Кіріспе зерттеу тақырыбының өзектілігі


МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ «АҚТАУ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ АППАРАТЫ» МЕЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНІҢ ҰЙЫМДЫҚ – ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ



бет6/12
Дата01.06.2022
өлшемі463.14 Kb.
#458883
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
диплом

2. МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ «АҚТАУ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ АППАРАТЫ» МЕЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНІҢ ҰЙЫМДЫҚ – ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ


2.1 Мемлекеттік мекеменің негізгі құқықтары мен міндеттері

Маңғыстау жері – бұл ежелгі өркениет елі, 11 мың тарихи ескерткіш мемлекеттің қорғауына алынған археологиялық қорық, ашық аспан астындағы мұражай, мыңдаған тасқа салынған сурет-дастандардың елі. Ерекше діни ғимараттар мен Бекет-Ата, Шақпақ-Ата, Шопан-Ата, Масат-Ата мешіттерінің өлкесі, оларға тек Қазақстаннан ғана емес, сондай-ақ Түрікменстаннан, Өзбекстаннан, Ресей мен Кавказдан, Иран мен Түркиядан сиынушылар үздіксіз ағылуда.
Мыңдаған жылдар бұрын Маңғыстау жерімен Хорезм мен Хиуадан Еуропаға және Таяу Шығысқа созылған Ұлы жібек жолы өтті. Бұл жолдың бойымен Үстірт қыратында бекіністер, керуен-сарайлар, қолөнершілердің, малшылардың және аңшылардың қоныстары орналасқан. Табылған археологиялық заттар бұл бекіністер мен қоныстарда өмір деңгейінің айтарлықтай жоғары дәрежеде болғандығын дәлелдеп отыр. Халықтардың ұлы қоныс аударуы және осымен байланысты сансыз соғыстар Үстірт арқылы өтетін Жібек жолын үзіп тастады, ал кейінгі жүзжылдықтарда болған жойқын монғол шапқыншылығы оларды жер бетінен біржола жойып жіберді. Маңғыстау көп ғасырларға ойкуменаның ең шегіне қарай ығыстырылды және еуразиялық қатынастар үшін шешуші маңызға ие болуын тоқтатты. Оның үстімен құрғақ жел соғып өтіп, күн күйдіріп, түбекті мекендеген көшпелілердің өмірін тіршілік үшін тоқтаусыз арпалысқа айналдырды.
Маңғыстау облысы Атырау облысымен және Түркіменстан Республикасымен және Каспий теңізі арқылы Әзірбайжан, Иран елдерімен шектеседі. Облыс 1973 жылы 20 наурызда құрылды. 1988 жылдың 2 маусымында таратылып 1990 жылдың 17 тамызында тарихи "Маңғыстау" деген атпен қайта облыс болып құрылды. Облыс орталығы - Ақтау қаласы.
Қазақстанның теңізбен байланыстыратын жалғыз су бекеті Ақтау халықаралық теңіз сауда порты бар. Маңғыстау жерінің тумасы жазушы Әбіш Кекілбайұлы Маңғыстауды "Ұйқыдағы аруға" теңеген.
Маңғыстау аймағы ежелгі кезеңдерден бері мал шруашылығымен айналысады. Топырағы сортаң, өсімдігі бұталы, ащылы, қысы ұзақ емес, бірақ желді, қара суық ызғырықты, ылғалы аз, көктемі созылмалы, континентті шөл далаға жатады.
Ақтау қаласы Маңғыстау облысы әкімінің №128 шешімімен 24.08.1999 жылы қала болып қайта құрылды. Әкімшілік орталығы Ақтау қаласында орналасқан. Ақтау — Маңғыстау облысындағы қала, қалалық әкімшілік орталығы. Облыс орталығы — Ақтау қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 150 км жерде, Маңғыстау үстіртінің оңтүстік-батыс етегіндегі жазық шөлді белдеуде орналасқан. Тұрғыны 151,0 мың адам (2020).
Алпысыншы жылдардың басында Өзен кенорнына барлаушы-геологтар түпкілікті қоныстанып, өздерінің зерттеу-барлау жұмыстарын жоспарлы жүргізді. Қызылсайда алғашқы мекен-жайлар пайда болып, жан-жақтан халық жинала бастады. Алғашында жертөлелер мен вагондар орналастырылып, соңынан сол маңдағы жерқабақтардағы жұмыс тастарды тұрғын үй тұрғызуға пайдаланады. Сөйтіп барлаушы-геологтар мекені Өзен поселкесі пайда болды. Түбекті игерушілердің жанқиярлық еңбегі босқа кетпеді. Алпысыншы жылдары Өзен кенорнынан газ бен мұнайдың көзі ашылды. 1964 жылы қазіргі мұнайшылар қаласының қазығы қағылып, қала типтес жұмысшы поселкесі пайда болды. Онда Маңғыстау жарты аралында тұңғыш рет мұнай кәсіпшілігі басқармасы құрылды, бұл өлкеде екпінді құрылысшы бригадалары жасақталып, тұрғын үйлер мен мәдени нысандарды салу жұмыстары жүргізілді.
1968 жылы 21 қазанда Қазақ КСР Жоғары Кеңес Президиумының қаулысымен Гурьев (қазіргі Атырау) облысы құрамында Өзен ауданы құрылып Ақтау поселкесі қала статусын алды.
Маңғыстау облысы «Ақтау қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өзінің қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» заңына, облыстық және аудандық әкімдігінің қаулыларына, шешімдеріне, өкімдеріне және осы ережеге сай жүзеге асырылады. Мемлекеттік мекеме заңды тұлға болып саналады, мемлекеттік тілде жазылған мөрі мен мөртабасы, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай – ақ банкте есеп – айыру шоты дербес балансы болады. Бөлім өз атынан азаматтық – құқықтық қатынастар жасай алады.
Бөлімнің құрылтайшысы Маңғыстау облысының әкімі болып табылады. Мекеменің өкілетті органы Маңғыстау облысының әкімдігі болып табылады. Мемлекеттік мекеме құрлымы мен қызметкерлердің шекті штаттық санын Маңғыстау облысының әкімдігі бекітеді.
Мемлекеттік мекеменің негізгі міндеттері болып табылады:
1) халық санағын жүргізетін органдар ұсынатын сайлаушылардың тізімін дайындау;
2) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
3) азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнінде шаралар қабылдау;
4) қолданыстағы заңнамаға сәйкес басқа да міндеттерді жүзеге асыру;
5) қала әкімінің қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету.
Аталған міндеттерді мемлекеттік орган болжытпай орындауға тиіс. Сондай-ақ, бұдан басқа әкімдік қалалық әлеуметтік-саяси, экономикалық-қаржылық жағдайында өзіне тиесілі қызметтерді атқарады.. Қазақстан Республикасы Президенті, Қазақстан Республикасы Үкіметі актілерінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі тапсырмаларының, әкімдік қаулыларының, Президент әкімшілігінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді. Өз қызметі тұсында әкімдік құзырына қатысты мәселелер жөнінде тұжырымдамалық құжаттарды жасауға, Президент әкімшілігі мен Премьер-Министрдің актілерінің жобаларын әзірлеуге және сараптауға қатысады. Әрдайым бұл орган Республика, аймақ туралы, қоғамдық-саяси және экономикалық салада өкімет органдарының қызметі туралы ақпараттарды тарату жүйесін жетілдіру жөніндегі әкімдіктің жұмысына қатысып отырады. Сондай-ақ, әкімдік құзырына қатысты мәселелер жөнінде Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Премьер-Министр Кеңесінің, Қазақстан Республикасының министрліктері мен ведомстволарының тиісті бөлімдерімен ұйымдық және ақпараттық байланыстарды жүзеге асырады.
Міндеттерімен қоса, Әкімдік өз алдында көптеген қызметтерді атқарады. Қызметтерді бөлімдер бөліп алып, содан соң лауазымды тұлғаларға да бөліп орындайды. Ал Әкімдіктің орындайтын негізгі қызметтеріне келесілер жатады:
- әкімдік құзырына қатысты мәселелер жөнінде қалалық және аудандық уәкілетті органдардың қызметін бақылауды және үйлестіріп отыруды қамтамасыз ету;
- әкім аппараты қызметін ақпараттық – талдаумен қамтамасыз ету;
- республикалық және жергілікті қоғамдық-саяси, мәдени шаралардың өткізілуін саяси жағынан қамтамасыз ету;
- аймақтың ішкі саясат өміріндегі маңызды мәселелері бойынша әкімдік мәжілісіне материалдар әзірлеуге қатысу;
- департамент құзырына қатысты мәселелер жөнінде ақпараттық мәліметтер базасын (компьютерлік, мәтіндік) қалыптастыру, жинау, жинақтау және жіктеу жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыру;
- әкімдік құзырына қатысты мәселелер жөнінде жоғары тұрған органдардың құжаттарын уақытында және сапалы орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
- бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органда әкімдердің жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын іске асыруына бағытталатын ақшаны есепке жатқызуға арналған, жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол ақшаны бақылау шотының ашылуын қамтамасыз етеді;
- өз құзыретi шегiнде жер қатынастарын реттеудi жүзеге асырады;
- шаруа немесе фермер қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсiпкерлiк қызметтi дамытуға жәрдемдеседi;
- тарихи және мәдени мұраны сақтау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;
- табысы аз адамдарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныс енгізеді, жалғызілікті қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуді ұйымдастырады;
- қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етеді және өзге де әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетеді;
- қоғамдық жұмыстарды, жастар практикасын және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырады;
- жергiлiктi әлеуметтiк инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседi;
- жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасайды;
- шаруашылықтар бойынша есепке алуды жүзеге асырады;
- жергілікті бюджетті бекіту (нақтылау) кезінде аудан мәслихаты сессияларының жұмысына қатысады;
- кәсіпқой емес медиаторлардың тізілімін жүргізеді;
- өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша басқа да функцияларды жүзеге асырады.
Жоғарыда сипатталған міндеттер мен қызметттерге қарап, бұл мемлекеттік органның орны ерекше екендігін көруге болады. Бұл міндеттер мен қызметтердің жүзеге асуы көбінесе лауазымды қызметшілерге байланысты. Сондықтан бұл орган қызметшілерінің квалификациясын көтеруге, тәжірибелерін молайтуға зор үлес қосады. Сондай-ақ аталған міндеттер мен қызметтер органның сипаттамасын береді, яғни олар арқылы органның қызметін, айналысу сферасын, байланысатын басқа да органдарын көруге болады.
Мемлекеттік мекеме құқықтары:
1) мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан өз қызметіне қажетті ақпаратты сұрату және алу; 
2) Қазақстан Республикасының Президентінің, Үкіметінің, облыс, аудан әкімдігі мен әкімінің актілерінің орындалуына тексерулерді тұрақты негізде жүргізуге, анықталған құқық бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қабылдау;
3) әкімдіктің отырыстарына, жергілікті атқарушы органдардың жиналыстарына, алқаларына қатысу;
4) қала әкімінің қарауына және қала әкімдігінің отырыстарына енгізілетін сұрақтарды дайындау үшін аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың қызметкерлерін қатысуға тарту;
5) нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысу;
6) Ақтау қаласы әкімдігі және аудан әкімі аппараты атынан сотта талапкер және жауапкер болу;
7) "Ақтау қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерінің әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің этика нормаларының сақталуын қамтамасыз ету;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде басқа да құқықтарды және міндеттерді жүзеге асыру. 
Қала әкімі аппаратының ұйымдық-құқықтық негізіне тоқталатын болсақ, әрбір мемлекеттік, тіпті жеке органдарға сай қала әкімі өз құқықтары, ұйымдастыру принциптер болады. Әрбір қызмет ететін лауазымдар өз құқықтарын танысып, сол бағытта жұмыс жасайды. Ал бұл құқықтар алдыңғы жылдары біршама өзгерістерге ұшырап, қазіргі жағдайда тұрақтыланды. Себебі берілген құқықтар әкімдік қызметіне кері әсер етпей, қызметіне де зиян келтірмейді.
Әкімдік қызмет саласына қатысты мәселелер бойынша тиісті мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарға тапсырмалар береді. Әкімдік бюджет арқылы көптеген органдардың жұмысын қамтамасыз етеді. Ішкі,сыртқы саяси тұрақтылық стратегиясын жүзеге асыруға байланысты барлық деңгейдегі атқарушы органдардың, ұйымдардың, мекемелердің қызметін үйлестіру мақсатында әкімдік жанында алқалы органды құрайды. Әкімдік құзырына кіретін қала әкімі, ішкі саясат, азаматтардың құқықтарын сақтау және басқа да мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарына ұйымдық-әдістемелік, ақпараттық және басқа да көмектер көрсетеді.
Ақтау қаласының 2021 жылға дейiнгi есептi мерзiмге арналған және 2030 жылға дейiнгi ұзақ мерзiмдi болжамды Бас жоспары (тұжырымдама) қаланың тiршiлiк етуi мен тұрақты дамуына қолайлы жағдай жасау, экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету, табиғатты және мәдени мұраны сақтау мақсатындағы Ақтау қаласының құрылысын дамытуды жоспарлаудың негiзгi құжаты болып табылады. Бас жоспар - қалалық инфрақұрылымның дамуы, табиғи кешен аумақтарын сақтау және дамыту, тұрғын үйлердi қайта жасақтау және өндiрiстiк аумақтарды қайта ұйымдастыру, қоғамдық, iскерлiк және мәдени орталықтарды, туризм мен демалыс объектiлерiн дамыту, кешендi көркейту және қалалық ортаны эстетикалық ұйымдастыру, басқа да аумақтық бiрлiктерiн дамытудың қала құрылысы жоспарларын әзiрлеу мен iске асыруға арналған алғашқы кезектегi және перспективалық бағдарламалар жасау және жүзеге асырудың негiзi.
Қалалық әкімшіліктегі жоспарлау тиімділігіне қол жеткізуге көмектесетін келесідей принциптер бар. Олар бірлік, қатысу, толықтылық, нақтылық, және түсініктілік принциптері, үйлестіру мен біріктіру принциптері, үздіксіздік, икемділік және үнемділік принциптері сақталуы керек.
Қалалық әкімдікте жоспарлаудың жедел, тактикалық және стратегиялық түрлерін қолданады. Қалалық әкімшілік болғандықтан көбіне жедел және тактикалық жоспарлау түрлерін қолданады. Ал мемелекеттегі стратегиялық жоспарларды орындауда жұмыс жасап отырады.
Жоспарлауда әдістерді қолданудың басты мақсаты басқаруда әрдайым кездейсоқтықпен анықсыздық кездесетін болғандықтан басшыға ұйым дамуының болашағын нақтырақ болжауға көмектеседі. Қалалық әкімдікте бірнеше стратегиялық бағдарламалармен жұмыс жасайды. Соның ішінде «Қазақстан – 2030» стратегиялық бағдарламасы. Қала бойынша стратегиялық жоспарлар да үлкен қарқын алып отыр.
Тұрғын үй ортасын жинақты қалыптастырудың негiзгi бағыты тұрғын үймен қамтамасыз етудi орта есеппен 1 адамға 23,66 шаршы метрге жеткiзу, қаланың жалпы тұрғын үй қорын 6,4 млн. шаршы метрге өсiру. Құрылыс бос жатқан аймақтарда, ескi тұрғын үйлер орындарында жүргiзiледi және бұрынғы жүргiзiлген құрылыстар шоғырланады. Жеке тұрғын үй құрылысының үлесi бүкiл мерзiмдегi жалпы тұрғын үй көлемiнiң 27% құрайды. Қаланың экономикалық қызметiнiң салааралық құрылымын қайта ұйымдастыру ұсынылады, оның iшiнде: ғылым, бiлiм, мәдениет және жоғарғы техникалық өнеркәсiп рөлiн сақтау; өнеркәсiптiң, іскери және әлеуметтiк инфрақұрылым, туризмнiң салаларын дамытуды ынталандыру; экологиялық қауiптi және қуатты өндiрiстердi қайта ұйымдастыру. Материалды өндiрiстiң салалық аясын қайта құрылымдауды жүзеге асыру ғылыми және қор сақтаушы технологиялар пайдасына жүргiзу ұсынылады. Экономиканың мемлекеттiк және жеке секторлары бұдан әрi тиiмдi үйлестiру және өзара бiрлесе жұмыс жасауды жоспарлануда. Ақтау қаласы қала құрылысы дамуының басты жоспарының мақсаты - қаланың тұрақты дамыту, орталықтардың қазiргi және болашақ ұрпағының өмiр сүруi үшiн қолайлы жағдайлар қалыптастыру.
Ақтау қаласы бойынша өткiзiлген түгендеу мәлiметтерiне сәйкес ауаға және қоршаған ортаға шығарылатын қалдық заттардың көпшiлiгi мынадай өндiрiс мекемелер шығарып отыр: "Ақтау" ААҚ, "Жылуқуат" ААҚ, Ақтау қаласының отын қоймасы.
Ауаның ластануын тексеру шараларының негiзiнiң бiрi - осы бiр пунктте өткiзiлетiн ауа сапасының мониторингi болып табылады. Қаланың ауа бассейiнiн негiзiнен автомобиль көлiктерiнiң азот диоксидінiң шығымы ластайды. Ластау индексi аз болғанымен Бас жоспар бойынша жобада ауа ластануын азайту шаралары қарастырылған. Қоныстану аумағында орналасқан мекемелерге "қалдықсыз" өндiрiске көшу жөнiнде қатаң талаптар қойылып отыр. Металды ыстық күйiнде өңдеумен айналысатын зиянды цехтарды қаланың өндiрiстiк аймағына көшiру қарастырылған.
Қазіргі заманғы мемлекеттік басқарудың басты мақсаттарының бірі мемлекеттік қызметшілердің жұмысын оңтайлы ұйымдастыру. Бұл қызмет жұмыстарды белгілі бір уақытқа жоспарлау жолымен жасақтау, ақпарт алу және онымен жұмыстану, шешімдер әзірлеп шығару, қабылданған шешімдерді есепке алып, бақылау сияқты үрдістерге негізделген. Ал бұл үрдістердің қарқындылығы соншалық, ақпараттарды өңдеуге қалыпты әдіс-тәсілдерді пайдалану мүмкін емес. Уақыт ақпарат өңдеуде ыждағаттылықты, сондай-ақ негізделген және уақтылы басқару шешімдерін қабылдау тұрғысынан мемлекеттік орган қызметін тиімді ұйымдастыруды талап етеді.Осы мәселелердің барлығы мемлекеттік органның әзірліктен өткен және тәжірибелік кадрлар құрамысыз шешілмейді.
Қала әкімінде келесі айта кететін маңызды ұйымдастыру ісі іс жүргізуді ұйымдастыру болып табылады. Қай саланың қызметінде де базалы негізгі түсінік болады. Жергілікті мемлекеттік органдардағы құжаттама түсінігіне құжаттар, құжат айналымы және іс жүргізу жатқызылады. Басқарушы ақпарттардың сенімділік және оралымдық талаптарының орындалуы құжаттармен жұмыстануды ұйымдастыруды іс жүргізу деп атайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет