Кіріспе зерттеудің көкейтестілігі


Электрондық оқыту жүйелерін құру құралдарын таңдау



бет14/18
Дата26.05.2022
өлшемі1.45 Mb.
#458686
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Электр оку кешен дипл

Электрондық оқыту жүйелерін құру құралдарын таңдау
Енді, «Қашықтан оқыту» терминінен не түсінуге болатынын анықтап көрелік.
Қашықтан оқыту – білім беру қызметінің жүйесі,ол арнайы ақпараттандырылған білім ортасы көмегімен халыққа кең таралған. Қашықтан оқыту – қашықтағы білім ақпаратымен алмасу құралдарына негізделеді (спутникті теледидар, радио, компьютерлік байланыс). Қашықтан оқыту ақпараттық - білімдендіру жүйесі жүйелі ұйымдастырылған берілгендерді беру құралдарының жиынтығын және де ақпараттық қорларды, іс - әрекеттер хаттамаларын, аппаратты – программалы және ұйымдастырушылық - әдістемелік қамсыздандыруды көрсетеді.
Қашықтан оқыту білім берудің бір формасы болып табылады. Ол адамға ақпарат және білім алу құқығын береді.
Қашықтан оқытуда білімді беру түрлері білім беруші мен білім алушының уақыты мен орнына тәуелсіз болады. Қашықтан оқыту – дәстүрлі түрдегі сырттай формада білім алумен бірдей, бірақ онда жеке элементтер жоқ. Жеке элементтерін Қашықтан оқыту компоненттеріне қалай қосуға болады?
Қазіргі компьютерлер қазіргі кезге дейінгі барлық белгілі ақпараттарды беру түрлерін үлкен тиімділікпен шығаруға мүмкіндік беретіндіктен, тек олар ғана оқытушыны оқу материалын меңгеру процесі жайлы объектілі және жылдам кері байланыспен оқыту алгоритмін қалыптастырады.
Қазіргі таңда қашықтан оқыту дәстүрлі сырттай оқу формасынан айырмашылығы қалам мен қағаздың орнына компьютердің, ал «кептер поштасының»(«голубиная почта») орнына Интернеттің келуі болды.
Мультимедиалық компьютер – бұл тек ақпараттың жаңа интегралданған тасушысы емес, бұл «fase to fase» моделін толық және анық бейнелейтін құрылғы. Бұдан өзге, гипермедиалық сілтеме негізінде ақпаратты – анықтамалық жүйелер құрылуы мүмкін, бұл жекеше білім берудің маңыздыларының бірі болып табылады.
«Электрондық оқыту кешені» дегеніміз не және оның жай оқулықтардан айырмашылығы неде?.Көбіне Электрондық оқыту кешені оқытатын, бақылайтын, модульдейтін басқа программалар жиынтығынан тұрады, олар магниттік тасымалдаушыларда орналасады (қатты немесе иілгіш диск), онда оқытулы пәннің негізгі ғылыми мазмұны сақталған.
Электрондық оқыту кешені көбіне жай оқулықты іс – жүзінде толықтырады, ал төмендегі жағдайларда қолайлы болып келеді:

  • лезде кері байланысты іс – жүзінде қамтамасыз етеді;

  • қажетті ақпаратты жылдам табуға көмектеседі(оның ішінде контексті іздеу);

  • гипермәтіндік түсіндірулерге көп жүгіну уақытты үнемдейді;

  • қасқа мәтінмен бірге білімді аңықталған бөлім бойынша көрсетуге, модельдеуге, тексеруге мүмкіндік береді.

Электрондық оқыту кешенінің кемшілігіне, ақпарат қабылдаушы ретінде дисплей физиологиясының төмен болуын жатқызуға болады және қағаз кітаппен салыстырғанда бағасының қымбат болуын да жатқызуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет