Кіріспе тақырыптың өзектілігі. Қазақ-жоңғар соғысы ішінде қазақ халқы үшін үлкен қасірет әкелген оқиға «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама»



бет5/6
Дата15.02.2024
өлшемі75 Kb.
#491880
1   2   3   4   5   6
ЖОБА. АҚЖАЙЫҚ КОМАНДАСЫ. М.ӨТЕМІСОВ АТЫНДАҒЫ БҚУ

ҚОРЫТЫНДЫ
Жоңғар шапқыншылығына қарсы күресте Кіші жүз жасағының зор ерлік көрсеткенін өткен ғасырда көрнекті тарихшылар М.Тынышпаев [54, С. 193-198], Е.Бекмахановтар [53, 104 б.] сүйсіне жазды. Еділ қалмақтарының екпінін тежеп, ентігін басқан Әбілқайыр хан - Қазақстанның батыс қақпасын қорғаушы ретінде өлке тарихынан ойып орын алған дара тұлға. «Ақтабан шұбырындыдан» Кіші жүзді аман-есен алып қалған Кіші жүз ханы жоңғар мен қалмақтың бірігуіне үлкен тосқауыл қойды. Кіші жүздің жоңғар басқыншыларынан азат болуы Қазақ хандығының кейінгі тағдырында үлкен роль атқарды. Бұл өте принципті мәселе. Егер, Кіші жүз территориясы ХVІІІ ғасырдың 20-жылдары жоңғар қонтайшысының қоластына қарайтын болса, онда кейін тәуелсіздік туралы ойлаудың өзі қиын еді.
1726 жылы Ордабасыдағы кеңесте Кіші жүз ханы Әбілқайырды бүкіл қазақ әскерінің бас қолбасшысы етіп хандар мен билер бірауыздан сайлағаны мәлім. Бұл Құрылтай туралы тарихи деректерде: «Ақ киізге оралмағандықтан, Әбілқайыр қолбасшыға арналған боз арғымаққа көңілсіз мінді. Сонда да бұған оның туған ағасы саналатын Жолбарыс та, өзін нағыз төремін деп есептейтін Сәмеке де қызғана қарап тұрды. Қашан да сөздің ғаділін айту керек, егер хандардан бір қолбасшы сайлануы керек болса, онда Әбілқайырдың қолбасшыға лайық екені әмбеге аян болатын. Өйткені Асыны отыз ұлысымен қайтарып алудағы, Еділдегі қалмақтар шабуылынан қазақты қорғаудағы, түрікпендердің шабуылына тойтарыс берудегі оның ерлігі ұшан-теңіз. Әбілқайырдың жауынгерлігі жанында аталған екі хан да жіп есе алмайтын. Әбілқайыр тым өзімшілдігі болмаса ерлігін, қазақ қатты бағалайтын» [55, 230 б.] деп нақтыланған. Ұлы қолбасшымен тікелей жүздескен ағылшын суретшісі Джон Кэстль: «Ол зор тұлғалы, сымбатты, аппақ жүзі қызыл шырайлы, түсі сондай жылы кісі. Сонымен қатар зор денсаулық пен қайрат-күш иесі, садақ тартуға келгенде шынымен-ақ бүкіл ұлтта оған тең келетін кісі жоқ» [56, 82 б.] - деп ханның жеке қасиеттерін сілекейі аға дәріптеген.
«Найзасының ұшы алтын, бірі етек, бірі жең» деп Бұқар жырау айтпақшы, Кіші жүздің аламан батырларын төңірегіне топтастыра алған Әбілқайыр хан қалай да жұтылып кетпеудің қамын ойлаған. Егер 1710 жылы Қарақұм құрылтайында, тарихшы Н.Г.Аполлованың шамалауы бойынша, батырлардың үні басым болса, 1726 жылы Ордабасыдағы ұлы жиында билер бастаған топтың үні өктемірек естіледі. Алайда, осы екі ұлы жиында да батырлық пен биліктің үндестігін іске асырған даналардың назарының Әбілқайырға тоқталуы бекерден-бекер болмаса керек.
1726 жылғы Қалмаққырылған, 1730 жылғы Аңырақай аталған екі үлкен шайқаста да қазақ жасақтарының қолбасшысы, Бас сардары Кіші жүз ханы - Әбілқайыр еді. Ел бірлігі сынға түскен Бұланты мен Аңырақайдағы шешуші шайқастарда негізгі салмақ саяси-территориялық әкімшілік бірлестік Кіші жүзге түсті. Бұл жеңіске Кіші жүз оғландарының қосқан жауынгерлік ерлігі еш өлшеусіз. Бұланты мен Аңырақайдағы ұрыстар елге үлкен серпіліс берді. М.Мағауин «Жасыратыны жоқ, Бұланты мен Аңырақайдағы жеңістер болмаса Қазақ Ордасы осыдан бір ғасырдай бұрын құрып кеткен Ноғай Ордасының кебін киері айдан анық болатын. Тоқтау көрмеген жоңғар қалмағы бірер екпіннен соң Еділ қалмағымен тоғысар еді. Бұланты мен Аңырақай шешуші шайқас емес-ті, бірақ алаш ұлының ғұмырын ұзатқан, оған ең қажет кезінде тыныс берген аса елеулі оқиға болды» [1, 99 б.], - деп әділ бағасын берді. Жүз жиырма шақырымға созылып жатқан байтақ далада болған атақты Аңырақай шайқасының тарихи маңызы мен осы ұлы жеңістің Бас Сардары Мұхаммед Қазы баһадүр Әбілқайыр ханның, оның сенімді батыр-баһадүрлері табын Бөкенбай, шекті Тайлақ, тама Есеттің сын сағаттағы шешуші рөлі отандық тарихнамада әлі кеңірек насихатталмай жүргендігі алаңдарлық нәрсе.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет