Кіріспе Зерттеудің өзектілігі


Мінездің жіктелуіне байланысты мамандық таңдау



бет8/11
Дата05.12.2023
өлшемі427 Kb.
#485521
түріӨмірбаяны
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
=Дип. Ж. Аймауытов

3.2. Мінездің жіктелуіне байланысты мамандық таңдау.

Адамдарды мінезіне қарай жіктеудің негізгі бір белгісі - олардың сыртқұы дүниеге тез, яки созалаң серпілуі екен. Тез яки созалаң қайталаумен қатар, ол қайталаудың күші де еске алынады. Осы айтылған екі сипаттарды қосқанда бар адамдар негізгі төрт түрлі мінезді туғызады:




1) Қайталауы тез – күшті холерик.
2) Қайталауы тез – күщсіз сангвиник.
3) Қайталауы созалаң – күшті меланхолик.
4) Қайталауы созалааң – күшсіз флегматик.

Бұл төрт түрлі негізді мінезді Лазурский былай деп түсіндіреді:


С а н г в и н и к – еті тірі, қозғалғыш, тұрлаусыз, әсерленгіш, тез қызынып, тез суынғыш, жеңіл ойлы, бір беткей, ұзақ қызметке шыдамсыз.


М е л а н х о л и к – табанды, алған әсері көпке шейін басылмайды. Ол сангвиник тәрізді емес, оңашаны сүйеді, көпшкілікті қаламайды; ол қиялдауға икем тұрады: бірақ сангвиник сықылды іске жігерсіз, қабілетсіз келеді. Меланхоликтер көп сезеді, көп қиялданады, аз істейді яки өзін сыртқа шығара алмайды. Олардың ақылынан да, қайратынан да сезімі басым болады.
Х о л е р и к – тез қызады, іске икем тұрады. Ісінде жігерлі. Ашуы қолында болады. Философ Кант ол кейіпкерлерді: «Құрмет сүйгіш, өзінің «мендігін» алға қойғыш, төңірегін көтермеші нөкерлер мен толтырғыш, жүйелі ой қызметіне қабілетсіз» деп суреттейді.
Ф л е г м а т и к – аса баяу қызады. Ондай адамды еліктіру, қыздыру өте қиын. Күллі жан ағымдарының бәрі де шабан. Шабандық оның айрықша белгісі. Іске қабілеті шамалы. Ондай адам бір қозғалып, іске кірісіп кетсе, сол бетінде бірталайға шейін табанды қызмет етеді. Оныкі өздігінен тауып алғандықтан емес, түскен бір жолында жұмыс ете беруден туған қызмет. Жүріп келе жатқан жолын тастап, тыңнан жол тауып алуға ондай адам топас болады.
Адамдардың мінезіндегі бір айырмасы: өзіне-өзі сенуі әр түрлі болады. Кейде бұл сипат анық байқалады. Өзіне өте сенгіштік яки сенімсіздік салған жерден көзге түседі. Мұндай парық мінезге де өзгешелік береді. Бұл сипатпен жанның басқа қабілеттерінің байланысы жоқ.
Кейбір қызметте өзгелерді өз беделіне бағындыра білу, асыға өрге домалаудың бір белгісі. Бұл, мәселен, әскерлік қызметі. Әскерді бастап, соңынан ерту, оларды бағындыру, оларға әмір жүргізу әскер қызметінде зор маңызды өнер. Сондықтан әскер жұмысы барлық әскер басығы байлаулы. Әскер басы қандай болу керек деген мәселе әскер жайында көбірек қозғалған, көбірек тексерілген мәселе. Бастық (командир) болуға қандай қасиет керек? Қандай қасиеті болмаса бастық болуға жарамайды? Бастыққа керекті басты қасиеттер мыналар болу керек: күшті қайрат, кейде үздік жетілген қайрат, өз бетімен ойлау, өздігінен істей білу, кейде кенеттен ұшыраған жұмысқа тез жол тауып, айла құрып, шығыс табу.
Өзгелерге бұйрық беріп бағындыруда білуде тағыда түрлі қасиеттер керек. Азды-көпті көсемдігі (инициатива), тапқырлығы, қызметке құнты, батылдығы, тәуекелшілдігі, ұстамдылығы, шыдамдылығы болмаса, жақсы басшы бола алмайды. әрине жалғыз шыдамдылықта жетпейді. Бірақ шыдамдылық бірі өзіне-өзі сенімділік, жаңылып кетем бе, жоғары ұлықты ренжітіп алам ба деп өзіне-өзі сенбей қорқа берген әскер басы берекелі іс шығара алмайды. Қызметке қызу наным, өзіне ықтихат ықпал жүргізудің бір шарты. Наным мен қызулық, (желік) қатар жүреді. Қызу ықтихаты бар адам көпті ұйытып әкетеді. Адам өзі ден қоймаған нәрсеге өзгені еліктіру мүмкін емес.
Жұмыс өнімді болуға тағы бір керекті сипат: жан тәнімен түгел берілу, арманына жетуге бар талабын, ақыл – айласын, жігерін салған әскер басы өзгелерді де ұйытып соңынан ертіп, мұратына қарай жетектеу күші арта береді.
Қайратсыз, жасық кейпкерде жоғарыда аталған сипаттардың бірі де болмайды. Ол өзгелерге ықпал жүргізуге икемі келмейді. Бұл екі кейіпкер Болудиннің ұшқалақ, байсалды кейіпкерлерімен ұқсас. Әскер басы Болудиннің ұшқалақ кейіпкеріне, жасық кейіпкеріне, байсалды балаға жақын. Профессор Мейман адамның қайрат жағын тексеріп («оқығандар және қайрат» деген кітабында), бірнеше жікке бөлген. Қайраттың түрлі болуынан мінездері де әр түрлі болады. Және қайрат жанның басқа қуаттары мен (ақыл мен көңілмен) астасып, әр адамға өзгеше сипат береді. Нағыз қайрат жағынан қарағанда, төрт түрге бөлуге болады. Әуелі осы жағынан қарастырайық.
1) Әр адамның жан дүниесінен қарап сипаттағанда қайраттың бір белгісі – екпінді, я жігерлі болмағы. Бұл қасиеттің жақсы жағы да, жаман жағы да болуы мүмкін. Кіріскен ісін аяқтап, орындап шыққан кісі жақсы кісі. Осы істі орындауға жігер керек. Жігерлі болу қайраттың қасиеті, ендеше бұл қайраттың жақсы жағы. Жігерлі қайраттың жаман жағы мынау: ондай жігерлі қайраты бар адам ойлаған ниетіне жету жолында қандай бөгет киліксе де талғамайды. Жоюға, қиратуға тырысады. Ондай адам мақсат еткен ісін орындауға жолындағы жақсы нәрселерді күйретіп, әлде біреулерге зиян келтіруден бас тартпайды. «Шығынға қарамайды», неғұрлым жолында бөге күшті болса, соғұрлым бөгетті жеңуге ерегесіп кетеді. Әсте бетінен қайтпайды. Бұлар міне, қайратты, күшті адамдар, кезенген мүддесіне жетуге ондай адам сырттан жолығатын бгеттерді де алысқанмен тұрмайды. өзінен болатын ішкі бөгеттерін де жеңуге қайратын жұмсайды.
2) Қайраттың енді бір өзгеше қасиеті – қайра күшінің аз уақытқа, я көп уақытқа шейін созылуы. Бұл жағынан қарап, табанды, шыдамды қайрат, шыдамсыз қайрат деп айрамыз. Қайраты берік, табанды адам тез қажып қалмайды, қажыры қайтпайды; ол бір жұмысты орындаумен тынбайды, ұзақ уақыт құныттап, талай ауыр, талай алуан жұмыстарды да істеп шығады. Бұлар қажырлы, құнытты, табанды, нағыз жұмысқа бола жаралған адамдар.
3) Қайраттың өрлеуі, жетілуі жағынан қарап адамды негізді (принципный), негізсіз деп айыруға болады. Негізді кейіпкердің белгілі тұтынған жолы, көздеген мақсаты, арманы болады. Оның ойы да, ісі де сол негізге үйлестіріп соған тіреліп шығады. Негізсіз кейіпкер олай емес. Ол көбінесе белгілі себептерге шарттар арқылы істеуге бейім тұрады. Оның көңілдегі тілегі мен істеу себебі біріне бірі үйлеспейді, қатынаспайды. Бұлардың мақсаты, арманы себепке, шартқа бағынып кетеді.
4) Қайраттың төртінші қасиеті – санаулы қайрат, әділетті қайрат болады. Біреулер істеген істің мақсатын, себебін анық біліп санасына салып істейтін болса, енді біреулер көбінесе дағдысына, әдетіне, ыңғайына сүйеніп іс қылады. Соңғылары ойланып, толғанбайды, сирек күдіктенеді, жұмысы тез, екпінді болады.
Қайратқа әдеттің де ықпалы бар, кейбір адам әдеттенген сайын ісі оңайлана береді, өзінен-өзі істеліп дағды болып кетеді. Енді біреулер әдет болған жұмысты істегенді қаламайды. әдеттің шегінен шығып істеуді қалайды.
Қайраттың одан слңғы бір парқы – ақыл мен сезімнің (көңіл) әсер беруі. Бір нәрсені істеуге ақыл мен сезімі дұрыс тауып, көне ме? Жоқ, теріс тауып тия ма? Міне, осы жағын айтамыз. Ақыл сезімді құп көруі қостамауы кейде тез, кейде шабан болады. Сондықтан адамның қайраты да не батыл, не тайқалақ болады. Батыл қайратты адам алды-артына көп қарамайды, іске белсеніп түсіп кетеді. Тайқалақ кісі шейін толқып, жуырда ештеңеге табан тірей алмайды. Кейде белгілі бір қорытындыға келе алмай, дағдарып қалады.
Таза қайрат түрлері осылар. Бірақ адамның жан өмірі, деректі бір сипаты мен өзгеше сипаттарымен астасып, айқасып, қайнасып біткен, таза түрінде ешбір сипат жоқ. Мысалы, қайрат, ақыл, сезім бір-бірімен байланысып, біріне- бірі реңк беріп отырады. Қайратқа сезімнің әсер беру жағынан қарағанда, адамның қызмет түрлерін былай бөлуге болады:
а) сипат жағынан – қызықты, қызықсыз.
б) орнықтылық – оңай тыныштану, санаға ұзақ уақытқа шейін әсер беру.
в) жігер – аз күшті, көп күшті.
Г) уақыт – тез, иә шабан қызу.

Сезімнің осы жақтары қайраттың әрбір көздерімен тоғысып қызметі де өзгеруі мүмкін.


Адамдардың мінезіне қарай жіктегендегі, өмірге ең жақын жарасатын жіктес, профессор – Лазурскийдікі. Лазурский мінезді жіктеуге ортаның ыңғайына түсуді негіз қылады. Мұны «белсенді ыңғайласу» дейді. Ыңғайласу – толық, кең болуға да, тар, кем болуға да мүмкін. Осыған орай Лазурский адамды үш сатыға бөледі. Ыңғайласуға кем адамдардың төменгі, одан артығырақ болса орта, толық ыңғайласатындарды жоғары сатыға кіргізеді. Олар бір-бірімен әуелі сыртқы қызметінің күрделі, молдығымен, кеңдігімен айырылады. Екінші белгілі қимылдардың күштілігі, табандылығымен айрылады. Үшінші парқы істердің мұраты, саналы болуы. Төртінші белгісі жан қуаттарының бір-біріне бағынуы, осы сипаттардың бәрі қосылып бір адам жасайды. Содан кейін адамдардың төңіректегі өмірге қатынасы жағымды (положительный), жағымсыз (отрицательный) болуға мүмкін. Әрбір адам өзіндей өзге адамға, еңбекке, әділдікке я селқос қарайды, я күйінді кісіше қызу қанмен қарайды және біздің ынтамызды аударатын нәрсенің көлемі әлде кең, әлде тар болуға мүмкін. Нәрселерге біздің қатынасымызда әр түрлі: не белсеніп қатынасымыз, не жадағай қаламыз. Көзденген іске жетем деп талпынамыз, болмаса көңіліміз тез дауалап қалуы да әр түрлі. Табиғатына біткен өзгеше сипаттары, күшті мүддесі өнер қызметі үйлесіп келсе, бұл кейіпкер жасайды. Лазурский мұндай адамдарды «таза» кейіпкер деп атайды. Орта қолды «таза» кейіпкер не ісшіл-дерекшіл, болмаса іске шорқақ, мұратшыл болады дейді. Орта деп ортаның жағдайына ыңғайласқыш адамдарды атаймыз. Ондай орта қолды кейіпкерлерде ғасырлар бойы құралған шарттардың түрі байқалады. Орта қолды адамдар үшін, Лазурский мынадай (таза) кейіпкерлердің мінездерін айырып суреттейді; Ғалым, суретшіл, шаруашыл, әлеуметшіл, діншіл, болжаушыл, көпшіл.
Аталған кейіпкерлердің айырмасы жағынан бірнеше сөз айталық.
1) Суретшілдер (художниктер) - әрі жетік, әрі жүйрік, әрі айқын, бай қиял, аса байымды, бақылампаздық, айқын жатпен айқасқан жеті түйсік, дерексізді талғауға ой қуаты шорқақтық – міне суретшілердің жанына біткен айрықша қасиеттері. Олардың ойы ұшқыр, сырттан алған әсер санасына сап етіп, дереу білім боп түрегеледі. Олардың санасында жасалатын түйін (нәтиже) біржола деректі, айқын үлгі – сурет болып туады. Олар дерексізді деректіге, күдіктіні аныққа, жабайы сұлуға ұйқастыруға икем тұрады. Бұлардың бір өзгешелігі әдемілік сезімі аса ұстарған, жетік болады. Олардың арасынан көркемдік сезіміне бар ындынымен берілген адамдарды ұштастырасың; ондай ынтықтық оның нанымын емес, болмаса тәрбиесінен де емес, туыста сүйегіне біткен жанның құмарлығынан болады.
2) Ғалымдар - әдемі мінезділерге қайшы, ғалымдардың сезім жағы доғал болады. Олардың өз жұмысына азды-көпті қатынасы бар сезімдерді ғана ұстарады. Қайрат жүзінде де осыны айтуға болады. Олардың қайраты жүйелі ақылына икемдік, қарысқақтығымен көрінеді. Менмендік сезімінен де бұлардың көбіенесе өзімшілдігі күшті болады. Ондай өзімшілдік сезімі кейде мінезіне зор сүрең береді. Кейде негізгі мәселеге таласуды тастай беріп, біреудің жүзіне тура салуға да бейім тұрады. Құлық сезімін алсақ, бұларды қызмет жағының ғана борышы, ар-ұяты болады. Ондай сезімі болмаса оқымысты адамның қызметінен маңызды нәтиже шығуы мүмкін емес қой. Бәрінен де нашар жетілетін олардың әдемілік сезімі.
3) Болжаушыл – діншілдер – бұл кейіптестердің қиялы күшті, өздері қызу келеді. Сондықтан суретшілдерге ұқсайды. Бірақ әдемілік сезімдерімен салыстырғанда, тіпті басқа, бұл кейіпкердің алдыңғы орынға құлық, адамгершілік сезімдерін қояды. Бұларға өте-мөте әсер беретін ар-ұят, адамгершілік борышы. Олардан ісшіл адамдар сирек шығады. Олардың болжаушылдығы, қиялшылдығы тұрмыс қызметіне ысылауға жәрдем бермейді. Олар көпшілікті жаратпайды, бөтен адамдар ішінде қысылып-қымтырылып, жұтылып кетеді; сондықтан көптен бойы аулаққа салады. Жат оларды «қияли», «бір алуан» адам деп жориды, жақындары оларды шын пейілімен қадірлейді, жақсы көреді, табиғатты болжайға, алыстан қарауға орайлы болып жаралғандықтан олардың сыртқы әсерге ілтипат қойып қарауы сирек болады. Дәулеттің игілігі, тіршілігі, қызығы, тән рахаты деген нәрселер олардың көзінде бағасы аз, сол нәрсе тәрізді.
4) Әкімдер – қажырлы қайрат, ұзақ іске орнықты, табандылық – бұл кейіпкерлердің басты белгісі. Мұндай қасиеттер адамның мінезіне өзгеше реңк кіргізеді. Өзіне-өзі ұстамды, бойына беріктік, қарсылыққа қарсы тұруға, алысып тартысуға бейімдік, сеніп кіріскіштік, міне, осындай сипаттардың бәрі! Өзгелерді билеп әмір, ықпал жүргізуге үлкен себеп. Наполеонның қай әскер бастығын алсаң да қасиеттерді табасың. Өзгелерді өзіне бағындырып, ұйытып соңынан ерітіп алуға әскер басында көздеген мақсатын анық білетін сана болу керек. «Міндет» деген сезім ондай адамның өміріне аса маңзды нәрсе болып көрінеді. Дұрыс деп тұтінған жолынан өз басының байыптауында, жақындарының тілегінде оны тайдыра алмайды. Басқа\ларды бағындыра білуге өзін-өзі ұстай білу қажет. Бұл сипат өзгелердің көзінде оның беделін көтереді.
Мұндай кейіпкер дене азабына да, құлық азабына да көнпіс, көтергіш, төзімді келеді, бірақ қандай көмпістік менмендікке, қаталдыққа шаппайды. Басқалардың қайғысына қайғырып, олар да есіркейді.
5) Шаруашылдар – бұлардың өзіне хас сипаты есепқорлық, сақтық, байсалдылық. Бұлар әбден ойланып, толғанбай, ақылға салмай кесіп-пішпей, шамаламай іс қалмайды. Мұндай сипаттар жан құрысына да өзгешелік береді. Кезенген жұмысына күрт түсіп кетпей, бойын бағып әдептену, көңілі мен тьілегін үйлестіріп іс қылу олардың шыдамды, байсалдылығына айғақ. Үнемі ойға сала берген адамның сезім қуаты азая бермек. Оның есесіне тұрлаулылық, орнықтылық, тапбасқыштың, ойланған мақсатын нық біліп, сол жолды қадағалап, ретпен іс етушілік сықылды сипаттары күшті болады. Басқан адымын әлде неше рет салмақтап қайта-қайта ойлана беру олардың әдеті болғандықтан, мінезінде сақтық, қала берсе қорғаншақтық сықылды сипаттар да пайда болады. Сақтық, есепқорлық сипаттары бұларды шаруаға ұқыпты, жинақты, күтімді етеді.
6) Әлеуметшілдер – бұлардың негігі бір мінезі: өзін-өзі ұмытқанға шейін дәуірлейтін қызбалы, желікпелі келеді және ішіндегісін бойына сиғыза алмай, сыртына шығарғанша асық болып, төгіп жібергісі келіп тұрады. Бұған тете бір мінезі сырттан әсер күйттегіш болады. өзінің ішкі жан толқындарына ұзақ түйіліп тереңдеп кете алмайды. Өзіне-өзі есеп бере алмайды. Сезімін төгуге құмар аса желөкпелік өзгелермен үйірілікті, жұғысуды, араласуды, көпшілдікті қалап тұрады.
Той-думан, міне, олардың жаны сонда. Олар бірдеңе істемей отыра алмайды іске белсенгіш келеді, қозғалмай отырып істейтін қызмет олардың ішін пыстырады. Сондықтан олардың қатынаспайтын, кіріспейтін жұмысы болмайды. Іс қылғанда олардың табан тірейтін негізгі – адамдар арасының қатынасы. Бұл қатынас әлеуметшіл өмірдің негізі. Жеке адамның басы, жан дүниесі оларға қызықты емес, бұлар жайдары, кейде елгезек, көбінесе әлеумет ішіндегі адамдарды бірінен-бірі байланыстырып, әлеумет ұйымын сақтайтын әлеуметтің дәнекері, делдалы болады. Бірақ өз ойынан тың нәрсе шығарып, көсемдік етуге, ұйым басқарып жұмысын жүргізуге, қолайы аз болады.
7) Көпшілдер – бұлардың меншікті, басты сипаты – күшті сезім. Бірақ әлеуметшілдердікі сияқты бұлардың сезімі сыртқа шығуға талпынбайды. Жанының түкпіріне тереңге қарай тартады. Сондықтан жан қызметі аса орнықты, терең болады. «Көпшіл» деген атынан да көрініп тұр, бұл кейіптес адамдардың өзгеше сипаты өзгелерге жаны ашитын мейірімділік бәлеге, қырсыққа жолыққандарға жәрдем етуге келгенде оларға жақыны, жаты, дос, қасы бәрі бір бас, жылы жүрегі жақсылық етуге әзір тұрады. Менмендік, өзімшілдік мінездердің қандайынан болса да бұл көбінесе таза келеді. Ілтипаты өзінің жан өміріне көбірек ауғандықтан, бұл адамдар салмақты, табанды, недәуір кісі сығаныш-сыршыл (психолог), ісшіл болады. Тұтылған нанымына (ығытқанына)(иқтыққанына) өте берік, тұрақты, қарысқақ келетін тағы мінезі бар. Бұндай кейіпкерлердің мінезіне лайықты қызметті бүгінгі тұрмыс әлі анықтаған жоқ. Қайткенмен адамдардың қайғысына, мұңына, қажетіне қайрылысып, жаны ашуды, жәрдем етуді тілейтін қызметтерге ол адамдар өте пайдалы.
Жалпы айтқанда, жоғарыда айтылғандай «таза кейіпкерлер» өмірде сирек ұшырайды. Көбінде әлденеше адамдардың сипаттарын бір кейіпкер бойына сиғыза береді. Сондай қосылған қасиеттерден де күрделі кейіпкерлер шығады. Мәселен, оқымысты әлеуметшілдер, оқымысты ісшілдер, суретшілдер, діншілдер, әкімдер...
Ең соңғы жікке бұзылған кейіпкерлер кіреді. Мұндай кейіпкерлердің шығатын себебі: оның жалпы жан қасиеттері мен жүрген ортасының шарттары сәйкессіз, үйлеспегендіктен осындай сәйкессіздік бір адамның өзін екіге бөліп, мәселен екі кіндік жасайды. Ол кіндіктердің бір-біріне қатынасы, жақындығы, үйлесі болмайды; сондықтан өзін-өзі зорлаған, ыңғайсыз әрі-сәрі адам болып шығады. Бұл жікке кіретіндер:
1) Ойшыл – қисыншылдар (қолынан келмесе де іске ұмтылып, әлін білмей әлек болатындар);
2) желөкпе – ісшіл, мен-мендер.
3) есепқор мен мендер (басқаша айтқанда, пайдакүнемдер, мансапқорлар);
4) түкке ыңғайы жоқ бос қиалшылдар;
5) желікпелі – сенделмелер;
6) бағыныш – жігерлілер.

Өз мінезін білуге, өзгелердің өмірін оқу да пайдалы деп, жоғарыда айтылып еді, енді өмірді, оқудың пайдасын айтайық.


Жан сипаттарының қатынасын табу үшін Гейманс 110 кісінің өмірін оқып зерттеген. Гейманс жан сипаттарын үш жұпқа бөледі. Үш жұп бірімен бірі айқасып түрлі кейіпкер жасайды дейді ол. Гейманс үш жұпты қосып, түрлі мінездер туғызады. Оның айтуынша, мінез түрлері соңғыдай болмақ.
1) күйгілек (нервный);
2) аяныш жанды (сентементальный);
3) ыстық қанды (сонгвиник);
4) салқын қанды (флегматик);
5) қызбалы (холерик);
6) құмартпалы (страстный);
7) ұйтқымалы (аморфный);
8) сарыуайымшыл (апатичный).
Әрқайсысының мінезін айырып айтайық.
Күйгелек кейіпкердің сезімі өте күшті, бірақ іске тұрақсыз. Алған әсері ұзаққа бармай тез басылаып қалады. Өздігінен істеуі орайы кем, табансыз, қорғаншық, орнығып, сарылып істейтін қызметке икемсіз. Сезім аса күштілікпен тез қозып, тез ашуланып, кенеттен бұрқ-сарқ етеді. Жігер тілейтін қызметке жегілуі себепті кіріседі. Олардың көнілі күзгі күндей тез құбылады. Көнілі алабұртып, құлпыра бергендіктен, ойы мен ісі қайшы келіп, тіресіп қалады. Мұндай орнықсыздық ой ағымын бір тегіс жүргізбей, түлкінің ізіндей, бұлтақтап отырады, байсалдық сипаты ұстамағандықтан ойдағысын ішіне сиғыза алмай айтып салғысы келіп тұрады. Бұлардың бір қасиеті: сонша қазан бұзар тентек болмайды, момындық, әдептілік сипаттары да болады. Оның есебіне өзін-өзге түрде көрсетіп, боялауға, біреуді еліктеуге, мақтануға құмар келеді. Өзгелер құрмет еткенді сүйеді, бұл сезімдері аса күшті.
Бұлардың бәрінен күшті бір сипаты-әйелжандық. Бұлар әйелге тсалқынқанмен қарай алмайды. Әйел көрсе қыбыржып отыра алмайды. Еркектер ортасында әйелі бар жерді артық көреді. Олар кішкене баланы да, хайуанды да жақсы көреді. Ақыл жағынан келсек, ақылы мен қиля орташа деуге болады, бір-ақ терең ойға толғауға келгенде, табанды, жүйелі іске келгенде мәз береке болмайды.
Бұл кейіпкердің арасынан көбірек шығатын ақындар, ғаламдық шықпайды. Бұлардың ісінен кейде есалаң, ұрдажықтар да, талғақ, қояншықтар да шығады.
Күйгелектермен салыстырғанда, аяныш жанды кейіпкерлердің сезім күші, желігі бәсеңірек болады. Бұлар табанды ұнтақты, салмақты, сырын сыртқа шашпайтын берік келеді. Бұл сипаттар заңның жақсы қасиеттері жетілгендіктен; мәселен, тұрлаулық, ақ бейілділік, сенімділік, не нәрсені жақсылыққа жорып, дәріптегіштік, сыншылық, қасиеттерінің күшті болуынан, өзгелердің пікіріне бұларда шыдамсыз, көп күлмейді, көпшілікті қаламайды. Еркін тәрбиені, тез дамуды жаратпайды, күйгелектерше қылпылдағанды бұлар да тәуір көреді. Бір сыдырғы еңбекті бұлар да онша ұнатпайды. Бірақ өз бетімен істеуге, іске қорғанбай кірісуге бұлар артық. Өзін-өзі сынауға, ақыл-қызыметіне, ән-күйге бұлар бой ұрып тұрады. Деректі ісіне орташа амалдардан гөрі, бұлар шорқағырақ. Мұндай әдіс, жобалардың әзір әлдене түрлігі шығып жатыр. Бірақ бүгін өмір жағдайына қолайлы келетін ешбір әдіс бар деп айтуға болмайды. Оқушының зеректігін табу, жетілу әдісін тағайындау ісін педагогика іздестіріп жатса, онымен қатар бұл күнгі психология (Жан жүйесі) ғылымы тарих жүзіндегі түрлі адамдардың өмірін зерттеуге, әсіресе олардың бала кезіндегі өмірінен мағлұматтарын тексеріп, озат баланың өмірінде болатын құбылыстарын бақылауға артық назар салып кірісіп көрсетеді. Бұл кейіпкерлердің діншілдік адамгершілік сенімдері күшті болып жолығады: сый-құрмет сүйгіштік, күншілдік, пайдакүнемдік сезімдері кеңірек, қайта көпшілік, жинақылық қасиеттері артығырақ ұстарған болады. Әркім бір алдап кетеді. Бұлар тұрмыс ісіне олақтар, кісі алдауды білмейтіндер, өиір сүре білмейтіндер, өйткені іс жүзінде ақылы ұстармайды. Сондай нашар сипаттары. әдісті жүйелі жұмысқа кемдік келтіреді. Бұлар жаңа пікірге тез түйсініп кете алмайды. Өйткені пікір ауданы сондайлық кең емес, кейіпкерлерден жазушылар, (әдебиетшілер), (филосвтар) шығады. Бұл кейіпкерден қылмысты адамдар сирек жолығады. Себебі бұлардың көбінің көпшілдік (альтрихизм) мұратшылдық (идаялизм ) сезімі күшті көп болады.
Ыстық қанды кейіпкерлердің сезім жағы кешірек, іске белсеніп кіріседі әсіресе іске терең із қалдырмайды. Олар қимылдағанды қалайды, жұмыстыда құнттап істейді. Бірақ аса орнықты болып, тереңдеп кете алмайды. Олардың сезімділігі, қызулығы, ашуланшақтығы орташадан гөрі төмен. Ал пайдакүнемдік, құрмет сүйгіштік, мақтанқұмарлық сипаттарына келсек, олардың көбіне бұл қасиеттер күшті болып жолығады. Бұлардың құнтақтылығы кем, ақ жүректігі мәз емес, сенімділігі ортадан төмен, сенімшілдік қабілеті де нашар, бірақ олар сабырлы, кісіге сенгіш, нәрсені дәріптегіш, жақсылықа жорығыш, өзінше болдырмайтын ісі жоқ, дүниеге үмітшіл. Өзгелермен қатынаста жеңіл ойшылық, бірақ тапқар, әңгімеші, сыпайы, қалтысы аз, күлкісі шын. Олар жақсы ішілер. Сыртқы нәрсені бақылай да біледі. Ынталы, қызықыш да келеді. Олар жіктеуді, жүйелеуді, реттеуді жақсы көреді. Бірақ ол қызметтерге аса орайлы болмайды. Кітаппен шұғылдануға олар ортадан жоғары. Бұлардың ішінен көбінесе ғылым қызметкерлері шығыды. Суретшілікпен айналысуға талапты. Бұл қызметкерлердің денесі мықты, саулығы күшті, тосынан кйліккен қатерге қарсы тұрып қайрат көрсетуден де тайынбайды. Бұл кейіпкерлер алуан-алуан қызметке жарайды. Бұндай адамдар өте сирек ұшырайды.
Зерттеуге, талдауға қолайлы келетін кейіпкерлер – салқын қандылар; өйткені бұл кейіптес адамдар өте көп. Бұлардың сезім жағы доғал, іске белсенгіш, бір қозғалып кетсе сол бетінде талмай істей береді. Ыстық қандыларша олардың көңіл-күйі құбыла бермейді. Сондықтан қызметке бөгеттік қылмайды. Оларпдың ілтипаты орнықты, шыдамды, жұмысына тереңдегіш, өз бетімен істегіш, сыр шашпайтын тұйық, дүниесіне ұқыпты, жинақы, күтімді. Кейде бұл сипаттар сараңдыққа шабады. Бұлардық дүниеге көз қарасы өмітшіл, айналасындағы ортаны мадақтауға бейім. Күшті жетілген сезімдері: табандылық, құнттақтылық, ақ пейілділік, сенімділік, көзге түсу, жарқырау,әлде кімге мардамсу, бұларда өте сирек. Бұлардың еркек мінездері: Достық, ұлтын сүйгіштік, бұл сезімдер күшті болып жолығады. Олардың ынтасы көбінесе, ақылынан шығады. Ақыл-оймен шешілетін мәселеге ынтамен кіріседі. Кітаппен шұғылдануға әуес келеді. Бұлардан жақсы шешен өте аз шығады, жәй әңгімеге бұлар жақсы, бірақ өткір ақыл, тапқырлық, қиял жағы кем болады. Ілтипаты қадалмалы, тәртіптеуге, жіктеуге құмар, ұсақ-түйек нәрсемен шұғылдануды қалайды. Хатты ұзын, тәпіштеп жазады. Салқын қандылардың тәні, жаны да тәні сау күшті келеді. Бұлардың ортасынан көбінесе есепшілер (математиктер), ойшылдар, жазушылар шығады. Ақын еш уақытта шықпайды.
Қызбалы кейіпкерлер – сыртқы әсерге тез түйсіктенеді, қатты әулігеді. Ыстық қандылармен салқын қандыларда қозғалыста шабандырақ, үзілмейтін еңбекке бейімдері өте шыдамды, батыл жұмысқа қабілетті, құнтақты, тереңдегіш, тез әсерленгіштен ілтипаты аумалы – төкпелі, ілтипат нәрсесі құбылуын қалап тұрады. Осындай өзгешелігі қызбалы кейіпкердің татулық сүйгіш қасиеті мен байлаулы оның жетілуі, бір тегіс емес, кедір – бүдір секірмелі болады. Басымырақ сезімдері: бауырмалдық, достық. Менмендік жағы едәуір күшті. Қызбалар еркіндік сүйеді, еркін тәрбиені жақтайды. саясат жүзінде өсерлеуді қуаттайды, әлеумет орнында, көрнекті орында қызмететуді қалайды.
Күйгелектермен салыстырғанда, олар өте әсерленгіш емес, тым қозып, желікпейді, көңілі қобалжи бермейді қайта жігермен жұмыс істеуге қабілетті келеді. Ұяңдық пен тұйықтық сипаттары сирегірек. Жинақтылық сипаты кем. Бірақ оларда ақпейілділік, сенімділік бар. Айналадағы заттарды айыра біледі. Кісіні жақсы таниды. Олар жаңа пікірдің әуеніне тез түседі, олар сирек ауырады, ауаның құбылысын тез сезінеді, көбінесі кешкі қызметті ұнатады бұл кейіпкерлерге кіретін адамдар көбінесе мемлекет қызметкерлері, дәрігерлер жазушылар болатыны анықталған.
Құмартпалы кейіпкерлерге тиісті сипат: күшті сезім, ішілдік, әсерлі терең із қалдырғыштық. Қызбалы кейіпкерлерге қарағанда бұлар қозғалысты кемірек қалайды, бірақ ілтипаты орнықтырақ. Көңіл – күйі кемірек құбылады, көбірек шыдамайды. Олардың қызып кетуі, күйіп пісуі, кіділенуі өте күшті. Олар бьірдеңені көтеруге, дәріптеуге бейім тұрады,тағы бір бейім мінез, өзгені сынау, өзгеге сенбеу, өзгенің пікіріне шыдамау. Бұлардан үмітсіз, бай – балам, сары уайымшылдар көп жолығады. Көрінегнді жақсылыққа жоруға икем тұрады. Бұл кейіпкерлерден ақындар, суретшілер, мемлекет қызметкерлері, табиғат ғалымдары ұшырайды. Жалпы айтқанда, бұл кейіпкерлерден шығатын қызметкелер алуан – алуан.
Әркімнің өзіне біткен өзгеше сипаттарын бақылап, зерттеу үшін кейде жоспар желі жасап алу пайдалы, желіде ең басты қасиеттер көрсетілуі керек. Сондай желлілрдің бірі соңғы.
1. Сыртқы сезім мүшелерінің жай – күйі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет