2.2 Бензин сапасына қойылатын стандарттардың талаптары Ресей Стандарттау бойынша Еуропалық Комитеттің (CEN) мүшесі емес, алайда CEN/TC техникалық комитетінің «Мұнай өнімдері, жанармай және онымен байланысты өнімдер» ұсыныстарын өздерінің ұлттық стандарттарында ескерген. Октан санына байланысты және тәжірбиелік әдіс бойынша мынадай этилденбеген бензин маркаларын қарастыруға болады.
ГОСТ 1530 әдісі бойынша климаттық аудандарға байланысты автомобиль бензиндерін бес класқа бөледі.
1-ші аудан үшін П3 1-ші сәуір мен 1-ші қазан
2-ші аудандар үшін П4 1-ші сәуір мен 1-ші қазан
3-ші аудан үшін П І2 1-ші сәуір мен 1-ші қазан аралығында
4ші аудан үшін П4 П5 1-ші сәуір мен 1-ші қазан аралығында
5-ші аудан үшін П4 П5 1-ші сәуір мен 1-ші қазан аралығында
Қоршаған ортаны қорғау және қауіпсіздік талаптары.
Ауызсуда автомобиль бензиндерінің болуын визуальды анықтауға рұқсат етілмейді. Автомобиль бензиндері ГОСТ 12.1.044 сәйкес 255—370С температурада өздігінен тұтанатын жеңіл тұтанғыш сұйықтық. Тұтанудың температуралық шегі төменгі минус 270- минус 390 С жоғарғысы 80 -минус 270 С. Жалынның таралуының концентрациялық шегі төменгісі 1,0% жоғарғысы 6% көлем бойынша. Бензинді тасымалдау және сақтау үшін арналған құбырлар мен бөшкелер ГОСТ 12.1.018 бойынша статистикалық электр өрістерінен қорғалуы қажет[28].
III. Зерттеу нәтижелері 3.1 Мұнай өнімдерімен ластанған топырақ құрамындағы күкіртсутекті анықтау Анаэробты организмдердің қатысында топырақта әр түрлі органикалық заттардың бүзылу процесіжүреді.Кейбір бактерияларды оттегі сульфаттарын қышқылдауға қолданады. Бұдан күкіртсутек бөлінеді. Мұндай процестер органикалық заттардың мөлшері көп кездесетін батпақтарда, Құйылатын және ағып кететін зоналарда, кейбір топырақтарда жүреді.
Күкіртсутек H2S– түссіз газ, суда және органикалық еріткіштерде ериді, күшті қалпына келтіргіш болып табылады. Күкіртсутектің сулы ерітіндісінің қышқыл реакциясы бар және әлсіз қышқыл болып табылады. Күкіртсутектің топырақтағы шекті мөлшер концентрациясы 0,4мг/кг. Анықтау кезінде күкіртсутекті йодпен қышқылдайды, қышқыл ортада калий йодиді түзіледі. Анықтаудың төменгі шегі - 0,32 мг/кг, топырақ өлшеу дәлдігі 25%, өлшенген концентрациялар 0,32-2300 мг/кг. Қондырғылар, реактивтер, материалдар.
- Араластыруға арналған аппарат
- фильтр қағазы
- титрлеуге арналған бюреткалар
- пипеткалар 1мл
- воронкалар
- бюкс
- кептіргіш шкаф
- эксикатор кептіргішімен(H2SO4 конц және CaCl 2 )
- Калий перманганаты KMnO4, химиялық таза 0,01М ерітіндісі.
- Натрий тиосульфаты Na2S2O3 0,005М ерітінді.
Сыйымдылығы 1л колбада 0,79грамды бидистелген суда
ерітеді.
- Күкірт қышқылы H2SO4 тығыздығы 1,84г/см ³, 1:3 араласқан.
- Калий йодиді KI ,химиялық таза 10% ерітінді.
- Еріген крахмал,1% ерітінді.
Ерітінділерді бидистелденген суда дайындайды.
Материал: мұнай өнімдерімен ластанған топырақ .
Жұмыс барысы:
100 мг топырақты конусты колбаға салып, 200мл бидистелденген суды құйып, колбаның аузын жауып, 3мин араластырады. Сосын ерітіндіні бүктелген фильтрмен фильтрлейді.
Конусты колбаға 100мл фильтратты құйып, бірнеше тамшы H2SO4 тамызамыз, 10% -тік KI ерітіндісінен 1мл құйып, араластырамыз. Сосын бюреткада 0,01М калий перманганаты ерітіндісін сары түске айналғанша құйып тұрады. Йодтың артық мөлшерін Na2S2O3 ерітіндісімен титрлеп, титрлеу сонында бірнеше тамшы 1%-тік крахмал ерітіндісін қосамыз. KmnO4 0,01М ерітіндісі және титрлеуге жұмсалған Na2S2O3 ерітіндісінің құйылған көлемінің арасындағы айырмашылық 100мл фильтратта H2S-ті қышқылдауға жұмсалған 0,01М йод ерітіндісінің мөлшеріне сәйкес келеді. Йод ерітіндісінің 1мл 0,01н-лі H2S-тің 0,17мг-на сәйкес келеді[29].