Клоун1: Сәлем саған, туған ел! Клоун2



бет3/5
Дата30.04.2024
өлшемі36.53 Kb.
#500218
1   2   3   4   5
Төрлет жаңа жыл тәрбие сағаты сценарий

«Кім тапқыр» ойыны
Баланың көзң байланып, қолына қолғап киеді. Жасырылған заттың не екенін қолымен ұстап табу керек. Тапқан оқушы жеңімпаз атанады.

1 – жүргізуші: Жаңа жылда алдағы
Көңіл өсіп кеңейсін.
Ортақ ойы арманы,
Жақсы дәстүр көбейсін дегендей, біздің балаларымыз осы жылы домбыра тартып үйренді. Қане, Аяз ата мн Ақша қар, осы балаларымыздың өнерін тамашалап, бағаларыңызды берерсіздер.
Күй: «Жастар биі»

2- жүргізуші:
Мың бұралған ақ қайыңдай
Қыздар шықсын ортаға.
Ақшақармен бірлесіп,
Мың бұралсын ортада.
Қане, Ақша қар, сіңлілеріңді ортаға алып би биеп жіберіңдер.

«Ақшақарлар» биі
2 – жүргізуші: Аяз ата, Ақша қар, біздің балаларымыз домбыра тартумен қатар тамылжыта әнде салады. Әнші қызымыздың өнерін тамашалаңыздар.
Ән : «Жаңа жыл» (Азиза)

1 – жүргізуші:Енді кезекті ойынға берейік. «Топтастыр»


Мысалы «Жаз» деген сөз айтылса сол «жаз» сөзіне қатысты сөздер айту керек.
«Қыс»- қар, шана, конький т.б.
«Мектеп» - парта, тақта, бор., «Табиғат», «Интернет»
2 – жүргізуші: Балалар, қане шырша\ны айналып өлең айтайық.
Ән: «Шыршаға бардық»
Аяз ата: -Ал балалар, қандай керемет өнер көрсеттіңдер! Көп көп рақмет! Сендермен бірге болып, өнерлеріңді тамашалағаныма өте разымын! ОХХХХоххоххо, енді мен алға жүрейін! Басқа мектептер де тағатсыздана күтіп отыр! Ал, ҰЛУ, саған жаңа жылдың кілтін табыс еттім! Өз уақытыңда балалардың білімді де, тәртіпті болуын, ата аналары, достары мен ұстаздарын сыйлап жүруін қадағала! Ал, балалалар, сау болыңдар!!!
Ақшақар: Әсем ән шырқап, би билеп аталарыңды бір қуантып тастадыңдар. Көп - көп рахмет! Өркендерің өссін! Енді Аяз ата екеуміз аттанайық! Баршаңызбен қоштасамыз, сау болыңыздар, балалар, келесі жаңа жылда кездескенше!

2 – жүргізуші: Міне, жаңа 2024-да келді. Ал 2024 жылы елімізге тыныштық болып, ырыс - құтымыз арылмасын!Жаңа жыл - әрбіріңіздің отбасыңызға жаңа нұр, жаңа шуақ, табыс пен береке, қуаныш пен мереке алып келсін!


1 – жүргізуші: Жаңа жыл баршамыз үшін берекелі, мерекелі жыл болсын! Келесі жаңа жылда кездескенше аман - сау болайық!




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет