Кіріспе Зерттеудің өзектілігі


II тарау Жүсiпбек Аймауытовтың психологиялық еңбектерiне талдау жасау



бет4/11
Дата05.12.2023
өлшемі427 Kb.
#485521
түріӨмірбаяны
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
=Дип. Ж. Аймауытов

II тарау Жүсiпбек Аймауытовтың психологиялық еңбектерiне талдау жасау .
2.1 « Психология » кiтабы туралы.
« Психология » кiтабы 12 тарау, 102 параграфтан тұратын оқу қґралы үлгiсiнде жазылған, бұл зерттеу қазақ тiлiндегi , осы бағыттағы алғашқы жемiстi iзденiстердiң , олжалы табыстардың қатарына жатпақ.
Ғалым тарихына , пәлсапа тарихына терең бойлай отырып , көптеген мысалдар , деректер келтiрiп , сан алуан оқымыстылар туындыларына сүйенiп , кейде келiсiп , кейде келiспей , психология ғылымының пәнiн зерттеу обьектiсiн анықтайды, жан , ден , сана , ой , ақыл , сезiм , қиял , түйсiк , қайрат , серпiлiс , ынта , қабiлет т.б. ұғымдардың мәнiн ашады.
Психологияның сан алуан түрлерiн айта келiп , дәлдi зерттеу үшiн бақылаудың , анкетаның , сұраудың , математикалық тәсiлдердiң атқаратын қызметi ашылады .Бiздi ерекше таң қалдыратыны - адам психологиясын зерттеуде математиканы , оның варияциалық статистика дейтiн саласын қалайша пайдалануға болатындығы жайлы мәселе , Қазақ топырағында мұны Аймауытовтан басқа ешкiм күнi бүгiнге дейiн көтермеген. Адам мiнезiн анықтауда ым, жүз құбылысы , көз әлпетi , бет әлпетi, қол , саусақ қимыл ерекше ескерiледi. Аймауытұлы адамның қылығын зерттеуде сұрау-жауап қалайша пайдаланатындығын және оның кейбiр кемшiлiктерiн байқаған фактiлер мен мәлiметтердi қалай жазу керек , әсiресе психологияда математикалық әқiстi қалай пайдалануға болады дейтiн мәселелерге жауап берген .
Үшiншi тарауда « Тiрi заттардың қјылығын жалпы мiнездеу » деп аталады. Мұнда психофизикалық және психофизиологиялық феномендер , атап айтқанда , оргонизмнiн тiтiркенушiлiк пен сезгiштiк қасиеттерiнiң ерекшелiктерi , жануар мен адамның дағды , инстинктерi, бұлардың бiр – бiрiнен айырмашылықтары , өсiмдiктер дүниесiндегi тiршiлiк белгiсi – тропизмдер ғылыми талдауға алынады. Осы тарауда академик И.П. Павловтың әйгiлi шартты рефлекстер туралы iлiмiнiң негiзгi қағидалары сөз болады.
« Психология » кiтабының келесi бiр көңiлге ұялайтын ,қјазiргi ғылыми тұжырымдарға өте-мөте жақын жерi « Денедегi мүшелер, олардың қызметтерi » туралы мәлiметтер. Бұл жерде автор жоғары жүйке саласына арнайы талдау жасайды. Жүйке саласы дегенiмiз ми , жұлын, сол екеуiнен тарайтын бұтақтар. Бұлардын iшiндегi ең маңыздысы – үлкен ми . Мида үнемi қозғау жүрiп отырмаса, жан жүйеде көрiнбейдi. Мидағы өзгерiстер әркез алуан-алуан сипатта жүрiп отырады , осыған байланысты жанның аңысы да түрлi – түрлi болады. Егер ми зақымданса , жан шындықты дұрыс бейнелей алмайды деп айтқан. Бұл тарауда ол жүйке , ми туралы әр замандағы оқымыстылардың түрлi пiкiрлерiне дәйектi ақпарат бере отырып жазған. Ол тағы бiр тарауында адамның саңылау мүшелерi жайлы түсiнiк берген. Саңылау мүшелерi- дегне ұғым қазiргi психологияда сезiм мүшелерi деп берiлген
Аймауытұлының психологиясында беттегi әр түрлi ым- ишаралардың, дене қозғалыстарының адам психологиясының тандаулы рөлi де тамаша көрсетiлген. Осы тарауда автор көру , есту түйсiктерiне байланысты Гельмгольц қисының, яЈни оның резонанстық теориясының мәнiн қазақ оқырмандарына түсiндiрiп бередi. Сондай-ақ түске соқырлық ( цветовая слепота) деген мәселелерге бесiншi тарауда тоқтаған. Автор адамның келбет бiтiмiне тағыда тоқталып кетедi. Ол адам жанының генетикалық жақтарымен қатар оның әлеуметтiк астарларына тоқталып , нақтылап айтсақ , қорқыныш , үрей , мазасыздану , елiктеу , бәсеке , тағы басқа осы секiлдi психологиялық көрiнiстерiне өзiнше талдау жасайды.
Түйсiк пен қабылдау , перне iлiктестiгi ассоциация , ынта мен iлтипат , ес пен елес , қиял мен творчество мәселелерi алтыншы , сегiзiншi тараулардын басты тақырыптары.Алтыншы тарауда - автор зерделi қылық ұғымына тоқталады. Мұнда жекелеген жан қуаттарының сыр – сипатына , мүддеге , апериепция, қиял , оның жекелеген түрлерiне тоқталып , бұларды қазақ өмiрiнен алынған нақты мысалдар арқылы баяндайды.
Сегiзiншi тарауда автор елестету , ес , ұғым мен сөйлеу , ұғым мен сөздiң арақатынасы , ойлау процесiнде тiлдiң атқаратын ролi ойлау тәсiлдерi мен түрлерi туралы түйiндерiн ортаға салады . Бұл мәселелердi баяндауда автор психология ғылымының сол кездегi жетiстiктерiмен байланыстыра келiп , оларды тағы да қазақ ұғымына жақын тұжырымдармен дәйектей түседi.
Тоғызыншы тарауда ерiк – жiгер , қажыр – қайратты тәрбиелеу жайлы әңгiме болады. Мұнда сол кездегi психологияда айтылатын еркiндiк пен лажсыздық секiлдi философиялық мәселелер орын алған . Онда бостандық пен лажсыздық , жеке тұлғалардың қоғамдағы тарихи орны секiлдi , жалпы психологияға қатысы жоқ жайттар да сөз болған . Оныншы тарауда - ұйқы , түс көру , көз байлау т.б. парапсихологиялық құбылыстар жайлы айтылады.
Он бiрiншi , он екiншi тарауларда әдет – ғұрып , салт – сана , дәстүр , түрлi оң , терiс қылықтардың табиғаты , кiсiнi әлеуметтiк – қоғамдық тұрғыдан қалыптастыру , сондай-ақ мәдениет пен өнердiң , дiн мен пәлсапаның , географиялық ортаның , тап тартысының , тiл мен әдебиеттiң – адамның жан дүниесiне тигiзетiн әсерi ежелгi дала тұрғындары – көшпелi қазақтардың өмiрiнен алынған. Жалпы қылық мәселесi бихевиоризм бағытын ұстағандардың , сондай-ақ П.П.Блонскийдiң ерекше мән берген проблемасы. Ол терiс қылық туралы кезiнде Аристотель мен Абайдың , Леонардо да Винчи мен Шекспирдiң , Кант пен Дарвиннiң тағы басқа ұлы кемеңгерлердiң айтқандарын мысалға келтiрiп , терiс қылық кейде есi ауысқан , есi кiресiлi – шығасылы адамдарда кездесетiндiгiне тоқталып , мұны патопсихология дейтiн ғылым зерттейдi деп түсiндiредi. Ал есi бүтiн ақыл – есi дұрыс адамдардың тәрбиесiнiң кемдiгiнен , бiлiм мен әдет – дағдысының, икемiнiң аздығынан , өзiн - өзi басқара алу қабiлетiнiң нашарлығынан деп түйiндедi. Бұл айтылғандардын ғылыми тұрғыдан еш ақаулығы байқалмайды. Ал он екiншi тарау адам қылықтарының әлеуметтiк шаруашылық негiздерiне арналған.Бұл тарау сол кездерi болған қоғамдық психологияның ықпалымен жазылғаны байқалады. Мұнда автор адам қылығының әлеуметтiк – шаруашылық негiздерi , әлеуметтiк дегенiмiз не , оның қандай түрлерi бар т.б. осы секiлдi мәселелерге түсiнiк бередi.Бұл тарауда ол тап психологиясы жайлы айтады.
Психологияда термин жағы баршылық. Олардың жалпы саны 3 мыңнан асады . Ассоциация , аппецепция , тропизм , рефлекс , инстинкт , интеллект т.б. ұғымдар Аймауытов еңбектерiнде де көптеп кездеседi. Мәселе , 6-тараудың бiр параграфында « Апперцепция » дейтiн ұғымның мәнi баяндалады. Айналадағы түрлi заттар мен құбылыстарды дұрыс қабылдау кiсiнiң өткен тәжiрбиесiне , жан дүниесiнiң мазмұнына тәуелдi
Болып отырады. Мұны психологияда апперцепция деп атайды. Адамның өмiр тәжiрбиесi , тiршiлiк барысында миына жиған – тергенi айналаны тереңiрек , толығырақ бiлуге жәрдемдеседi.
Жүсiпбек Аймауытґлының жалпы психология туралы айтқандарын қорыта келе айтарымыз – бұл сол кездегi психологияның бiраз мәселелерiн баяндай алғандығы және бұларды қазақ өмiрiмен байланыстыра бiлетiндiгi , сондай-ақ ғылымның осы саласының терминдiк жасауымен айналысқан , психологиядағы жалпы мәселелермен қатар қоғамдық психологиянында маңызы көрiнiс тапты. Ж . Аймауытұлының психологиялық еңбектерiнiң тақырыбы да сан алуан екендiгiн атап өтiп , оның қазақтың педагогикалық психологияның жалпы мәселелерiмен қатар оқу , тәрбие , ұстаз , тәлiмгер өнегесi шәкiрттердiң , олардың жеке-дара қасиеттерiмен санасу , мамандық таңдауына байланысты өмiршең проблемаларды сол кездiң өзiнде – ақ кҐн тәртiбiне қойғаның талдап көрсеттiк.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет