Кіріспе Зерттеу тақырыбының өзектілігі


Дипломдық жұмыстың міндеті



бет3/23
Дата03.01.2022
өлшемі0.77 Mb.
#450773
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Ағыраев М.М.

Дипломдық жұмыстың міндеті - халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің мәні және құрлымы, халықты әлеуметтік қорғаудың негізгі бағыттары, Ақтөбе облысындағы тұрғындарды әлеуметтік қорғау жолдары және оның даму бағыттары, Қазақстан Республикасындағы халықты әлеуметтік қорғау жүйесін арттыру жолдары.

Зерттеу обьектісі - Ақтөбе облысындағы халықты әлеуметтік қорғау жүйесі болып табылады.

Зерттеу пәні - Қазақстан Республикасындағы халықты әлеуметтік қорғау жүйесін зерттеу.

Тақырыптың зерттелу дәрежесі. Жалпы сондай-ақ, С.С. Мәуленов, С.Қ. Бекмолдин, Е.Қ. Құдайбергенов, К.Р.Нургалиев, А.К. Нургалиев, Е.М.Арынов, П.Исахова сияқты ғалымдардың және басқа авторлардың ғылыми еңбектерінде зерттелген.

Диплом жұмысының ғылыми жаңашылдығымен тәжірибелік мәні автормен берілген Қазақстан Республикасындағы халықты әлеуметтік қорғау жүйесін дамыту және жетілдіру бағыттары бойынша ұсыныстарын және оның нәтижесін жоғары және орта оқу орындарында осы тақырыпқа қатысты пәндерге қосымша материал ретінде пайдалануға болады.

Диплом жұмысының құрылымы зерттеудің мақсатымен, міндеттерімен анықталып, тақырыпты ашуға негізделген. Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан, қысқартылған сөзер тізімінен тұрады.

Бірінші бөлімде, халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің мәні және құрылымы, халықты әлеуметтік қорғау жүйесі және оны жүзеге асыру принциптері, әлеуметтік қорғау жүйесінің шет елдік тәжірибесі қарастырылады

Екінші бөлімде, Қазақстан Республикасы тұрғындарының өмір сүру деңгейі мен қазіргі жағдайы, Ақтөбе облысындағы халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің қазіргі жағдайы, Ақтөбе облысындағы әлеуметтік қолдау көрсету және жұмыспен қамтамасыз ету бағдарламаларын талданады.

Үшінші бөлімде, Қазақстан Республикасындағы халықты әлеуметтік қорғау жүйесін дамыту жолдары, Қазақстан Республикасының халықты әлеуметтік қорғау жүйесін дамытудың негізгі бағыттары қарастырылып, талқыланады.

Зерттеу барысында Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Азаматттық Кодексі, Қазақстан Республикасының «Әлеуметтік қорғау туралы» заңы, әлеуметтік қорғау мәселесіне қатысты отандық және шетелдік ғалым еңбектері, мерзімдік баспасөз материалдары және Қазақстан Республикасының Статистика Агентігінің сандық мәліметтері қолданылды, Ақтөбе облыстық сандық статистика мәліметтері қолданылған.

1 Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің теориялық негіздері

1.1. Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің мәні және құрылымы

Әлеуметтік қорғау – бұл елде бір жағдайларға (кәрілік, мүгедектік, денсаулық жағдайы, асыраушысынан немесе жұмысынан айырылуы) және өзге де заңды негіздерге байланысты экономикалық белсенді бола алмайтын, әрі лайықты ақы төленетін еңбекке қатысу жолымен өзін табыс пен қамтамасыз ете алмайтын азаматтар үшін өмірлік қажетті игіліктердің және әл-ауқаттың белгілі бір деңгейін қамтамасыз етуге арналған жүйе. Қазақстан мүше болып табылатын халықаралық еңбек ұйымының анықтауы бойынша әлеуметтік қорғау жүйесіне мынадай шаралар шешімі кіреді:

- тұрақты, ақылы еңбекке ынталандыру;

- негізгі әлеуметтік қателердің алдын алу, ал ол туындаған жағдайда әлеуметтік сақтандыру тәсілдері арқылы сол қатердің салдарынан айырылған табысының бір бөлігін қалпына келтіру;

- халықтың әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатыспайтын әлсіз топтарына арналған әлеуметтік көмек тәсілдері;

- азаматтарды белгілі және медициналық көмек сияқты негізгі құқтар мен қызметтерге жеткізу

Халықаралық тәжірибеге сүйене отырып, әлеуметтік қорғаудың неғұрлым тиімді және кешенді жүйелері, әдетте:


  1. Мемлекеттік жәрдемақылар;

  2. Міндетті әлеуметтік сақтандыру;

  3. Жинақтаушы зейнетақымен қамсыздандыру;

  4. Әлеуметтік көмек сияқты негізгі элементтерді қамтиды деген қорытынды жасауға болады.

Мемлекеттік жәрдемақылар әлеуметтік қорғауға жататын жағдайлар туындаған кезде барлық азаматтарды кепілдікті төлемдермен белгілі бір деңгейде қамтамасыз етуге арналған.

Жинақтаушы зейнетақы жүйесі әр азаматтың зейнетақы жинақтарын жасау процесін реттеуге арналған.

Әлеуметтік көмек азаматтардың жекелеген санаттарын бюджеттің қаражаты есебінен қосымша қорғауға арналған[4].

Соңғы жылдарда экономикадағы қолайлы өзгерістер және тұрақты өсуді қамтамасыз ету жөнінде қабылданып жатқан шаралар әлеуметтік қорғаудың кешенді жүйесін құруды қолға алуға мүмкіндік беріп отыр.

Мемлекеттің әлеуметтік саясаты – оның қоғам өмірінің әлеуметтік-экономикалық жағдайларын реттеу жөніндегі қызметінің бір бағыты. Мемлекеттің әлеуметтік саясатының мәні қоғамдағы әділеттілік қатынастарды қолдау немесе қоғамдағы әлеуметтік таптардың арасындағы қатынастарды реттеу, қоғам мүшелерінің тұрмыс дәрежесін, әл-ауқатын көтерудің жағдайларын қамтамасыз ету, қоғамдық өндіріске қатысу үшін экономикалық ынталандырудың әлеуметтік кепілдіктерін жасау(сурет 1).

Әлеуметтік қорғау функциялары





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет