Клиникалық станция «Анафилактикалық шок кезінде медициналық көмек көрсету» Жарақаттық шок. Қан кету. Іс-әрекеттер алгоритмі



бет17/18
Дата09.04.2024
өлшемі42.36 Kb.
#498221
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Алгоритм шұғыл көмектің ДТ (1)

Жедел тамыр жетіспеушілігі.
Естен тану
Себептері:
Жедел, қатты ауырсыну, қорқу, ауа жетпеу, қобалжу.
Жүрек-қан тамыр аурулары (жүрек ақауы).
Физикалық – психикалық күш түсу.
Жұқпалы аурулар.
Ішкі мүшелерден қан кету.
Клиникалық белгілері: Кенеттен әлсіздік болады, бас айналу, көзінің қарауытуы және көздің алдында «шіркей» ұшқандай болады. Аяқ-қолдың ұюы, сонымен қатар бұлшық еттің әлсізденуі және естен тану дамиды. Науқас ақырындап отырады, тері қабаты бозарады, аяқ-қолдың суықтануы сирек беткей дем алу, ҚҚ төмендейді, пульсі әлсіз. Естен тану жәй кезде өз бетімен тарайды, бірақ науқасты тезірек қалпына келтіру үшін келесі шараларды жүргізуі керек.
Жедел көмек:
1.Науқасты жатқызып, аяқ жағын көтер.
2.Кеудедегі киімін босат (жағассын, белін).
3.Таза ауамен желдету.
4.Бетіне, кеудесіне суық су бүркіп, бетінен шапалақтап, атын дауыстап шақыр.
5.Мүсәтір спиртін иіскет, 9% сірке суымен самайын ысқыла.
6.Аяғын ыстық жылытқышпен жылытып немесе қатты ысқыла.
7.Эффект болмаса, 2 мл сульфокамфокаин немесе 1 мл -1% мезатон енгіз.
8.Кейін амбулаторлы немесе стационарда естен танудың себебін анықтау үшін тексеру керек.

Коллапс.
Себептері:
Инфекция (бактериальді, вирусты және басқалар).
Интоксикация (тағаммен токсикоинфекция, саңырауқұлақтармен улану және т.б.).
Гипо-гипергликемиялық жағдайлар.
Панкреатит.
Бүйрек үстінің жетіспеушілігі.
Сусыздану. Қан кету және басқа жағдайлар.
Клиникалық бейнесі. Жалпы жағдайының аяқ асты нашарлауы, терісінің бозаруы, суық тер басады. Беті үшкірленеді, терісі мрамор түстес, еріндерінде цианоз. Дене температурасы төмендеген, науқас қимылсыз жатыр, тежелген. Есі сопорозды, дем алуы жиілеген, үстірт тахикардия, жүрек тондары айқын, қағып тұрады. Тамырлары жоғалып, қысымы төмендейді. Қан қысымының төмендеуі жағдайының ауырлығын білдіреді.
Жедел көмек: Коллапс себебін жою немесе әлсірету:
1.Науқасты шалқасынан жатқызып, аяқ астына жастық салып көтеріңдер, жылытқыш қойыңдар.
2.Ылғалданған оттегін бер.
3.ҚҚ өлше, ЖЖЖ, дем алу жиілігін бақыла.
4.Ыстық шай, кофе ішкіз.
5.9% натрий хлорид ертінідісін көк тамырға жалға оған 0,2% -1мл норадреналин, 1% - 1мл мезатон қос.
6Науқасты жылдам реанимацияға жеткіз.
7.Тасымалдаған кезде 60-90 мг преднизолон немесе 200-300 мг гидрокортизона сукцинат (солу-кортеф).
8.Қанды тоқтату үшін 10% -10 мл кальций хлорид көктамырға 5 мл гемофобин бұлшық етке 12,5% - 2мл дицинон көк тамырға баяу.
9.Кейінгі емдеу реанимация бөлімінде жүргізіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет