Кіріспе зерттеу тақырыбының өзектілігі


Маңғыстау облысы бойынша жастар саясатының жүзеге асырылу бағыттары



бет8/12
Дата01.06.2022
өлшемі463.14 Kb.
#458883
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
диплом

2.3 Маңғыстау облысы бойынша жастар саясатының жүзеге асырылу бағыттары







2021 жылға арналған Маңғыстау облысы жастар саясатының аймақтық бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 18 шілдедегі № 734 қаулысымен бекітілген 2005 жылдарға арналған жастар саясаты бағдарламасының іс-шаралар жоспарының 5.1 тармағына негізделіп жасақталған.
1. Проблеманың қазіргі жай-күйіне талдау
Қазақстан қоғамының демократиялық өзгерістер кезеңінде мемлекет қызметінің маңызды бағыттарының бірі мемлекеттік жастар саясаты болып табылады. Осы орайда жастар проблемасын жалпы мемлекеттік тұрғыдан бөліп қарауға болмайды, себебі біздің қоғамның барлық әлеуметтік топтары бірдей әлеуметтік-экономикалық проблемаларды бастан кешеді. Жастардың дамуы мен әлеуметтік қалыптасуы және қоғам алдында шығармашылық әлеуетін толық жүзеге асыру үшін аймақтық деңгейде саяси-құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастырушылық жағдайлары мен кепілдіктерін құру және нығайту мәселесі қойылып отыр.
Соңғы жылдары жалпы халық санындағы жастар үлесі артып келеді.
Жастардың үлестік салмағы артып келе жатса да, жастардың ауылдық жерлерден жаппай қоныс аудару мәселесі сақталып отыр. Ауыл жастарының қалаға қоныс аударуының негізгі себебі – оқу және жұмыс іздеу.Сондықтан жастарға жергілікті жерлерде қызметке орналасуға мүмкіндік беретін жағдайлар жасау жөнінде жұмыстар жүргізілу керек.
Жастарды жұмысқа орналастыру мәселесін шешуде жастардың білім сапасын көтеру және олардың облыстың оқу-ағарту процестеріне белсенді қатысу мәселелері маңызды орын алады.
Таңдаған мамандығы бойынша ақылы түрде білім алуға қаражаттары болмағандықтан, жастардың көпшілігі оқи алмай отыр. Кәсіптік білім алу процесінен тыс қалғандар қатарына, ең алдымен, ауыл жастары, аз қамтылған отбасылардан шыққан жігіттер мен қыздар жатады.
Жастар арасында туындайтын күрделі мәселелердің қатарына демографиялық саясатты шешу және жас отбасыларын әлеуметтік-экономикалық қолдау мәселелері жатады. Жастардың дамуының негізгі өзекті мәселелерінің бірі - оларды жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыру, қазіргі экономиқалық қатынастар жүйесінде жастар әлеуетін жүзеге асыруға жағдайлар жасау.
Еңбек нарығындағы қатаң бәсекелестік жағдайы жастардың алдына жұмысқа орналасу мәселесін қояды. Жастар жұмыс тәжірибиесі және арнайы дайындығы жоқтығынан, жұмыс берушілердің көңілінен шықпайтын, сондай-ақ жұмысқа тұруда жиі қиыншылық көретін категория болып табылады, бұл, ең алдымен, 16 мен 24 жас аралығындағы жастарға қатысты.
Мәселен, ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру бөлімінің деректері бойынша 2020 жылы жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі 16 мен 24 жас аралығындағы 253 жас жұмысқа орналастыруда көмек сұраған, олардың ішінде 112 жас азаматты жұмысқа, 125 жас азаматты мамандық алу үшін оқуға жағдайлар жасалды. Жастарды әлеуметтік қорғаудың белсенді түрі жастарға қандай-да болмасын бір мамандықты беру мақсатымен арнайы кәсіптік дайындық және қайта даярлау курстарында оқыту және жас кадрлардың біліктілігін көтеру және қайта даярлау болып келеді
Қазіргі кезде орта және шағын бизнесте жұмыс істейтін жастардың үлкен үлестік салмағы жалдамалы жұмысшылар үлесіне келеді. Өз ісін ашу бұрынғыша дәстүрлі емес, әрі жұмыстың көп қол жете бермейтін түрі болып қалып отыр. Бұған себепкер барлық үміткерлерді толғандыратын дәстүрлі, мәселелер: бастапқы және айналымға түсетін қаражаттың жоқтығы; несие ресурстарына қол жетпейтіндігі; ұйымдастырушылық, құқықтық аспектілерге қатысты қажет білімдердің, дағдылардың жетіспеушілігі; жаңа технологиялар мен жетістіктер туралы хабарының жетіспеушілігі.
Жастардың өзін-өзі іске асыруын басшылыққа алуын, олардың шағын және орта бизнес саласына белсенді араласуын, жас кәсіпкерлерді оқыту және қолдауын көздейді.Жастар арасында қылмыстың деңгейі: аймақ бойынша тіркелген қылмыстың саны 100, жастармен жасалған қылмыстың үлесі – 37 %.
