Кіріспе Тақырыптың өзектілігі


Автокөлік экологиясының мәселелері. Экологиялық отындар



бет6/17
Дата13.09.2023
өлшемі0.52 Mb.
#477438
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Бензин отынынының қоршаған ортаға және адамдардың денсаулығына келтіретін зияны

1.3 Автокөлік экологиясының мәселелері. Экологиялық отындар
Автокөлік экологиялық қауіпсіздігі мәселелері елдің экологиялық қауіпсіздігінің бөлігі болып табылады. Оның маңызы жыл сайын өсуде. Ресей көлік саласы инфрақұрылымда жолаушылар және жүк тасымалдаумен айналысатын 4000 ірі және орташа автокөлік кәсіпорындары саналады. Нарық қатынасының дамуымен коммерциялық көлік бөлімдері көп пайда болды.
Автопарк өсуі, қызмет түрлері автокөліктің қоршаған табиғат ортасына әсер етуі жағдайына кедергі келтірген жоқ. Атқарылатын жұмыстарға қарамай, автокөліктерден атмосфераға шығарылатын ластайтын заттектер жылына орташа 3,1% өсуде. Қорытындысында жыл сайын Ресей көлік кешені жұмысынан келетін экологиялық залал-75 млрд. рубльден артық. Автокөлік паркі Ресейде 2010 жылы 27,06 млн шт құрады., соның ішінде 20,12 млн жеңіл автокөліктер, 4.57 млн жүк көліктер,650 мың автобустар, 1.72 млн прицептер.
Автокөліктердің орташа жасы 10 жыл, соның ішінде парктің 10% 13 жылдан астам пайдаланылуда, толығымен көнерген. Бір автокөлік жыл сайын атмосферадан орташа 4 т артық оттегі тартады, бұл кезде шамамен 800 кг иіс газын, 40 кг азот тотығын, 200 кг түрлі көміртектер шығарады. Қорытындысында Ресей бойынша автокөліктен жылына атмосфераға канцерогенді заттектер: 27 мың т бензол, 17,5 мың т формальдегид, 1,5т бенз(а)пирен мен 5 мың т қорғасын шығарылады. Жалпы, автокөлікпен жыл сайын шығарылатын зиянды заттектер саны 20 млн т артық.
Экологиялық залал жағынан, автокөлік алдыңғы орында: ауа ластауы-95%, шу -49,5%, климатқа әсері-68%. Көптеген елдерде автокөлік экологизациялау бойынша қатаң талаптар қабылданған. Қорытындысында 1999 жылдан 2011 жыл бойынша шет елде пайдаланылған газдағы зиянды заттектер саны 2 есе азайған, ал соңғы 40 жылда компоненттер құрамы 70% түскен. Қазіргі уақытта көптеген шет ел мотор құрылыс фирмалары пайдаланылған газдың нөлді уыттығына жету есебін алға қоюда. Олардың көпжылдық тәжірибесі көрсеткендей мотор отынының балама (мұнай емес) түрлерін қолдану арқылы іске асыруға болады. Сондықтан, барлық экологиялық таза автокөліктер отынның балама түрлерімен жобаланады. Экологиялық таза машиналарды құруға материалды шығындар мемлекеттік заң қысымымен анықталады. Бұл заңдар Ресейге де әсер етті, шет ел автокөліктері ағылды, олар дамыған елдерде экологиялық қауіпті деп саналған, біздің отандық автопарк қатарын толтырып, біздің қалаларымыздың экологиясына үлкен зиян келтіруде. Ресейде өндірілетін автокөліктер барлық көрсеткіштер бойынша қазіргі уақытта дамыған өндіріс елдерінде шығарылатын автокөліктерден 8-10 жылға қалады. Тек, келесі жылдан бастап «Автоваз» жаңа автокөлік шығарайын деп отыр, ол балама отыннан жұмыс істейтін болады, пайдаланылған газда уытты компоненттер шығарылу нормасы «Евро-2» сәйкес келеді. Бірақ бұл нормалар Еуропада үш жыл бұрын шығарылды. Жаңа қатаң «Еуро-3» нормалары енгізілген.
Мемлекеттік автокөлік экологизациясы сұрағындағы рөлін АҚШ мысалында көрінеді. Соңғы онжылдықта АҚШ-та заңды актілер қабылданған, онда қалада, жергілікті мекен-жайда экологиялық жағдайды жақсарту мәселесіне көңіл бөлінеді. Олар: «Балама матор отыны туралы», «Таза ауа туралы», «Энергетикалық саясат туралы» Заң. Осы заңдар негізінде АҚШ энергетика Министрлігі энергоресурстар қолдану секторында ғылыми- зерттеу жұмыстарын көбейтіп, отынның балама түрлерін тездетіп кен түрде қолдану бойынша жаңа бағдарламалар өндіруде. Барлық әлемдегі сияқты АҚШ-та «экологизация» сұрағында мұнай отынын табиғи газбен алмастыруға көңіл бөлінеді. Бұл келесі 10 жылға болжамда балама матор отынын қолданудың өзгеру динамикасы бойынша көрінеді. Ең таза матор отыны ретінде табиғи газды кең қолдану мемлекеттік саясат дәрежесіне шығарылған. Осы мақсатпен, өзінің президенттігі уақытта Билл Клинтон табиғи газбен жүретін автокөлікпен жүрген. Канадада, Жаңа Зеландияда, Аргентинада, Италияда, Голландияда, Францияда және басқа елдерде автокөлікті; бірінші кезекті қалалық көліктерді газматорлы отынға көшірудің ұлттық бағдарламалары жұмыс жасайды. Ол үшін арнайы нормативтік –заң базасы өңделген: бағалық, салық, тарифтық, несиелік. Қорытындысы табысты. Нидерландыда барлық автокөліктің 50% көбі газ қолданады. Италияда-20% көбі, Вена автобус паркіның 95%. Дания паркінің -87% газбен жұмыс істейді. Батыс Еуропа елдерінде газ отының қолданатын автокөліктерге салықты аз төлеу қарастырылуда. Орташа, бұл айырмашылық 1.5-2 есе құрайды және автокөлік иелері автокөлік конверсиясынан кейін салық төлемдерінен 3 жылға босатылады. 1996 жылдан бастап Ұлыбритания мен Францияда газ отынын қолданатын автокөліктер салығы азайған. Германияда бұл айырмашылық 1,5 есе, Нидерландыда-1,7 есе құрайды. Өткен жүзжылдықтың 90 жылдар басында РФ Үкіметі автокөлік экологизациясы мәселелерін шешу бойынша шаралар қабылдай бастады. РФ Үкіметінің 1993 жылғы 15 қаңтардағы «Мотор отыны орнына табиғи газды пайдалану бойынша шаралар туралы» және 1995 жылғы 2 қарашадағы «Энергосақтау бойынша жедел шаралар туралы» Қаулысымен отынның мұнай түрлері орнына балама пайдалану, газ түрлі отынмен жұмыс істейтін автокөліктерді шығару есебімен бензин тұтыну көлемін қысқарту қарастырылады. Осыған байланысты автокөлік табиғи газға ауыстыру Ресей үшін мемлекеттік маңызы бар. Бірақ соңғы жылдары бұл сұрақ тоқтап қалуда.1999 жылдан бастап «Мотор отыны ретінде табиғи газ туралы» Заң жобасы, экология бойынша Мемлекеттік Дума Комитетімен өңделген «Автокөлік экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуі туралы» Заң жобасы да бар. Ресей территориясында 2001 жылдың 1 қаңтарынан бастап, «Евро-2» нормасының енгізілді. Отандық мұнай қайта өнделуінің құрылысы қазіргі талаптарға сай келмейтін бензинмен дизель отынының төмен сапасын анықтайды. Бір жағынан отандық автокөлік қозғалтқыштар сапасы нашар. Ресей қозғалтқыштары шет елдерге тек қуаты, үнемділігі, шу жағынан, экологиялығы, жөндеуге жарамдылығы жағынан орын береді. РФ Үкіметінің 1999 жылғы 15 наурыздағы № 286 «Ресей автокөлік өндірісінің 2015жылға дейін дамуының негізгі бағыттары» Қаулысымен «Ресей автокөлік өндірісінің 2015жылға дейін дамуы» федералдық бағдарламасы жобасына сәйкес, қоршаған ортаны қорғау бойынша талаптарға сай отандық автокөлік қозғалтқыштары 2010 жылдан бастап шығарылады. Сондықтан, қазіргі кезде жалғыз жол оны табиғи газға ауыстыру, ол қатаң еуропа нормаларына жауап беретін деңгейге дейін автокөлік қозғалтқыштарынан қоршаған ортаға шығарылатын зиянды заттектерді қысқартуды қамтамасыз етеді[14].

№ 6 кесте. Дамыған еуропа елдері үшін автокөліктің пайдаланылған газды шығару уыттығы нормалары



Стандарттар



Енгізілген
атауы

пайдаланылған газ шығарудағы құрамы, г/квт сағ

жылы



NOx



CO



CxHy



қатты
бөлшектер

Евро-0
Евро-1
Евро-2
Евро-3
Евро-4
Евро-5

1988
1993
1996
1999
2005
2008

14,4
8.0
7,0
5,0
3,5
2,0

11,2
4,5
4.0
2,0
1,5
1,5

2,5
1,1
1,1
0,6
-
-

0,36
0.15


0,10
0.02
0,02

Автокөлікті табиғи газға ауыстыру мәселесі келесі күрделі мәселе кешендерін шешуді талап етеді: газбалонды автокөліктердің сериялық өндірілуі, құю кешендерінің инфрақұрылымын (желісін) құру, сенімді газбалонды жабдықты өндіріп шығару, автокөлікті қайта жабдықтау үшін сервис желісін құру, кадрлар дайындау, жарнамалық- мәліметтік қамтамасыз ету және т.б. сондықтан автокөлікті газификациялау тек қаулы бойынша ғана емес, аймақтық билік органдары көмегімен қатысуымен де іске асырылады.


Мәскеулік көлік газификациялау бағдарламасы Мәскеу үкіметімен
«Газпром» РАҚ Басқармасының 26.11.96 №943/134 Қаулысымен және Мәскеу үкіметінің 2001 жылғы 5 маусымдағы «Метан газын мотор отыны ретінде қолдану бойынша қосымша шаралар туралы» Қаулысы негізінде құрылған. Бұл Бағдарламаның стратегиялық мақсаты- Мәскеудегі автокөлік құрылысының өзгеруі (қалалық жолаушылар көлігі автобустарын, жүк және ведомоствалық көлікті табиғи газға көшіру есебімен)2015 жылы қолданылатын муниципальді автотехниканың 40% мотор отыны ретінде табиғи газ қолдануы, экологиялық сипаттама бойынша «Евро-2» нормасына жауап беруі.
Қабылданған Бағдарламаны іске асыру үшін Мәскеу үкіметі жанында Жұмыс тобы және «Мосэкотранс көлігін экологизациялау қоры» құрылды. «Мосэкотранс көлігін экологизациялау қоры» қалада экологиялық жағдайды жақсарту бойынша қаржылай шаралар қолданады және осы бағытты бақылайды. Қазіргі уақытта Бағдарламаға 100 астам кәсіпорын, коммерциялық құрылымдар қатысуда, олардың ішінде «НК Лукойл» ААҚ «Газпром» ААҚ, «ЕЭС» РАҚ, «НК Роснефть» ААҚ, «Автобанк» КБ, Тюмень мұнай компаниясы және т.б.
Бұл Бағдарламаның іске асырылуына экологиялық милиция құрылуының да көмегі зор. Мәскеу әзірге Ресейде «Экологиялық құқық бұзушылық бойынша милиция Басқармасы» жұмыс жасайтын бірінші қала, бұл басқарма астана үкіметімен «Мәскеу қаласының ҚІІД облыста қоршаған ортаны қорғауда құқық бұзушылармен күрес бойынша Басқарма туралы №849 Қаулысымен құрылды. Бұл милиция міндеті- автокөліктерде пайдаланылған газдар уыттығы нормасын тексеру, жүргізушілерді олардың көтерілуі үшін айыптау. Бұл өркениетті қоғамға бастапқы қадам. Өркениет тек демократия, ыстық су, жарық емес, бұл адам өзі өмір сүретін жерде таза ауамен дем алуға құқығы. Таза ауаны дүкеннен сатып ала алмайсың, оны тек ластамау керек.
Автокөлік газификациясы мәселесі тек Мәскеуде ғана емес, Ресейдің барлық аймағында шешіле алады. Жергілікті билік оларға берілген салық және тарифтік ынтаны көлікте газмотор отынын қолдану үшін кең қолдана алады. Татарстан Республикасында, Алтай өлкелерінде, Белгород, Брянская, Воронежск, Орынбор, Самара және т.б облыстарда осы сұрақтарды іске асыру үшін аймақтық бағдарлама бекітілген. Вологодск, Костромской, Ленинградск, Саратовск облыстарында бағдарламаларды дайындау аяқталуда. Кабардин- Балкарск Республикасында, Владимирск, Липецк, Пензенск облыстарында үкімет қаулыларымен анықталған. Томск облыстық Думасымен «Мотор отыны ретінде табиғи газды пайдалану туралы» Заң қабылданған.
Автокөлікті газификациялау тек экологиялық мәселелерді шешу ғана емес, бюджет қаржыларын үнемдеу (табиғи газ мұнайға қарағанда арзан) №41 Мәскеу автокомбинатында бірнеше жыл бұрын толығымен газға көшті. Қазіргі күні автокөлік табиғи газбен жұмыс жасайтын150 автокөліктен тұрады. Бұл газ моторлы автокөліктерді пайдалану айына отынға 300 мың рубльден астам үнемдерге мүмкіндік береді. «Ленавтогаз» компаниясымен орындалған зерттеулер бойынша, өз автопаркін табиғи газға ауыстырған кәсіпорындар бір жылдан кейін экономикалық тиімділікті сезген. №10 кестеде автокөлікті газды мотор отынына ауыстыруда экономикалық пайда мәліметтері көрсетілген.
Сонымен отандық автокөліктерді жаппай табиғи газға ауыстыру- тиімді, үнемді; Ресей автокөлік экологизациясын көтерудің қолайлы жайы[15].
Кесте-7 автокөлікті газды мотор отынына ауыстыруда экономикалық пайда мәліметтері

Параметрлер

Бензин

Диз отын

Табиғи
Газ

СУГ









(пропан)




Қозғалтқыш көлемі



2,0

2,0

2,0

2.0

Зиянды заттектер шы5арылуы, г/км

2,4


2,7


1,3


1,8



100 км жүгіріске отын шығыны
(10 л-100% есебімен)



100%


90%


110%


115-120%


Отын құны, руб/л

9.2



7,1



3,6



4,3

100 км жүгіріс кезінде отынның
жалпы құны



92



63,9



39,6



49,4



Бензинге қатысты экономикалық
пайдасы 100 км жүгіріске, руб



0,0

28,1



52,4



42.6



Экологиялық таза отындар: Соңғы жылдары биоотын өндірісі және қолданысы көп елдерде кең масштабқа ие болуда. АҚШ-та жиналған жүгерінің айтарлықтай бөлігі автокөліктерге отын ретінде қолданылатын этанол өндірісіне жіберіледі. Алдыңғы жылы елдегі бұл дәнді дақылдар өнімі 10,5 млрд. буш. (1367,5 млрд. литр) жетті, оның 1/5 бөлігінен 112 америкалық зауытта 5 млрд. галл. этанол өңдірілген. Егер қайта құрылып жатқан және салынып жатқан этанол өндіретін америкалық фабрикалар жақын уақытта жұмысын бастаса, онда сарапшылардың бағалауы бойынша этанол өндіретін шикізат үшін АҚШ-тағы барлық жүгері өнімі көлемінің жартысынан көбі жұмсалады. Тамақ өнеркәсібі саласында қызмет ететін этанол өндіретін зауыттар мен фабрикалар арасындағы «Жүгері үшін күресті», американдық сарапшылар ауыл шаруашылығындағы және бүкіл әлемдік экономикадағы қатаң өзгеріс белгілерінің бірі деп санайды. Егер алғашқы кезде астық тек адамдарға тамақ және үй малдары үшін азық ретінде қолданылса, енді мұнай бағасының өсуіне, адам өмірі құнының артуына, атмосферадағы зиянды заттар


эмиссиясына шек қоюға байланысты ауыл шаруашылығы дақылдары биоотын алуға шикізат ретінде жиі қолданыла бастады. Биоотынды қолдануды кеңейту, мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі болып табылады[16].
Құрама штаттар президенті Дж. Буш өзінің 2007 жылғы қаңтар айының соңындағы елдегі саяси және экономикалық жағдайлар туралы жыл
сайынғы баяндамасында, таяудағы 10 жыл ішінде америкалық
автокөліктермен жағылатын бензиннің 15%-н алмастыру үшін, энергия
қайнаркөздерінен жаңартылатын отын өндірісін жылына 35 млрд. галл.-ға
дейін көбейтуге шақырды. АҚШ Конгресі 2030 жылға биоотын өндірісін
жылына 60 млрд. галл. дейін арттыруға бағытталған шаралар қарастыруда.
Биоотын өндірісі тек Құрама Штаттарда ғана емес, сонымен қатар ЕО
елдерінде де көп қызығушылық туғызып отыр. Еуроодақ құрамындағы
елдердің энергетика министрлері 2017 ж. осы елдермен тұтынылатын жанар
майдың 5,75%-н биоотынмен ауыстыруға, 2020 ж. бұл көрсеткішті 10 %-ға
дейін жеткізуді ұсынды. Әзірше ЕО көпшілік елдері тіпті әуелгі қойылған
2010 ж. қолданыстағы жанар майдың 2%-н биоотынмен ауыстыру
тапсырмасын орындамады. Бұл мақсатқа тек Швеция мен Германия жетті.
Сарапшылардың айтуы бойынша, бұның бір себебі ЕО елдеріндегі
фермерлерге бөлінетін әртүрлі ауыл шаруашылық субсидияларына
қарамастан, биотын өндірісінің өзіндік құны жоғары болуында. Британдық
экономистердің есебі бойынша, рапс тұқымынан өндірілетін 1 л дизель
жанар май мұнайдан алынған жай жанар майдан 0,3 евро (0,39 долл.) қымбат
тұрды.
ЕО елдері ішінде әдеттегі жанар майды оның экологиялық таза
аналогымен ауыстыру проблемасын шешумен ерекше белсенді айналысатын
Германия, биоотынды пайдалануға ықпал ету мақсатында, неміс мұнай өндіруші зауыттарына олармен өндірілетін өнімге биоотынның белгілі
мөлшерін қосуды міндеттеді. Ұлыбритания 2008 жылдан бастап аталған
талапты орындамаған өндірістерге осыған ұқсас шараларды қолдануда,
сондай-ақ кәсіпорынның жанар май литріне 15 пенс айыппұл салынады.
Осы санкциялар қолданылатын Франция компаниялары биоотынды
пайдаланғанша өсім төлеген арзан түседі деген шешімге жиі келеді. Оған
қоса Еуропалық сарапшылардың пікірлері бойынша әдеттегі жанар майды
алмастыратын биоотын да кәдімгі жанар май секілді қоршаған ортаны
ластайды. Егер бидайдан этанолды жасап шығаруға қолданылатын электр
көмірден өндірілсе, онда этонолды кәдімгі жанар май орнына қолданғаннан
көмір қышқыл газын шығаруды төмендетудегі оң әсері шамалы[17].
Дәнді дақылдардың өсімі жоғары және оларды өсірудегі өзіндік құны
төмен болатын ыстық климатты кедей елдерден биоотынды алу арзанға
түседі және экологиялық таза болады. Протекционистік күйдегі еуропалық
фермерлер басқа елдерде өндірілген биоотынды қолдануға қарсы. ЕО
бразилиялық этанолға жоғарғы тариф қойды. Энергияның жаңарған қайнар
көздерінен өндірілетін жанармай үшін Еуроодақ ішінде қолданылатын
техникалық мінездеме ЕО елдеріндегі рапс тұқымынан өндірілетін қымбат
биоотын есебімен жасалған сондай-ақ биоотын ретінде қолданылатын арзан
импортталатын пальма майына сәйкес келмейді. Көптеген сарапшылардың
пайымдауынша, жанар майдың экологиялық таза түрлерін экспорттаушы әл-
ауқаты төмен елдерде биоотын өндіруге қолданылатын ауыл шаруашылығы
дақылдарының егістігін көбейтуге талпынатын фермерлердің әрекетінен басқа өсімдіктерге зияны тиіп, қоршаған ортаға мұнай немесе газды жаққаннан да анағұрлым зиянды болмақ.
Голландия экономистері жүргізген зерттеу деректерінің мәліметтері
бойынша, пальма майын өндіру үшін егістік жерлерді кеңейту мақсатында
Индонезиядағы батпақ жерлерін құрғатуды тездету барысында топырақтың
шымтезек қабатының шіруі салдарынан атмосфераға 33 т. көмірқышқыл
газы шығарылды. Сонымен қатар, олардың есебі бойынша, 1 т. әдеттегі
жанармайдың орнына 1 т. пальма майын пайдалану, көмірқышқыл газының көлемін төмендетеді.
АҚШ-та оптимистік бағалау бойынша қолданыстағы бензинді
биоотынмен ауыстыру, егістік жерлерді кемінде 50 млн. акр. (1 акр. = 4 км2)-
ға көбеюін талап етеді. Сарапшылардың пікірі бойынша, тіпті Дж. Буштың
жүгеріден өндірілген этанолды пайдалануды кеңейту туралы қойылған
тапсырмасының өзі орындалмауға айналды, өйткені бұл үшін жүгері егісі 80 млн. акр.-ге көбеюі керек. Бинзинді қолданудан бас тартып, биоотынға өту
үшін, АҚШ-тағы қазіргі уақыттағы егістік жерді 430 млн. акр.-ге, яғни 2 есеге көбейтуді талап етеді. Ауыл шаруашылығына және әлемдік экономикаға биоотынды қолдануды көбейтудің салдары әр-түрлі бағаланады.
Биоотынға сұраныс өсіп келе жатқан бірқатар елдердің толығымен ауыл
шаруашылығы мен экономикасы маңызды өзгерістерге ие болды. Малайзия
мен Индонезияда биоотын өндіретін 90 зауыттың салыну барысында оларды
шикізатпен қамтамасыз ету үшін Сингапурда пальмалық плантацияларды
кеңейту мақсатында алаңдарды тазарту үшін көптеген орман алабы өртелген.
Индонезия президенті С. Б. Юдхойононың айтуы бойынша, биоотын өндірісі
бұл елдердің экономикасының дамуының негізгі стимулы болып табылады.
Егер бұл биоэнергиялық қарқындау жалғасса, онда Таилант пен Австралиядан бастап Бразилия мен Орталық Америка елдеріне дейінгі әр түрлі елдерде қант қамысы және де басқа ауыл шаруашылығы дақылдары өндірісінің көбеюіне әкеледі.
Кенеттен биоотынды қолдануды кеңейту, автокөлігі бар 800 млн.
адамның арасында ғаламдық бәсекелестікті тудырады, сондай-ақ әл-ауқаты
төмен, кедей 2 млрд халықтың азық-түліктің қымбаттауы себебінен аштыққа
ұрынуы жаппай қалалық тәртіпсіздікке әкеліп соғады. Экологтар биоотын
өндірісіне қолданылатын ауыл шаруашылығы дақылдарына алаңдарды тазарту үшін ормандарды жоюдың экологияға пайда әкелмейтінін жорамалдайды.
Биоотын өндірісінің көбеюі, ауыл шаруашылығына елеулі өзгерістер
енгізеді және фермерлік шаруашылықтың дамуына әсерін тигізеді деп
мәлімдейді сарапшылар. Этанол өндіруге сұраныстың көбеюі әсерінен пайда
болған жүгері құнының өсуі қытайбұршақ және басқа да дәнді дақылдардың
тұқымы, сонымен қатар тамақ өнімдері (мысалы, маистық шелпек)
бағасының өсуіне әкелді.Содан кейін ет,құс және тіпті алкогольсыз
сусындардың бағаларының өсуіне соғады.Америкалық құс етін өндірушілер,
олардың шығыны дәп қазір 1,5 млрд. долл.-ға өсіп үлгергенін мәлімдейді.
Жүгері өндіретін америкалық фермерлер табысы елеулі көбейіп,
федералдық бюджетке де оңды әсер етті, үкімет фермерлерге берілетін ауыл
шаруашылығы субсидияларын 2012 ж. 8,8 млрд. долл.-дан 2013 ж. 2,1 млрд.
долл.-ға төмендетуге ерік берді.
Яғни, өсімдіктен өндірілетін экологиялық таза жанармайға сұраныстың
өсуі, бай елдермен қатар кедей елдердің де ауыл шаруашылығына күрт
өзгерістер әкеледі. Биоотынды мол пайдалану ғаламдық теңгерім күшін
өзгертуі мүмкін, өндірісі үшін жеткілікті көлемде өсімдік шикізатын өсіретін
мемлекет, мұнай импортын оны өндіруші елдерден әкелуді кенет азайтады[18].
Оптимистік сценарииді іске асырған жағдайда, әлем фермерлік
шаруашылықтарда егістік алаңдарды кеңейту, астық түсімін арттыру және
дәнді дақылдардың жаңа түрін қолдану, сондай-ақ алдыңғы қатарлы
технологияларды пайдалану арқылы арқылы біртіндеп биоотынды қолдануға
өтеді. Жүгеріні экологиялық таза жанар май өндірісіне пайдалану – бұл тек
бірінші қадам, эксперттердің пікірі бойынша, жүгері бұл мақсаттағы онша
тиімді емес шикізат болып табылады, себебі одан алынған 10 галл. этанол,
сәйкесінше 7 галл. бензиннің энергиясын береді, сонымен қатар бұндай
этанолды пайдалану нәтижесінде ең аз зиянды заттарды шығарады. Шешуші
есеп болып биоотын алуға басқа, көбірек экологиялық қолайлы
қайнаркөздерге өту тиімді болып табылады (мысалы, ауыл шаруашылық
қалдықтар, ағаш және басқа (жүгеріден басқа) астық түрлері).
Сарапшылардың пікірі бойынша, кейбір өсімдіктерді дұрыс пайдалану
барлық адамзатты оған керек энергиямен қамтамасыз етеді. Этанолдың
тиімді көздері көпжылдық дала шөптері де болуы мүмкін. Олардың терең
тамырлары олармен ауада қолданылатын көмірқышқыл газын ұстап қалады,
топырақты жақсартады және аз суды қажет етеді. Сарапшылардың есебі
бойынша, бұл шөптер тек 49 млн. акр. себілген, 2030 ж. жылына 139 млрд.
галл. этанолдың қайнар көзі болуы мүмкін.
Сонымен қатар басқа да зиянды қалдықтарды пайдаға асыруымыз керек .

Кесте-8 Кәсіпорындардың қоршаған ортаны ластауы



Кәсіпорын

Жобалық шешімдер

Табиғат қорғау тиімділігі

Мұнай компаниялары

Жер асты горизонты қатпарындағы қысымды сақтау үшін қатпар суларын қайта айдау.

Қоршаған ортаға мұнай өндірудің кері әсерін төмендету, топырақтың қатпар суларымен ластанудың алдын алу.

Космодром «Байконур»

Биокомпостпен өңдеу арқылы мазут сақтайтын орындардан төгілген мазут алаңдарын қайта жаңғырту.

Бүлінген жерлерді қайта қалпына келтіру.

Мұнай компаниялары мен арнаулы кәсіпорындар

Ірі тонналық бұрғылау қалдықтарын жол құрылысына пайдалану.



Қалдықтарды орналастыру көлемін азайту, қалдықтарды шаруашылық мақсатта пайдалану.

Мұнай компаниялары мен арнаулы кәсіпорындар

Мазутталған топырақты тазалау, мұнай қалдықтарын термиялық өңдеу және олардан шыққан конденсаттарды ұстау қондырғысын орнату.

Ластағыш заттардың шығарындыларының көлемін азайту.

Алматының экологиялық проблемасы күрделі. Оның негізгісі-
ластанған ауа, ал бұл қала тұрғындарының денсаулығына, топырақтың
қыртыстарына, флора мен фаунаға, жер үсті және жер асты суларына кері
әсерін тигізуде. Соңғы жылдары қала шекарасы тек солтүстік және оңтүстік
бағытқа ғана емес, Іле Алатауының оңтүстігіне қарай созыла бастады.
Қала атмосферасын ластайтын 14700 орын анықталды, олардың 13560-ы
(92 пайызы) ауаға зиянды заттарды шығарады. Ауаны ластайтын 1707
орынға газ тазартатын қондырғылар қажет.
Қалада көлік тасқынының жыл сайын өсуі экологиялық жағдайға,
тұрғындардың денсаулығы мен қала экологиясына кері ықпалын тигізуде.
Өкінішке орай, автокөліктерден шығатын зиянды қалдықтар
утилизацияланбайды, себебі оларды қайта өңдейтін өнідіріс жоқ. Көлікке
пайдаланылатын улы сұйық заттардың қалдықтары жерге төгіліп, олар
топыраққа сіңіп, зиян келтіруде.
Ауаның ластануынан зиян шегіп отырған қала ретінде мысалға кез
келген Қазақстандағы қала мысал бола алады. Бұл қуантарлық жайт емес.
Экологиялық қауіпті өнім өндіруші 13 кәсіпорынның 11-мұнай өндіретін
кәсіпорындар, 2 –уран өндіретін кәсіпорындар.




    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет