Кодекс І алматы қаласы, 2015 жыл мазмұны кіріспе 4



бет2/8
Дата03.07.2016
өлшемі230 Kb.
#175134
түріКодекс
1   2   3   4   5   6   7   8

 


ҚОҒАМ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ


  1. Қоғам Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк Басқармасының 2000 жылғы 29 желтоқсандағы шешіміне сәйкес тұрғын үй құрылысын ұзақ мерзімді қаржыландыру және ипотекалық несие беру жүйесін дамыту тұжырымдамасын іске асыру аясында құрылды.

Қоғамды құрудың басты мақсаты несие ресурстарын тезірек қайтаруды қамтамасыз ету үшін ипотекалық облигацияларды шығару жолымен екінші деңгейлі банктерді қайта қаржыландыру, ипотекалық несиелендіруге қатысатын қаржы институттарының өтімділік проблемаларын шешу, сонымен қатар еліміздің азаматтардың ипотекалық несиеге қолжетімділігін қамтамасыз ету болып табылады. Қоғамның негізгі қызметі 2001 жылдан басталады және қазіргі кезде еліміздің ең ірі банктік емес қаржы институттарының бірі болып табылады.

«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ «ҚИК»ИҰ»АҚ-ның акционері болып табылады



Қоғам миссиясы – мемлекеттік/салалық және өз бағдарламалары тұрғын үд сатып алу құқығымен жалға беру/тұрғын үйді сатып алу құқғынсыз жаолға беру және ипотекалық несие беру құралдары арқылы Қазақстан Республикасы халқының тұрғын үйге деген қолжетімділігін арттыру болып табылады.

Қоғам пайымы - Ипотекаға несие беру және сатып алу құқығымен, сатып алу құқығынсыз тұрғын үйді жалға беру тетігі арқылы Қазақстан Республикасы халықтарын қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету аясында мемлекет саясатының арнайы мамандандырылған қаржы операторы.

  1. Қоғамның негізгі мақсаттары:

  • Мемлекеттік (салалық) бағдарламаларды және өз бастамашылығын іске асыру аясында өнімдер мен қызметтерді ұсыну арқылы халықты тұрғын үймен қамтамасыз етду арттыру;

  • Ипотекалық несие беру саласына ұзақ мерзмді ресурстар тарту, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктер мен ипотека ұйымдарының өтімділігін арттыру;

  • Инфрақұрылымды дамытудың «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын және сатып алу құқығымен және сатып алу құқғынсыз тұрғын үйді жалға беру бағыты бойынша Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын іске асыру;

  • Ипотекалық несие беру және тұрғын үйді жалға беру нарығын жетілдіру мен дамыту болып табылады.

  1. Қоғам өз қызметінің негізіне мынадай құндылықтарды қояды:

  1. меритократия: әркімінің үлесі мен жетістіктерін бағалаудағы әділдік пен объективтілік;

  2. құрмет: команданың басқа мүшелеріне құрметпен қарау;

  3. адалдық: Қоғамның ішінде және өз әріптестеріне адалдық;

  4. ашықтық: байланыстарға және әріптестерге ашықтық;

  5. командалық рух: бірлескен қызметтен болатын неғұрлым жоғары жетістіктерге қол жеткізу үшін ынтымақтастық;

  6. сенім: өзара көмек пен сенім мәдениетіне бейімділік.

 

 

1-тарау. КОРПОРАТИВТІК БАСҚАРУ ҚАҒИДАТТАРЫНА БЕЙІМДІЛІК

1.1. Анықтамалар және қағидаттар


 

  1. Қоғамның қызметін басқару мен бақылауды қамтамасыз ететін және Қоғамның Жалғыз акционері, Директорлар кеңесі, Басқармасы, өзге де органдары мен жалғыз акционердің мүддесіндегі мүдделі тұлғалар арасындағы қатынастарды қамтитын процестердің жиынтығы, сондай-ақ Қоғамның еншілес және тәуелді ұйымдармен өзара іс-қимылы корпоративтік басқару ретінде ұғынылады.

  2. Қоғам корпоративтік басқаруды Қоғам қызметінің тиімділігін арттыру, оның беделін нығайту және өзінің капитал тартуға жұмсайтын шығындарын азайту құралы ретінде қарастырады. Қоғам корпоративтік басқарудың тиісті жүйесін өзінің қазіргі заманғы экономикадағы орнын анықтайтын фактор ретінде қарастырады. Корпоративтік басқару негізінде заңның үстемдік құру қағидаты жатады.

  3. Осы тармақта мазмұндалған корпоративтік басқару қағидаттары Қоғамды басқаруға байланысты туындайтын қатынастарда сенім тудыруға бағытталған және Кодекстің кейінгі бөлімдеріндегі барлық қағидалар мен ұсынымдардың негізі болып табылады.

Осы Қоғамның корпоративтік басқарудың негізін қалайтын қағидалар болып мыналар саналады:

  1. Жалғыз акционердің құқықтары мен мүдделерін қорғау қағидалары;

  2. Директорлар кеңесі мен Басқарманың Қоғамды тиімді басқару қағидаты;

3) Қоғамның дербес қызмет қағидаты;

4) Қоғамның қызметі туралы ақпараттың ашықтығы мен оны ашудың объективтілігі қағидаты;

5) заңдылық пен этика қағидаттары;

6) тиімді дивидендтік саясат қағидаттары;

7) тиімді кадр саясаты қағидаттары;

8) қоршаған ортаны қорғау қағидаты;

9) корпоративтік қақтығыстар мен мүдделер қақтығысын әділ реттеу саясаты;

10) жауапкершілік қағидаты болып табылады.

14. Қоғамның корпоративтік басқару құрылымы заңнамаға сәйкес келуге және Холдингтің органдары арасында міндеттерді бөлуді айқын анықтауға тиіс.

15. Кодексте мазмұндалған корпоративтік басқару қағидаттарын ұстану Қоғамның қызметіне объективті талдау жүргізу және талдаушылардан, консультанттардан және қажет болған жағдайда, рейтинг агенттіктерінен тиісті ұсынымдар, бағалар алу үшін тиімді тәсілдеме жасауға жәрдемдесуге тиіс.

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет