Кредиттер мен кепілдіктер:
СБЕРБАНКТІҢ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖӘНЕ ДЕМЕУШІ ҚЫЗМЕТІ
Демеушілік пен қайырымдылық Сбербанк тобының корпоративтік мәдениетінің бөлігі және қоғам өміріне қатысудың дәстүрлі бағыттарының бірі болып табылады.
Сбербанктің әлеуметтік жауапкершілік саласы қайырымдылық көмектен, сондай-ақ бизнесті құқықтық нормаларға сәйкес жүргізу, іскерлік және кәсіби этиканы сақтау мәселелерінен, қызметкерлер, клиенттер және серіктестер алдында міндеттемелерден, сапа менеджментінің халықаралық стандарттарына өтуден тұрады.
Сбербанк білімді, ғылымды, мәдениетті дамыту және қиын жағдайларда душар болған адамдарға көмек көрсету бөлігінде демеушілік пен қайырымдылықпен айналысады. Қазақстандағы Сбербанк бар болған әр аймақта, әрбір Банк филиалына қамқорлығына алынған балалар үйлері бекітілген.
2014 жылғы демеушілік шаралардың көп саны арасында бірқатар аса маңызды шараларды белгілеуге болады:
Қазақстандағы Сбербанктің Еншілес банкі Астана қаласына Мариинский театр гастролінің демеушісі болды және жылы «Астана Опера» труппасының 2015 жылы Санкт-Петербургке жауапты сапарды қолдады.
Білім күні қарсанында «Алақай! Мен мектепке барамын!» қайырымдылық акциясы – Сбербанк Балалар үйінің тәрбиеленушілері мен тұрмысы төмен отбасыларын құттықтады. Мыңнан аса бірінші сыныпқа баратын бала арқа қоржындары мен мектеп жарақтарын сыйлыққа алды.
Сбербанктің 2014 жылдың қазан айының соңында өткен «Жүректен жүрекке» жыл сайынғы қайырымдылық акциясы. Екі мыңнан аса балалар үйінің және интернаттардың тәрбиеленушілері сыйлыққа киім мен ойыншықтар алды.
Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне арналған дәстүрлі шаралар.
Сбербанк өз қызметкерлеріне қатысты әлеуметтік-жауапты саясат жүргізеді және олардың жеке және кәсіби дамуына көп көңіл бөледі. Әлеуметтік пакетін ұсыну, демалыс пен бос уақыт жағдайларын жасау, ішкі коммуникацияларды қолдау, шараларға қатысу – мұнын барлығы банктің корпоративтік мәдениеттің маңызды құраушылары болып табылады. 2014 жылы Сбербанк өзінің жеке Оқу орталығын ашты. Бұл банктің басшылығы мен барлық санаттағы қызметкерлерін оқыту және біліктілігін арттыру үшін бірегей алаңы. 2014 жылдың ең жарқын корпоративтік шаралардың бірі Сбербанкиада болды. Оған бүкіл Қазақстаннан 500 астам қызметкер қатысып, спорттың 9 түрінде жарысты.
Сбербанк АҚ – да бірнеше карточка түрлері бар. Олар:
Visa Electron және Maestro халықаралық карталары – бұл ең төменгі бағаларға банктік қызметтерді қолдануға мүмкіндік беретін бастапқы деңгейдегі карталар.
Ең тиімді тарифтер бойынша ең қолжетімді халықаралық банктік төлем карточкаларының бірі.
Карточка шотын теңгеде, USD және EUR-да ашып, сіз келесі әрекеттерді жасай аласыз:
Қазақстан және шетелде тауарлар мен қызметтерді қолма- қол ақшасыз төлеу
Тауарлар мен қызметтерді Ғаламторда төлеу
Банкоматтардан қолма-қол ақша алу
Сбербанктің банкоматтары мен терминалдары арқылы төлемдер және аударымдар
Картаны қолма-қол немесе қолма-қол ақшасыз тәсілмен толықтыру (картаға аудару)
Бүкіл әлемдегі тауарлар мен қызметтер саласының 5 миллионнан астам кәсіпорындары төлемге VISA картасын қабылдайды.
VISA INSTANT және MC MOMENTUM
Лезде алынатын дебеттік халықаралық төлем картасы, оның ерекшелігі карточканың бетінде ұстаушының аты және тегі жазылмайды.
Visa Instant/MC Momentum сізге қандай жағдайларда қажет болады?
Сізде Сбербанктің төлем картасы болмаса, бірақ:
Іссапарға, шетелге жоспарланбаған сапардың болуына байланысты сізге төлем карточкасын шұғыл алу қажет болғанда;
Сізге Visa Personal Payment/MasterCard MoneySend аударымдары арқылы Сбербанк карточкасының ұстаушысының шотына немесе басқа Банк карточкасының ұстаушысының шотына ақшаны шұғыл аудару қажет болғанда;
Банктің бөлімшесіне бармай, Сбербанкте ашылған депозитіңізді үнемі толықтыру және/немесе кредитіңізді өтеу қажет болғанда;
Коммуналдық төлемдерді, ұялы операторлардың, кабельді теледидар қызметтерін және басқа қызметтерді «Сбербанк ОнЛ@йн Банкинг» жүйесі арқылы төлегіңіз келген жағдайда.
VISA GOLD, GOLD MASTERCARD және UNIONPAY GOLD
Халықаралық Gold карточкасы - бұл қай кезде, қай жерде болғаныңызға қарамастан сіздің сеніміңіз болып табылады! Алтын карточка сіздің жоғары мәртебеңізді айқындап тұрады және сізге қарапайым карточка иелері пайдалана алмайтын артықшылықтарды береді: бүкіл әлем бойынша жеңілдіктер мен арнайы ұсыныстар, бірінші кезектегі қызмет және жеке назар аудару, сондай-ақ сіздін және сіздің ақшаңызды қорғаудың жоғары деңгейі.
Мүмкіндіктері:
Қазақстанда және шетелде тауарлар мен қызметтерге қолма-қол ақшасыз төлеу
Интернетте тауарлар мен қызметтерге төлем жасау
Қазақстан және шетел банкоматтарынан қолма-қол ақша алу
«Сбербанк ОнЛ@йн Банкингтегі» төлемдер мен аударымдар
Сбербанк банкоматтары мен терминалдары бойынша төлемдер және аударымдар
Карточкаларды қолма-қол немесе қолма-қол ақшасыз (картаға аудару) арқылы толықтыру
Visa және MasterCard халықаралық төлем жүйелерінің сыйақы карточкаларына арналған жеңілдіктер мен артықшылықтар бағдарламалары.
VISA PLATINUM, PLATINUM MASTERCARD және UNIONPAY PLATINUM
Platinum картасы – бұл қызмет көрсетудің жаңа деңгейі. Күнделікті істер, демалыс пен саяхаттар жеңіл және жағымды болады. Сіз Ресей және басқа елдерде көптеген артықшылықтар мен арнайы ұсыныстарды қолдана аласыз.
Сбербанктің Platinum картасымен армандарыңызды жүзеге асыруға бағытталған қосымша қаржылық икемділікті аласыз.
Platinum картасының ұстаушысы болып, сіз демалыс пен саяхатты ұйымдастыру сапасына ерекше талаптар қоясыз. Сол үшін біз артықшылықтардың арнайы пакетін әзірледік.
Айрықша сізге арналған – экзотикалық турлар мен керемет қонақүйлер, лимузиндерді жалға алу мен ерекше әсер ететін шоппинг, қиял-ғажайып ойын-сауықтар және үздік мейрамханалар. Сізді қалай таң қалдыру керек екенін білеміз! Тек демалып, рахаттануыңызға болады.
Сбербанктің кредиттік картасы
2 500 000 теңгеге дейінгі сомаға қаражатты тез алу мүмкіндігі.
Кредит сомасы: кез келген мақсаттарға 2 500 000 теңгеге дейін
Пайыздық мөлшерлеме: 19% бастап теңгемен (ЖТСМ 20,6% бастап)
Кредит мерзімі: 1 жылға дейін әрбір кейінгі 12 күнтізбелік айға мерзімін автоматты түрде бірнеше рет ұзарту мүмкіндігімен
Кредит мақсаты
|
Тұтынушылық мақсаттарға
|
Кредит валютасы
|
Теңге;
АҚШ доллары – тек қана салым кепіліне
|
Кредиттің ең аз сомасы
|
50 000 теңге немесе валютадағы баламасы
|
Кредит сомасы
|
Банк салымшылары үшін (депозит кепіліне) –салым сомасының 90% дейін
Басқалар үшін - 2 500 000 теңгеге дейін
|
Жеңілдік кезеңі
|
Күнтізбелік есепті айдан кейінгі әр айдың 20- күніне дейін**, берешек толық өтелген кезде.
** Есепті кезең кредитті пайдаланатын айдың бірінші күнінен бастап соңғы күніне дейін.
|
Ең аз ай сайынғы төлем
|
Негізгі қарызды өтеу есебіне пайдаланылған лимит сомасының 5%
+ пайдаланылған кредиттік лимит сомасына есептелген сыйақы.
|
Комиссиялар
|
Банктің стандартты тарифтеріне сәйкес
|
Негізгі артықшылықтары:
- Кепілсіз және кез келген мақсаттарға;
- Тек қана 1 құжат – жеке басты куаландыратын құжат;
- жеңілдік кезеңі 50 күн;
- Сбербанк қызметкерлері үшін арнайы талаптар;
- Біз төлем карточкаларын ұсынамыз: VISA Electron/Maestro, VISA Classic/MasterCard Standard, VISA Gold/MasterCard Gold,VISA Platinum/MasterCard Platinum, VISA Infinite/MasterCard World Elite, VISA Infinite Exclusive.
2014 жылы Сбербанк бірқатар маркетингтік және PR-бағдарламалар іске асырылды, банктік өнімдерді сату, клиенттерге бағытталған және қызмет көрсету сапасын арттыру деңгейі. Сәтті жүзеге асырылған жарнамалық
науқан өнімдері бойынша – депозиттер, несиелер, ипотека, қайта қаржыландыру, ақша аудармалар, Сбербанк Онлайн атауға болады.
Басқа маркетингтік іс-шаралар өнімдерді жылжыту мен қызметтерді Сбербанктің бөлігінде даму тікелей бағытталған. Сондай – ақ жүзеге асырылған жобалар: стратегиялық маркетинг, халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру, маркетингтік зерттеулер жүргізу, BTL-акциялар ұлттық және өңірлік деңгейі.
"Сбербанк" АҚ ЕБ қазақстандық қаржы нарығында қарқынды дамуына мүмкіндік берді. Банк өз позициясын нығайту үшін нарықтық көрсеткіштерді, яғни TOP-5 ірі банктер қатарына кіру және Қазақстандық банк жүйесінің үлесін 7% дейін көтеру.
Банк келесі стратегиялық жоспарларды жүзеге асыра бастады:
• "несие фабрикасы" технологиясын енгізу;
• корпоративтік және бөлшек сауда блоктарында CRM жүйесін енгізу ;
• "Hunter" жүйесін енгізу;
• халықаралық ақша аударымдарының Колибри-онлайн жүйесін дамытуды жүргізу;
• "Сбербанк онлайн" жеке тұлғаларға арналған интернет-банкинг жүйесі;
• Union pay International (Қытай) төлем карталары;
Сбербанк АҚ – ның 2014 – 2018 жылға арналған стратегиялық дамуы негізделді. Алдына қойған негізгі мақсаттары: корпоративтік секторларды дамыту, қазіргі заманғы жоғары технологиялық жобаларды кеңейтуге өнімділік енгізу, филиалдық желілері мен арналарын клиенттер үшін дамыту.
Банктің 2016 жылға арналған негізгі міндеттері:
• Өтімділікті қамтамасыз ету;
• Тиімділігін арттыру (қызметкерлерінің және сату нүктелері);
• операциялық шығыстарды қысқарту;
• Несие портфелінің сапасын жақсарту.
2016-18 жылдарға арналған жоспар келесілерден тұрады:
• корпорациялық қорландыруды тарту бойынша жетекші позициялардың сақтау сегменті;
• Даму сегменті бойынша шағын және орта бизнес субъектілеріне клиенттерді тарту;
• Үздік портфельдік тәжірибелерді қолдана отырып сапа мен жоғары тәжірибелерге аса мән беріп олардың санын көбейту;
Қазақстанды индустрияландыру бағдарламасына қатысу тобының тәжірибесін пайдалана отырып индустриялық жобаларды қаржыландыруға жинақтар мен қашықтан дамыту арқылы, соның ішінде, транзакциялық банкинг дамуын қайталайтын өз клиенттері үшін негізгі есеп айырысу қызметін дамыту жолдарын қарастыру.
Банктің 2010 жылы стратегиясы қабылағаннан кейінгі көлемі корпоративтік блогының бизнесі айтарлықтай өсті. Көлемінің елеулі өсуі ұйымдық құрылымның өзгеруіне әкеп соқты. Өзгеріс бойынша клиенттерді сегменттеу үш бағыт бойынша: ірі клиенттер, орта бизнес және шағын бизнес жүргізілді. Тиімді жұмыс істеу үшін әрбір сегменті қайта құру үшін блок және жекелеген бөлімшелер құрылды.
Бизнесті әртараптандыру бойынша бірінші кезекте шағын және орта бизнес үлесін арттыру, сондай-ақ дамыту нәтижесінде және транзакциялық қызметтерді ұсыну, корпоративтік және инвестициялық банкинг жоспарланып отыр.
2014-18 жж. арналған корпоративтік бизнес стратегиясының міндеттері болып табылады:
• корпоративтік сегментті қорландыру, көшбасшылық позицияны сақтап қалу;
• шағын және орта бизнес сегментінде клиенттер санының ұлғайып өсуі;
• сбербанк тобының несиелік портфель корпоративтік бизнес қолдана отырып үздік сапа көрсету;
• Қазақстанның индустрияландыру бағдарламасын қолдана отырып, Сбербанк тобының индустриялық жобаларды қаржыландыру; т.б
ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМ
Мен өндірістік тәжірибемді Ақтау қаласындағы «Сбербанк» АҚ ЕБ «Звезда Актау» №6 ФҚБ – да 4 шілдеден бастап 6 тамыз 2016ж аралығында өттім. Өндірістік тәжірибеден өту барысында төмендегідей жұмыстармен таныстым.
04.07.2016 – 07.07.2016жж
Мен өндірістік тәжірибе өтуге келдім. Келген күні кадр бөлімінің бас маманы мені бөлім қызметкерлерімен танысып, қастарында көмекші – тәжірибеші болып істедім. Бірінші күні келіп банкке қатысты іс құжаттарымен, сондай – ақ нормативтік актілер ережелерімен, ұйымдастырушылық құрылымымен таныстым.
«Сбербанк» АҚ маған жетекші ретінде Цветкова Г.Л тағайындалды. Маған кадр бөліміндегі маман Цветкова Г.Л бөлімге келіп барлық құжаттармен таныстырды. Өзіме тиісті құжаттарды оқып, танысып шықтым.
08.07.2016 – 14.07.2016жж
Мен «Сбербанк» АҚ қандай қызмет түрлері атқарылатындығымен таныстым, яғни олар:
Банктік шоттарды ашу және оған қажетті құжаттамалармен, сондай – ақ банктік шоттардың нөмірленуі;
Құжаттарды қабылдау мен тексеру және олардың ағымдағы немесе басқа шоттардан төлеуді рәсімдеумен, сондай – ақ наразылықтарды қанағаттандыру кезегін сақтау тәртібін ұйымдастырумен;
Клиенттерге чек кітапшаларын беру және чектермен операция жүргізу;
Қарыз алушының несие төлеу қабілеттілігін ескере отырып, қарыз шоттарын ашу;
Қарыз бойынша шұғыл міндеттемелер карточкасын жүргізу, қарызды мерзімінде төлеу, сондай-ақ қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді несиелерге пайыз есептеу мен өндіріп алуға байланысты операцияларды жүргізу.
15.07.2016 – 22.07.2016жж
Қызметкерлердің барлығымен жақсы араласып,тез тіл табысып, клиенттермен жұмыс жасап тәжірибе жинай бастадым. Жетекшім Галина Леанидовна мені жеке тұлғаларға қызмет көрсету бөліміне жіберді. Бұл бөлімде маған Айнұр Мұратқызы жауапты маман болды. Мен бұл бөлімде жеке тұлғаларға қатысты көптеген ақпараттармен таныстым.
25.07.2016 – 03.08.2016жж
Жеке тұлғалар бөлімінде жұмысымды толығымен меңгеру үшін және де клиенттердің қажеттіліктерін толығымен қамтамасыз ету үшін оларды кезек – кезегімен қабылдап, қажетті құжаттарды қабылдау арқылы және оларға несие, төлем аудару, ақша жинақтау және сақтау т.б туралы ақпараттарды жеткізіп, таныстырып өттім. Яғни жеке тұлғаларға несие беру тәртібі туралы таныстым. Олар:
Берілетін несие мөлшерін анықтау және банктің заңды және жеке тұлғалармен несие келісімшартына отыру тәртібін, бұл келісімшарттар мазмұнын, атап айтқанда тараптардың құқығы мен міндеттерін, несие келісім шарттарын бұзған үшін санкцияны игеру керек, кепілдік құқықты рәсімдеу және оны пайдалануды тексеру тәртібіне ерекше көңіл бөлінуі тиіс;
Қарыз алушының несие төлеу қабілеттілігі дәрежесін бағалау әдісін игеру, салық ерекшеліктерін клиенттің меншік нысаны мен несиенің мақсаттылығын ескере отырып, клиенттің несие төлей алу қабілеттілігін бағалау тәртібі және критерийлері;
Банктің сенімгерлік, тауарлық – комиссиялық, қоймалық және лизинг сиақты басқада операцияларын зерделеу;
Тәуекел несиелерін беру тәжірибесін зерделеп, оларды сақтандыру әдісін игеру, т.б
Есеп беру және валюта операциялары бөлімінде:
Айырбастау пунктерінің жұмысымен танысу;
Шетел банктерінде корреспонденттік шот ашу тәртібін және банктер арасындағы өзара қатынас құрылымын зерделеу;
Несие желісін шетел валютасымен ашу тәртібін зерделеуімен таныстым.
03.08.2016 – 06.08.2016жж
Есепші қызметін толығымен меңгердім. Тәжірибелік апта соңында есептеме жазуға арналған қажетті ақпараттар мен құжаттарды жинақтап, әдістемелік нұсқаулыққа байланысты есептемені дайындаумен айналыстым. «Сбербанк» АҚ үйренгендерім өте көп, сондай – ақ осы үйренгендерімді алдағы жұмыс уақытында пайдалануға тырысамын.
ҚОРЫТЫНДЫ
Тәжірибе өту барысында банк ережелерімен, құрылымымен және қызметімен таныстым. Соның ішінде:
Банктік шоттарды ашу және оған қажетті құжаттамалармен, сондай – ақ банктік шоттардың нөмірленуі;
Құжаттарды қабылдау мен тексеру және олардың ағымдағы немесе басқа шоттардан төлеуді рәсімдеумен, сондай – ақ наразылықтарды қанағаттандыру кезегін сақтау тәртібін ұйымдастырумен;
Клиенттерге чек кітапшаларын беру және чектермен операция жүргізу;
Қарыз алушының несие төлеу қабілеттілігін ескере отырып, қарыз шоттарын ашу;
Қарыз бойынша шұғыл міндеттемелер карточкасын жүргізу, қарызды мерзімінде төлеу, сондай-ақ қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді несиелерге пайыз есептеу мен өндіріп алуға байланысты операцияларды жүргізу.
Банктік жүйеде әрбір атқаратын іске аса мән беріп қарау керек. Тәжірибенің өту барысында өз мамандығымның қыр сырларын толықтай зерттеп, білікті менеджер қызметін қалай атқару керектігін, ұйымның мақсатына жету үшін жоғары табыс табу мақсатында қандай іс әрекеттер жасалуы керектігін үйрендім. Тәжірибеден өту кезінде әртүрлі мақсаттағы несие берудің маңыздылығы, банкоматтық карта түрлерін, жалақы пакетерін, сыйлыққа арналған әртүрлі манеталар, жоғары пайызбен жинақталатын депозит түрлерімен таныстым. Осы 1 ай өндірістік тәжірибе уақытында білікті маман болуға көптеген ақпараттар алдым.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
www.sberbank.kz
«Банковское дело» Лаврушин О.И. - М., 768 стр., 2008 год.
«Банковское дело. Управление в современном банке» Ольхова Р.Г. - М., 288 стр., 2008 год.
«Банковское дело: современная система кредитования» Лаврушин О.И., Афанасьева О.Н. - М., 264 стр., 2007 год.
«Ипотечное кредитование. История, теория, перспективы, рекомендации» Шелков О.В. - М., 2007 год.
Достарыңызбен бөлісу: |