N2 химиялық жағынан инертті. Тыныс алу, жану сияқты процестерге қатыспайды. Табиғаттағы азот айналымында атмосфералық азот маңызды орын алады. Атмосфералық азотты топырақтың кейбір бактериялары тұтынып, нитрат, нитрит түрінде топырақты тыңайтады. Сонымен қатар атмосфералық ауадағы электролиттік құбылыстың нәтижесінде түзілген азот оксидтері жауын шашын суында еріп, топыраққа өтіп, тұздар түзеді. Атмосфералық азоттың 95% тірі организмдер тұтынады деген болжам бар. Бос күйіндегі азот көмірдің, ағаш материалдарының, мұнайдың жану нәтижесінде және аздап динитрлеуші (азот түзуші) организмдердің тіршілігі нәтижесінде бөлінеді. Осылайша атмосферадағы азот органикалық қосылыстарға айналып отырады. Ал олар қайтадан атмосфераға өтіп, азот айналымын жүзеге асырады.
Атмосфералық ауада азот концентрациясы арқылы гипоксия және асфексияға (тұншығуға) апарады. 93% –дан артса өлімге соқтыруы мүмкін.
Атмосфералық қысым жоғары болатын аймақта (су астында, терең шығанақтарда, тонель, т.б.) азот қанға шығып кессон ауруы туу мүмкін. [1,4]
Ауа мониторингінің үш деңгейі бар.
Салыстырмалық – токсикологиялық
Экологиялық
Биосфералық
Қазіргі кезде аса жетілген түрі 1-ші болып саналады.
Міндеті: ауаның ластану дәрежесін анықтау және осы ластаушылардың адамға, жануарларға және өсімдіктерге әсерін бақылау.
Ауаны ластайтын заттардың 8 категориясы белгілі.
категория – ауада ұшып жүретін және басқа да ластаушыларды тасымалдайтын ұсақ ұшпа түрдегі шаң-тозаң заттар.
категория – көмірсутектер және тағы басқа органикалық ұшқыш қосылыстар.
категория – көміртек оксиді немесе тұншықтырғыш газ.
категория – азот оксидтері.
категория – күкірт оксиді, негізінен СО2.
категория – қорғасын және басқа да ауыр металдар.
категория – озон және басқа фотохимиялық тотықтырғыштар.
категория – күкірт және азот қышқылдары.
Қ.Р. – да «Атмосфералық ауаны қорғау туралы» Заң 1981 жылы қабылданды. Заңда атмосфералық ауаның тазалығын сақтау және жағдайын жақсарту, адамдар, өсімдіктер мен жануарлар әлемі, халық шаруашылығы үшін қолайсыз химиялық, физикалық, биологиялық, тағы басқа да әрекеттерді ауада болдырмау немесе азайту шараларыналдын алу және атмосфералық ауаны қорғау ісінде заңдылықты күшейту жолдары белгіленген.
Қ.Р. Министрлер Кабинеті атмосфералық ауаны қорғаудың жалпы шаралары негізгі бағыттарын анықтап, ластанған ауаның шектеулі рұқсат етілген мөлшерін бекітеді. Мемлекет көлемінде ластанған ауаны өлшеудің бірыңғай тәртібін белгілеп, ауаны қорғау жөнінде мемлекеттік бақылау жүргізіледі.
Жаңа қала, елді мекен саларда, немесе оларды үлкейту көзделгенде атмосфералық ауаның жағдайы нашарламауы, зиянды заттарды ұстайтын қондырғылар салынуы ескерілетін болу керек.
Заңда шектеулі, рұқсат етілген мөлшерден көп және рұқсатсыз ластаушы заттарды ауаға қосқаны, өнеркәсіп орындарды пайдалану тәртібін бұзғаны, ауа тазартатын қондырғыларды пайдаланбағаны, жаңа кәсіпорынды ондай қондырғысыз іске қосқаны, улы химиялық заттар мен минералды тыңайтқыштарды сақтау және пайдалану тәртібін бұзғаны үшін кінәлі адамдарды қылмыстық немесе әкімшілік жауапкершілікке тарту көзделген. Осы заңға сәйкес және оны жүзеге асыру мақсатымен Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинеті Министрліктер мен мемлекеттік комитеттер тиісті қаулылар қабылдап, қалалық ережелер бекітеді.
Мысалы: Республика үкіметі «Газ тазалайтын және шаң-тозаң ұстайтын қондырғылардың жұмыс істеуін мемлекеттік бақылау тәртібін » бекітті. Бұл өте қажетті құжат. Өйткені көптеген қондырғылар ұтымды жұмыс істемей, ұзақ уақыт қарап тұрады, ал ауаның ластануы толастар емес. Әрбір қалада атмосфералық ауаны қорғау үшін жан-жақты шаралар белгіленіп, іске асырылады:
газ тазалайтын, шаң тозаң ұстайтын қондырғылардың жақсы жұмыс істеуін ұйымдастырады. Ауа райы нашарлағанда, төтенше жағдай болғанда пайдаланатын зиянды қалдықтары аз, сапалы отын мен шикізат қорын жасау көзделеді.
адамдарға, басқа да биологиялық организмдерге электрлі және магнитті өрістің, иондық сәулелердің, дыбыс тербелімінің зиянды әсерін болдырмауға немесе азайтуға бағытталған шаралар белгіленеді.
Әрбір кәсіпорын, мекеме, ұжым ауаға қанша және қандай зиянды қалдықтар жібергені, оларды тазалау жоспарының орындалуы және шектеулі рұқсат етілген мөлшерге сәйкестігі туралы мемлекеттік талдау және есептеу ккомитетіне тоқсан сайын есеп тапсырады.
Мына төменде аталған мемлекеттік органдар атмосфералық ауаның жағдайын бақылауға міндетті.
денсаулық сақтау министрлігі мен оның жергілікті органдарды санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мекемелері арқылы елді мекенде санитарлық-тазалық сақтауын, жұқпалы ауруларға күн ілгері шаралар алынуын, ауаның ластанбауын бақылайды.
экология және биоресурстар министрлігі атмосфералық ауаны өндіріс қажеттеріне пайдалануды, ластаушы заттарды ауаға жіберу жөніндегі шектеулі – рұқсат етілген және уақытша рұқсат етілген мөлшерлердің қатаң сақталуын бақылайды.
ауа-райын бақылау жөніндегі мемлекеттік комитет жер-жердегі лабораториялары, бақылау нүктелері мен станциялары арқылы ауаның ластану мөлшерін тексереді. Қауіпті жағдай болса тиісті мемлекеттік органдарға хабарлап отырады. Ауаның ластану мөлшерін өлшеу, бақылау тәртібі ГОСТ – 17-2-3-01-77 санды құжатқа сәйкес жүргізіледі.
Бақылау нүктелері тұрақты, маршрутты және жылжымалы болады. Тұрақты нүктелерде ауаның аз бөлігін әрдайым сынауға алып, нәтижесін жазып отырады. Маршрутты нүктелерде – белгілі бір мерзімде, алдын-ала белгіленген жерге келіп ауаның құрамын тексереді. Жылжымалы нүктелер – түтіні және ластанған газы көп жерге келіп ауаның құрамын тексереді.
Бақылау нүктелерінің саны қала тұрғындары санымен байланысты болады. 50 мың тұрғыны бар қалада – 1 бақылау нүктесі, 100 мыңға – 2,200 мыңға-2 миллионға – 15, онан да артық болса – 20 бақылау нүктесі құрылады. Ауаны ішке тарататын аспираторлармен сынауға алынатын ауаны 1,5-2,5 м. биіктіктен алады.
Ауаның тазалығын сақтау жеке елдің ғана емес, дүние жүзіндегі барлық мамлекеттер бұған ат салысуы керек, әрине, бұл мәселені әр мемлекет өз мүмкіншілігіне қарай шешеді. Атмосфералық ауаны таза сақтау үшін мынадай ұйымдық шаралар жүргізіледі.
ҚР-да 1951 жылдан бастап 446 химиялық заттар мен олардың 33 түрлі қосындыларының қалдықтарын ауаға жіберуге болатын шектеулі-рұқсат етілген мөлшері белгіленіп, іс жүзінде қолданылып келеді. Рұқсат етілген мөлшер басқа елдермен салыстырғанды 2-100 есеге дейін кем тағайындалған.
Ауаға жіберуге рұқсат етілген мөлшерлер (СН-245-71 және СН-245-81) құжаттар бір жолды және орта тәуіліктік болып екіге бөлінген.
Бір жолғы барынша көп мөлшер технология ерекшелігіне байланысты немесе апатқа ұшырағанды зиянды қалдықтарды ауаға бір дүркін жіберуді ескереді. Мұнан кейін 20 минут бойына адамдар қосымша иіс, сәуле, күндегіден өзгеше ешнәрсе сезінбеуі керек.
Орта тәуліктік мөлшер – тәулік бойы ауаның ластануы көп немесе аз болатын мезгілдерді ескеріп белгілі уақытта, белгілі нүктеде сынауға алынған ауаның құрамын тексеріп, орта арифметикалық шамасын анықтайды.
Төменде ауаға жіберуге болатын зиянды қалдықтардың шектеулі-рұқсат етілген мөлшері келтірілген. Бұл мөлшерлер адамдардың денсаулығына, көңіл-күйіне, сана-сезіміне және жұмыс істеу қабілетіне зиянсыз болып есептеледі.[4]
Кесте-1. Ауаға жіберуге болатын зиянды қалдықтардың шектеулі-рұқсат етілген мөлшері
Зиянды заттар
|
мг/м3
|
Бір жолғы
барынша көп
|
Орта тәуліктік
мөлшері
|
Азот қостотығы
Аммиак
Ацетатальдегид
Ацетон
Бензин
Бензол
Бутан
Бенз(а)перен Капролактан
(буы,ұшқын,тозаңы)
Карбафос
Марганец
Метанол
Мышьяк
Пропилен
Нафталин
Усыз шаң
Пеницилин
Сынап
Күйе
Қорғасын
Күкірт қышқылы
Күкірттің құрғақ тотығы
Күкірттісутек
Тұзды қышқыл
Көміртек тотығы
Фенол
Фтордың құрғақ тотығы
Фтор қоспалары
Хлор
Хлорофос
|
0,085
0,2
0,01
0,35
5
1,5
200
-
0,06
0,015
-
1,0
-
3
0,003
0,5
0,05
-
0,15
-
0,3
0,5
0,008
0,2
3
0,01
0,15
0,02
0,1
0,04
|
0,085
0,2
0,01
0,35
1,5
0,8
0,1мкг/100м3
0,06
-
0,01
0,5
0,003
3
0,003
0,15
0,0025
0,003
0,05
0,007
0,1
0,05
0,008
0,2
1
0,01
0,05
0,0050,03
0,02
|
Ластану туралы мәлімет
|
2013 жыл
|
|
2014 жыл
|
Атмосфераға шығарылған ластаушы заттардың саны, мың тн.
|
208,890
|
|
218,5
|
Газ шығарындылары көлемі, мың тонна
|
112,56
|
|
98,3
|
Тазартусыз атмосфералық ауаға шығарылған өнеркәсіптік шығарындылар көлемі, мың тонна
|
201,35
|
|
205,6
|
Соның ішінде қауіпті төгінділер
|
-
|
|
-
|
Күкіртті ангидрид шығарындыларының көлемі, мың тонна
|
77,961
|
|
76,5
|
Атмосфералық ауаға шығарылған азот диоксидінің көлемі, мың тонна
|
9,358
|
12,6
|
Атмосфералық ауаға шығарылған қатты бөлшектер көлемі, мың тонна
|
14,905
|
16,8
|
Атмосфералық ауаға шығарылған улы газдар көлемі, мың тонна
|
42,425
|
63,5
|
Басқа заттар шығарындылардың көлемі
|
73,599
|
49,1
|
Кесте 2. Атмосфералық ауаның ластану мәліметтері
Сөйтіп атмосфералық ауаны сақтау–халықаралық проблемаға айналып, оның жағдайын бақылап отыру адамдардың, бүкіл биосфераның мүддесіне сәйкес келетін мәселе екені күмән туғызбайды.[9,7]
1.2 Ластанған атмосфералық ауаның адам ағзасына әсері. Қоршаған ортаның өндіріс орындарының қалдықтарымен ластануы мен адамзаттың денсаулығына келтірген экогендік зиянды өтеу туралы істер жөнінде дәлелдеудің ерекшеліктері
Атмосфералық ауаның ластануы деп – табиғи жолмен немесе антропогенді әсерден зиянды физикалық, химиялық заттардың ауада пайда болуын айтады.
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасындағы 1 кезекте тұрған экологиялық проблемалардың бірі. Атмосфералық ауаның ластануы ҚР бойынша атмосфераға жылына өндіріс орнынан 2,5 млн тонна, ал транспорт саласы бойынша 1 млн тонна қалдықтар шығарылады. Статистика бойынша тұрғындардың 5 млн-ы – ластанған, 2 млн-ға жуығы – күшті ластанған атмосфералық ауамен тыныс алады.
Атмосфералық ауаның тұрғындар денсаулығына қауіптілігі елді мекендердің әдетте ірі өндіріс орындарының маңында орналасуымен түсіндіріледі.
ҚР-ның атмосфералық ауаны ластаушы негізгі заттар: шаң тозаң, көміртегі оксиді, азот оксиді, NО2 , Н2S, SО2 , NН3 , Рb және тұрақты органикалық ластаушылар[5].
Бұл қалдықтар адам ағзасына ерекше әсер етеді. Мысалы:шаң-тозаң – тыныс алу жүйесіне, бауырға, қан құрамына зиянды әсер етеді. Лейкоцитозға апарады, дене тез шаршайды, аллергиялық ауруларды дамытады.СО – жүйке жүйесіне күшті әсер етеді, бас ауруы дамиды, ұйқысыздық пайда болады, есте сақтау қабілеті нашарлайды.NО,NО2 – тыныс алу жолдарының ауруына апарады, жүрек паталогиясын өршітеді, анемияны дамытады.Н2S – тыныс алу ауруын дамытады, ас қорыту жүйесінің, жүрек-тамыр жүйесінің паталогияларына апарады, көз аурулары пайда болады. Ағзаның инфекциялық ауруларға төзімділігі төмендейді.
SO2 – тыныс алу жолдарына, бронхыларға зиянды әсер етеді, көмірсу, ақуыздардың алмасуын өзгертеді. Ми, бауыр, бұлшықет клеткаларындағы тотығу – тотықсыздану процестерін тежейді, гиповитаминозға әкеледі.
NH3 – еңбек ету қабілеті төмендейді. Жүйке жүйесі қозғыш болады, бас аурады. Тыныс алу жолдарының ауруларын қоздырады.Қорғасын – балаларда ақыл - ойдың дамуын кешеуілдетеді. Ересектерде жүйке жүйесі ұлпаларына зиянды әсер етеді.
ҚР атмосфералық ауасының ластануына байланысты, аурулардың ішінде тыныс алу жолдарының аурулары 1 орында.
Алкагольдық аурулар, жүрек – тамыр жүйесінің аурулары, ас қорыту, зәр шығару аурулары бірінші бестікте.[11]
Атмосфераның ластануы адамдардың денсаулығына зиян келтірумен қатар, қоршаған табиғи отаға да әртүрлі тәсілдер арқылы әсер етеді, олар бірте-бірте, тікелей организмдердің өмірін қамтамасыз ететін жүйелердің жұмысын бұзады. Көптеген кездерде ауа ортасының ластануы экожүйе компоненттерінің құрылымына әсері сондай, ол тіпті регуляторлы процесстер оны бастапқы қалпына келтіре алмайды.
Адам ағзасына зиянды заттардың салдары физиологияға әсер етуіне қауіп тудырады. Күкірт диоксиді ылғалмен бірігіп, күкірт қышқылын түзеді, ол адамның, жануарлардың өкпе ұлпаларын бұзады. Әсіресе, бұл балалар өкпе ауруының асқынуына әкеліп соғады. Америка ғалымдарының зерттеуі бойынша, SO2-мен 0,049 мг/м3 дәрежесіне дейін ластанса Нешвилла (АҚШ) қаласының тұрғындарының ауру көрсеткіші 8,1%, 0,150-0,349 мг/м3 -12% құрады. Аудандардың ластануы 0,350 мг/м3 -43,8% дейін жетті. Әсіресе күкірт диоксиді қауіпті, ол шаңға айналып демалу жолдарына терең енеді.
Шаң құрамында кремний диоксиді бар (SiO2), ауыр өкпе ауруына – силикозға соқтырады. Азот оксиді тітіркендіріп, күрделіленген кезінде сілекейлі қабыршақтарды бірте-бірте жейді, мысалы, көз, өкпеде улы буланудың түзілуіне әкеп соғады. Әсіресе олар ауада күкірт диоксидімен басқа заттар бірігуінен болған, улы заттар өте қауіпті. Бұл кезде ластану концентрациясы төмен болса да, синергизм эффектісі болады, яғни газтәрізді қоспалардың улылығының күшеюі.
Көмір қышқылдың адам ағзасына әсері белгілі. Қатты уланған кезде жалпы әлсіздік пайда болады, бастың айналуы, жүрек айнуы, ұйқы басу, есінен айырылу, тіпті өлімге апаруы мүмкін(3-7күн). Бірақ төмен концентратты болғандықтан СО2 атмосфералық ауада жаппай барлығын уландырмайды, бірақ анемия, жүрек ауруларымен ауруларымен адамдарға қауіпті.
Қатты бөліктердің ішіндегі ең қауіптісі 5 мкм көлемді, ол лимфатикалық түйіншектерге өтіп, өкпе көпіршіктерінде (альвеолаларында) кідіріп, сілекейлі қабыршақтарды ластайды.
Оның нашар салдары, бірнеше уақыт аралығында, көлемі аса үлкен емес қалдықтарды лақтыру, олар қорғасын, бенз(а)перен, фосфор, кадмий, мышьяк, кобальт, және т.б. Олар қан жүйесін бұзып, онкологиялық ауруларды туғызып, ағза инфекцияларға қарсы тұра алмайды. Адам ағзасына зиянды заттардың әсері, автокөлік газдарындағы, қызметі кең: жөтелден – летальды жағдайға дейін (табл.3). Тірі ағзаларға әсерін тигізетін улы қоспалар, тұман, шаң араласқанда пайда болатын – смог.[7]
Кесте-3 Автокөлік газдарының адам ағзасына әсері
(Х.Ф. Френч бойынша 1992)
Улы заттар
|
Адам ағзасына тигізетін әсерлері.
|
Көмір қышқыл
|
Қанның нашарлайды, ойлау қабілетін әлсіретеді, рефлекстерді жайлатады, естен тануға өліп кетуге де әкелуі мүмкін
|
Қорғасын
|
Қан, жүйке-жүйесіне әсер етеді, балалардың ойлау қабілетін нашарлатады, сүйекте немесе теріде жиналады,сондықтан ұзақ уақыт бойы қауіпті болады.
|
N оксиді
|
Ағзаның жұқпалы ауруларды тез қабылдауына әкеледі, өкпе ауруларын туғызады.
|
Озон
|
Дем алу органдарының сілекейлі қабыршақтарын тітіркендіреді, өкпе жұмысын бұзады; астма, бронхит ауруларын қоздырады.
|
Улы қалдықтар (ауыр металдар)
|
Рак ауруын туғызады, жыныс органдар жүйесінің қызметін бұзады.
|
Адам – тірі организмдердің дамуындағы жер бетіндегі ең жоғарғы шегі. И.Т.Фролов бойынша (1985): «Адам тарихи процесстердің субъектісі, оның дамуы материалды және мәдени, еңбек құрылымы және тағы басқа» сипатқа ие деген болатын.
Адамның биоәлеуметтік табиғаты адамның тіршілігі бір жүйелік бірліктермен анықталады және оған биологиялық әлеуметтік элементтер кіреді. Бұл тек биологиялық қана емес, әлеуметтік бейімделуге де алып келеді. Адамның биологиялық бейімделуі жануарлардан өзгеше, өйткені олар тек қана биологиялық емес, әлеуметтік факторларды бірқалыпты ұстауға тырысады.
Адамның қарым-қатынастарының ортақ заңдарын, олардың биосферамен байланысын, табиғат және әлеуметтік орталарының адамға әсерін зерттейтін ғылым – адам экологиясы.
Адам экологиясы жаңа ғылым саласы – экологияның үлкен бір бөлімі болып есептеледі. Адам экологиясы әлеуметтік – экономикалық келесі мәселелерді пайдалы шешу, адамның өмір сүруін жақсарту, табиғат пен қоғамның арақатынастарын ұтымды ұйымдастыру жолдары мен әдістерін реттейді.
Адамның биоәлеуметтік табиғатын ара-қатынастары көп қырлы және көп сырлы болады[6].
«Табиғат-адам-өндіріс» жүйесінде басты тұлға адам болғандықтан экология ғылымы бақылау, тәжірибе жасау, ғылыми зерттеулер арқылы адамның табиғи ара-қатынасын дұрыс дұрыс ұйымдастыру, өндірісті табиғи ортаға зиянсыз ету жөнінде жинақты ұсыныстар даярлауға, тиімді жолдар мен әдістер табуға міндетті.
«Екінші табиғат» немесе Квази табиғи орта –табиғи ортаның барлық модификациялары, яғни адамның іс - әрекетінен жасалынған жасанды табиғат. Мұндай жерлерге: мәдени ландшафттар, грунтты жолдар, жасыл өсімдіктер (бульварлар, газондар, ландшафтты парктер,бақтар) жатады. Бұлардың барлығы табиғи шығу теніне ие.
«Үшінші табиғат» немесе артетабиғи орта –нағыз жасанды табиғат. Бұл табиғат нағыз табиғатпен ешқандай байланыспаған жат жүйе. Бұларға асфальт, транспорт - өнеркәсіп орындары, технологиялық құрал – жабдықтар, транспорт объектілері, жиһаз және тағы басқа заттар жатады.
Қазіргі заманның адамын артетабиғи орта қоршайды.
Әлеуметтік орта – жеке тұлға үшін құрылған мәдени – технологиялық климат. Әлеуметтік орта табиғи, квазитабиғи және артетабиғи орталармен байланысып адамды қоршаған ортаны құрайды.
Халық – қоғамның негізі, әлеуметтік дамудың қозғаушы күші, бар байлық пен игілікті жасаушы. Сонымен қатар, жалғыз материалдық молшылық қана емес, рухани байлықтардың бар көзі сол жасампаз да еңбекқор халықта жатқаны белгілі. Ғасырлар бойы жасалған баға жетпес рухани байлықтарды жинап өз бойына сіңіретін, оларды сақтап, келешек ұрпаққа жеткізетін де сол халық.
Тәуелсіздік тұғырына ту тіккен тұстағы еліміздің елеулі шараларының бірі – көші-қон мәселесін қолға алу еді. Қазақстандағы қазіргі қалыптасқан нақты жағдайға сүйенгенде демографиялық жағдайды жақсартудың бір жолы бар. Ол сырттан көшіп келушілерді көбейту. Үкіметіміз шама-шарқы келгенше қолдан келген жағдайын оралмандар үшін жасап жатыр. Әрине, жұмыс болған соң кемшіліксіз болмайды, бірақ соның бәрі тапшылығына келіп тіреледі. Ең бастысы, оралмандар бұрын «төркінсіз, жетім қыздың» күйін кешіп келсе, енді олар артымызда іздеушіміз бар екен деген дәрежеге жетті. Өйткені, Қазақстан Республикасы Конституциясының 11-бабында: «Республикада өзінің одан тыс жерлерде жүрген азаматтарын қорғауға және оларға қамқорлық жасауға кепілдік берілді» - деп атап көрсеткен. Сонымен, Монғолия, Түркия, Иран, Ауғаныстан,Қытай және басқа елдерден көшіп келіп жатқан қандастарымыз еліміздегі негізгі халықтың үлесін үлкейтуге көп септігін тигізіп жатыр[8].
1999 жылғы санақ Қазақстандағы халық санының 1989 жылмен салыстырғанда 17,2 млн. халықтан 14,93 млн. халық қалғанын көрсетті. Бұл, әрине, бір жағынан КСРО-ның ыдырауы, әр ел егемендік алып, көбісі өз Отандарына көшсе, екінші тығырыққа тірелген экономика көптеген халықты жұмыс іздеп басқа алыс-жақын шетелдерге көшіруге мәжбүр етті. 2013 жылдың 1 наурызындағы халық саны туралы деректер бойынша 14970,8 мың адамды құрайды. Ұлан-байтақ Отанымыз – Қазақстан үшін бүгінгі таңда, егемендік алып іргелі ел болған шақта халық санының өсуі өте қажет. Жалпы халықтын тығыздығы әрбір шақырым жерге 5,6 адамнан келетін, тығыздығы жағынан ең аз елдердің қатарына жатады.
Қазір Республикамызда халық арасында аурулар мен өлім-жітім көбейіп кетті. Баланың іштен кемістікпен, ақыл-есінің кем, қабілетсіз, басқа да аурулармен ауырып тууының басты себепкері қоршаған ортаның бұзылуы, содан кейін адамдардың ішімдікке, нашақорлық жолға салынуы екендігіне дау жоқ. Бұл күнде өмірге ұрпақ әкелетін ата – аналардың жұтқан ауасы мен ішкен суы да, жеген тамағы мен басқан топырағы да экологиялық апат аймағының улы өнімдері. Ел –жұртымызға ие болатын дені сау, ақыл-есі түзу, салауатты ұрпақ, білікті маман даярлау бүгінгі күннің ең өзекті мәселелерінің бірі.
Ауру көпшілік жағдайда қоршаған ортаның әсерлеріне, сондай-ақ организмдердің ішкі жағдайлары мен тұқым қуалау белгілеріне байланысты болады. Елімізде туа біткен аурулар мен жүре пайда болған аурулар кездеседі. Осыған байланысты халқымыздың демографиялық жағдайы мен денсаулығы алаңдатуда.
Қазақстан Республикасының ең ұзақ және мазмұнды бағдарламларының бірі – «Қазақстан-2030». Осы бағдарламада Қазақстан азаматтарының өмір сүруі мен денсаулығы басты мәселе болды.
1998 жылы 16 қарашада Елбасымыздың қолдауымен «Халық денсаулығы» атты бағдарлама ұйымдастырылды. Осы бағдарламада төмендегідей ауруларға санитарлық және медициналық көмек пен мемлекет аралық күрес жүргізілетін болды. Олар туберкулез, гепатит, вирусты инфекциялық аурулар және тағы басқа. Егер де халық денсаулығы қоршаған ортаның бұзылуының әсерінен ауруға шалдықса, мысалы: ішетін судың бұзылуына, онда тегін ем қабылдау және тегін тексеруден өтеді.
Еліміздегі ең үлкен міндет «Денсаулық - өмір кепілі» болмақшы. Осы ұран дене еңбегімен спорт, дұрыс тамақтануға, тазалық сақтауға және нашақорлықпен күреске шақырады.
Қазір елімізде аз болса да қоршаған ортаға көңіл бөлінуге, соның нәтижесінде паразитарлық және инфекциялық аурулар мен дем алу органдарының ауруы, ас қорыту ағзаларының аурулары және нерв жүйелерінің аурулары азаюда. Он жыл ішіндегі (2001-2011) әр түрлі ауруға шалдыққан адамдардың сандық шамасына назар аударсақ, онда бұл көрсеткіштің жыл сайын ауытқып отыратынын байқаймыз (сурет) Соңғы жылдары ауруды емдеуге көп көңіл бөліне бастады, мысалы: 1998 жылдан бері Қазақстан БДҰ-мен бірге туберкулезге қарсы күрес жүргізуде.
1.Дем алу органдарының ауруы - 40%
2.Тері және тері жасушалары ауруы - 8%
3.Зәр шығару мүшелері ауруы - 7%
4.Ас қорыту жүйесі аурулары - 6%
5.Көз және оның қарашығының аурулары -5%
6.Инфекциялық және паразитарлық аурулар -5%
7.Талу және улану - 7%
8.Басқа аурулар -22%.
Осы құрылымнан көріп отырғанымыздай халықтың 40% тыныс алу органдарының ауруымен ауыратындар екен. Бұл аурулардың ерекше қозуына тұмау мен жоғары дем алу органдарындағы инфекция мен ангина әсер етеді. Екінші орында – тері және тері асты клеткаларының аурулары жатады (8%). Үшінші орынға – зәр шығару ағзаларының аурулары мен талу және улану жатады.
Енді елімізде таралған аурулар түріне тоқталсақ, дем алу органдары ауруымен ауыратындар туралы мәліметті 4-кестеден көре аламыз.
Кесте-4 Қазақстан аймақтарындағы тыныс алу органдарының
Достарыңызбен бөлісу: |