Кіріспе тарау ҚР. Тжм. Абай Облысы. Тжд, «Семей қаласы тж басқармасы» мм туралы мәлімет


Басқарманың негізгі міндеттері мен функциялары



бет4/17
Дата06.10.2022
өлшемі3.24 Mb.
#462095
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
отчет 13 ӨСБ.практика

1.2. Басқарманың негізгі міндеттері мен функциялары
Басқармасының негізгі міндеттері: Семей қаласында табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, Азаматтық қорғаныс, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік салааралық үйлестіру саласындағы жоспарлар мен бағдарламаларды іске асыру, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында мемлекеттік бақылау, Абай Облысы Семей қаласы аумағында төтенше жағдайларды алдын алу және жою жүйесінің қызметін қамтамасыз ету.
Басқарма қолданыстағы заңнамаға және оған жүктелген міндеттерге сәйкес келесі функцияларды жүзеге асырады:
төтенше жағдайларды алдын алу және жою, Азаматық қорғаныс, өнеркәсіптік қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік саясаты жүзеге асыруды қамтамасыз ету;
төтенше жағдайларды алдын алу және жою, Азаматық қорғаныс, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздігі бойынша міндеттерді шешуге бағытталған бағдарламалық құжаттарды әзірлеу жөнінде Департаментке ұсыныстар енгізу;
Азаматтық қорғаныс бойынша тұрғындарды, төтенше жағдайлардан алдын алу және жою, Азаматтық қорғаныс ұйымдары мен құрамаларының басшыларын бағдарламалық дайындауды әзірлеу бойынша Департаментке ұсыныстар енгізу;
төтенше жағдайлар саласында мемлекеттік есеп жүргізу;
өрт қауіпсіздігі саласында мемлекеттік есеп жүргізу;
қауіпті өндіріс нысадардың есебін жүргізу;
өз құзіреті шегінде төтенше жағдайларды жоюға басшылықты жүзеге асыру;
төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бойынша іс-шараларда Азаматтық қорғаныс күштеріне, оның қарамағындағы бақылау қызметіне, жағдайды қадағалау, болжамдау және төтенше жағдайлар бойынша автоматтандырылған ақпараттық-басқару жүйесінің қызметіне басшылық жасау;
қолданыстағы заңнамаға сәйкес төтенше жағдайларды жою кезінде ұйымдардың материалдық-техникалық ресурстарын жұмылдыру;
зақымдау құралдарын қолданған жағдайда және Азаматтық қорғаныс топтпарына жататын қалаларда төтенше жағдай туындаған кезде тұрғындарды қорғау және іс-әрекет жағдайларға оқыту.
Азаматық қорғанысты тікелей басқару;
Азаматтық қорғаныс және өрт қауіпсіздігі, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласында жергілікті атқарушы органдардың жұмысын үйлестіру;
бейбіт және соғыс уақытына қаланың, Азаматтық қорғаныс жоспарын әзірлеп, Азаматтық қорғаныс бастығына бекітуге ұсыну және оны іске асыру бойынша басшылықты жүзеге асыру;
Азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлардың алдын алу және жоюға қорғау құралдарын және басқада материалды-техникалық құралдардың қажеттілігін анықтау;
төтенше жағдайлар, өрт және өнеркәсіп қауіпсіздігі, Азаматтық қорғаныс саласындағы нормативтік құқыктық актілерге, нормативтік актілерге, техникалык регламенттерге және әдістемелік нұсқауларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша Департаментке ұсыныстар енгізу;
санатталған қалалар дәрежесіне карай, Азаматтык қорғаныс шаралары-ның инженерлік-техникалық қамтамасыз етуін және көлемі бойынша Департа-ментке ұсыныстар енгізу;
төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі шаралар қауізсіздігі қажеттігі туралы ұйымдармен тұрғындарды мемлекеттік органдарға хабарлан-дыруды ұйымдастыру;
Халыкты хабарлау және байланыс жүйелерін дереу пайдалануға тұрақ-ты әзірлікті ұйымдастыру;
ықтимал су тасқыны, басқадай экзогендік қауіпті, техногендік авария-лар, туралы халыкты және шаруашылық субъектілерді құлалақтандыру мониторинг жүйесін ұйымдастыру;
өнеркәсіп қауіпсіздік саласында, мемлекетік өртті бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
мемлекетік өрт бақылауды жүзеге асыру;
өртпен күресуге ведомства тармағындағы объектілерде және елді мекендердегі өрт бөлімшелерінің дайындығына бақылауды жүзеге асыру;
өрт қауіпсіздігі мәселері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің орындалуына мемлекеттік органдарда, ұйымдарда, кәсіпорындарда бақы-лауды жүзеге асыру;
қауіпті өндірістік объектілерге ғимараттың, құрылыстың, техникалық қондырғыларға, материалдарға техникалық куәландыруды жүргізуге мемле-кеттік бақылауды жүзеге асыру;
ұйымдарда өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргі-зуге дайындығына бақылауды жүзеге асыру;
қауіпті өндіріс объектілеріндегі апаттардың пайда болу себептерін тексеруді ұйымдастыру.
төтенше жағдайларды жою барысында меншік нысанына қарамастан кұрамалармен авариялық құтқару қызметтерінің іс-әрекетің үйлестіру;
табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан халық пен аумақтарды қорғау жөніндегі перспективалық және ағымдағы жоспарларды және оларды жою бойынша іс-қимылдар жоспарларын, сондай-ақ оны тиісті Азаматтық қорғаныс бастығына бекітуге ұсынуды әзірлеу;
өз құзіреті шегінде төтенше жағдайлар туындауға әкеп соққан ава-рияларға, апаттарға тексеруді ұйымдастыру және жүргізу;
өртті табу және сөндірудің автоматтандырылған құралдарын енгізу бойынша шараларды жузеге асыру;
Қазакстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жеке немесе заңды тұлғаның, қызметін жартылай немесе толық тоқтату немесе тыйым салу туралы талап арыздарды жасау және сотқа жіберу;
дала өрттерінің, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары құрылмаған ұйымдар мен елді мекендердегі өрттердің алдын алу және оларды сөндіру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру үшін құрылған өртке қарсы қызметтердің, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктердің (халықтың ерікті өртке қарсы құралымдары) қызметін үйлестіру;
ұйым құрамында қауіпті өндірістік объектілер санатына жататын объектілерді қауіпті өндірістік объектілер сәйкестендіруге негізгі талаптарды белгілеу;
өрт және өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы әкімшілік құқық бұзушы-лықтар туралы іс- құжаттарын жүзеге асыру;
өз құзіреті шегінде өрт жөнінде анықтауды жүзеге асыру;
құрлысы аяқталған кәсіпорындар, ғимараттарды, құрылыстарды және жеке қондырғыларды пайдалануға қабылдау өртке қарсы қызымет нормалары мен ережелерінің талаптарына сәйкестікке келтіру бойынша жұмыс және мемлекеттік комиссиялар жұмысына қатысу;
негізгі қауіпті өндіріс объектілерін пайдалануға қабылдап алу бойынша комиссия жұмысына қатысу.
Салынып жатқан объектілердің олардың жобалау-сметталық-құ-жаттамасына және орындалған құрылыс жұмыстарының өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігін тексеру;
азаматтарға,мемлекеттік ұйымдардың басшыларына аныкталған бұзушылықтарды жою және өртті болдырмау бойынша ic-шараларды жүргізу туралы ұйғарымдар беру;
өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында ҚР заңнама талаптарын бұзушы-лығын жою жөнінде нұсқаманы беру;
Қазақстан Республикасыньң заңнамасына сәйкес ұйымдардың, жеке өндірістердің, өндірістік телімдерін, агрегаттардын, жұмысын ішінара немесе толық тоқтату, субъектілердің өрт қауіпсіздігі нормалары мен ережелерін бұза отырып жүзеге асырған, сондай-ақ ұйымды, объектіні, құрылысты, ғимаратты салу, қайта жаңғырту, кеңейту немесе техникалык қайта жарақтандыру кезінде жобаларда көзделген өрт қауіпсіздігі талаптарын орындамаған кезде ғимараттар мен құрылыстарды, электр желілерін, жылыту аспаптарын және өрт қауіпті жумыстарды жургізуге тыйым салу;
Қазақстан Республикасыньң әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңнамасында көзделген тәртіппен қауіпті өндірістік объектіде авариялық қаупі бар қызметті тоқтата тұру;
адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін ақауы бар техникалык құрылғыларды, өндірісті тоқтата тұруға, тоқтатуға байланысты жағдайларды қоспағанда, бұл бұзушылықтарды жойғанға дейін тыйым салуға құқығы бар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет