2.3 Жүсiпбек Аймауытовтың еңбектерiндегi ұлттық терминология мәселелерi.
Жүсiпбек Аймауытұлы жалпы психология мәселелерi жөнiнде айтқан түiн-тұжырымдарына қатысты маңызды мәселенiң бiрi-ғылымның төл атауларын жасау, осы орайда құлама қалымның алатын орыны жөнiндегi мәселе . Бiз төменде оның әсiресе , психологиялық педагогикалық психологияға қатысты атаулары мен ұғымдарды жасау жөнiндегi ұстанымдарына тоқталамыз. Халқымыз қай заманда болмасын сөз қасиетiнiн құдiретiн кәусар бұлаққа балап , оны сарқылмас рухани байлық ретiнде пайдалана бiлiп, оның небiр асылдарын халық ұғымында ұрпақтан ұрпаққа жеткiзiп отырған. Ел намысын оятатын да, елдi ұйытатаын да сөз құдiретi.
А.Байтұрсынұлы , « Тiл құралы » мен Ж.Аймауытұлының « Психологиясы » және М.Жұмабаевтың « Педагогикасында » жинастырылған тарминдiк сөздер күнi бүгiнге дейiн өзiнiң мәнiн жоймай келедi. Ұлттық терминдердi қолдандырудағы үшiншi кезең – 20-шы жылдардың басымен 30-шы жылдардың аяғын қамтидi. Бұл бiздiң қазақ елiнiң латын графикасына көшiп , өзiнiң ұлттық тiлiн , ғылымын , атауларын , бiршама дамыта түскен кез едi. Бұл кедерде терминология мәселесi жұртшылық назарына ерекше түстi , ғылым тiлi дамуын төртiншi кезенiне 40-80 жылдар аралығын жатқызуға болады. Бұл таза кириллицаға негiзделген орыс жазуын әбден мойындап, оны тiлiмiзге етене ендiрген кезең. 1985жылдан күнi бүгiнге дейiнгi аралықты бiз қазақ теимнологиясы қалыптасуын бесiншi кезенi деймiз. Қазiргi қазақ тiл ғылымы терминологиялық тасқынды басынан кешiрiп отыр. Барлық баспасөз беттерiн сарапқа салсақ , осы жәйiттi айқын байқауға болады. 1927 жылы Қызылорда қаласында пән сөздерi деген араб грамматикасымен терминдер сөздiгi шықты. Мұнда жекелеген ғылымдардың төл тiлiмiздегi басты-басты терминдерi жинақталған едi. 1931 жылы Алматыда « Атаулар сөздiгi » деген екiнiшi басылым жарық көрдi. Бұған латын графикасымен жазылған 8000-нан астам сөздер мен атаулар ендi. Терминология мәселесi дамуында 1931 жылы Мәскеуде ґйымдастырылЈан Бґкiлодајтыј кеЎестiЎ де м„нi зор болды. Бґл жиын бұрынғы ССРО халықтары үшiн ортақ терминдер жасау , яғни интернационалисттiк терминдердi унификациялау, оларды белгiлi бiр жүйеге келтiру мәселелерiмен айналысты. Осындай бас қосулылар бұдан кейiнгi жылдарда да ауық-ауық өткiзiлiп тұрды . 1936 жылы Қазақ ССРО Халық Комиссарлар кеңесiнiң жанынан республикалық терминология құрылды. Оның ұлттық терминдердi қалыптастыру iсiне тигiзген көмегi аз болмады.
Ж.Аймауытұлы қолданған психологиялық терминдердiң басым көпшiлiгi қазiргi қазақ психологиясынан орнықты орын алып отыр. Ғұлама ғалымның термин жасау тәжiрибесiн қазiргi жағдайда бiрден-бiр үлгi ретiнде ұсынсақ қайырма ұтылмаймыз. Мәселең, ол психолог мамандығын қазақша « жан тамыршысы » деп алыпты. Ал, сангвиник деген темпераменттiн атын « ыстық қанды », флегматик темпераментiнiн өкiлiн - « салқын қанды», холериктi қызбалы, « ұйтқымалы» деп нағыз төл тiлiмiздегi атаумен айшықтапты. Ғұлама ғалымның адамның жеке қасиеттерiнiң төл тiлiмiздегi беру шеберлiгiнде қайран қалдырады. Осы тұрғыдан жаңғалақ , желөкпе, сенделме, күйгелек , ұрда жық, орнықты, желiгу,бояма ,желiкпе т.б. ұғымдар психологиялық тұрғыдан көкейге аса қонымды. Қазiргi қазақ психологы төл тiлiнде еңбек жазғанда « бiрде бие, бiрде түйе », ой ағысын «түкiнiң құйрығындай бґландатып » отыр деген сияқты тiркестердi қолданып жүр.
Ендi бiз Ж.Аймауытґлының сихологиялық термин жасау т„жiрбиесiне, нақтылап айтсақ педагогикалық психология саласындағы ғылыми атауларды јалайша iрiктеген, оларды топтастыру принциптерiне талдау жасап көрейiк. Термин – ғылымның тiлi, терминсiз ғылым дамымайды , қорланып, сұрыпталмайды, пәндiк терминдерсiз ол өмiр сүруден қалады , дейтiн негiзгi қағиданы Ж.Аймауытұлы қатты ескерген.
Ғұлама ғалым сондай-ақ, ғылымның өзіне лайық төл тума терминдері мен негізгі атауларын анықтамай тұрып, орыс тілді оқу құралдарымен, оқулықтар, бағдарламалар жасау мүмкін еместігін де жақсы түсінген. Сондықтан да, ол термин жасаудың әдіснамалық жақтарына ерекше мән беріп, оның жасалу принциптерін қатты ойластырған. Оның пікірінше, терминсіз ғылым жайдақ, үстіртін жалаң, өйткені белгілі заңдылықтарға негізделмеген пән атауларын қарапайым түсінік дәрежесінен аса алмайды. Ж. Аймауытұлының ұлттық тәлім-тәрбиелік терминдер жасау мәселесіне ерекше көңіл бөлуі – оның сол кездегі әлеуметтік сұраныстан туындағаны да белгілі.
Автордың жалпы ғылыми терминдер жасау жөніндегі принциптерін топтастырсақ, мына ұстанымның төңірегінен табылар еді. Біріншіден, ғылыми атауларды сұрыптауда, шет жұрттан алынған ұғымдарды барынша төл тілімізге жақындатып, оған лайықты ат табу. Екіншіден, термин жасауда төл тіліміздің өзіне тән ішкі заңдылықтарын, яғни дыбыс жүйесіне қатысты өзекті жақтарын мықтап ескеру; үшіншіден – шет ел тілдерінен - /Еуропа, араб, парсы т.б./ терминдер алғанда оған аса сақтықпен қарап, бұларды Ала қойған жағдайдың өзінде өз тіліміздің айтуына қарай икемдеп қолдану; төртіншіден, шет ел тілдерінен алынған термин сөздерді қабылдауда орыс тілінің дәнекерлік рөль атқаратындығын, яғни жалғастырушы болатынын әркез есте ұстау. Автор кейбір психологиялық терминдерді орыс ғұламалары, өз тілінің заңдылықтарына сәйкес өзгертіп алғанын еске сала келіп, ғылыми атауларды түзеген кезде, оның түп төркінін, шығу тегін яғни, этимологиясын тексеріп, осыған орай оларды төл мағынасына жақындата қолданған жөн дейді. Ж. Аймауытұлы шет ел тілдерінен енген атауларды тіліміздің ерекшелігіне, бағындыра қолдану қажеттігін ерекше атап кетеді.
Аймауытұлы кездейсоқ қолына түскен сөзді термин етіп ала бермеген, ол халықтың ауыз әдебиетіндегі інжу-маржандарды ғана ұлттық психологиямыздың қажетіне жаратуға тырысқан. Ол қазақтың мақал-мәтелдерін, жыр-аңыздарын, эпикалық дастандарын, лироэпос жырларын, ертегі-әңгімелерінде кездесетін небір сөз асылдарын елеп-екшеп, ғылыми ұғымға жарайтындарын іріктеп алып отырған. Ғұлама ғалымның пайымдауынша, психологиялық ұғымдардың төл тілімізде дұрыстап сұрыпталуы аса мұқияттылықпен ыждахаттылықты қажет етеді. Сондықтан да біз әрбір терминнің мән-мағынасын сол ғылымның өзіндік табиғатын көрсететін құбылыс екендігін, терминдік атаулар логикалық жағынан сомдала, ширай түсуін ерекше еске ұстауымыз қажет. Өйткені сол кездің өзінде-ақ Аймауытұлы белгілі бір ғылыми ұғымның баламасында алынып, отырған термин сөздің сол ұғымның мән-мағынасын білдіру қажеттігімен қатар бұрын да айтқанымыздай, олардың төл тіліміздің сөздік қорына айналуына ерекше көңіл бөлген екен. Ж. Аймауытұлы өзінің «Психология» кітабында, әсіресе педагогикалық психологиялық қатысты көптеген атауларды сомдаған. Енді сондағы кейбір ғылыми атаулардың талдауына қысқаша тоқталайық. Ұлттық психологиялық атаулардың дені Аймауытұлының көлемді еңбегі «Психология» кітабында берілген. /Мұндағы атаулардың көпшілігі оның «Тәрбиеге жетекші» /4/ кітабынан алынып отыр. –А. М./.
Аймауытұлы педагогиканың психологиялық саласында қолданысқа түсірген атаулардың кейбірі мыналар: «білімдендіру» /образование/, «балалық» /детство/, «дәріс» /лекция/, «жетілу» /развитие/, «жеткіншек» /подросток/, «жігіттік» /юношество/, «мазмұндау» /изложение/, «ұлығат» /словарь/, «оңтай» /прием/, «сіңіру» /давление/, «пысықтау» /повторение/, «сабақ реті» /расписание уроков/, «түсіндіру» /объяснение/, «істей білу» /умение/, «әдіс ғылымы» /технология/, «пішіндеме» /геометрия/, «саулық сақтығы» /гигиена/, «келістік» /гормония/, «көрікті жер» /ландшавт/ т.б. Бұл атаулардың қай-қайсында қазіргі педагогикалық психологияда жөнді өзгеріске түспей қолданылып жүр. Сондықтан да мен бұлардың мән-мазмұнын тәптіштеп талдауды жөн көрдік. Мәселен, автор осы кітапта «иллюзия» деп талатын ұғымды «алдану» деп алыпты.Мұнысы өте дұрыс, бұған дауласа алмаймыз. «Коллектив» ұғымы – «бірлестік» деп алыпты, мұнысы онша келіңкіремейді. Қазір біз бұны «ұжым» деп жүрміз. Ол «психические процессы» деген терминді «жан қуаттары» деп алған. Бұл атауды кезінде Фараби мен Абай да қодлданған. Әл-Фарабидің айтуынша, бұл атау арабтың «әл-қуат ан-нафс» деген сөзінен алынған. Мұнысы қазақ жанына біртабан жақын екені хақ. Сондықтан біз алдағы жерде «психикалық процесс» деген тіркесті «жан қуаттары» деп. алсақ, осы тексті қазақша сөйлеткен боламыз. Мұны бұрынғы «психикалық» немесе «психологиялық процестер» десек, мұнымыз қазақша болып шықпайды. Аймауытұлы осы жәйтті сонау 20-шы жылдардың өзінде-ақ дұрыс аңғара алғаны ғажап. Автор адамның жоғары сезімдерінің бірі эстетикалық сезімді, «әдемілік сезім» деп. алыпты. Қандай тамаша десеңізші! Ол сондай-ақ, орыс тіліндегі «детство» деген терминді «балалық», «память» - деген ұғымды «жад» / «ес» / - А.М./ деп. алыпты. Бұл екеуі бірін-бірі толықтыратын ұғымдар. Автордың орыс тіліндегі «развитие» деген психологиялық атауды «жетілу» деп алғаны көңілге ұялайды, қазірде бұл атау «даму» деп алынып жүр. Мұның екеуінің де мағынасы бір-біріне өте жақын. Психологияның барлық салаларына қатысты аса іргелі «деятельность» деген терминді біз қазір де «іс-әрекет» деп. алып жүрміз. Ал автор мұны бірде «іс», «қызмет» деп. алған. Алынғанына 70 жылдан асып бара жатса да, бұл ұғымның да бәлендей сөлекеттігі байқалмайды. Жас психологиясында жиі қолданылатын «отрок», «подросток» дейтін терминдерді «жеткіншек» деп алған Әрине, мунда да онша қолапайсыздық жоқ. Біздіңше, «жас өспірім» деп. Алған дұрыс сияқты. Өйткені, «жас өспірім» деген ұғым орыстың «подросток» деген сөзінің диапазонәл мағынасы. Жеткіншек деген сөз қазақ ұғымында көбінде ұл балаға байланысты айтылады.
Осы қазақша атаулармен қатар автор жақша ішінде олардың ежелгі атауларын да келтіріпті. Мұнысы да бізге өте ұнайды. Автор сондай-ақ «материализм» деген ұғымды «затшылдық» деп. алыпты. Әрине, бұл туралы әлі ойлаумыз керек. Өйткені, материализм деп. айтуға біз үйреніп кеттік қой. Жоғарыда айтқанымыздай психологияның көпшілік терминдерді тек Еуропа елдерінің тілінен алынған ғой. Ендігі жерде мұны шектемесе болмайды. Сонау 20-шы жылдары Аймауытұлының мұншама қазақы ұымдарды қайдан тауып алды екен? Біздер «дайын асқа тік қасық» дегендей орыс тілінде дайын тұрған шет елдік ұғымдарды ала қоюмен әдеттенгенбіз. Алдағы жерде осы келеңсіз жәйттерден біртіндеп арылмасақ болмайды.
Тағы да термин жайлы пікірімзді әрмен қарай жалғастырайық. Мәселен, психологияда көп тараған ұғымның бірі-«ассоциация» ұғымы. Мұны автор «іліктестік»деп алыпты. Өте тамаша балама!Батыс психологиясында әсіресе, америка психологтары жиі қолданатын «стимул», «реакция» дейтін ұғымдар бар. Аймауытұлы «реакция» терминін «серпіліс» деп. алыпты. Біздіңше, серпіліс тітіркену ұғымына қарағанда айтуға қолайлырақ. Өйткені адам болсын, жануар болсын тітіркенгеніне серпіле жауап қайтарады ғой. Психологияда орысшасы «поведение», ағылшыншасы «бихевиоризм»атты термин бар. Қазақтың кейбір аудармашылдары мұны «тәртіп психологиясы» деп алыпты, ал енді біреулері «жүріс-тұрыс»дейді. Бұл ұғымдардың қай-қайсысы да осы ұғымның мағынасын бермейді. Ж. Аймауытұлы «поведение» ұғымын бірде «мінез-құлы» деп алыпты, ал бірде «қылық» деп алған. Мұның екеуі де жарасымды.
Аймауытұлының психологиялық терминдерінің нобайын төл тілімізден іздестіруін құба-құп дей тұрсақ та,автор қолданған кейбір терминдер олпы-солпы, жаңсақтау болып шыққан.
Ж. Аймауытұлының термин жасау жөніндегі басты ұстанымдары, психологиялық ұғымдары іріктеудегі ұлттық стиль мен колорит- бұл өз алдына тәртіштеп зерттетін үлкен тақырып. Сондықтан біз, аталмыш мәселені алдағы кезде зерделеп зерттей түсуге психолгтар назарын аудара едік.
Ғұлама ғалымның психологиялық мұралары туралы айтқанда біз оның осы мәселедегі негізгі желісі мына төмендегі қисындардың төңірегінен табылады деп ойлаймыз. Бұлар біртуар ғалымның психология саласындағы өзіндік орнын, қайталанбас ерекшелігін жақсы байқатады. Тіпті автор түзген түйіндер нақты қағидаға, белгілі заңдылыққа айнала бастаан ұстанымдар секілді. Мәселен, ол тән қуаты ажарлы болады дейді. Енді бірде «нашар жаннан, осал мінездер туады» десе, «жалынды сөз-жалынды жүректен шығады», «баланың іспен емес, сөзбен, ақылмен үйреткен адам сорлы»дейді. «Адамның денесі қандай мысқалдап өсетін, жетілетін болса, пікірі де сондай бірте-бірте жетіліп, өркендейді». Ерлік, қайрат үнемі ірі жұмыста көріне бермей, күнделікті уақ-түйек жұмыста да көрінуі керек, тағы басқасы секілді толық жатқан ой-пікірлер мен тұжырымдар «қысқа да болса, нұсқа» дегендей, қазақы құлаққа бір ден ұялайды.
Сөз соңында айтарымыз, Ж. Аймауытұлының психологиялық мұрасын да қазіргі қазақ жұртына, соның ішінде жастарымызға айтылған өсиет сөздер мен ақыл-кеңестер жетіліп артылады. Бұларды да алдағы жерде арнайы зерттейтін болсақ құба-құп.
Біздің зерттеуімізге Ж. Аймауытұлының психолгиялық мұралары толқын түгелдей қарастырылып, талданды деп айта алмаймыз. Біз мұның алашқы түрінің ғана салғандаймыз. Сондықтан бізден кейінгі зерттеушілер айтылғандарды тереңдете арастырса екен дейміз. Психологтя саласындағы іздушілер Аймауытұлының психологиясын тереңдете зерттеу арқылы талай кандидаттық, докторлық диссертациялар қорғап, арнаулы монографиялар жазып, еңбектер жазатындыы ақиқат.
Достарыңызбен бөлісу: |