Кіріспе. Оқушылардың физиологиялық дамуы



бет7/10
Дата13.10.2023
өлшемі6.12 Mb.
#480653
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
ОФД 1 лекция (1)

Гиппократ (Ἱπποκράτης) – ежелгі грек дәрігері, көне медицина реформаторы. Ол Ежелгі Грекияның Кос аралында біздің заманымыздан бұрынғы 460 ж. туып, 377 ж. (басқа мәліметтер бойынша 356) Фессалияда дүние салған. Гиппократ Грекияда, Кіші Азияда, Ливияда, сондай-ақ Қара теңіз жағалауындағы сақтар арасында болып, Азия және Мысыр халық медицинасымен танысқан. Гиппократты «медицинаның атасы» деп атайды.
  • Гиппократ (б. з. б. шамамен 460–377) – көне Грецияда медицина саласын жан-жақты зерттеген ғалым. Адам денесінің құрылысына көптеген бақылаулар жасап, оны жинақтап, бір жүйеге келтірген. Әсіресе адамның ми сауытын және оның жалпақ сүйектерінің бір-бірімен жіктер арқылы байланысатындығын толық сипаттаған.
    • Клавдий Гален - (шамамен 130- 200) Гиппократтан кейінгі зерттеулер мен бақылаулар жүргізген римдік анатом және физиолог ғалым. Өзінің оқыған дәрістерінде маймылдың мәйітін алғаш рет қолданған. Себебі ол кезде адам мәйітімен жұмыс істеуге рұқсат етілмеген. Мидан тарайтын 12 жұп жүйкенің 7 жұбын толық сипаттап берген. Дәнекер ұлпасы, бұлшықеттер, жүйке тамырлары, бауыр мен бүйрек қантамырларын зерттеген. Ішкі мүшелер мен сүйек қабығын, сіңірлерді де сипаттаған. «Адам дене бөліктерінің міндеттері туралы» атты еңбегінде анатомиялық тұрғыдан өзінің пікірін білдіріп, мүшелердің анатомиялык құрылымының қызметімен тығыз байланысты екенін көрсеткен. К. Галеннің аталмыш еңбегі медицинада 13 ғасыр бойы құндылығын жоймай оқытылып келген.
    • Әбу Насыр әл-Фараби - (870-950) Аристотельден кейінгі ойшыл, кемеңгер философ. Ертеде және орта ғасыр да философиялық және медициналық білім бірімен-бірі тығыз байланысты болған.
    • Әл-Фарабидің медицина ғылымдарының теориялық мәселелерін терең білгендігі оның еңбектерінен белгілі. Әл-Фараби өмір сүрген заманда жаратылыстану ғылымының дамыған саласының бірі медицина болды. Оны сол кезде «емдеу шеберлігі ғылымы» деп атады. Ол «Медицинаның міндеті - тек адам ауруларының себептерін анықтап қоймай, адамның денсаулығын сақтау жолдарын, ауруды жою жағын да зерттеиді» - деп көрсеткен.
    • Әл-Фарабидін медицинаға ерекше көңіл бөліп адам ағзасының (организмінің) кейбір тұстарын зерттегенінен мысал келтірейік: «Қайырымды қала» еңбегінде жүрек туралы өте құнды пікірлер айткан, мысалы, «жүрек -табиғи жылылыктың көзі». Басқа мүшелерге жылылық нақ осыдан тарайды, олар жүректен нәр алады; «жүрек - басты мүше, мұны тәннің ешқандай мүшесі билемейді» және т. б.Шынында да, жүрек жұмысы өздігінен жүзеге асады. Жүректің соғуын ешкім тоқтата алмайды.
    • Әл-Фараби тек өз пікірлерін айтып қана қоймай, ұлылардың ұлысы Аристотель, К. Галеннің зерттеулеріне өз көзқарасын білдірген. Әл-Фараби - артына ірілі-ұсакты 150-ге жуық ғылыми еңбек қалдырған данышпан. Жаратылыстануға қатысты «Адам ағзасындағы мүшелер», «Жануарлар ағзасындағы мүшелердің құрылысы мен қызметі» және т. б. еңбектер жазған.
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет