1.6 Бензиннің қасиеттері
Фракциялық құрамы. Фракциялық құрамға қозғалтқыштың қосылу жағдайы, және төзу төзімділігі, отынның толық жануына байланысты. Бастапқы және соңғы айдау температуралары, 10,50,90% бензинді айдау температуралары нормаланады. 10%-тік айдау отынның қозғалтқышты іске қосу қасиетін көрсетеді; 50% айдау қозғалтқыштың жылуының жылдамдығы және қызған қозғалтқышта отын-ауа қоспасының түзілу сапасын көрсетеді; 90%-ті және соңғы қайнау температуралары бензиннің толық булануын сипаттайды. Егер бензинде ауыр фракция көп болса, онда ол қозғалтқыштың түсуші түтігінде булануын үлгермейді, де циллиндрге сұйық күйінде түседі.
Бензиндердің сапасының маңызды көрсеткіші, ол қаныққан бу қысымы. Ол қозғалтқышты, төменгі температураларда жіберуді қамтамасыз ету үшін, жоғары болуы қажет, бірақ отын беруші жүйеде бу тығынының түзілуін болдырмау мақсатында, ол тіптен жоғары болмауы да керек. Қаныққан қысымы ұшақ бензиндері үшін 0,048Мпа, автомобиль бензиндерінің жазғы сорттары үшін 0,067Мпа, және қысқы сорттары үшін 0,093Мпа жоғары болмау керек.
Химиялық тұрақтылық Бензиндерді сақтағанда, тасымалдағанда және пайдалануда, қанықпаған көмірсутектердің бірінші кезекте тотығу полимеризацияланудың нәтижесінде олардың, химиялық құрамының өзгеруі мүмкін. Автомобиль бензиндерінің тұрақтылығын бензиндегі нақтылы шайыр концентрациясымен (мг/100) және тотығудың индукциялы кезеңі мен (минутпен беріледі) сипатталады. Крекинг пен кокстеу бензиндерінің құрамында алкендердің мөлшері көп, химиялық тұрақтылығы төмен.
Құрамында екінші өңдеу процестерінің өнімдері бар бензиндердің химиялық тұрақтылығын көтеру үшін оларға тотығуға қарсы әрекет көрсететін тұндырғыштар қосады. Тотығуға қарсы тұндырғыштар есебінде мыналар қолданылады;
Ағаш шайырын тура айдаумен алынатын ағаш шайырлы тотықтыруға қарсы АШТ;
Көмірлерді жартылай кокстеуден алынатын фенолдардың қоспасынан тотықтыруға қарсы дайындалатын ФЧ-16;
Синтетикалық ингибиторлар 4метил-2,6-ди-третбутилфенол (ионол) (І)және n-оксидифениламин.
АШТмен ФЧ-16 ингибиторларының кемістіктері ерігіштігінің төмендігі, сумен жуылып кетуі бензиндерден сақтағанда тұнбаға түсуі. Ионол тотықтыруға қарсы присадкаларды 0,007-ден 0,15% дейінгі мөлшерде қосады.
Коррозияға қарсы қасиеттері.
Карбюратор отыны қозғалтқыштың бөлшектерінің коррозиясын болдырмауы керек. Бензиннің коррозияға қарсы қасиетін көрсететін сапа көрсеткіштері:
қышқылдық, күкірттің жалпы мөлшері, суда еритін қышқылдар мен сілтілердің болмауы, активті күкірті бар қосылыстардың (мыс пластинкасының түсуінің өзгеруімен сынау) болмауы[26].
Достарыңызбен бөлісу: |