Кодекс І алматы қаласы, 2015 жыл мазмұны кіріспе 4


Жалғыз акционердің құқықтары мен мүдделерін қорғау қағидаты



бет3/8
Дата03.07.2016
өлшемі230 Kb.
#175134
түріКодекс
1   2   3   4   5   6   7   8

1.1.1. Жалғыз акционердің құқықтары мен мүдделерін қорғау қағидаты


 

16. Қоғамда корпоративтік басқару Жалғыз акционердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және құрметтеу қағидаттарына негізделген және Қоғамның тиімді қызметіне ықпал етеді.

17. Жалғыз акционер Заңнамада және Жарғыда көзделген құқықтарды иеленеді.

18. Қоғам Жалғыз акционердің негізгі құқықтарын жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.

1) оған тиесілі акцияларды иеленуге, пайдалануға және билік етуді;

2) Оның қызметі туралы жазбаша сауалдармен Қоғамға өтініш жасау және Заңнамамен, Жарғымен және қоғамның ішікі құжаттарымен белгіленген мерзімде уәжді жауап алуға құқылы;

3) Қоғам органдарының құрылуы және/немесе тағайындалуына қатысу құқығын;

4) Қоғам пайдасынан (дивидендтер) үлес алу құқығы.

19. Қоғам мен Жалғыз акционердің арасындағы ақпараттық алмасу тәртібі Заңнамамен, Жарғымен және қоғамның ішікі құжаттарымен реттелінеді.

1.1.2. Директорлар кеңесі мен Басқарманың Холдингті тиімді басқару қағидаты

1.1.2.1. Директорлар кеңесі қызметінің қағидаттары


 

20. Директорлар кеңесінің қызметі Қоғам мен Жалғыз акционердің мүдделерін барынша сақтау және іске асыру, ақылға қонымдылық, тиімділік, белсенділік, адалдық, кәсібилік, объективтілік және қабылданатын шешімдер үшін жауапкершілік қағидаттарынан құрылады, сонымен қатар Жалғыз акционердің құқығын қорғайды. Директорлар кеңесі Жалғыз акционердің алдында өз қызметінің толық айқындығын қамтамасыз етеді.

21. Директорлар кеңесінің қызметі Жалғыз акционерге толық есептілікте болады.

22. Директорлар толық ақпарат негізінде, адал және Жалғыз акционер мен Қоғамның ең үздік мүдделерінде әрекет етуге тиіс.

23. Директорлар кеңесінің шешімдер қабылдау процесінде ешқандай да тұлғаның (немесе тұлғалар тобының) заңнамамен көзделмеген артықшылықтары болмауға тиіс.

24. Директорлар кеңесі мен Басқарма арасындағы өкілеттіктерді бөлу Холдингтің тиісті ішкі құжаттарында жазылуға тиіс.

25. Директорлар кеңесінің төрағасы Директорлар кеңесінің басқарылуына жауап береді, оның тиімді қызметін, Директорлар кеңесіне директорлардың белсенді қатысуын қамтамасыз етеді, директорлар мен Басқарма арасындағы сындарлы қатынастарды орнатады.



26. Әрбір директордың жұмысын бағалау жүйесі Жалғыз акционер мен Қоғамның мүдделерінде олардың жұмыстарын ынталандыруды қамтамасыз етуге тиіс. Әрбір директордың жұмысын бағалау жүйесінің негізі Қоғамның Директорлар кеңесі және Директорлар кеңесінің жұмыс жоспары туралы ережеде бекітілген мақсаттар, міндеттер, міндеттемелер мен функциялар, сондай-ақ корпоративтік басқарудың халықаралық озық практикасы ұсынымдарына сәйкес Директорлар кеңесіне өз міндеттерін озық түрде шешуге және Қоғамның табысты және тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін барынша үлес қосуға мүмкіндік беретін сол міндеттемелер мен функциялардың орындалуын бағалау болып табылады.


1.1.2.2. Басқарма қызметінің қағидаттары


 

27. Қоғамның атқарушы органы алқалы болып табылады. Қоғамның Басқармасына Басқарма төрағасы басшылық етеді.

28. Басқарманың шешімдер қабылдауы процесінде ешбір тұлғаның (немесе тұлғалар тобының) заңмен көзделмеген артықшылықтары болмауға тиіс.

29. Басқарма Қоғамның міндеттерін орындау және даму стратегиясын іске асыру мақсатында Қоғамның ағымдағы қызметін басқаруды жүзеге асырады.

30. Басқарма қызметінің негізгі қағидаттары заңдылық, адалдық, парасаттылық, ақылға қонымдылық, жүйелілік, кәсібилік, объективтілік болып табылады.

31. Басқарманың қызметі Директорлар кеңесіне толық есептілікте болады.

 

1.1.3. Қоғамның дербес қызметі қағидаты



32. Қоғамның қызметі осы Кодекстің, Жарғының және заңнаманың ережелеріне сәйкес Қоғамның Жалғыз акционері мүдделерін барынша жақсы сақтау мақсатында жүзеге асырылады.

33. Қоғамның өз қызметін дербес жүзеге асырады.

34. Қоғамның пен Жалғыз акционер арасындағы мәмілелер мен қатынастар заңнама шеңберінде жүзеге асырылады.

1.1.4. Қоғамның қызметі туралы ақпараттың ашықтығы мен



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет