ауруымен ауратындар (мың адамға шаққанда)
Қазақстан
Республикасы
|
2011
|
2012
|
2013
|
2014
|
17140,2
|
18708,4
|
205449,7
|
20465,2
|
Ақтөбе
|
17896,4
|
16349,2
|
16226
|
22177,1
|
Алматы
|
16645,7
|
17429
|
18775,8
|
19246,7
|
Атырау
|
10883,9
|
8085
|
11131,9
|
11781,7
|
Ш.Қ.О.
|
18901,9
|
25595,6
|
30207,1
|
28325
|
Тараз
|
13998,7
|
11966,7
|
13433,2
|
13225,4
|
Б.Қ.О.
|
17721,4
|
19029,9
|
19890,4
|
17709,8
|
Қарағанды
|
18956,8
|
19932,7
|
18854,1
|
19652,4
|
Қостанай
|
13501,4
|
11157
|
14972,6
|
14106,4
|
Қызылорда
|
16351,2
|
19446,1
|
20128,9
|
22212,2
|
Маңғыстау
|
15616,7
|
22849
|
21055,2
|
22969,5
|
Павлодар
|
20064,2
|
19791
|
21414,5
|
21265,9
|
С.Қ.О.
|
12725,4
|
129725,2
|
16064,7
|
19870,9
|
О.Қ.О.
|
10578
|
11157,1
|
13452,5
|
12631,2
|
Алматы қаласы
|
39404,2
|
43871,2
|
47151
|
43871,2
|
Астана қаласы
|
13501,4
|
27311,9
|
27386
|
19001,9
|
Республикамызда тыныс алу органдарының ауруы қатты шарықтап тұр. Әсіресе, Алматы қаласының көрсеткіші, одан кейін Шығыс Қазақстан облысы мен Қызылорда және Маңғыстау, Ақтөбе облыстары. Оның себептері қоршаған ортаның бұзылуынан деп тұжырымдайды ғалымдар. Мысалы: Алматы мен Ш.Қ.О. Республикамыздың ең лас және экологиялық нашар аймақтар екенін бәріміз жақсы белеміз. Ал осы дем алу органдары ауыруымен ауырып қайтыс болғандарға тоқталсақ, ол С.Қ.О. – да, одан кейін Ақмола облыстарында өте көп. Алдағы жыл-дармен салыстырғанда дем алу органдарының асқынып, көбейіп бара жатқаны халықты қатты алаңдатуда[10].
2014 жылдың соңғы мәліметтері бойынша, 2013 жыл кезеңмен салыстырғанда Республика аумағында халықтың ауру-сырқауға шалдығуы тіркелетін инфекциялардың біразы қысқарды. Тұмаумен (5,7 есе), менингококк жұқпамасымен (2,3есеге), сальмонеллез жұқпамасымен (1,6 есеге), індеттік паротитпен (1,5есеге) ауру азайды. Сонымен бірге, бруцеллезбен, бірінші рет қойлған диагнозбен (1,8 есеге өсті), бактериялық дизентериямен (13,8%-ға), тыныс органдарының туберкулезімен (9,3%-ға) аурудың бет алысы сақталып отыр.
2013 жылдың ақпанында осы жылдың қаңтарымен салыстырғанда тұмаумен (6,4 есеге), жоғары тыныс жолдарының жұқпасымен (1,7 есеге), мерезбен (26,6%), қышымамен (23,9%), тыныс жолдарының туберкулезімен 14,9%) ауру оқиғаларының саны өсті. Талданып отыр-
ған кезең ішінде, Республика аумағында тыныс жолдары органдарының туберкулезімен ауыратындардың саны өсті. О.Қ.О. (1,6 есеге), Қостанай (42,5%), Жамбыл (27,9%-ға) және С.Қ.О.(26,9%) облыстары. Тыныс органдарының туберкулезімен ауырғандардың 5,8% -14 жасқа дейінгі балалар.
2014 жылдың қаңтар – ақпан айларында еліміздің тоғыз өңірінде: Астана қаласында (3 есе), Б.Қ.О. – да (2,3 есе), С.Қ.О. (1,6есеге), Алматы (40%-ға), Қостанай (35,7%), Ш.Қ.О. (30,4%), Қызылорда (23,1%), Ақмола (14,3%) облыстарында бактериялық дизентериямен ауырғандар санының өсуі байқалады. Бактериялық дизентериямен ауырғандардың 56,9% -14 жасқа дейінгі балалар.
Өркениетті елдерде әр жылы халықтың денсаулығын сақтау үшін бөлінетін қаржы мөлшеріне назар аударайық. Ол АҚШ -та – 2354 доллар, Канадада - 1683 доллар. Ал, бізде халықтың денсаулығын сақтауға бөлінетін қаржы мөлшері 40 мың теңге.
Қазақстан Республикасындағы балалардың денсаулық жағдайына әсерін тигізетін келеңсіз әлеуметтік-экономикалық және экологиялық факторлар кешеніне шұғыл түрде баға беру қажеттігі әлдеқашан пісіп жетілді. Қазір беріліп жүрген объективтік бағаларға қарағанда, біздің еліміз де демографиялық дағдарыс шырмауынан шыға алмай отыр деуге болады. Мұның өзі балалардың туылу мөлшері деңгейінің тым төмендегенін, жалпы және нақты балалар өлімінің жоғарылағанын, сондай-ақ осының нақты салдары ретінде халық санының табиғи өсуінің бұрын-соңды болып көрмеген жағдайда төмен құлдырап кетуінен айқын көрінеді. [2,4,5]
Қоршаған ортаның өндіріс орындарының қалдықтарымен ластануы:
1.Жылу электр станциялары.
Ластаушылары: шаң, құрамында кремнийдің қос тотығы және мышьяк, ванадий, сынап, қорғасын бар күл.
Адам денсаулығына әсері:
Кремний. Өкпе көлемінің кішіреюіне, жоғарғы тыныс алу жолдарының зақымдалуына, көздің сілемейлі қабықшасының қабынуына әкеледі. Өкпе рагін туындатады. Терінің қабынуына және зақымдануына әкеледі.
Мышьяк.Мышьяк тұздарының адсорбциясы асқазанда жинақталады.Жоғарғы тыныс алу жолдарының сілемейлі қабықшасы қабынады.
Күл, бензапирен-өкпе рагінің дамуына әкеледі. Күкірт ангидриді, күкірт қос тотығы –ағзаның толық улануына әкеледі, қан құрамын өзгертеді, тыныс алу жолдарын зақымдайды.
2.Атом электр станциясы.
Ластаушылары: стронций 89 және 90, цезий 134 және 137, йод 129, кобольт 60, марганец 54 және 56, тритий, магний, натрий 24, хром, мыс, кремний 31, барий, скандий, мышьяк 70.
Адам денсаулығына әсері:генетикалық аурулардың дамуына әкеледі. Нерв жүйесінің, жыныс бездерінің функцияларының бұзылуына, жүрек-қан тамыр жүйесінің зақымдануына әкеледі.
3.Қара металлургия.
Ластаушылары:көміртегінің қос тотығы,күкірт ангидриді,шаң,азот оксидтері,аммиак.
Адам денсаулығына әсері :өкпенің қабынуына, бронхит, лорингит, танзиллит, ринит, ауруларының дамуына әкеледі.
Бензапирен- өкпе рагінің қабынуына әкеледі, соңы өлімге апарады.
Бензол, нафтолин, фенол қанның құрамының бұзылуына әкеледі, орталық нерв жүйесінің бұзылуына әкеледі.
Марганец аэрозельдері – нерв жүйесінің зақымдауына, бас ми қабаттарының өзгерістеріне, пневманияның дамуына әкеледі.
Хромның оксидтері, аэрозольдері – созылмалы бронхит, өкпе рагі, жүрек ауруларын тудырады.
4. Түсті металлургия.
Ластаушылары: фтор қосылыстары.
Адам денсаулығына әсері:өкпе рагінің асқынуына әкеледі.
5. Машина құрастыру заводы.
Ластаушылары: сынап булары, қорғаныс аэрозльдері, никель.
Адам денсаулығына әсері: эмоциональды тұрақсыздық, есте сақтау қабілетінің төмендеуі, нерв жүйелерінің зақымдалуы.
6. Мұнай өндіру өндіріс орындары.
Ластаушылары:Н2 S күкірт оксидтері, аммияк, парафин, майлы қышқылдар.
Адам денсаулығына әсері: орталық нерв жүйесін зақымдайды, бауырды қабындырады, кардионевроз, гемоглобин және лейкоциттердің саны төмендетуі, жүректің жұмысының бұзылуы, әр типті вегетодистония.
7. Мұнай және химия өнеркәсіптері.
Ластаушылары: Н2 S, СхНу, аммияк, фенол, синтетикалық майлы қышқылдар, олефгендер, ацетон, парафин, спирттер.
Адам денсаулығына әсері: мұрын қуысының сілемейлі қабық-шаларының қабынуы, тыныс алу жолдарының зақымдануы, бронханың, плевранның рагінің дамуына әкеледі.
8. Асфальт өндірісі.
Ластаушылары:шаң, күл, битум буы, Н2 S.
Адам денсаулығына әсері:рак ауруының жоғарлауы.
9. Антибиотиктер өнеркәсібі.
Ластаушылары: пеницилин, стрептомицин, бутилацетан, ксероформ, бутил спирті, фенол, сульфамидті препараттар, сынап буы.[11]
Азаматтардың денсаулығына келтірілген экогендік зиянды өтеу туралы істер жөніндегі дәлелдеудің ерекшеліктері: Еліміздегі тұрақты қолайсыз жағдайды, халықтың экологиялық құқық бұзушылық салдарынан денсаулыққа келтірілген зиянды өтеу үшін сотқа талап қоюы белсенділігін ескере отырып, мұны қоршаған ортаны ластаушыларға әсер етудің бірден-бір тиімді тәсілі деп қарастыруға болады.
Денсаулыққа келтірілген зиянды өтеу туралы іс жөніндегі дәлелдемелерге талаптар мен қарсылықтарын негіздейтін, заңды жолмен алынған кез келген нақты мәліметтер, сондай-ақ істің дұрыс шешілуі үшін маңызы бар өзге де жағдайлар: тараптардың, үшінші жақтардың түсініктемелері, куәлардың жауаптары, заттай дәлелдемелер сарапшылардың қорытындылары, іс жүргізу әрекет-терінің хаттамалары және өзге де құжаттар жатады (ҚР Азаматтық іс жүргізу кодекснің 64-бабы).
Медикалық-экологиялық тұрғыдан денсаулыққа келтірілген зиян ерекше экологиялық аурулардың туындауына, организм қарсылығының бәсеңдеуіне, жағымсыз генетикалық әсерлерге, денсаулықтың бұзылуына, сондай-ақ олармен байланысты тән және жан азаптарына әкеп соқтыруы мүмкін.
Снымен бірге, ҚР Білім, мәдениет және денсаулық қорғау министрлігі жанындағы Денсаулық қорғау комитетінің 1998 жылғы 4 мамырдағы №240 бұйрығымен бекітілген «Денсаулыққа келтірілген зиянға сот-медициналық база беру ережелерінің» 2-т. сәйкес сот-медициналық тұрғыдан денсаулыққа келтірілген зиян деп: сыртқы ортаның әртүрлі (механикалық, физикалық, химиялық, биологиялық, психикалық) факторларының әсері нәтижесінде туындаған органдар мен тканьдердің анатомиялық бүтіндігінің (дене жарақаттары) немесе физиологиялық міндеттерінің бұзылуы болып табылады.
Зиянның экогендік сипатын анықтау үшін денсаулықтың не себептен бұзылғаны анықталуға тиіс. Сондықтан сот-медициналық сараптама кәсіби немесе жалпы еңбек қабілеттілігінің денгейі мәселесін ғана емес, нақты ауру организмнің белгілі бір затпен уланғаны нәтижесі болып табылатыны туралы мәселені, яғни аурудың себептері туралы мәселені шешу қажет.
Сонымен бірге, зиян мен қоршаған ортаның ластануы арасындағы себепті анықтау – күрделі мәселе болып табылады. Оның шешілуі көп жағдайларда экологиялық факторлардың денсаулыққа зиян келтіруі туралы ғылыми білімдердің даму деңгейіне байланысты.
Айталық, корреляциялық-регрессивті тәсілмен алынған материалдарды талдаған кезде баланың денсаулығына әсер ететін әртүрлі факторлар анықталды.[3]
Кесте-5 Баланың денсаулығына әсер ететін әртүрлі факторлар
Достарыңызбен бөлісу: |