Кіріспе зерттеудің көкейтестілігі



бет10/18
Дата26.05.2022
өлшемі1.45 Mb.
#458686
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18
Электр оку кешен дипл

Үлгілеу. Электрондық оқу құралдарын үлгілеу бар деп есептелінеді, материалды зерттеуде студенттің нәтиже өзгерісін байқауға, арнайы құрылған жағдайлардың кейбір параметрлерін өзгертуге мүмкіншілігі бар. Олардың ішінде әрекеттердің демонстрациясы өткізілуі немесе экспериментальды жүйе жағдайы тастап кетіп соңғы фазаға аударылуы мүмкін.
Студент динамикалық өзгертілген немесе пайда болған жағдайды талдауға мүмкіншілігі бар. Күрделі процестерді және құрылғыларды үлгілеуге ерекше назар аударылады. Виртуальды тәжірибе студентке тереңірек түсінуге көметеседі. Үлгілеу немесе «виртуальды тәжірибе» практикалық дағдыларды алу құралы ретінде электрондық оқу құралының жалғыз негізі болуы мүмкін.
Бақылау. Кез-келген білім жүйесінде білім сапасы және оқу әдістемелерінің эффектілік бағалаулары үлкен роль атқарады. Білімді бақылау құралдары әдетте төмендегі мақсаттарда енгізіледі:

  • өзіндік бақылау;

  • шығыс бақылау (баға қою);

  • анықтама және электрондық оқу құралдары арқылы өту жолдары.

Электрондық оқу құралдарында білімді тексерудің 4 түрі бар:

  • ашық түрдегі сұрақ;

  • жабық түрдегі сұрақ;

  • сәйкестік құрудағы мақсат;

  • дұрыс жүйелілік құрудағы мақсат.

Көптеген жинақталған тәжірибелерге сүйене отырып, ашық қашықтан оқыту жүйелерінде студенттер мен тыңдаушылардың әдістемелік және дидактикалық проблемаларын шешудің ең тиімді жолы болып, жергілікті және желілік орындалудағы электрондық әдістемелік оқыту кешенін құру болып табылады. Қазіргі кезде анықталған талаптар қалыптасқан, олар электрондық әдістемелік және проблемалық техниканың талаптарын анықтайды. Толық кешен болып төмендегі компоненттерден құралатындар табылады:

  • шығарылым жөнінде берілген қысқаша түсініктемелері бар курс аннотациясы, оның артықшылығымен кімге арналғаны жөнінде;

  • жұмыс бағдарламасы, мамандықтың Мемлекеттік білім стандартына негізделе құрылады. Оқу пәнінің жұмыс бағдарламасы мына бөлімдерден тұруы қажет: пәннің мақсаты мен тапсырмалары, теориялық және практикалық мазмұндары, бақылау және курстың жұмыс тізімдері, тапсырмалар мен есептер, қорытынды бақылау үшін сұрақтар тізімдері, сынақ немесе емтихан, пәннің оқу-әдістемелік қамсыздандырылуы;

  • пәнді оқу бойынша басқару, ол теориялық материалды, практикалық тапсырмаларды өз бетінше оқу түсіндірмелерінен, негізгі және қосымша әдебиеттерден тұрады;

  • оқу құралы, ол оқу материалдарының мазмұнын көрсетеді, әдістемеге құрылымданған және жұмыс бағдарламасына сәйкес таңдалған;

  • практикум, теориялық білімді қолдану икемділігін арттыру үшін арналған, ол тапсырмаларды орындау мысалдарынан, қателерді талдаудан тұрады;

  • тесттер, студенттердің оқу материалдарының теорялық және практикалық игеруін тексеру үшін арналған.

  • анықтама, анықтамалық берілгендерден, кестелерден , анықтаулардан, пән бойынша глоссарийден құралады;

  • курстың электрондық кітапханасы, оған аудио, бейне материалдармен, Интернет – қорлармен толықтырылған жай хрестоматия жатады.

Практика жүзінде оқу процесінен интерактивті дидактикалық ойындарды, тренажерларды пайдаланып үлкен жетістіктерге қол жеткізуге болады. Интерактивті ойындар нақты жағдайларды модельдеуге арналған. Бірақ дидактикалық ойындарды және электрондық тренажерларды құру – электрондық оқу-әдістемелік кешенін құруда қиындықтар тудырады. Бұл мұндай жобалардағы әдістемелік қиындықтармен байланысты.
Тренажер немесе ойын жұмысында әрекеттің дамуының бірнеше негізгі қадамын белгілеуге болады:

Ары қарай модельдердің соңына жету негізделеді (1-сурет). Жұмыс тәжірибесінен, менің ойымша дидактикалық ойындар және тренажерларды дамытуда үш деңгейлілігі сәтті болып табылады. 1–деңгей (2-сурет) пәнмен танысуды қамтамасыз етеді, компьютер қолданушының объектіге әсері нәтижесінде қателерді өзі көрсетіп, дұрыстайды. 2-деңгей (3-сурет) оқу процесін, икемділігі мен қабілетін дамытады. Мұнда модельге сыртқы ортаның кездейсоқ факторының әсері енгізілген, машина тек қателерді көрсетіп, есеп шешімін қолданушыға өз бетінше табуға мүмкіндік береді. 3–деңгей (4-сурет) қорытынды жұмысты орындайды, онда пайдаланушы компьютер көмегінсіз барлық жұмысты басынан аяғына дейін өзі орындауы тиіс.





1-сурет. Тренажермен жұмыс схемасы



2-сурет. Танысу режимі









3-сурет. Оқу режимі

4-сурет. Бақылау режимі

Мұндай кешендер жиынтығын қолдану студенттің ашық қашықтан оқу жүйесінде берілген пәндерді терең игеруге кепіл бола алады.
Құрал-саймандар құралын құру және электрондық оқыту кешені құралының өзара әсері.
Бұрындары–ақ материалды ұғу әдісі мен бірнеше уақыт өткеннен кейін алынған білімді қайта қалпына келтіру мүмкіндігінің арасындағы тәуелділік табылған болатын. Егер материал дыбысты болса, онда адам оның 1/4 бөлігін есте сақтар еді, егер ақпарат визуальды түрде берілсе 1/3 бөлігін, қиыстырылған әсер жанында (көрермен және дыбыстыда) есте сақтау 50%-ға дейін көтеріледі, ал егер оқу барысында адам әрекеттерге белсенді қатысса, онда матералды меңгеру 70%-ға дейін жоғарылайды. Электрондық оқу құралдарында қолданылатын оқудың белсенді әдістері осы тәуелділікті талап етеді. Электрондық оқу құралдарының дәстүрлі баспа шығарулары мен электрондық кітаптардан басты айырмашылығы студент пен компьютер арасындағы интерактивті өзараәрекеттің міндеттілігі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет