Кіріспе. Оқушылардың физиологиялық дамуы



бет2/10
Дата13.10.2023
өлшемі6.12 Mb.
#480653
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
ОФД 1 лекция (1)

Анатомия (гр. ἀνα - үстінен + гр. τέμνω- кесем — бөлшектеу, кесу, іреу) — тірі организмдердің үлкейткіш аспаптардың көмегінсіз көзге көрінетін құрылысын зерттейтін іргелі (фундаментальды) биологиялық морфологиялық ғылым.
  • Гигиена – (грек. hygіeіnos – дені сау) денсаулықты сақтау, аурулардан алдын ала сақтану туралы ғылым; медицинаның бір саласы. Гигиена сөзі грекше hygіeіnos, яғни ол дені сау деген ұғымды білдіреді. Қоршаған ортаның адам организміне (денсаулығына, оның еңбек ету қабілеті мен өмірінің ұзақтығына) тигізетін әсерін зерттейді; елді мекендерді таза ұстау, мұндағы адамдардың тұрмысы мен қызмет жағдайын жақсарту жөнінде түрлі нормативтер мен ғылыми талаптар, санитарлық шаралар жүйесін жасайды.
  • «Оқушылардың физиологиялық дамуы» пəнінің мақсаты - мектеп жасындағы балалардың анатомиялық жəне физиологиялық ерекшеліктері, əртүрлі жастағы өсу жəне даму заңдылықтары, өскелең организмнің қоршаған ортамен қарым-қатынасы, мектеп оқушыларының денсаулығын сақтау мен нығайту, олардың оқып-білім алу барысында жұмысқа қабілеттілігінің жоғары деңгейін қамтамасыз ету жолдарының, баланың жасына лайық білім беріп, ақыл ойын дамыту, дені сау, сымбатты етіп өсірудің ғылыми негіздері туралы педагогикалық мамандықтар бойынша оқып жатқан студенттерге білім беру.
  • «Оқушылардың физиологиялық дамуы» пəнін оқып меңгеру нəтежиесінде студенттерде қалыптасатын құзіреттіліктер:
  • • өзінің тұлғалық даму мақсаттарын қалыптастыруға жəне шынайы бағалауға қабілетті, сондай-ақ, оқушылардың зияткерлік даму деңгейін арттыру дағдыларын игерген;
  • • мектеп жасындағы балалар мен жасөспірімдерді оқыту жəне тəрбиелеу жұмыстарын ағзаның əр түрлі жас кезеңдеріне сай физиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, ұйымдастыруға қабілетті;
  • • дене тəрбиесі мен шынықтыру əдістерін пайдалану арқылы балалар мен жасөспірімдер ағзасының қоршаған ортада бейімделу мүмкіншілігін арттырып, денсаулығын қорғау мен жақсартуға үлес қосады жəне толыққанды əлеуметтік кəсіби қызметті қамтамасыз ету үшін өзінің дене мəдениетін жетілдіруге дайын;
  • • оқушыларда салауатты өмір сүру салтын қалыптастыруға жəне тазалық сақтау мен денсаулықты нығайту талаптарына сай сыртқы ортаның жағымсыз ықпалдарынан қорғану ережелерін ұстануға қабілетті.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет