Кіріспе зерттеу тақырыбының өзектілігі


Экологиялық зардапты қалпына келтіру



бет3/4
Дата13.06.2016
өлшемі348.5 Kb.
#133663
1   2   3   4

2. 2. Экологиялық зардапты қалпына келтіру

Қазақстан Республикасының Конституциясында экологиялық құқығы бұзылып, адамның денсаулығына немесе мүлкіне зиян келген жағдайда оны қайта қалпына келтіру құқығын қарастырған. Осындай құқық Экология кодексінде қарастырылған.

Адамның және азаматтың жеке және заңды тұлғалар арқылы экологиялық құқығының бұзылуының белгілі бір құқықтық салдары бар. Егер адамның және азаматтың денсаулығы мен мүлкіне зардабы тиген болса, ондай зардап белгіленген заң бойынша қалпына келтірілуі тиіс.

Зардапты қалпына келтіру тәртібі Қазақстан Республикасының Экология кодексімен реттеледі (86-90-баптар).

Алайда Азаматтық кодексте қоршаған ортаға жайсыз әсер етуші қатынастарды құқықтық жағынан реттеудің жалпы формалары қамтылмаған. Ол тек қоршаған ортаға жайсыз әсер ету нәтижесінде денсаулыққа немесе мүлікке зардабы тиген жекелеген оқиғаларды ғана ретке келтіреді. Экологиялық құқық бұзушылық үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілік құқық бұзушыға артылады, ол тиісінше жәбірленушіге заттай немесе моральдық зиян өтемін өтеуге тиіс.

Қолданыстағы Экологиялық кодексте «экологиялық зардап» ұғымына анықтама берілмеген. Осы ақтаңдақтың орнын толтыру мақсатында заң туралы еңбектерде біраз мәселелер айтылды. Мысалы, Қ.Таукеннің пікірінше, экологиялық зардап дегеніміз – бұл экологиялық қолайсыз жағдайда ластанған табиғи ресурстарды (су, ауа), химиялық заттар араласқан азық-түлік өнімдерін пайдаланған және зиянды физикалық әсері бар (шу, радиация, электромагниттік өріс) жерде тұрумен байланысты келеңсіз генетикалық әсері бар, денсаулықты бұзып, ауруға әкеп соқтыратын зардап.[]

Біздің көзқарасымызша анықтамасы нақтырақ және дұрысырақ болып табылады. Экологиялық зардап дегеніміз – құқықтық экологиялық талаптардың бұзылу салдарынан болған және сол себепті материалдық және материалдық емес игіліктердің, оның ішінде заңмен қорғалатын адам өмірі мен денсаулығына, жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың мүліктеріне де нұқсан келетін қоршаған орта жай-күйінің нашарлауы.

- Қоршаған табиғи ортаның қолайсыз әсерінен адам өмірі мен денсаулығына келетін зардап оның ағзасының өміршеңдік, биологиялық қызметтерінің толық немесе жартылай жойылуына әкеп соқтырады. Зардап түрі адам өмірі мен денсаулығына нұқсан келтіретін антропологиялық түріне жатады. Зардап салдары адамның денсаулығын жоғалтумен байланысты болады.

1998 жылғы 5 шілдедегі «экологиялық құқық бұзу жауапкершілігі туралы заңнаманың сотта қолданылу практикасы туралы» Қазақстан Республикасының Жоғары Соты Пленумының қаулысына сәйкес адам өміріне тигізетін зардабы оның денсаулығын, еңбекке деген қабілетін жоғалтумен, бір немесе бірнеше адамның ауыр, орташа немесе жеңіл жарақат алумен сипатталады.

Бұл жерде келеңсіз салдар көзі В.Т.Абрамов атап өткендей: «Бұл экологиялық құқық бұзылған жағдайда оның адам денсаулығына немесе мүлкіне тигізетін зардабымен түсіндіріледі». [ ]

Экологиялық құқық бұзылып, оның адам өміріне немесе мүлкіне тигізетін әсеріне деген конституциялық құқықты азаматтардың экологиялық құқығын жүзеге асырудың маңызды заңды кепілдігі ретінде қарастыруға болады.

Зардапты қалпына келтіру сот және соттан тыс тәртіп бойынша іске асырылады. Оның амалдары әртүрлі болуы мүмкін:

Ауырған жағдайда, оның ішінде қоршаған ортаның ластануына байланысты жұмыскерге уақытша жұмысқа жарамсыздығы жөнінде парағын беру;

Қоршаған қолайсыз ортаның адам денсаулығына әсер етуіне байланысты мүгедектікке шығару;

Қоршаған қолайсыз ортаның келеңсіз әсерінен жәбірленушіні әлеуметтік-экологиялық қорғау шараларына, жеңілдіктер мен өтемақыларға ұсыну;

Қоршаған ортаның ластануынан азаматтың денсаулығы мен мүлкіне тигізген зардап орнын қамсыздандыру;

Сот шешіміне бойынша азаматтың денсаулығы мен мүлкіне тиген зардапты қалпына келтіру;

Зардапты қалпына толтыру принциптері Қазақстан Республикасының Экология Кодексінің баптарында көрініс тапқан.

Олар: - тигізген зардапты толық көлемде қалпына келтіру

заңда немесе келісім шартта қаралғандай жәбірленушіге зардап шығынын өтемақы түрінде өтеу;

зардап шектіруші өзінің кінәсі жоқ екендігін дәлелдеген жағдайда зардап орнын толтырудан босату;

зардап шектіруші болмаған күнде де зардап орнын толтыру жағы қаралуы мүмкін;

егер заңда қаралған болса, құқықтық әрекеттер арқылы келтірілген зардап шығынының орынын толтыруға тура келеді;

келешекте зардаптың қауіп төндіру мүмкіндігі іс әрекетті тоқтату жөніндегі арыз шағым жазуға негіз болады, ондай қауіп төнген жағдайда сот жауап берушіні тек шығын орынын толтыруға ғана емес, кәсіпорын жұмысын тоқтатуға міндеттеуге құқылы.

Заңды тұлға немесе жеке тұлға және оның жұмысшысы еңбек ету барысында зиян шеккен болса, зардап шығынын көтереді;

Жұмыс кезінде айналасындағыларға қауіп төндіретіндей болса, заңды тұлғалар мен азаматтар шығын орнын толтыруға міндетті.

- Қоршаған ортаны ластауға, ядролық энергияны пайдалануға байланысты іс-әрекеттер, вирация, магниттік өріс әсері қауіптілігі жоғары белгілерге сәйкес келеді. Сондықтан болар қауіптілігі жоғары деп есептеліп, шығын өтемі талап етіледі. Қолда бар деректерге қарағанда, тұрғындардың 20-30 пайызының ауруы, қоршаған ортаның ластану әрекетімен тікелей байланысты. Бұл деректер экологиялық құқығы бұзылып, адам денсаулығына немесе мүлкіне зардабы тигені үшін оның конституциялық құқығын қорғау проблемасының өткір және өзекті екендігін көрсетеді.

Келтірілген шығын орынын толтыру қоршаған табиғи ортаның үнемі, үздіксіз әсер етуіне (яғни экологиялық жайсыз аймақта тұру), немесе бір рет не бірнеше рет қайталанған жағдайларға да (ластанған табиғи ресурстар: су, ауа, табиғи азық-түлік өнімдері, сондай – ақ физикалық зиянды әсерлер: шуыл, радиация электромагниттік өріс және т.б) байланысты болады.

Бірінші жағдайда келген шығын орынын толтыру талассыз жүргізіледі (экологиялық жағынан ластанған аймақта тұрудың өзі заңды фактіге негіз болып табылады.), мұнда экологиялық жәрдем ақы төленіп, нақты жеңілдіктер т.б. жасалады. Ал екінші жағдай сот тәртібі бойынша шешіледі.

Қоршаған ортаның ластану нәтижесінде азаматтың денсаулығына тиген зардапты қалпына келтіру үшін және де уақытша жұмысқа жарамсыздығы үшін төленетін өтемақы қалыпты болып есептеледі. Жәбірленушіге шеккен зардабын қалпына келтіру үшін бұл жағдайда медициналық мекеме көмегіне жүгінуге тура келеді, онда уақытша жұмысқа жарамсыздығы туралы қағаз алады немесе дәрігерлік еңбек сараптама комиссиясының қорытындысы бойынша медициналық және әлеуметтік қамсыздандыру, басқа да материалдық көмек есебінен жәрдемақы қамтамасыз етіледі.

Азаматтың денсаулығына тиген шығын орынын толтырудың тағы бір түрі - ол жәбірленушінің өзіне төлеген жәрдемақыға немесе зейнетақыға қанағаттанбауы. Мұндай жағдайда ол өзіне зардап келтіруші адамнан шеккен шығын орынын толық өтеуді талап етеді, мәселен, емделуге және талап денсаулығын қалпына келтіруге кеткен шығындар, ауруды күтуге кеткен шығындар, тұрғылықты жерін, мамандығын ауыстыруға байланысты кеткен шығындар, сондай-ақ моральдық шығындар. Жәбірленуші бұл жағдайда зардап орынын қалпына келтіруге деген өзінің құқығын қорғау үшін өз талаптарын негіздеуге мәжбүр бола отырып, денсаулығына келген зиянды, қоршаған табиғи ортаның ластануынан денсаулығына келген зиянды, сондай-ақ қоршаған ортаның ластануы мен ластандырушы өнеркәсіп, өндіріс орындары, ұйымдар мен азаматтардың арасындағы себептік байланысты дәлелдеп көрсете алуы тиіс.

Қоршаған қолайлы ортаға деген құқықты қорғаумен байланысты мәселелерді шешуде зардапты қалпына келтіру механизмі мен оның алдын алу маңызды болып табылады.

Біріншіден, зардап экологиялық болып табыла ма, жоқ па, соны анықтап алған жөн. Өндірістік немесе әлеуметтік зардап проблемалары біздің зерттеу пәніміз болып табылмайды. Сапасыз азық-түлік өнімдерінен болған зардапты қалпына келтіруді кешенді түрде жан-жақты шешкен дұрыс, себебі зиянды қасиеттерін қалыптастырған өндіріс технологиясының бұзылуы ма, әлде химияланған шикізат па - осы жағын нақтылап алған жөн.

Адамның өндіруге еңбегі жұмсалмаған табиғи өнімдер химиялық заттармен уланған болса, төмендегі ереже бойынша зардап орынын толтыру ұсынылады. Су құбырындағы сулардың құрамында минералды және басқа химиялық элементтердің шамадан тыс болуы экологияға жатады.

Экогендік зардап латенттік сипатқа ие. Экогендік зардапты қалпына келтіру материалдық және материалдық емес формаларда болады.

Қалпына келтірудің нақты тәртібі зардаптың құқыққа қарсы ма, әлде жоқ па - сол жағын анықтау заңдық біліктілікке байланысты. Құқыққа қарсы түрі құқық бұзушылық ретінде танылады. Экогенді зардаптың құқықта танылған түрі санитарлық-гигиеналық және өндірістік нормативтер мен стандарттардың сақталуымен анықталады.

Егер зардап құқықта танылған болса, оның орынын толтыру санитарлық-гигиеналық, сауықтыру, профилактикалық іс-шараларға жарым-жартылай өтемақы жасау арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

Белгілі Ресейлік ғалым М.И.Васильева табиғатты пайдаланудың ақылы жүйесіне мыналарды қосуды ұсынады: біріншіден, автокөлік иелеріне оның көлігінің техникалық сипатына қарай салық салу; екіншіден, тұрмыстық қоқыс заттарды жоюға байланысты шығынды қаржыландыруға бағытталған жарна; үшіншіден, технологиялық қажеттілікке жіберілетін төлемдер. [ ]

Зардапты қалпына келтіру мөлшері такса мен шығынды есептеу әдістемесіне сәйкес анықталады.

Мұнда сот азаматтың мүліктік жағдайларын ескере отырып, шығынды қалпына келтіру мөлшерін азайтуға құқылы (ҚР АЗЖІК).

Сот қаланың сол ауданына сәйкес зиянды заттардың ауада таралуы мен сауда орын алу деңгейі жөніндегі экологиялық мониторинг деректерімен және медициналық қорытындыда көрсеткендей, ауру басталған сәттен бастап қалдықтардың саны мен сапасы жөнінде таныс болуы тиіс. Тиісті құжаттарды соттың өзі талап етеді. Адамдар тобы жарақат алған жағдайда себебін анықтаудың қарапайым тәртібі де жүргізіледі: олардың әрқайсысына сараптама жүргізу міндетті емес, зардапты қалпына келтіру үшін медициналық куәландыру мен оларды тізімге енгізу жеткілікті.

Қажет болса, 2006жыл 7 шілдедегі «Азаматтардың денсаулығын сақтау туралы» Қазақстан Республикасы заңының негізіне сәйкес жеке тұлғаның жазбаша өтінішіне байланысты медициналық-әлеуметтік сараптама тағайындалады.

Осы категория бойынша соттық-экологиялық сараптама жүргізілуі мүмкін. Азаматтық істерді соттың қарауындағы мұндай сараптау жұмыстары дәлелді мүмкіндіктері әлі де толық бағаланбағандықтан, болашақтың еншісіне жатқызылуы мүмкін.

Зардапты қалпына келтіру сондай-ақ арыз-шағымсыз, қоршаған ортаны ластаушы кәсіпорындардың азаматттық-құқықтық қамсыздандырылуы бойынша солардың жарнасынан құрылған арнайы қор арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

Мұндай қамсыздандыру экономикалық тұрғыдан алып қарағанда қамсыздандыру қорын құраудың бір формасы ретінде көрінеді, оның әлеуметтік мақсаты - жәбірленушінің мүддесін толық қамтамасыз ету.

- Заңдық тұрғыдан алып қарағанда, қамсыздандыру-қамсызданушы мен қамсыздандырушы арасындағы құқықтық қатынас.

Қазақстан Республикасының Экология кодексінде (23-бап) экологиялық қамсыздандыруды енгізудің құқықтық негіздері қарастырылған.

Экологиялық тәуекел етуді қамсыздандыру мен экологиялық апаттардан мүлікті қамсыздандырудың ара жігін анықтап алған жөн.

Шет елдерде қамсыздандырудың экологиялық түрлеріне бірінші экологиялық апаттардан жеке объектілерді емес, экологиялық тәуекел етуді қамсыздандыру жағын жатқызады. Біздің елімізде әлеуметтік қамсыздандырудың экологиялық түрлері қолданылмаған.

Жүргізілу тәсіліне қарай әлеуметтік қамсыздандырудың 2 формасын ажыратып көрсетеді: міндетті және ерікті. Біздің елімізде мемлекеттік қамсыздандыру заң жүзінде іске асырылады да, қамсызданушымен қамсыздандырушы арасындағы келісім-шартты талап етпейді.

Мемлекеттік міндетті әлеуметтік қамсыздандыру заңнамалық актілер негізінде жүзеге асырылады, онда қамсыздандыру объектілерінің тізбесі, қамсыздандыруды жүргізу шарттары мен тәртібі, қамсыздандыру жауапкершілігінің көлемі, қамсыздандыруды қамтамасыз ету деңгейі, тарифтік ставкаларды құру принциптері мен қамсыздандыру төлемін төлеу мерзімі анықталады. Қамсыздандыру органдары қамсыздандырудың міндетті түрлері бойынша жыл сайын қамсыздандыруға тиісті мүлікті тіркеуден өткізіп, қамсыздандыру төлемін алып отыруға міндетті. Қамсызданушы берілген төлемді заңда белгіленген мерзім ішінде төлеп отыруға тиіс.

Ерікті қамсыздандыру қамсыздандырушы ұйым мен қамсызданушы арасында болған ерікті келісім-шарт негізінде жүзеге асырылады. Қамсыздандырудың ерікті түрі таңдау негізінде болады, онда объектіні толық түгелімен қамту жағы бола бермейді.

Бұрын ерікті қамсыздандырудың әр түрі бойынша келісім-шарттар - кооперативтік және қоғамдық ұйымдардың, мемлекеттік кәсіпорындардың (бірлестіктердің), тұрғындардың мүлкін, жеке басты қамсыздандыру - Мемлекеттік қамсыздандыруда жасалып, Қаржы Министрлігіне бекітілетін. Қазіргі таңда Ресей территориясында мемлекеттік қамсыздандыру органдарында монополизм жайлаған уақытта ерікті қамсыздандыру түрлерінің ережелерін қамсыздандыру ұйымдары өз бетінше жасайды және лицензия негізінде жүргізіледі.

Қазақстан Республикасының «Әлеуметтік қамсыздандыру туралы» Заңына сәйкес қамсыздандыру әрекетін жүргізуге берілетін лицензиялар мен қамсыздандыру әрекетін лицензиялаудың негізгі және ерекше шарттарын белгілеу Қазақстан Республикасының аумағында қамсыздандыру әрекетіне қадағалау жасайтын ұйымдардың қызметінің құзыретіне кіреді.

Қоршаған ортаның ластануына себепкер болатын зардап үшін қамсыздандырудың жауапкершілік шарттары мынадай:

келісім-шарт жасауда тәуекелге барудың қатаң есеп деңгейі міндетті түрде болуға тиіс;

қамсызданушымен келісім-шарт бойынша шығынның орынын толтыру өтемін төлеу;

ластану түріне және келтірілген зардапқа байланысты қамсыздандыру өтемін төлеу;

шығынның орынын толтыру мөлшерін шектеу;

Шетелдіктердің тәжірибесін ескере отырып, экологиялық қамсыздандыруды ендіруде бірінші кезекте ерікті немесе міндетті экологиялық тәуекелге баруды қамсыздандыру мәселесін қарастырған жөн.

Мемлекеттік міндетті қамсыздандыруды ендіру үшін нормативтік құжаттармен қамсыздандыратын жағдайлар тізбесін анықтап алу қажет; оның ішінде ластанған заттардың әсеріне жеке тұлғалардың ауруға шалдығуы, оларға өтемақының қамсыздандыру есебінен төленуі; медициналық куәландыру тәртібі және тұрғындарға өтемақы төлеу мөлшерін анықтау; мүліктің, топырақтың, жердің, орманның және т.б. бүлінуіне немесе құруына байланысты зардапты қалпына келтіру деңгейі, ластанған территорияны тазалауға кеткен шығын көлемі.

Бұл ұзақ уақытты қажет етеді. Қазіргі таңда мемлекеттік экологиялық қамсыздандыру қорының қандай қаржының есебінен құрылатыны беймәлім. Елдегі экономикалық құлдырау жағдайында мемлекеттік экологиялық қамсыздандыру қорының қалыптасуына Республикалық бюджеттен қаржының бөліне қоюы екі талай.

Сондықтан мемлекеттік міндетті экологиялық қамсыздандыруды енгізу үшін (еріктіден ерекшелігі) тиісті заңның қабылдануы қажет, онда қамсыздандыру ұйымы (бірнеше қамсыздандыру ұйымы) тек анықталып қана қоймай, мемлекеттік экологиялық қамсыздандыру қорының құрылу тәртібі мен қызметі де белгіленген болар еді.

Мұндай құралдың болуы жәбірленушіге қандай да бір субъективтік жағдайларға қарамастан, соған тиісті соманы түгел алуға кепілдік берер еді. Басқаша айтқанда, қамсыздандыру қоры шығынның орнын жабудың және қолданыстағы заңдық нормаларының орындалуына кепілдік берген болар еді.

Қазіргі кезде қалдық шығару мөлшерін қысқарту жұмыстары бойынша іс-шараларды қаржыландыру үшін қор құру мәселесі өткір қойылуда.

Қамсыздандыру қорын құру профилактикалық іс-шараларды жүргізу үшін кез келген экогендік зиян орнын толтыру қажеттілігімен байланысты.

Қазақстан Республикасының Конституциясының жалпы принциптеріне сәйкес жеке азаматқа немесе оның, сондай-ақ заңды тұлғаның мүлкіне келген зардапты толық қалпына келтіру міндеттеледі.

1993 жылы Қазақстанда жекешелендіру кезеңінде және шетелдік инвестициялар кәсіпорыны құрыла бастаған кезеңде бұл өзекті проблема болып табылды.

Қазақстан Республикасының экологиялық кодексіне сәйкес зардапты қалпына келтірудің қарастырып отырған екі амалын сот бір шешіммен жауап берушіден өндіре және оны зиянды әсерді азайтуға, кешені көгалдандыруға, санаторий тұрғызуға міндеттей алады. Бұл іс-шара материалдық емес зардапты ақшалай қалпына келтіруге қатысты баламалы түрде жүзеге асырылады.

М.И.Васильеваның пікірі бойынша, қоршаған қолайсыз орта жай-күйі есебінен төмендеген өмір сүру деңгейін әлеуметтік, тұрмыстық, мәдени сипаттағы жеңілдіктермен толтыруға болады:

- аймақтағы экологиялық жағдайға байланысты тұрғын үй төлемін дифференциялау;

- экологиялық аймақ деп жарияланған тұрақты қолайсыз жағдайдағы аймақ тұрғындарының айлық жалақысының өсуі, азық-түлік және медициналық көмектің жақсартылу жағы қолға алынуы тиіс;

- қауіпсіз өндіріс орындары салыну көзделген аудан тұрғын үй құрылысы, коммуникация жағынан ведомстволық құрылыс есебін қаржыланып, жабдықталуы тиіс. [ ]

Қазақстан заңнамасында экологиялық құқық бұзылған жағдайда адам денсаулығы мен мүлкіне келген зардап орнын толтырып қана қоймай, моральдық жарақат немесе моральдық зиян орнын толтыру жағы қарастырылған. Моральдық зиян деп азаматтың тиісті матераилдық емес игіліктеріне зардабы тигенде немесе оның жеке мүліктік емес немесе мүліктік құқығын бұзғанда уайым-қайғыға берілуін айтады (1994ж. 20 желтоқсандағы ҚР Жоғары Соты Пленумының қаулысы, п.2, №10).

ҚР МК 3-п, 1099-бабына сәйкес моральдық зиян өтемі мүліктік зардапты қалпына келтіруден тыс жүзеге асырылатынын білген жөн.

Моральдық зиян өтемін талап ету дегеніміз - субъективтік құқық иесіне жеке мүліктік емес және басқа да материалдық емес игіліктердің өзгеруіне байланысты туындайтын талап-тілектер.

Моральдық зиян көлемін анықтауда сот «зиян шеккен жеке тұлғаның индвивдуалдық ерекшеліктерін ескере отырып, уайым-қайғыға берілу деңгейін» (ҚР АІЖК, 151-бап) және қандай жағдайда, қандай амалдар арқылы болғанын дәлелдейтін фактілерді ескеру тиіс.

Сот айғақ ретінде дене жарақатын алғанын, ауырғанын, функционалдық, психологиялық бұзылыстардың болғанын, оның денсаулығына деген шағымын, сондай-ақ оған көрсетілген медициналық көмек сипатын дәлелдейтін медициналық құжаттарды талап етеді.

Қажет болған жағдайда жәбірленуші қосымша медициналық тексерілуге не соттық-седициналық сараптамаға жіберілуі мүмкін.

Біздің ойымызша, Федералдық Зың экологиялық зардапты қалпына келтіруде міндетті түрде төмендегілерді қарастырғаны жөн: «экологиялық зардап» ұйымы; экологиялық зардапты қалпына келтіру құқығы және оны жүзеге асыру механизмі; моральдық зиян орнын қалпына келтіру; азаматтың мүлкіне экологиялық зиян тигені үшін өтемақы тәртібін анықтау; осындай зардапты қалпына келтіруші жауапты органдар.


2.3. Қоршаған қолайлы ортаға деген конституциялық

құқықты жүзеге асыру механизміндегі қоғамдық бірлестіктердің рөлі

Қоршаған қолайлы ортаға деген конституциялық құқық азаматтардың жекелеген немесе ұжымдасқан түрінде қоғамдық бірлестіктер арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Ұжымдық құқықты құру Қазақстан Республикасы Конституциясының 30-бабында бекітілген: «Өз мүддесін қорғау үшін кәсіподақтар құру құқығын қамти отырып, бірлестік құруға әрбір жан құқылы. Қоғамдық бірлестіктердің еркін іс-әрекетіне кепілдік беріледі».

Бұрынғы Қазақстан Республикасының «Қоршаған табиғи ортаны қорғау туралы» Заңының 2-бөлімінің 12-бабында да азаматтардың қоршаған табиғи ортаны қорғау жұмыстары бойынша қоғамдық бірлестіктер, қорлар және басқа да қоғамдық қалыптасулар құруына құқылы екендігі айтылған.

Азаматтардың бірлестікке деген құқығының жүзеге асырылуы азаматтардың екі түрлі мүмкіндігінің кепілі бола алады. Бір жағынан жалпы мақсаттарға жету үшін мүдде ортақтығы негізінде басқа адамдармен бірлестікке деген құқық, екінші жағынан басқа адамдармен бірігіп бірлестік құру жолында құқығы, бостандықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайда, оны қорғау (қалыптастыру) ісі бойынша азаматтың құқығы. Бірлестікке деген құқық мазмұнының екінші аспектісі азамат құқығының негізгі кепілдігі болып табылады және оны жүзеге асыру механизміне кіргізіледі.

Азаматтарға ерікті түрде өзінің рухани немесе басқа материалдық емес қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қоғамдық ұйымдар құру мүмкіндігі 1994 жылғы 21 қазандағы Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 117-бабында қарастырылған және 1995 жылы 14 сәуірдегі «Қоғамдық бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында, 1995 жылғы 7 маусымдағы «Қайырымдылық іс-әрекеттер және қайырымдылық ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында егжей-тегжейлі нақтыланған.

Қоғамдық бірлестіктер дегеніміз - жоғарыда аталған заңнамаларға сәйкес ортақ мақсаттарға жету үшін мүдде ортақтығы негізінде біріккен, азаматтардың инициативасы бойынша құрылған ерікті, өзін-өзі басқаратын, коммерциялық емес құрылым.

«Қоғамдық бірлестік - заңға қайшы келмейтін, әдіс-тәсілдер арқылы ортақ мақсаттарға жету үшін құрылған және мүдде ортақтығы негізінде бірігіп, азаматтардың инициативасы бойынша құрылаған мемлекеттік емес, ерікті, өзін-өзі басқарушы, коммерциялық емес құрылымдағы бірлестікке деген конституциялық құқықты жүзеге асырудың маңызды формасы» делінген толығырақ анықтаманы А.А.Дарковтан кездестіреміз. [ ]

Сонымен азаматтарға бірінші рет қоғамдық бірлестіктерді заңды тұлғалар арқылы емес, оларсыз жеке тұлғалардың бірігуі арқылы құру құқығы берілді. Бұл жаңашылдық қоғамдық, оның ішінде экологиялық қозғалыстардың дамуында маңызды болып табылады, себебі азаматтар қиын әрі қымбат тұратын тіркелу және әрі қарай ұстап тұру үшін шығындалу процесінен құтылады, алайда нақты мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыруда әрекеттегі заңнамада белгіленген экологиялық талаптарды сақтауға, қоғамдық бақылау жасауға міндетті.

Кейіннен одақтас республикаларда да осыған ұқсас қоғамдар құрылды. 60-жылдардың соңына қарай әрбір одақтас республикада табиғатты қорғау қоғамы құрылды. Сондай-ақ қоршаған ортаны қорғаумен басқа проблемаларды шешу үшін алғаш құрылған қоғамдық бірлестіктер: кәсіподақтар, ғылыми-техникалық қоғамдар, аңшылар мен балықшылар бірлестігі айналысты. Әлемдік қоғамдастықтың дамуындағы заманауы кезеңнің ерекше бір айырмашылығы - ол қоршаған орта проблемаларын шешудегі мемлекеттік емес сектордың қатысуы. Осы процеске үлкен қоғамдастықты тартудың мәні сонда, экологиялық жағдайды жақсарту үшін өз ұсыныстарын бере отырып, нақты жобаларды жүзеге асыруға қатыса отырып, қоғамдастық табиғатты қорғауға өз үлестерін қосады. Шетел мемлекеттерінің тәжірибесі көрсеткендей, қоғамдастықты экологиялық шешімдер қабылдау процесіне тарту қоршаған қолайлы ортаға деген азаматтар үшін де, осы шешімді қабылдаушы жеке тұлғалар үшін де қажет болып табылады. Қоғамдастықтың пікірімен санасу мемлекеттік органдарға проблеманы кешенді түрде оқып-үйренуіне, қолайсыз экологиялық-жағдайдан шығудың барынша тиімді жолдарын табуға, қаржының экологиялық қауіпсіз жобаларға аударылмауына және осыған байланысты әлеуметтік-экологиялық конфликтердің туындамауына көмектескен болар еді. Қоршаған қолайлы ортаға деген құқық мемлекет тарапынан эволюциялық жолмен өтілуі қамтамасыз етілуі тиіс.

Азаматтардың экологиялық бірлестігі көрер көзге ғана істелетіндей формалды емес, табиғатты, әрі адам өмірі мен денсаулығын қорғау мақсаты қойылған нақты болуға тиіс.

Қоғамдық экологиялық құрылымдарды құру заңгерлер мен басқа да зерттеушілердің назарын өзіне аудармай қоймайды. Олардың іс-әрекеттері объективті факторлар арқылы танылады, олар: экономикалық мүддеден жоғары қою, қоршаған ортаның ластану масштабының ұлғая түсуі, табиғи ресурстардың сарқылуы, экологиялық жағдайдың апатты деңгейге келуі және т.б. Кейбір авторлардың пікірінше, экологиялық проблемаларды шешуде қоғамдастыққа ат салысудың ғылыми түріне өту керек. Ол позиция мынадай жағдаяттарға негізделеді:

адам құндылығын, оның денсаулығын қорғау қажеттігін, қоғамда экологиялық қауіпсіздік ахуалын құруды бірінші орынға қою;

қоғамдастық экологиялық және экономикалық приоритеттерді байланыстырушы нақты күш болып табылады;

экологиялық проблемаларды шешуге деген қоғамдық әсер ету формалары әртүрлі және құқықтық нормалар құрылымы кей жағдайда тиісінше саяси еріктердің барын талдауға мүмкіндік жасайды.

Бүгінгі таңда Қазақстан заңнамасы азаматтарға коммерциялық емес мақсатта жаппай бірлесу үшін кең мүмкіндіктер беріп отыр.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет