Кодекс ережелері ҚАҰӨО барлық медицина қызметкерлеріне міндетті болып табылады


IІІ. Медицина қызметкерінің алқаластығы



бет2/3
Дата27.09.2023
өлшемі26.38 Kb.
#478800
түріКодекс
1   2   3
Медицина қызметкері мен емдклуші арасындағы қарым-қатынас (1)

IІІ. Медицина қызметкерінің алқаластығы 

  • Өмір бойы медицина қызметкері оны кәсіби шеберлікке үйреткен адамға деген құрмет пен ризашылығын сақтап өтуге міндетті.

  • Медицина қызметкері медициналық қауымдастықтың абыройы мен асыл дәстүрлерін сақтауға міндетті. Медицина қызметкерлері бір-біріне құрмет пен мейірімділікпен қарауға міндетті.

  • Медицина қызметкері көпшілік алдында басқа медицина қызметкерінің кәсіби біліктілігіне сенімсіздік білдіруге немесе немесе беделін түсіруге құқығы жоқ.

  • Клиникалық қиын жағдайларда тәжірибелі медицина қызметкері тәжірибесі аз әріптестеріне сыпайы түрде көмек көрсетуі тиіс. Бірақ емдеу үдерісіне толық түрде емдеуші дәрігер жауапты, ол өз әріптестерінің ұсыныстарын алуға немесе одан бас тартуға құқылы және бұнда науқастың мүддесін басшылыққа алуы тиіс.

  • Дәрігерлер – денсаулық сақтау ұйымдарының басшылары өздерінің қарамағындағы медицина қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттырып отыруларына жағдай жасауға міндетті.

  • Медицина қызметкерлері ұйымның басқа медицина және қосалқы қызметкерлеріне құрметпен қарауға, олардың кәсіби біліктілігін арттыруға жағдай жасауға міндетті.

ІV. Дәрігерлік құпия 

  • Әр пациент жеке құпиясының сақталуына құқылы және дәрігер, сондай-ақ медициналық көмек көрсетуші басқа да тұлғалар медициналық құпияны сақтауға пациент қайтыс болған жағдайда да міндетті, егер науқас басқадай өкім ұсынбаса дәрігерлік көмекке жүгіну фактісі де құпия болуы тиіс.

  • Құпия емдеу барысында және қарану барысында (диагноз, емдеу әдісі, болжамы және т.б.) алынған барлық мәліметтерге міндетті болып табылады.

  • Пациент жөніндегі ақпарат жария болу жағдайлары: 

- пациенттің өзінің айқын жазбаша келісімі бойынша;
- тексеріс, прокуратура, сот органдарының мүдделі талабы бойынша;
- егер құпияны сақтау пациенттің өмірі мен денсаулығына немесе басқа тұлғаларға (қауіпті жұқпалы аурулар) қауіпті болса;
- егер емдеуге басқа маман шақырылып, бұл ақпарат кәсіби тұрғыда қажет болса.

  • Дәрігер науқасты емдеуге қатысқан тұлғалардың кәсіби құпияны сақтауын қадағалауға міндетті.

  • Пациент жөніндегі мәліметтерді білуге құқығы бар тұлғалар барлық алған мәліметтерді құпияда сақтауға міндетті.

  • Ғылыми зерттеулер барысында, студенттерді оқыту және дәрігерлердің білімдерін жетілдіру барысында дәрігерлік құпия сақталуы тиіс. Науқасты көрсету оның келісімі бойынша ғана жүзеге асады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет