II. Зерттеу материалдары мен әдістері
2.1 Этилденбеген бензин сапасына қойылатын Еуропалық стандарттың
(EN 228:1999E, ISO 75.160.20)талаптары
EN 228:1999E Еуропалық стандарт этилденбеген бензинмен жұмыс жасау үшін құрастырылған бензиндік қозғалтқышты көлік құралдарында қолдануға арналған, нарықта сатылып жүрген этилденбеген бензиндерді сынау талаптары мен әдістерден құралған.
Бензиннің пайдаланушылық сапасын арттыру үшін қозғалтқыштар жұмысының жалпы сипаттамасын арттыратын және уақыт ішінде жұмсалып шығарылған газдардың уыттылық деңгейінің тұрақтылығын қамтамасыз ететін қосынды заттарды қолдануға рұқсат етіледі.
Көлік құралдарының каталитикалық жүйесін қорғау үшін этилденбеген бензиндерге құрамында фосфор бар қосылыстар қосылмауы керек.
Бензиннің қышқылдығын, компаундирлеуде пайдаланылатын өнім ретінде қолданылушы этанолдың қышқылдығын шектеу үшін массаның 0,007%-нан аспауы тиіс.
1.10-таблицада көрсетілген әдістерді қолдана отырып, тәжірибе жүргізу кезінде жоғары сапалы этилденбеген бензин мен қарапайым этилденбеген бензин осы таблицада берліген нормаларға сәйкес болуы тиіс.
а) Осы Еуропалық стандартта сілтеме жасалған тәжірибелердің барлық әдістеріне әдістің дәлдігінен қойылатын талаптар кіреді. Келіспеушіліктер туындаған жағдайда EN 4259:1995-те көрсетілген процедуралар қолданылуы тиіс және қорытындыларды қолданылатын тәжірибе әдістері дәлдігінің негізінде пайымдалады.
b) Күкірттің болуы жөнінде келіспеушілік жағдайларында EN ISO 14596:1998 стандарты қолданылады. Бензолдың болуы жөнінде келіспеушілік жағдайларында EN ISO 12177:1998 стандарты қолданылады. Оттегі мен оксигенаттың болуы жөнінде келіспеушілік жағдайларында EN ISO 1601:1997 стандарты қолданылады. Тығыздық мәні жөнінде келіспеушілік жағдайларында EN ISO 3675 стандарты қолданылады.
c) Оксигенатты қосылыстардың құрамы ASNM D 1319:1995 стандартының 13.2-тармағына сәйкес анықталады.
d) егер сыналатын үлгінің құрамында этилтретбутил эфирі (ЭТБЭ) болса, онда ароматтану аймағы қызғылт-қоңыр сақинамен анықталады: ЭТБЭ болмаған жағдайда төменгі қызыл сақина аймағы қолданылады. ЭБТЭ-нің болуы немесе болмауы «С» ескертпесінде сипатталатын анализдің көмегімен анықталады[27].
Кесте 10. Евро-2, Евро-3, Евро-4, стандарттарының автомобиль бензиндеріне қойылатын салыстырмалы көрсеткіші
Көрсеткіштер
|
Евро-2
|
Евро -3
|
Евро-4
|
Бензол мөлшері, %
|
5,0
|
1,0
|
1,0
|
Күкірт мөлшері
|
0,05%
|
150ppm
|
30ppm
|
Ароматты компоненттердің мөлшері
|
-
|
42
|
30
|
Олефин компоненттерінің мөлшері, %
|
-
|
18
|
14
|
Оттегі мөлшері, %
|
-
|
2,3
|
2,7
|
Фракциялық құрамы, %
100С айналымындағы
150С айналымындағы
|
-
-
|
46
75
|
46
75
|
Қаныққан будың қысымы, кПа
|
-
|
60
|
60
|
Достарыңызбен бөлісу: |