Сырт белгілері. Мал бауырындағы гельминт саны аз болса ауру белгiлерi бiлiнбейдi. Егер бауырда жүздеген, мыңдаған құрт болса, мал қатты ауырады жəне дерт белгiлерi айқындала түседi. Дикроцелиоз созылмалы түрде өрбидi, клиникалық белгiлерi көбiнесе ересек қойларда байқалады. Жануардың жем-шөпке зауқы нашарлайды. Азыққа құштар болғанның өзiнде, оның қоңы кеми бередi, бiрте-бiрте ол арықтайды, тамағында, кеудесiнде жалқаяқ iсiк пайда болады, бауыр көлемi ұлғаяды, кейде iшi өтедi, көзге iлiнетiн мүшелердiң кiлегей қабықтары ақсарғыш тартады.
Өлекседегi өзгерiстер. Дикроцелиозбен өлген мал арық болады. Бауырдың көлемi үлкейедi, капсуласының кейбiр тұстары қалыңдап, сырттан қарағанда олар қаптаған ақ даққа ұқсайды. Ағзаны кескен кезде қабығын дəнекер ұлпа басқандықтан, ол үлкендi-кiшiлi көздерi бар тор сияқтанады: өт жолдары кернелiп кеңейедi, ақшыл жуан жолақтар болып көрiнедi. Өт қалтасы бұлтиған, iшi қою қоңыр жасыл өтке толып, арасында құжынаған трематодалар жүредi.
Анықтау. Дикроцелиозға диагноз қою үшiн эпизоотологиялық деректердi сараптайды, яғни бұл дерттiң шаруашылықта бұрыннан бар 279 немесе жоқ екенiн бiлудiң септiгi зор. Аурудың сыртқы белгiлерi арқылы диагноз қою мүмкiн емес. Сондықтан тiрi малдың трематодозын дəлелдеу үшiн оның нəжiсi əртүрлi гельминтовоскопия тəсiлдерiмен зерттеледi. Котельников пен Хренов, Демидов тұндыру (шөгеру) əдiсi т.б. Бұл гельминтозды дəл табу үшiн өте оңай Брез əдiсiн пайдалануға болады. Малдың тiк iшегiнен 5-10 г нəжiс алып, оны бiрнеше кiшi стаканға бөлiп, үстiне су қосып, шыны таяқшамен жақсылап араластырады, тұндырып, бетiндегi суын төгiп тастап, тұнбаны натрий сульфатының қаныққан ерiтiндiсiмен əбден араластырады. Ерiтiндiнiң меншiктi салмағы 1,400-1,415-тең, сондықтан меншiктi салмағы бұдан жеңiл паразит жұмырт-қалары сұйықтың бетiне қалқып шығады. Дикроцелий жұмыртқасы өте уақ (көлемi 0,038- 0,045х0,022-0,030 мм шамасында), кескiнi сопақ, сыртқы қабықшасы қалың, қоңыр түстi келедi, iшiнде қалыптасқан ұрпағы-мирацидий болады. (қараңыз: ХХII - сурет).
Дикроцелиоздан өлген не лажсыз сойылған малға диагноз қою онша қиын емес. Ол үшiн өт қалтасы мойынының тұсынан бауырдың iшкi бетiн тереңдетiп көлденең кеседi, кесiктiң ернеулерiн саусақпен сəл қысып сығады, осы сəттте өт жолдарынан бар болса, жай көзге көрiнетiн сорғыштар шыға бастайды. Кейде олар көрiне қоймайды, сондықтан тексерудi жарығы мол жерде жасау керек. Құрттар табыла қоймаса онда бауырды түбi ақ ыдысқа салып бөлшектеп тiлiп, қолмен ыдыратып езедi, сумен бiрнеше дүркiн шайып, кесектерiн алып тастайды. Тұнба тазарған кезде шөккен дикроцелийлер оңай көрiнедi.
Емдеу. Күйiс малының дикроцелиозына қарсы белгiленген ұсыныстар бойынша бiрнеше антгельминттиктер қолданылады.
Гексахлорпараксилолды қойға 0,6 г/кг, iрi қараға 0,4-0,5 г/кг мөлшерiн алып жеке-жеке бередi. Не уақ жемге араластырып жегiзедi. Əрбiр дəрiлеу аралығына 1 айдан үзiлiс жасайды.
Гексихол. Бұл дəрi гексахлорпараксилолдың басқаша түрi. Қой мен ешкiге 0,4 г/кг есебiнде құрама жемге қосып (1:8-1:10), топтау (100-150 бас) əдiсiмен таңертең бередi. Қозы мен лақтарды енесiнен айырады. Əлсiз, нашар, арық малды жекелей емдейдi. Гексихолды iрi қараға 0,3 г/кг өлшемiнде дəн жармасына немесе қоспа жемге қосып жекелеп жегiзедi, ал бұзауларға 0,4 г/кг есебiнде жеммен бiрге топтау əдiсiмен бередi. Құрамы 5%-ды клозантелден тұратын препараттар (роленол, клозантекс т.б). 1мл 10кг тірі салмаққа бұлшық етке егіледі.
Сульфен – тотыққан битионол. Дəмсiз, иiссiз, ақ қиыршықты ұнтақ, суда ерiмейдi, қоңыр түстi ыдыста сақтайды. Бұл дəрi қойға 0,1 280 г/кг мөлшерiнде ұнтақ түрiнде немесе суға қосып, жекелеп малды аш ұстамайақ бередi. Сульфендi 0,05 г/кг есебiнде iрi қараға тағайындайды. Ескертетiн жай: дəрiнiң жалпы салмағы ересек сиырларға бергенде 25 г, екi жас шамасындағы тайыншалар мен өгiзшелердi емдегенде 20 г, ал бұзауларды дəрiлегенде 10 г-нан аспауы керек.
Ем үшiн фазинекс препараты да берiледi (қараңыз: Фасциолез).
Сақтандыру. Сақтық шаралардың ең негiзгiсi дикроцелиоз кездесетiн шаруашылықта малды мiндеттi түрде дегельминтизациялап отыру. Г.И.Диков, И.С.Дементьевтердiң (1979) ұсыныстары бойынша оңтүстiк аймақта күйiс қайыратындарға дегельминтизацияның бiрiншiсiн желтоқсанда, екiншiсiн наурызда, үшiншiсiн шiлдеде, ал орталық Шығыс Қазақстанда-бiрiншiсiн шiлдеде, екiншiсiн ақпанда, үшiншiсiн тамызда жасаған дұрыс. Тиiмдi дəрiлер, яғни гексахлорпараксилол, гексихол топтастырылған малға құрамды азықпен қатарынан үш күн берiледi. Түлiктi дикроцелиоздан сақтандырудың алғы шарттарының бiрi оны бұтасыз ашық, бiтiк шөп-шықпаған жайылымға жаю керек. Эпизоотиялық бағалау мақсатында, жыл сайын көктемгі – жазғы кезеңде жайылым, жер үстінгі ұлулар (моллюскалар) жəне құмырсқалардың болуына жəне олардың орналасу тығыздығына тексеріледі, дикроцелийдің жұмыртқала-рымен жұқтырылғандығы анықталған жағдайда, жайылымға сау малдарды жаюға тиым салынады. Төлдi енелерiнен ажыратып, таза өрiске шығарады. Малды құмырсқа илеуi маңайына, əсiресе таңсəрiде, сондай-ақ кешке қарай жаймаған жөн.
Аурудың алдын алудың тағы бiр жолы сорғыштың аралық жəне қосымша иелерiнiң тұрақты мекен қоныстарын түбегейлi өзгерту. Бұл үшiн жайылымдағы тастарды терiп алып, өткен жылғы ескi шөппен қоса тал-томар шоғырларын өртеп жiбередi, жердi жыртып, мəдени өсiмдiктердi егу шарт. Өрiстегi бауыраяқтыларды жою мақсатымен, ол жерге жаңбырдан соң тауықтар жiберуге болады.
Ет қоректiлер описторхозы
Описторхоз - табиғи ошақты антропозоонозды гельминтоз.- Opisthorchidae түқымдасы Opistorchis felineus трематодасының адам жəне ет қоректі жануарларда (иттердің, мысықтардың, түлкілердің, ақ 288 түлкілердің, шошқалардың) қоздыратын ауруы. Жыныстығы жетілген описторхтар бауырдағы өт жолында, өт қабында жəне үйқы безінде паразиттік тіршілік етіп, бауырдың қатты зақымдануын тудырады. Метацеркарийлар - балаң құрт кезеңі тұқы балықтарының бұлшық еттерінде тіршілік етеді. Ауру жиі энзоотиялар түрінде өтеді жəне ол бауырды жіті зақымдануымен, дененің улануымен сипатталады. Бұл гельминт жабайы шошқада табылған. Лабораториялық жануарлардан қоян мен теңiз шошқасы да зақымданады. Аталған хайуанаттар мен адам трематоданың ақтық иелерi болып саналады.
Достарыңызбен бөлісу: |