Жоғарыда көрсетілген мәселелерді шешу жұмыстарын жалғастыру мақсатында құқықтық мәдениет деңгейін көтеру, әр түрлі бағыттар бойынша жастар қозғалыстарын ұйымдастыру процестерін ынталандыру қажет. Жастардың әскери қызметке деген көзқарасы біржақты күйінде қалып отыр. Әскер қатарындағы қызмет туралы мәліметтердің аздығы, азаматтық-құқықтың тәрбиедегі оралымсыздықтар, солдаттар арасындағы жарғыдан тыс дедовщиналық қарым-қатынастардың болуы жастар арасында әскери қызметке теріс көзқарасты қалыптастырып отыр. Мәселен, облыстық әскери комиссариаттың мәліметі бойынша 2020 жылы ҚР Қарулы күштері қатарына 1248 адам шақырылған, 2019 ж. 1262 адам.
Жоғарыда аталған тенденцияларды ескере отырып, бұқаралық ақпарат құралдарында насихат және ағарту жұмыстарын жүргізу, оқу-тәрбие жұмыстарының процесі арқылы жастар санасына жаңа символдық бейнелерді енгізу, барлық қазақстандықтарға ортақ мәдени стереотиптерді жасау, ауданның барлық жастарының азаматтық - құқықтық тәрбиесін жақсарту қажет.
«Қазақстан-2030» стратегиясында халықтың денсаулығы басты бағыттардың бірі ретінде көрсетілген. Бүгінгі таңда аудан жастарының денсаулық көрсеткіші төмен күйде қалып отыр, 2020 жылы әскери қызметке 516 адам жарамсыз деп танылды, ал 2019 жылы – 722 адам. Олардың арасында көру, асқазан жүйесі аурулары өте көп таралған, сонымен қатар тірек-қозғалу жүйесі аурулары жыл сайын асқынуда.
Жастардың арасында денсаулыққа кесел келтіретін факторларға үйірсектік байқалады: маскүнемдік, темекі шегу. СПИД нашақорлық та өзекті мәселе болып табылып отыр. Осыған байланысты бұқаралық ақпарат құралдарында салауатты өмір салтын кеңінен насихаттау, бұқаралық спорт түрлеріне жастарды кеңінен тарту «дөңгелек үстелдер», кездесулер, әңгімелер өткізу қажет. Сондай-ақ спорт мектептерінің жүйесін дамыту, спорттық, туризмдік шаралар ұйымдастыру керек.
Жастар халықтың қоғамдық белсенді бөлігін құрайтын болғандықтан, әсіресе, мемлекет үшін өздерінің жас ерекшелік, демографиялық және әлеуметтік сипаттарымен ерекшелену перспективасында маңызды, барлық көрсетілген түйінді мәселелерге атқарушы органдар тарапынан ерекше көңіл бөліну қажет. Жастар саясатын қоғамның стратегиялық даму деңгейінде қарастыру-біздің басты парызымыз. Елдің игілігіне орай жастардың шығармашылық әлеуетін арттыру керек. Осы бағытта олардың қызығушылықтарын, өзін-өзі көрсетудің әр түрлі салаларын, бастамашылдықтарын және әлеуметтік белсенділігін ескеру қажет.
Қазіргі таңда жастар мен жасөспірімдер мәселесімен әр түрлі дәрежеде түрлі мемлекеттік органдар мен мекемелер айналысады, жас ұрпақпен жұмыс атқаратын үкіметтік емес ұйымдардың жүйесі қызмет істейді. Осы бағдарлама жергілікті деңгейдегі қысқа мерзімді жастар бағдарламасы болып табылады. Бағдарлама кешенді сипатқа ие, оны жасақтағанда жастардың ерекшеліктері мен өзіндік сипаты, ерекше әлеуметтік топ ретінде негізгі мәселелері ескерілген. Шаралар жан- жақты жоспарланған, әртүрлі жас, категория ерекшеліктеріне бағытталған және әртүрлі білім деңгейіне есептелген. Жастар бағдарламасын қабылдау, оны жүзеге асырудағы одан әрі жұмыстар аудан жастарының жағдайын жақсартуға және Қазақстан Республикасын дамытудағы олардың ролін көтеруге мүмкіндіктер туғызады.
Бағдарламаның мақсаты – Маңғыстау облысы жастар қозғалысын қолдау және әрі қарай дамыту, жастар саясатының ең өзекті сұрақтарын шешу жастарды ауданның қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық өміріне қатыстыру.
Осы қойылған мақсатқа сәйкес төмендегі міндеттерді шешу көзделеді:
2018 жылы әр ауылдық округтерде тағайындалған жастар жетекшілерінің жұмысын жандандыру мақсатында 2019 жылы барлық ауылдық округке жоспарланған іс - шара өткізу үшін жалпы сомасы 675.0, 2019 ж. 505.5, 2021 ж. 620.0,

  1. Жастарды әлеуметтік қорғауына бағытталған психологиялық және құқықтық көмек көрсететін, қиын жасөспірімдермен жұмыс істейтін, ауыл жастарын бейімдеу жөніндегі әлеуметтік қызметтер құру.

  2. Аудан жастарын еңбекпен қамту және әрі қарай жұмысқа орналастыру мақсатымен экономикалық және сараптау-бағалау қызметін, жастар құрылыс жасақтарын құру.

  3. Жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатымен ауқымды спорттық акцияларын және туристтік фестивальдарын өткізу.

  4. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс іске асыру арқылы мемлекеттік құрылымдар мен жастардың қоғамдық бірлестігі арасындағы байланысты дамыту және оны одан әрі жетілдіру.

  5. Жастардың қоғамдық бірлестіктерінің қызметіне ресурстық орталықты құру.

Бағдарламаның негізгі бағыттары мен жүзеге асыру тетіктері
Бағдарламада көрсетілген бағыттар бойынша кезең-кезеңмен және үйлестірілген іс-қимылдар арқылы жүзеге асырылады:
1. Жастарды әлеуметтік қорғауына бағытталған психологиялық және құқықтық көмек көрсететін, қиын жасөспірімдермен жұмыс істейтін, ауыл жастарын бейімдеу жөніндегі әлеуметтік қызметтер құру.
2. Аудан жастарын еңбекпен қамту және әрі қарай жұмысқа орналастыру мақсатымен экономикалық және сараптау-бағалау қызметін, жастар құрылыс жасақтарын құру.
3. Жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатымен ауқымды спорттық акцияларын және туристтік фестивальдарын өткізу.
4. Жастарды Қазақстандық патриоттық және азаматтық сезімде тәрбиелеу.
5. Жастардың парасатты, рухани, денсаулықтары жағынан дамуына мүмкіндік туғызу.
6. Жастар қоғамдық бірлестіктерінің аудан көлемінде жұмыс жасауына жағдай туғызу.
Ірі ауылдық округтерде жастардың көп қоныстануына байланысты қомақты қаражатты талап етеді. Аудан көлемінде жастар саясатын жүзеге асыру мақсатында арнайы жоба дайындалып, облыстық статистика департаментінен трансферт арқылы 2019 ж -1.200.000, 2020 ж – 1.600.000 тенге, облыстық бюджеттен 675.000 тенге бөлінді.
2021 жылға арналған Маңғыстау облысы жастар саясатының аймақтық бағдарламасын іске асыру төмендегі нәтижелерге кезең – кезеңмен жетуге мүмкіндік береді:

  • жастар арасындағы шараларға қатысуға тартылған жас адамдардың санының 4 – 5 есеге өсуіне немесе жастарды қамтуды 22%-ға арттыру жоспарланып отыр;

  • психологиялық көмек (сенім телефоны арқылы кеңес беру, психологтардың қабылдауы, жастардың психологиялық жағынан сезімтал категориясына арналған семинар-тренингтер);

  • құқықтық көмек ( әр түрлі құқықтық мәселелер бойынша кеңестер беру, сот органдарына жастардың қызығушылықтарын білдіру;

  • қиын жасөспірімдер және девиантты мінез-құлықты балалармен жұмыс бойынша әлеуметтік көмек (бұл категорияны қоғамдық жұмыстарға, қызығушылықтары бойынша үйірмелерге, спорт секцияларына тарту, психологиялық семинар-тренингтерді өткізу, балалар жанұяларындағы психологиялық климатты зерттеу, нашақорлық, маскүнемдік және темекі шегудің алдын-алу, мемлекеттік органдарға ұсыныстар);

  • ауыл жастарын бейімдеу бойынша әлеуметтік көмек ( ауылдан келетін жастарға жұмысқа тұруда, оқуда, және т.б. көмек көрсету;

  • бас бостандығынан айыру орындарынан және арнайы тәрбиелеу мекемелерінен келген жастарға әлеуметтік көмек;

  • ісін жаңадан бастап келе жатқан жас кәсіпкерлерді экономикалық қолдау (бизнесті тіркеуде, бизнес-жоспарларды құруда, несиелер алуда көмектесу, инвестиция алдындағы зерттеулер, бизнесті жүргізуде кеңестер беру) ;

- 2021 жылы жастар саясатын дамыту мақсатында әр ауылдық округтарда тағайындалған жастар жетекшілерінің жұмысын жандандыру.
- облыста жастар саясатын жандандыру мақсатында жүргізіліп жатырған жұмыстарды бұқаралық ақпарат көздері арқылы тарату.
- көгалдандыру, абаттандыру жұмыстарын жандандыру.
- облыстық жастар қоғамдық бірлестіктерімен қарым қатынас жасау және облыс көлемінде өткізілген іс- шараларға қатысу.
- жастар арасында өткізілетін көпшілік іс- шаралардың қатарын көбейту.
- жастар арасында әр-түрлі тақырыптарда пікірталас, ойталқы, дөңгелек үстел және кездесулерді жиі өткізу.
- ауылдық округтердегі фельдшерлік бөлімдерде жас аналарға, жас жанұяларға арналған кабинеттер ашуды ұйымдастыру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет