Кіріспе Зерттеудің өзектілігі


Жүсiпбек аймауытовтың шығармашылығы



бет3/11
Дата05.12.2023
өлшемі427 Kb.
#485521
түріӨмірбаяны
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
=Дип. Ж. Аймауытов

1.2 Жүсiпбек аймауытовтың шығармашылығы.

Жүсiпбектiң « Қартқожа » романы 1926 жылы тұңғыш рет Қызылорда қаласында жеке кiтап болып шыққан . Бұл- ауылдағы қарапайым қазақ азаматының өмiрiн, оның әлеуметтiк арпалыстар кезiндегi күрделi тағдырын этикалық үлгiде көркем бейнелеуге арналған қазақ әдебиетiнiң алғашқы көлемдi шығармасы. Онда қазақ ауылының революция алдындағы және әлеуметтiк қақтығыстар кезiндегi тiршiлiгi , азаттық жолындағы күрестен кейiнгi жаңаша ұмтылысы шыншылдықпен бейнеленедi. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысының басталуы мен оның 1917 жылғы ақпан революциясына ұласуы, қазақтарын ел iшiндегi әлеуметтiк күрестерге араласуы, « Алашорданың » құрылуы, Октябрь революциясы мен азамат соғысының оқиғалары роман сюжетiне желi боп кiредi. Шығарма қаһарманы Қартқожа да, оның елi, жұрты да осы оқиғалар фонындағы тартыста есейiп, есiн жинап , iлгерi басады , болашаққа ққарайды.


Романда айрықша көзге түсетiн нәрсе – көшпелi қазақ аулы өмiрiнiң жүдеулiгi , қоғамдық әдiлетсiздiк. Мұны бiз Қартқожа туып-өскен ортаның семьялық тiршiлiктiң , ескi ауылдағы әлдiнiң әлсiзге жасаған зорлығы фактыларынан , осы негiздегi қақтығыстардан танимыз.
Шығарма қаһарманы жайындағы жазушы толғанысында бүкiл романның пафосы жатыр. Автор қазақ ортасынан шыққан жас Қартқожаны « елi үшiн күйген, еңбектi сүйген , ер жүректi, жұртшылық көсемi- жалынды жастардың » қатарынан көргiсi келедi. Оның халықтың ойлары Қартқожа бейнесi арқылы өрбiп дамиды.
Шығарманың шұрайлы тiлi – жазушы шеберлiгiнiң айқын көрiнiсi. Ондағы суреттер ел өмiрiн , дала тiршiлiгiн , ондағы адамдар ұғым- түсiнiгiн оқырманның көз алдына жайып салып отырады.
Бұл « Қартқожаның » жалпы идеялық , тақырыптық маңызына қоса қазақ романының тарихындағы көркемдiк ролiнде , жаңалығын да аша түседi.
« Ақбiлек » - жеке кiтап болып басылып үлгермеген шығарма. Ол кезiнде « әйел теңдiгi » журналының 1927-1928 жылдар iшiндегi бiрнеше санында жарияланған . Бiрiншi рет 1989 жылы Жөсiпбектiң таңдамалы шығармалары iшiнде жарық көрдi.
« Ақбiлек » тақырыбы жағынан « Қартқожа » романымен үндес. Егер « Қартқожада » жазушы ескi қоғамдық құрылыс жағдайында теңсiздiкте өмiр кешкен қазақ жiгiтiнiң құлдықтан құтылып , азаттық күрес жолына шыққан суреттесе, «Ақбiлектеде » осы идеяны жалғастырады. Мұнда феодалдық- рушылдық ортада жiкшiлдiктартыстардан қорлық көрген қазақ қызының жаңа заман шындығын пайдаланып , өз бағытын табу , тең құқылы азамат болуы бейнеленедi.
Жазушы халықтық көзқарасы романдағы байлар мен кедейлер өмiрiн, олардың ара қатынасын, рушылдық , жiкшiлдiк , пендешiлiк ұсақ мiнездерден туған кикiлжiңге әлеуметтiк сипат бере бейнелеуiнен көрiнедi. Ол тұрмыс – салттың ұнамсыз жақтарын да көңiл аударады. Әлдiлердiң тарапынан әлсiздерге жасалып жатқан зорлықы көре бiледi. Жалпы алғанда
« Ақбiлек »- бiр қыздың тағдыры негiзiнде әлеуметтiк революциялар дәуiрiндегi қазақ ауылының жанаруын суреттейтiн алғашқы қазақ романының бiрi .
« Күнекейдiң жазығы » повесi 1928 жылы « Жаңа әдебиет » журналында жарияланған. Мұның да тақырыбы әйел тағдыры.
Повестте сол кездегi ел iшiндегi қыз ұзату , көшу , жастардың ойын сауық ұйымдастыруы , халықтық әзiл- қалжыңдар сияқты тұрмыстық суреттер мол. Ол өмiр тануға , дәуiр шындығын түсiнуге қажет этнографиялық материалдар бола алады.
Ақ өлең үлгiсiмен жазылған шығарманың тiлi Жөсiпбектiң прозадағы жаңа бiр iзденiсiн танытады. Оның ырғақты прозасы ескi рухани тiршiлiгi өлеңмен байланысты болған халықтың жаңа жанрды игерудегi өзгеше тарады.
Жүсiпбектен қалған бiрталай әңгiме бар. Олар « Бетiм-ау құдағи ғой »( 1918 ), « ‡мiр деген осы ма » , « Мысыққа ойын , тышқанға өлiм » ( 1923 ), « Елес », « Оралдан поезд өткенде », « Қойшы Тастамақ», « Жаңа өмiрге аяқ басты », « Жидебайдың баяндамасы » ( 1924 ) , «Жетi азбан » , «Жол үстiнде » , « Көшпелi көжебай » , « әншi » ( 1925 ) , « Боранды болжағыш әулие » ( 1926) т.б. Бұлардың көбi сол кездегi газет-журналдар беттерiнде жарияланған. Әңгiмелермен қатар баспасөз беттерiнде Жүсiпбек қолынан шыққан өлеңдер , публицистикалық мақалалар , фельетондар аз емес .
Жүсiпбек әңгiмелерi , негiзiнен , жазушы өмiр сүрген дәуiрдiң шындығын суреттеуге арналады. Оларда ел тұрмысындағы өзгерiстер , адам психологиясындағы жаңалық , әлеуметтiк теңсiздiк пен оған қарсы күрес , өнер тақарыбы , уақыт , заман туралы толғаныс , т.б. мәселелер сөз болады.
Жүсiпбектiң драматург есебiнде көзге түсуi де тым ерте басталған. Ол Семейде оқыған жылдары жастардың ойын-сауық кештерiне қатысып , домбыра тартып , ән салып , спектакьлдер қойған , өзi басты рольдерде ойнаған. 1917 жылы 17 желтоқсанда Семейде оқитын жастардың әдеби кешi болып , онда Жүсiпбектiң « Ескi тәртiппен бала оқыту » ,« Рабиға » атты бiр перделi пьесалары қойылған. Ол жөнiндегi хабар кезiнде жергiлiктк баспасөзде жарияланған . Кейiн « Ел қорғаны » (1925, « Мансапқорлар » ( 1925 ), « Қанапия мен Шарбану » ( 1926), «Шернияз» (1926) атты драмалар жазЈан.
Жүсiпбек –әдеби шығармашылығын ақындықтан бастаған адам . Бiрақ өлендерi жиналып басылмай, кезiнде жарық көрген күнделiктi баспасөз бетiнде қалған. Қазiр бiзге белгiлi Жүсiпбектiң поэзиялық туындыларының iшiнде « СарыАрканың сәлемi», « Ах-ха-хау» , « Көшу», « µршығым», « әскер марселлезасы», « Тұңғиық, түпсiз астында » тағы да басқа өлендер мен «Нұр күйi» атты поэмасы бар. «Нұр күйi» атты поэмасы 1929 жылы Қызылордада жеке кiтап болып басылған. Оны автор «күйлi сөз» деп атаған. Поэма уақиғасы Жiбек анананың жаңа туған нәрестесiне толғанып айтқан жыры мен басталады. Бiрақ ана қуанышы баласының соқыр екенiн бiлiп тез басылады. Алайда бала өнерпаз, күйшi болып өседi. Өнерiмен , жұртты таң қалдырады. Кейiн орыс дәрiгерлерiнiң көмегiмен көзi жазылып ол қуаныш шаттық күйiн тартады. Автордың « Нұр күйi» дейтiнi сол. Ақын сол арқылы өнерпаз бала көрген, оның келешегiн айқындаған нұрдын , жарық сәуленiң шатты сезiмдерiн жырға қосады. Поэма жастарды өмiрдi сүйюге , қиыншылыққа мойымай, онымен күресе бiлуге тарбиелейдi. Едiгенiң орыс дәрiгерiнен көмек алуы арқылы автор халықтар туысқандығының да проблемасын өзiнше шешуге ұмтылады. Поэманың жазылу үлгiсiнде де ақ өлең көбiрек қолданылады.
Жүсiпбек көп шығармаларын жаңа , жас ұрпаққа арнады. Соларды жаңа рухта , күрескерлiкке, адамгешiлiкке тәрбиелейтiн кiтаптар жазды. Оның балаларға арнап жазған « Жаман тымақ » ,
« Шал мен кемпiр», « Көк өгiз », « ¦ш қыз», сияқты ертегiлерi бар. Олар суреттi кiтапша үлгiсiнде жазылған.
Жүсiпбек көптеген сын мақалалар да жазған . Олардың iшiнде М.Әуезовпен бiрiгiп жазған « Мағжанның ақындығы туралы» ( 1923 ) ,« Аударма туралы »(1925 ),« Сұңқар жыры »(1925 ) атты еңбектерi автордың әдебиет жөнiндегi , оның ерекшелiктерi туралы , жазушы шығармашылығын түсiнудiң принциптерi жайындағы ұғым-түсiнiгiн , көз қарасын көрсете алатын елеулi туындылар.
Аударма еңбектерi бiр төбе. « Интернационалды» қазақ тiлiне асқңн шеберлiкпен аударуынығ өзi-ақ Жүсiпбектiң аударма өнерiнiң өрен жүйрiгi екенiн айнытпай танытады. Пушкиннiң « Сараң серi » ( Скупой рыцарь ), « Тас мейман » ( Каменный гость ) , Гогольдың « Бајылаушы » ( Ревизор ) пьесаларын аударған. Джек Лондоннан аударған « Теңiз телегей аттаныс » ( Всеобщий поход ) шығармасы 1926 жылы « Жаңа мектеп » журналының 4,5 сандарында басылған. Жүсiпбектiң көп аударма еңбектерiң әлi бiлмеймiз.
Оның артында бiрталай ғылыми мұра да қалды. Ол халыұ ағарту комиссариатында педагогикалық оқу орындарында қызмет iстей жүрiп, жас ұрпақты жаңа рухта тәрбиелеуге, олардың ғылымның әр саласында жан жақты бiлiм алуын көздеген еңбектер оқу құралдарын жазды. Олардың iшiнде « Тәрбиеге жетекшi » (1924 ) Психология 1926 , Жан жүйесi және †өер тандау 1926 атты елеулi кiтаптары бар. Бұлар, әрине, бүгiнгi педагогика мен психологиның методология тұрғысынан әлсiз көрiнседе, өз дәуiрi үшiн аса пайдалы қызмет атқарды.
Ендi бiр ең елеулi тарихи еңбегiн атап айтуымыз керек. Сұлтанмахмұт алдында айтып кеткенде Жүсiпбекке туыс болып келедi. Сұлтанмахмұт өлген соң 1920 жылы , оның шығармаларын он жыл бойы жинап-терiп баспаға әзiрлеп, өмiр тарихын жазған Жүсiпбек едi. Жүсiпбек Аймауытов - қазақ әдеби тiлiнiң жүлде бермес жүйрiгi, Терең ойлы, нәзiк сезiмдi, ұшқыр қялды , кен құлашты , нағыз классик жазушы.
Жүсiпбек музыканы – ән мен күйдi жанындай жақсы көрген адам. Атақты композитор Александр Затаевич Жүiпбектен Қазақтың оннан астам әнiн жазып алып , оны «Қақтың 1000 әнi » деген кiтабына енгiзген. Жүсiпбек өзi де ән шырқаған.
Жүсiпбек Аймауытов Сталиннiң қара жүрек , қанды қол қарақшы жендеттерiнiң қолынан, 1931 жылы 41 жасында қыршынынан қиылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет