Кіріспе зерттеу тақырыбының өзектілігі



бет2/12
Дата01.06.2022
өлшемі463.14 Kb.
#458883
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
диплом

Зерттеу әдістері: әмбебап диалектикалық әдіс, салыстырмалы, аналитикалық, тарихи және логикалық әдістер, сонымен қатар жүйелік-құрылымдық, жүйелік-функционалды әдістер және жалпылау әдісі.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы, Қазақстан Республикасында жастар саясатын жүзеге асыру бағыттарын қарастыру және жастар саясатының өзекті мәселелерінің шешу жолдарын анықтау.
Дипломдық жұмысты жазудың практикалық базасы Қазақстан Республикасындағы жастар саясатын қамту болды.
Жұмыс құрылымы: кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.
Кіріспеде жұмыстың өзектілігі, мақсаты, міндеттері, пәні, зерттеу әдісі, ғылыми жаңалығы және құрылымы ашылады.
Бірінші бөлімде негізінен Жастардың қоғамдағы рөлі және жастар саясатының шетелдік тәжірибедегі рөлі сипатталады. Мемлекеттік жастар саясаты – мемлекет жүзеге асыратын және жастарды қолдауға бағытталған әлеуметтік – экономикалық, саяси, ұйымдастырушылық және құқықтық шаралар жүйесі.
Екінші бөлімде Жастар саясатын іске асыру мәселелері яғни Маңғыстау облысы «Ақтау қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің әлеуметтік – экономикалық жағдайы және жастардың өткізген іс – шаралары айтылады.
Үшінші бөлімде Жастар саясатын дамытудағы стратегиялық бағыттар айтылады. 2021 жылдың желтоқсан айында «Маңғыстау облысында жастар саясатын жүзеге асырудың 2019-2021 жылдарға арналған аймақтық Бағдарламасы» қабылданған болатын. Бағдарлама аясында облыстық бюджеттен 2021 жылы жастар саясатын жүзеге асыру үшін 49,7 млн. теңге қаражат бөлінді.
Мемлекеттік жастар саясатының қажеттігі жас өркеннің өмірге қадам басып, қоғамда өз құқығын иелеумен, оның алдында жауапкершілік арқалау сәтінде бетпе-бет келетін өмір мәресінің қиындықтарымен айқындалады.
Жастар саясатын қалыптастыра отырып, мемлекет жастардың келешекте маңызды салмаққа ие болар халықтың бірден-бір белсенді тобы екендігін ескереді. Мұның өзі жастардың мемлекет құрылысындағы рөлі мен орнын жете бағаламауға жол бермеуді көздейді. Мемлекеттік жастар саясатының дәстүрлі әлеуметтік саясаттан айырмасы ол тек өтелу тетіктерін әзірлеуге ғана сайымайды. Ол жастардың еңбек пен шығармашылық қуатын айқындайтын белсенді де жаңаша, өндірушілік аспектілерден тұрады. Бұл мемлекеттік жастар саясатын қоғамның стратегиялық ресурстарын дамытудағы бірден-бір маңызды бағыт ретінде қарастыруға мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясатының негізгі мақсаты - жастардың азаматтық, әлеуметтік дербес тұлғалық қалыптасуын жүзеге асыру үшін қажет құқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық жағдайларды жасау мен нығайту.
Елімізді әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына енгізген күштің бірі - бұл бүгінгі жастар. Қазіргі бастамаларды ақырына дейін апарып, өмір сабақтастығын жалғастыратын да солар. Сондықтан оларға үлкен үміт артылып отыр. «Тағдыр таразысының қалай қарай ауатыны-бесіктің қалай тербелетініне байланысты » дегендей, «Болашағымыз - жастар» қағидасының қаһармандары - жастардың тәрбиесі мен бүгінгі келбеті ел ертеңінің ашық көрінісін береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет