Кіріспе зерттеудің көкейтестілігі


Мультимедиалық оқу құралдары және оларды оқытуда пайдалану



бет13/18
Дата26.05.2022
өлшемі1.45 Mb.
#458686
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Электр оку кешен дипл

2.2 Мультимедиалық оқу құралдары және оларды оқытуда пайдалану
Мультимедиалық компьютер – бұл тек ақпараттың жаңа интегралданған тасушысы емес, бұл «fase to fase» моделін толық және анық бейнелейтін құрылғы. Бұдан өзге, гипермедиалық сілтеме негізінде ақпаратты – анықтамалық жүйелер құрылуы мүмкін, бұл жекеше білім берудің маңыздыларының бірі болып табылады.
Мультимедианы жасауда білім беруде қолданылатын жүйелер және педагогикалық сценариді құру маңызды орын алады. Педагогикалық сценарий - бұл құрылымы мен мазмұнын анықтайтын компьютерлік курс жобасы. Педгогикалық сценарий – оқу материалының мазмұнын сипаттап қана қоймай, ол оқытуды басқару әдістерін сипаттаудан тұруы қажет, оның сапасына компьютерлік курстың жасалуы байланысты болып келеді. Педагогикалық сценарий жасалу барысында – ақ келесі талаптарды ескеруі қажет: мазмұнның ғылымилығы, алдында алынған біліммен оқулықтың сәйкес келуі, икемділігі, жүйелілігі мен тізбектілігі, анықтылығы және белсенділігі.
Педагогикалық сценарийлерді шартты түрде жасау төмендегі этаптардан тұрады:

  • Компьютерлік курсты қолдану және оқыту мақсаттарын нақтылау мен анықтауда, сондай – ақ, олардың көптеген пәндерді, мамандықтарды меңгеруде қолданған жөн.

  • Оқу материалдарының мазмұнын таңдау. Педагогикалық сценариий авторы оқу материалынан анықтау, иллюстрациялар, мысалдар тәрізді түсіндірмелерін таңдауы қажет. Ол білім алушыға жаңа материал мазмұнын естуге, көруге, сезінуге, түсінуге мүмкіндік береді. Сценарий авторымен дайындалған дидактикалық оқу материалы жеке білім алушының қабілетіне бағытталуы керек.

  • Логикалық талдау, оқу материалының құрылымдануы мен жүйелендірілуі. Мұнда сценарий авторы оқу ақпаратының көлемін анықтайды. Жұмыс нәтижесі ретінде тақырып бойынша мазмұнынан айқын көрсетілуі болады. Онда білім көлемін анықтау, негізгі түсініктерін белгілеу маңызды болып табылады. Оқу материалдарының элементтері ашық, образдық болып белгілі бір қиындық деңгейіне сәйкес келуі қажет.

Оқыту алгоритмін жасау кезінде барлық өтудің бағыттарын, оқу ақпаратының көрсету сызбасын, гиперортаны құру құралын белсенді қолдану – мәтіндік материалды ұйымдастыру формасы нақтылайтын материалды үйренуді анықтайды.
Педагогикалық сценарий педагогтардың, әдіскерлердің, программистердің шығармашылық жұмысының нәтижесі болып табылады.
Бөлек кадрдың құрылымы нақты ойластырылған болуы керек. Бөлек кадр құрылымын анықтау кезінде экранның мәтіндік ақпаратпен шамадан тыс толуы, білім алушыны тез шаршатып, дидактикалық программаға деген қызығушылығын жояды.
Мультимедиа ортасында оқытушы курстарды жасау ұзақ уақыт алатын және қымбат процесс болып табылады, сондықтан курстың негізгі кезеңдерін құру маңызды.

  • Бастапқы кезеңде мультимедиалық ортада сипатталатын курсты таңдау жүргізіледі. Бұдан берілген мәселе бойынша бар курстар көрсетілу керек, шығын мен уақыты анықталуы тиіс. Жалпы білім курстары білім алушының түрлі деңгейімен байланысты оқыту ерекшеліктерін ескеруі қажет.

  • Курс және аудитория таңдалғаннан кейін оқыту мақсаттары мен оқыту жүйелерінде көрсетілетін оқу материалдарының қиындық деңгейі анықталады.

  • Берілген кезең курстың мәтінін жазуды, оқыту тақырыптарының сценарийін құруды, және де анимациялық, бейнефрагменттер сценарийлерін, интерфейс түрлері мен анимациялар, сканерлеу үшін ақпаратты жинауды көрсетеді.

Сценарийді құру кезінде иллюстрация түрлері және анимациялық фрагменттер, мультимедиа курсты көркемдеуде дыбыс және бейнелерді таңдау жасалады. Бейне беттерде медиа – элемент және мәтін қатынасы курстың қиындық дәрежесімен анықталады. Мазмұн сценарийі оқыту жетістігіне байланысты өзгертіле алады. Интерактивті курстар білім алушымен іс - әрекетіне енігізделген оқу курсын көрсетеді. Оның қалауы бойынша өзіндік сценарийі қалыптасуы мүмкін. Оқыту қолданушы әрекетін бағалайтын рольдік ойындар түрінде өте алады. Интерфейсті қолдану сапасы қолданушының оқу курсын қабылдауын анықтайды, бұдан мазмұн эстетикасы мен курс жұмысынан қалыптасқан жалпы әсерінің тең дәрежеде болуына тырысу керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет