Клиникалық станция «Анафилактикалық шок кезінде медициналық көмек көрсету» Жарақаттық шок. Қан кету. Іс-әрекеттер алгоритмі


Клиникасы:асматикалық статус 3 кезеңнен дамиды



бет13/18
Дата09.04.2024
өлшемі42.36 Kb.
#498221
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Алгоритм шұғыл көмектің ДТ (1)

Клиникасы:асматикалық статус 3 кезеңнен дамиды.
1 кезең: науқастың жағдайы адекватты (өзін-өзі басқара алады). Тоқталмайтын тұншығу ұстамасы, дем шығаруы ұзарып, шулы ысқырық дыбыс шығады. Өкпенің тұтас барлық бөліктерінің үстінде құрғақ ысқырық сырылдар естіледі. Қан қысымы көтерілген немесе қалыпты, тахикардия.
ІІ- кезең: Декомпенсация немесе «мылқау» өкпе. Науқастың жағдайы ауыр, психикасы өзгерген. Қозулар мен депрессия дезориентацияға айналады. Өте күшті ентігу, демалысы шулы, ысқырықты, акукультация кезінде өкпеде сырыл естілмейді. Өкпенің кейбір бөліктерінде дем алуы әлсіреп естілмейді, «мылқау» өкпеге дейін. Қан қысымы төмендейді, өте күшті тахикардия.
ІІІ- кезең: Гиперкапниялық кома. Науқастың жағдайы өте ауыр. Дем алуы беткей, аритмиялық. Науқас естүссіз. Аускультация кезінде «мылқау» өкпе. Қан қысым төмендеген, пульсі жиі тәріздес, аритмиялық.
Жедел жәрдем:
1.Қан қысымын өлше, пульсін және тыныс алын қадағала.
2.Науқасқа ыңғайлы жағдай жаса, жартылай отырғыз, бөлмені желдет.
3.Науқасты дереу реанимация бөліміне жеткіз.
4.Жол-жөнекей ылғалдандырылған оттегімен ингаляция жасауды жалғастыр.

1 – кезеңде:
5.5. 200 мл 0,9% натрий хлоридқа 10 мл 2,4% эуфиллин қосып, көктамырға тамшылатып енгіз.
6. Көк тамырға глюкокортикоидтар енгіз. 0,9% натрий хлорид ерітіндісімен: 3-4 мл (9-120 мг) 3% преднизолон немесе 125 мг метилпреднизолон (солу-медрол).
ІІ – кезеңде:
1.Көк тамырға глюкокортикоидтарды жоғарғыдай дозада қайталап енгіз.
2.Көк тамырға 0,9%ий хлорид ерітіндісін тамшылатып инфузия жаса.
3.Көк тамырға 5000- 10 000 ЕД гепарин енгіз.
ІІІ- кезеңде:
1.Жасанды өкпе вентиляциясын жүргіз.
2.Көк тамырға глюкокортикоидтаржы жоғарыдай дозада 0,9% натрий хлорид ерітіндісімен енгіз.
3.Ылғалдандырылған оттегін бер.
5.Тахикардия болса 0,5 мл 0,05% строфантан ерітіндісін немесе 0,5 мл 0,06% корглюкон ерітіндісін 20 мл 0,9% натрий хлорид ерітіндісімен баяу енгіз.
6.Одан кейінгі емі реанимация бөлімінде өтеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет