Кіріспе зерттеу тақырыбының өзектілігі



бет4/4
Дата13.06.2016
өлшемі348.5 Kb.
#133663
1   2   3   4

Қазақстанның басқа да қоғамдық ұйымдары сияқты қоғамдық экологиялық ұйымдар 1999 жылдың 1 шілдесінен кешіктірмей өзі үшін тиімді ұйымдастыру-құқықтық формасын анықтауы тиіс болатын. Қарсы жағдайда олар қоғамдық бірлестіктер мен қайырымдылық ұйымын тіркеуші органдардың талап етуі бойынша сот тәртібімен таратылды.

Ұйымдастыру- құқықтық формасын таңдау құрылтайшылар қойған мақсат-міндеттерге, сондай-ақ олардың материалдық мүмкіндіктеріне байланысты және бірінші кезекте мемлекеттік тіркеуден өту қажеттілігін және тиісінше заңды тұлға статусын алу жағын, іс-әрекеттің жүргізілу территориясын - жалпы Қазақстандық, аймақаралық, аймақтық немесе жергілікті екенін шешіп алу керек.

Қоғамдық экологиялық ұйымдар әрекетінің көп бағытта жұмыс істеуі заңнамада анықталған ұйымдастыру-құқықтық нормаларының барлығын пайдалануға мүмкіндік береді. Қоғамдық және қайырымдылық ұйымдардан басқа экологиялық ұйымдар жауапкершілігі шектеулі коммерциялық құрылымдар, акционерлік қоғамдар үшін қарастырылған формаларда да құрылуы мүмкін. Алайда қоршаған табиғи орта жай-күйіне және кәсіпорындардың іс-әрекетіне экологиялық тұрғыдан қоғамдық бақылау жасауға жол жоқ, себебі қоршаған табиғи ортаны қорғау туралы Заң қоршаған ортаны қорғау аумағы бойынша өкілеттікті тек қоғамдық экологиялық бірлестікке ғана береді.

Заң шығарушы қоғамдық бірлестіктерге Жарғы мақсатын жүзеге асыру құқығын береді: өз іс-әрекеті туралы ақпаратты еркін тарату, әрекеттегі заңнамада қарастырылған мемлекеттік өкіметтік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының шешімдерін қарауға ат салысу; жиналыстар, митингтер, демонстрациялар, шерулер мен пикеттер өткізу, бұқаралық ақпарат құралдарына құрылтайшы болу және баспа жұмысы жүзеге асыру; өз құқығын, өзінің мүшелері мен қатысушыларының, сондай-ақ мемлекеттік өкімет органдарындағы, жергілікті өзін-өзі басқару органдарындағы және қоғамдық ұйымдардағы басқа азаматтардың заңдық мүддесін қорғай білу.

1995 жылғы 21 қарашадағы «Атомдық энергияны пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабында қоғамдық ұйымдардың белгіленген заңнамалық тәртіп бойынша тиісті органдардан мемлекеттік құпиядан өзге салынуға берілген, жобаланған, іске қосуға, пайдалануға берілген және пайдаланудан шығарылған ядролық қондырғылардың, радиациялық көздер мен сақтау пункттерінің қауіпсіздігі жөнінде ақпарат алуға сұраныс беруге және алуға құқылы екендігі бекітілген.

Әрекеттегі экологиялық ұйымдарды кейбір белгілері бойынша шектеуге болады. Олар - дәстүрлі және жаңа құрылымдар.

Дәстүрлі экологиялық құрылымдар - олар табиғатты қорғау қоғамы, жануар мен өсімдікті қорғау, ғылыми академиялық қоғамдар. Ұзақ жылдар бойы бұлар мемлекетпен тығыз байланысты болды және мемлекеттік экологиялық қолдау көрсетуге ат салысты.

Бүгінгі таңда еліміздің қоғамдық экологиялық қозғалысына олар емес, жаңа қоғамдық, қайырымдылық ұйымдары қатысуда. Бұларды былайша жүйелеуге болады:

табиғатты қорғау жиындары;

«Әлеуметтік экологиялық одақ» атты аймақаралық экологиялық одақтар;

экологиялық ұйымдар (бұл экологиялық ұйымдардың кеңірек тобы. Олар саны жағынан көп емес, ресми статусы жоқ, бірақ үлкен практикалық жұмыстарды атқарады. Олардың көпшілігі ғылыми-техникалық қызметкерлер, дәрігерлер, педагогтар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, бұрыңғы әскерлердің инициативасы мен ықпал етуі нәтижесінде құрылған).

Жергілікті экологиялық ұйымдарды мынадай тәртіппен жүйелеуге болады:

оқу-тәрбие процесін, көрме ұйымдастыруға, лекциялар жүргізуге бағытталған ұйымдар;

табиғи және мәдени ескерткіштерді қорғаушы экологиялық-шығармашылық ұйымдар;

экологиялық-құқықтық ұйымдар;

экологиялық проблемаларға митингілер мен қарсылық таныту акциясын ұйымдастыру жолдары арқылы қоғамдық пікір қалыптастыруды мақсат етіп қоятын экологиялық ұйымдар;

экологиялық бұқаралық ақпарат құралдары;

нақты табиғи объектіні қорғауға өз күшін жұмылдырушы экологиялық-объектілік ұйымдар;

экологиялық бейіндегі ғылыми-техникалық және коммерциялық ұйымдар:

экологияны ендіруші ұйымдар;

көп бейінді экологиялық ұйымдар;

Экологиялық қозғалыс дамуының қазіргі кезеңіндегі бірінші дәрежелі мақсат-барлық ұйымдар әрекетінің үйлестірілуі. Тек осы ғана қоғамдық сананы экологияға бұруға, бұқара халықтың жаппай белсенділігін тудыруға, өкіметтің тек қоғамдық пікірімен келісе отырып, экологиялық мәселе бойынша барлық деңгейде шешім қабылдауға, экологиялық жағдайдан шығып, үнемі құлдырай беруден тұрақтылыққа көшуге мүмкіндік береді.

Қоғамдық бірлестік құқыққа қарсы іс-әрекеттерді мына формаларда нақты жүзеге асыра алады: 1) заң жобасы жұмыстарына, мемлекеттік органдар шешімдерінің орындалуына ат салысу; 2) өкілетті органдардың қалыптасуына ат салысу; 3) қоғамдық тәуелсіз сараптама мен зерттеу жұмыстарын жүргізу, нормативтік акт жобаларына қорытынды жасау; 4) тегін немесе ақылы түрде арыз, хат, жолдау құрастырудағы құқықтық көмектер; 5) қоғамдық қорғаушы, өкіл, сараптаушы ретінде сот мәжілістеріне қатысу. «Қоғамдық экологиялық бақылау» ұғымына қоршаған қолайлы ортаға деген конституциялық және басқа құқықтарды жүзеге асыруға байланысты азаматтар мен қоғамдық экологиялық ұйымдар әрекеттерінің барлық түрлері және денсаулық пен мүлікке келген шығын орнын толтыруды көздейтін заңмен қорғалатын мүдделер жатады. [ ]

Қоғамдық экологиялық бақылауды жүзеге асырудың кең таралған әдіс-тәсілдері мыналар:

Тиісті органдардан ақпаратты өз уақытында, толыққанды және ақиқат түрде беруді талап ету;

Хат, арыз, өтініштер арқылы бару;

Қоғамдық экологиялық сараптаулар жүргізуді талап ету.

Мемлекеттік экологиялық сараптаулар жүргізуге деген қоғамдық бақылаудың құқығы;

Жиналыстарға, митингтерге, шерулерге, демонстрацияларға, пикеттер мен басқа акцияларға қатысу құқығы;

Соттық (әкімшілік) тәртіп бойынша экологиялық зиянды объектілерді орналастыру, жобалау, іске қосу жөніндегі шешімді олардың іс-әрекетін шектеу, тоқтату сияқты амалдармен алмастыру жөнінде талап ету құқығы;

Азаматтың денсаулығына немесе мүлкіне нұқсан келген жағдайда қалпына келтіру жөнінде сотқа арыз-шағым беру құқығы;

Экологиялық маңызды шешімдерді қабылдауға, экологиялық жобаларды жүзеге асыру, жер телімдерінің берілуіне бақылау жасауға қатысу құқығы.

Экологиялық сараптау институтына үлкен мән беріледі. Мәселен, М.М.Бринчуктың пікірі бойынша, экологиялық сараптау-құқықтық, шаруашылық, басқару және басқа іс-әрекеттерде экологиялық құқық тәртібін, әркімнің қоршаған қолайлы ортаға деген, талас-тартыстарды шешуге дәлел бола алатын түрлі экологиялық мазмұндағы ақпарат көздерін қорғау мен сақтауды қамтамасыз ететін экологиялық құқық тәртібін ұстап тұру құралы және қоғамдық бірлестікке қатысудың маңызды принциптерін, экологиялық заңнаманы демократияландыруды жүргізуде қоғамдық пікірмен санасу, қоршаған қолайлы ортаға деген азаматтың құқығын жүзеге асыру шараларын қамтиды.

М.И.Васильева экологиялық сараптау адам құқығының кепілдігі жүйесінде жетекші орын алатынын көрсетеді. «Экологиялық сараптау институтының тиісті қорытындысынсыз таза қоршаған ортаға деген адам құқығы тек декларация жүзінде қалады».1

Алайда Қазақстандағы табиғатты қорғау жұмыстары нәтижесінің төмендігіне қарамастан, осы құқықтың өзінің субъектілерінің, қоғамдық бірлестіктердің, жекелеген мекемелердің экологиялық құқығын қорғау практика жүзінде қалыптасуда3.

Практика жүзінде соттардың өндіріс орындарына деген істерді қарауы қиындық тудырады. Бұл шағым талаптарды дәлелдеудің қиындығымен түсіндіріледі, себебі қоғамдық ұйымдар ауада, топырақта, суда зиянды заттар концентрациясын, шу және вибрация деңгейін көрсететін прибор көрсеткіштеріндегі деректермен таныс бола бермейді. Мұндай тығырықтан шығу үшін елімізде экологиялық аудиторлардан тұратын тәуелсіз экологиялық сараптаманың болғаны жөн.

Азаматтар мен қоғамдық бірлестіктер экологиялық зиянды объктілерді орналастыру, жобалау, құрылыс, қайта жабдықтау (реконструкция) жаңа техниканы, құрылыс орнын пайдалану (эксплуатация) істері туралы шешімдерін өзгерту, олардың іс-әрекетін шектеу, тоқтату туралы талаптарын әкімшілік тәртіп бойынша да қоя алады.

Бұдан тыс азаматтар да, қоғамдық ұйымдар да экологиялық құқық бұзуда кінәлі лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту туралы мәселе көтере алады.

Азаматтар мен қоғамдық ұйымдардың санамалап көрсетілген субъективті экологиялық құқытар жиынтығы қоғамдық экологиялық бақылауды жүзеге асыру мүмкіндігін реттеу заңнамасының бар екендігі жөнінде қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Алайда оны жүзеге асыру нәтижесінде туындайтын қиындықтарды ұмытпаған абзал.

Ережелер мен қатынастардың жаңа жүйесіндегі өмір талаптарына тұрғындардың бейімделуі әртүрлі, тұрғындардың бір бөлігі түрлі ортада тез және шешімді өзгерістердің болуын талап етсе, екінші бөлігі бұрыңғы тәртіпті аңсайды, үшіншісі бар күшін жұмылдырып, белгілі бір табысқа жетеді.

Объективті қиындықтар бірінші кезекте толық жетілмеген заңнамалармен байланысты:

Жоғарыда айтылғандай көп орындарда жаппай акция өткізу туралы өкіметтерге жолдау тәртібін реттейтін заңнама жоқ.

Азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің экологиялық жолдауларының ведомстволық немесе сот жөніндегі мәселелері реттелмеген.



Жәбірленуші құқық нормаларына сай мінез-құқық танытқан жағдайда экологиялық зиян тигізу шегі көрсетілмеген.

Осы және басқа да шешімін таппаған көптеген мәселелер қоғамдық экологиялық бақылаудың жүзеге асырылуындағы құқықтық формалардың тиімді пайдаланылуына мүмкіндік бермейді. Қазіргі кезде әрекеттегі ҚР заңнама шегінде азаматтардың заңдық әрекеттері үшін нақты мүмкіндіктер дің бар екендігі белгілі. ҚР азаматтарының алдында экологиялық проблемаларды шешуге қатысуға бұрып тек мемлекетке ғана қатысты болған жұмыстарға ат салысуға жол ашылған. Өмір сүрудің өзі қоршаған ортаны жақсартуға, бүкіл Қазақстан бойынша табиғи ортаны сақтау үшін адамзаттың өз үлесін қосуына итермелейді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет