Аурудың түрі
|
Ауаның ластану
түрі
|
Детерминация коэфиценті
|
Регрессия коэфиценті
маңызының денгейі
|
Темір дефициті анемиясы
|
Қорғасын
|
0,657
|
0,932
|
Қан ж/е қан тамыры органдарының аурулары
|
Азот қосқышқылы
|
0,810
|
0,999
|
Вегетативті тамырлар дистониясы
|
Шаң
|
0,910
|
0,990
|
Вегетативті тамырлар дистониясы
|
Қорғасын
|
0,610
|
0,950
|
Вегетативті тамырлар дистониясы
|
Қорғасын мен ылғалдық
|
0,700
|
0,980
|
Гипертония ауруы
|
Қорғасын
|
0,630
|
0,990
|
Ишемиялық жүрек ауруы
|
Қорғасын
|
0,580
|
0,980
|
Цереброваскулярлық аурулар (энцефалопатия,арахноидиттер)
|
Көміртегі қышқылы
|
0,980
|
0,990
|
Созылмалы бронхит
|
Қорғасын
|
0,550
|
0,970
|
Астма бронхиті
|
Қорғасын
|
0,580
|
0,950
|
Астма бронхиті
|
Күкіртті газ
|
0,740
|
0,980
|
Ішек-қарын жолдарының жұқпалы емес аурулары
|
Күкіртті газ
|
0,740
|
0,980
|
Холецестит
|
Көміртегі қышқылы
|
0,670
|
0,940
|
Холецестит
|
Шаң+ылғалдық
+көміртегі
|
0,750
|
0,970
|
Созбалы нефриттер, цеститтер
|
Қорғасын
|
0,640
|
0,970
|
Пиелонефрит
|
Қорғасын
|
0,950
|
0,990
|
Артропатия
|
Күкіртті газ
|
0,890
|
0,990
|
Остеохондропатия
|
Қорғасын
|
0,590
|
0,970
|
Дерматиттер
|
Фосфорлы ангедрид
|
0,600
|
0,990
|
Отит,мехотимпатит
|
Фосфорлы ангедрид
|
0,490
|
0,990
|
Ревматоид полиартриті
|
Фосфорлы ангедрид
|
0,510
|
0,790
|
Цистит,уретрит,аллергаздар
|
Фтор сутегі
|
0,680
|
0,990
|
Осы кестеге қарағанда қан және қан шығаратын органдардың ауруларына ауаның қосқышқыл азотпен ластануы, ал вегетативті тамырлар дистониясы ауруларына ауаның шаңмен ластануы әсер ететіні байқалады. Ауаның қорғасынмен ластануына балалардың темірдефицит анемиясымен, вегетативті тамырлар дистониясымен, пиелонефритпен ауруларына, созылмалы нефриттердің асқынуына әсері жоғары. Сондай-ақ осындай байланыс балалардың цереброваскулярлық ауруларымен, холецеститпен ауруы мен ауаның көміртегі қышқылымен ластануы арасында; астмалық бронхит, ішек – қарын жолдарының жұқпалы емес аурулары, артропатия, цистит және уретрит пен ауаның күкірт газымен ластануы; аллергаздар мен ауаның фторлы сутегімен ластануы; дерматиттер, отит пен мезотимпанит, ревматоид полиартрит пен ауаның фосфорлық ангедридпен ластануы арасында табылған.
Заң әдебиетінде «білімдердің бүгінгі денгейінде себептілікті ерекше, танылуы жеткілікті және экологиялық көзден туындауы анық ауруларға ғана қатысты анықтауға болады. Ал жалпыға тараған ауруларға қатысты себептілік-әзірше заң емес, табиғи-ғылыми санаты болып табылады, себебі себептік байланысты нақтылау, оны нақты субъект арқылы тұжырымдау мүмкіндігі жоқ[12]
Сонымен, денсаулықтың бұзылуының экологиялық тамырларын анықтау үшін:
1)ауруды немесе денсаулықтың бұзылуының туындатқан зиянды затты белгілеу;
2)сол заттың әсерінің медико-биологиялық аспектілерін анықтау;
3)зиянды заттың организмге түсуінің ықтимал жолдарын және түскен кезін айқындау қажет.
Егер сот-медициналық сараптаманың қорытындысы орнықтыру немесе тұжырымдау емес, болжамды сипатта болса, денсаулыққа
келтірілген экогенді зиянды өтеу туралы істер бойынша санитарлық-эпидемиологиялық органдардың халық денсаулығына зиянды әсер ететін факторлар туралы ақпаратын сот өзге де дәлелдемелермен қатар қолдануға құқылы.
Айталық, ҚР Министрлер Кабинетінің 25.04.95ж. №547 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызметі туралы қағидаға сәйкес санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдарының міндетіне мыналар жатады:
санитарлық-эпидемиологиялық хал-ахуалды бақылау;
жұқпалы және кәсіби ауруларды, соның ішінде қоршаған ортаның күйіне байланысты еңбек қабілеттілігін уақытша жоғалту ауруларын талдау және оларға баға беру;
санитарлық ережелер мен нормалардың, гигиеналық нормативтердің сақталуына мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыру;
аумақтар мен объектілердегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды сипаттау үшін қажетті шу, тербеліс, электрмагниттік алқаптар және өзге физикалық факторларға санитарлық-химиялық, бактериологиялық, вирусологиялық, паразито-логиялық, радиологиялық және токсикологиялық лаборато-риялық зерттеулер мен инструменталдық өлшемдер жасау;
халықтың және оның жекелеген топтарының денсаулығының жай-күйін өндірістік және табиғи ортаның қолайсыз факторларымен байланыста зерделеу.
Демек, бұл органдар да улы заттардың халық денсаулығына жағымсыз әсері туралы ақпаратпен қамтылған, ал ол қоршаған ортаның нақты улы затпен ластануы мен белгілі аурудың туындауы арасындағы себептік байланыс туралы мәселені шешу үшін өте пайдалы болып табылуы мүмкін.
Сондықтан сот санитарлық-эпидемиологиялық сараптау жүргізуді тағайындауға, ал ол өз кезегінде ауру мен ластанған қоршаған орта арасындағы байланыс туралы қорытынды беруге құқылы.(«Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы»ҚР Заңы 26-бап.)
Егер санитарлық-эпидемиологиялық сараптау қорытындысы сол аурудың аумақтық немесе жүйелі сипаты бар екенін, ластану мен ауру қарқыны, оның таралуы мен ауырлығы арасындағы байланыс байқалатынын көрсетсе, онда сот ластаушының қоршаған ортада болуы мен оның зиянды нәтижесі арасындағы байланыс оқиғалардың кездейсоқ шарттасуы емес, заңды қажеттілік екені туралы тұжырым жасай алады.
Осыған байланысты, 1976 жылы Польша Жоғарғы Сотының көзқарасы айтарлықтай болып табылады. Өз шешімдерінің бірінде ол адамдардың денсаулығына зиян келтірілген жағдайда, егер ауырып қалған адам, әдетте, сол тектес ауруларға әкеп соқтыратын зиянды заттардың әсеріне қалған болса, себептік байланыс дәлелденген болып танылады[13].
Достарыңызбен бөлісу: |