСабақ
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   76
annotation491

Тонау және қарақшылықты тергеу

Жасалған шабуыл жөнінде жәбірленуші мен көзімен көрген куәлардың хабарламасынан кейін қандай тергеу әрекетін жүргізу керек?



  1. сараптама тағайындау

  2. куәлар мен жәбірленушілерден жауап алу

  3. оқиға болған жерде көрсетулерді тексеру

  4. тінту

  5. таныту

Қарақшылық немесе тонау жасауда сезікті адамның тұрғылықты жерін тінтігенде, тергеушіге қажет емес ақпаратты көрсетіңіз:



  1. шабуыл жасаған кезде қолданған қарудың және ұрланған заттардың белгілері

  2. сезіктінің сырт келбетінің белгілері

  3. сезіктінің кәсібі, қызметі, тұрмыс қалпы мен байланыстары (қандай адамдармен араласатындығы)

  4. сезікті тұратын аудандағы коммуникацияның сипаты

  5. қосымша шығатын есіктің болуы

Шабуыл жасап тонау кезінде дене жарақатын алған жәбірленушіден жауап алу кезінде тергеуші қандай жағдайларды анықтау керек:



  1. жәбірленушіде қанша ақша болды

  2. ақшаны қашан және қайдан алды

  3. жәбірленушінің халықтық банкте салымдары жоқ па

  4. ол бұрын ішкі істер органында тіркеуде тұрған жоқ па

  5. ақша жәбірленушінің қалтасында, әлде сөмкесінде болды ма

Қарақшылықпен шабуыл жасап тонау қылмысының криминалистикалық сипаттаманың маңызы жоқ элементін көрсетіңіз:



  1. себебі

  2. қылмыскердің жеке ерекшеліктері

  3. қылмыстың жағдайы және жасалу орны

  4. қылмысқа қол сұғушылықтың заты

  5. тонау немесе қарақшылықтың жасалу тәсілі

Тонау, қарақшылықтың криминалистикалық сипаттамасында қылмыскердің жеке бас ерекшеліктерін анықтауда көрініс табады:

  1. қылмыскердің жасы

  2. бұрын сотты болғандығы

  3. жанұялық жағдайы

  4. әуесқойлығы, жаман қылықтары

  5. жоғарыда аталғандардың барлығы

Қарақшылық кезіндегі қылмысқа қол сұғушылықтың типтік затын атаңыз:



  1. азық-түлік

  2. ұялы телефондар

  3. жүннен жасалған заттар

  4. ғимарат

  5. шикізат, материалдар

Инкоссаторларға қарақшылықпен шабуыл жасау әдісіне кіреді:



  1. объектіні қарау

  2. күзет қызметінің сипатын анықтау

  3. инкассаторлардың кезекшілік кестесі

  4. құрал, маска таңдау, ролдерді бөлу

  5. жоғарыда аталғандардың барлығы

Тергеуші қарақшылықпен шабуыл жасау туралы ашылмаған істерді біріктіру кезінде басшылыққа алады:



  1. жасалу тәсәлін

  2. жасалу орнын

  3. ұрланған заттың құнын

  4. көлік құралдарын қолдануын

  5. жоғарыда аталғандардың барлығы

Қарақшылықпен шабуыл жасаған қылмыскерлердің мінездемесі үшін әдетте қажет:



  1. бұрын сотты болғандығы

  2. жас ер азаматтарға қатысты

  3. жаман әдетері бар

  4. екі жүзді, ашуланшақ жас адамдар

  5. жоғарыда аталғандардың барлығы

Қарақшылықпен шабуыл жасау тәсілі үшін әдетте қажет:



  1. жалғыз адаммен жасалынады

  2. жай топпен жасалынады

  3. қаруланған ұйымдасқан топпен жасалынады

  4. ұйымдастырушы, орындаушы, айдап салушы, көмектесушілері бар

  5. жоғарыда аталғандардың барлығы

Тонаудың ерекше белгісін көрсетіңіз:



  1. мүлікке иелік ету мақсатында шабуыл жасау

  2. жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына зиян келтірмей, мүлікке иелік ету мақсатында шабуыл жасау

  3. өмір мен денсаулық үшін қауіпті күш қолдану

  4. ату қаруын қолдану

  5. өмір мен денсаулық үшін қауіпті күш қолданып қорқыту

Қарақшылықпен шабуыл жасауды тез әрі сапалы ашу мен тергеу үшін әсер етуші себеп:



  1. тергеу және жедел іздестіру бөлімшелерінің өзара бірлесуі

  2. кейінге қалдырылмайтын тергеу әрекетін дер кезінде жүргізу

  3. ішкі істер органының барлық қызметінің жылдам дайындығы

  4. криминалистикалық тіркеудегі ақпаратты жан – жақты пайдалану

  5. жоғарыда аталғандардың барлығы

Қарақшылықпен шабуыл жасауды тергеу кезінде тағайындалатын сараптама:



  1. трасологиялық (дактилоскопия)

  2. баллистикалық

  3. суық қаруға

  4. материалдар мен заттарға

  5. жоғарыда аталған сараптама түрлері

Тонау, қарақшылықпен шабуыл жасауда жәбірленушіге танытуға ұсынылады:



  1. қару

  2. шабуыл жасаушы

  3. ұрланған заттар, қылмыскер

  4. көзімен көрген куәлар

  5. қылмыстың жағдайы

Жәбірленушіден жауап алу болып танылады:



  1. шабуыл жасалған орынның жағдайы

  2. бағалы заттардың болуы

  3. бағалы заттар туралы білетін тұлғалар тобы

  4. шабуыл жасаушылардың сыртқы бейнесі

  5. жоғарыда аталғандардың барлығы

Қарақшылықпен шабуыл жасау туралы істерде әдетте тағайындалатын сараптама:



  1. сот баллистикалық

  2. өрт техникалық

  3. автотехникалық

  4. технологиялық

  5. бухгалтерлік

Қарақшылықпен шабуыл жасауды тергеудің кейінгі сатысында жүргізілетін сараптама:



  1. диагностикалық

  2. жіктелінетін

  3. идентификациядық

  4. бір рет тағайындалатын

  5. қосымша

Тергеудің алғашқы сатысына қандай әрекеттер процесінің жиынтығы тиесілі:



  1. жәбірленушіден, куәдан жауап алу, оқиға болған жерді қарау, сот – медициналық сараптама тағайындау, участкелік полицияға, жедел – іздестіру қызметкерлеріне тапсырма беру

  2. оқиға болған жерді қарау, жәбірленушіден, куәден жауап алу, жедел – іздестіру қызметкерлеріне табыстау

  3. сұрау салу, оқиға болған жерді қарау, жәбірленушіден, куәден жауап алу, участкелік полицияға, жедел – іздестіру қызметкерлеріне табыстау, сот – медициналық және басқа да сараптама түрлерін тағайындау

  4. сұрау салу, оқиға болған жерді қарау, қылмыстық іс қозғау, жәбірленушіден, куәден жауап алу, бейнелі портретті құрастыру, сот – медициналық және басқа да сараптама түрлерін тағайындау

  5. көзімен көрген куәлерден, жәбірленушіден жауап алу, сот – медициналық сараптама тағайындау, оқиға болған жерді қарау, жедел – іздестіру қызметкерлеріне табыстау

Қарақшылықпен шабуыл жасау туралы іс бойынша учаскелік полицияға табысталады:



  1. қылмысты көзімен көрген куәлерді табу

  2. қылмыскерлермен тасталынған қаруды іздестіру

  3. оқиға орны аумағынан қашықтағы іздерді іздестіру

  4. жәбірленушінің жеке басын анықтау

  5. жоғарыда аталғандардың барлығы

Қарақшылық жасаған қылмыскердің тұрғылықты мекен – жайын тінту кезінде тергеуші білуі керек:



  1. ұрланған зат туралы анықтама

  2. шабуыл жасауда қолданылған қару туралы ақпараттарды

  3. қылмыскердің жеке басы, оның байланыстары туралы мәліметтерді

  4. оның басқа да ашылмаған қылмыстарға қатысу мүмкіндігін

  5. жоғарыда аталғандардың барлығы

Қарақшылықпен шабуыл жасау кезіндегі жәбірленушінің берген жауабын тексеруде қолданылатын тактикалық амалдарды атаңыз:



  1. қылмыс жасалған орында жауап алу

  2. оқу құралы арқылы көрсету (қару түрін, көлік құралдарын және тағы басқалары)

  3. елестету кезектілігі бойынша сұрақтар қою

  4. жәбірленушінің жауабын басқа да іс материалдарымен бірлесіп қарау

  5. жоғарыда аталғандардың барлығы

Қарақшылықпен шабуыл жасау кезінде қандай жағдайларда шектеп – іздеу шаралары қолданылады?



  1. қылмыскермен көлік құралы қолданылған жағдайда

  2. бірнеше қылмыскерлермен жасалуы

  3. 3 адамнан құрылған топпен жасалынуы

  4. бандамен

  5. жоғарыда аталғандардың барлығы

Қарақшылықпен шабуыл жасауды тергеудің кейінгі сатысына тиесілі іс – жүргізу жиынтығын көрсетіңіз:



  1. көзімен көрген куәлерден жауап алу, тінту, идентификациялық сараптама тағайындау

  2. тінту, идентификациялық сараптама тағайындау, жәбірленушіден, куәдан жауап алу, тану үшін көрсету, айып тағу, айыпталушыдан жауап алу

  3. жәбірленушіге тану үшін көрсету, куәдан жауап алу, беттестіру, айыпталушыдан жауап алу

  4. беттестіру, айып тағу, айыпталушыдан жауап алу, идентификациялық сараптама тағайындау

  5. ұстау кезінде жеке тінту жүргізу, тінту, айып тағу, айыпталушыдан жауап алу





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет