461-1-бап. Көлік құралын жүргізу кезінде жүргізушінің телефонды не радиостанцияны пайдалануы
1. Көлік құралын жүргізу кезінде жүргізушінің телефонды не радиостанцияны пайдалануы -
бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет -
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. Көлік құралын жүргізу кезінде телефонды не радиостанцияны тыңдауыш немесе қатты дауысты байланыс арқылы пайдалануға рұқсат етіледі.
09.12.04 ж. № 10-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2008.04.07 № 55-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 462-бап өзгертілді; 2014.17.04. № 195-V ҚР Заңымен 462-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
462-бап. Көлiк құралдары жүргiзушiлерiнiң қозғалыстың белгiленген жылдамдығын арттыруы
1. Көлiк құралдары жүргiзушiлерiнiң көлік құралы қозғалысының белгiленген жылдамдығын сағатына оннан жиырма километрге дейiнгi шамаға арттыруы -
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Көлiк құралы қозғалысының белгiленген жылдамдығын сағатына жиырмадан қырық километрге дейiнгi шамаға арттыру -
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Көлiк құралы қозғалысының белгiленген жылдамдығын сағатына қырық километрден асатын шамаға арттыру -
отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер -
қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
03.07.03 ж. № 464-II (бұр. ред. қара); 09.12.04 ж. № 10-III (бұр. ред. қара); 2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 463-бап өзгертілді; 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2008.04.07 № 55-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 463-бап өзгертілді
463-бап. Маршруттық көлік құралдарының тоқтау, тұрғын аймақтарда жүру, жолаушылар мен жүктерді тасымалдау қағидаларын сақтамау және жол жүрісі қағидаларын басқа да өрескел бұзу
1. Көлік құралдарын жүргізушілердің маршруттық көлік құралдарын тоқтату, тұрғын аймақтарда жүру, жолаушылар мен жүктерді тасымалдау, қауіпсіздік белдіктерімен жабдықталған көлік құралдарымен жүру кезінде қауіпсіздік белдіктерін, мотоциклдерді жүргізу және онымен жолаушыларды тасымалдау кезінде мотошлемдерді пайдалану, көлік құралдарын сүйретуге алу, тәуліктің қараңғы мезгілінде немесе анық көрінбейтін ала-көлеңке кезде жарық беретін аспаптарды пайдалану ережелерін сақтамауы -
бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
1-1. 2008.04.07 № 55-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2. Қауiптi жүктердi автокөлiк құралдарымен не мамандандырылған автокөлiк құралдарымен белгiленген қағидаларды бұза отырып, сол сияқты 1, 6 және 7-сыныптағы қауіпті жүкті тасымалдауға арналған арнайы рұқсатсыз тасымалдау -
жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - оннан отызға дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға отыздан елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралдарының арнайы рұқсатсыз, оның ішінде арнайы автоматтандырылған өлшеу құралдарын пайдалану арқылы тіркелетін жүріп өтуі -
жеке тұлғалар мен дара кәсіпкерлерге - екі жүз, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - бес жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3-1. Ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралдарының арнайы рұқсатта көрсетілген параметрлердің бірін асыра отырып не маршруттан немесе мерзімнен ауытқи отырып, жүріп өтуі -
жеке тұлғалар мен дара кәсіпкерлерге - жүз, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3-2-тармақ 2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
3-2. Барынша рұқсат етілген массасы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген автокөлік құралының жол берілген жалпы массасынан асып түсетін өзі аударғышпен ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары арқылы жүктерді тасымалдау -
жеке тұлғалар мен дара кәсіпкерлерге - айлық есептік көрсеткіштің сексеннен жүзге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жүз жетпістен екі жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға төрт жүз елуден бес жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3-3. Автокөлік құралын тиеу процесінде жүк жөнелтушінің Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген, рұқсат етілген салмақтық және көлемдік параметрлерді асыруы -
жеке тұлғалар мен дара кәсіпкерлерге - айлық есептік көрсеткіштің оннан он беске дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - отыздан елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға сексеннен жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет -
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2008.04.07 № 55-ІV ҚР Заңымен 463-1-баппен толықтырылды; 2014.17.04. № 195-V ҚР Заңымен 463-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
463-1-бап. Жол қиылыстарынан өту қағидаларын бұзу немесе жолдың жүру бөлігін кесіп өту
1. Көлік құралдарының көлденең бағыттағы жол жүрісіне кедергі келтіруге (кептеліске) әкеп соққан кептеліс пайда болған жағдайда жол қиылысына шығу немесе жолдың жүру бөлігін кесіп өту -
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Жол жүрісі қағидаларының жол қиылыстарынан өтудің басымдық құқығын пайдаланатын көлік құралына жол беру талабын орындамау -
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, жол қиылыстарынан өту қағидаларын бұзу -
бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер - жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2008.04.07 № 55-ІV ҚР Заңымен 463-2-баппен толықтырылды; 2014.17.04. № 195-V ҚР Заңымен 463-2-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
463-2-бап. Маневр жасау қағидаларын бұзу
1. Жол жүрісі қағидаларының жүру, қайта ауыстыру, бұрылу, кері бұрылу немесе тоқтау алдындағы сигнал беру талабын орындамау -
бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Мұндай маневрлер жасауға тыйым салынған жерлерде кері бұрылу немесе артқа жүру -
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы Кодекстің 463-1-бабының екінші бөлігінде және 463-5-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, жол жүрісі қағидаларының жүрудің басым құқығын пайдаланатын көлік құралына жол беру талабын орындамау - он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер - жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2008.04.07 № 55-ІV ҚР Заңымен 463-3-баппен толықтырылды; 2014.17.04. № 195-V ҚР Заңымен 463-3-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
463-3-бап. Көлік құралын жолдың жүру бөлігінде орналастыру, қарсы жүріп өту немесе басып озу қағидаларын бұзу
1. Жол жүрісі қағидаларын бұза отырып, жаяу жүргіншілер жолдарымен, жол жиектерімен немесе тротуарлармен жүру - он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Көлік құралын жолдың жүру бөлігінде орналастыру, қарсы жүріп өту немесе жолдың жүру бөлігінің қарсы бағытта жүруге арналған жағына шықпай, басып озу қағидаларын бұзу, сол сияқты ұйымдасқан көлік немесе жаяу колоннаны кесіп өту не оның арасынан орын алу - жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Егер бұл жол жүрісі қағидаларында тыйым салынған жағдайларда, жолдың жүру бөлігінің қарсы бағытта жүруге арналған жағына шығу - бір жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.
4. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер -
отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, көлік құралын басқару құқығынан айырылған не ондай құқығы жоқ адам жасаған әрекет - елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2008.04.07 № 55-ІV ҚР Заңымен 463-4-баппен толықтырылды; 2014.17.04. № 195-V ҚР Заңымен 463-4-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
463-4-бап. Көлік құралдарын тоқтату немесе тоқтап тұру қағидаларын бұзу
1. Осы Кодекстің 463-бабының бірінші бөлігінде, 466-бабында және осы баптың екінші және үшінші бөліктерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, көлік құралдарын тоқтату немесе тоқтап тұру қағидаларын бұзу - он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Көлік құралдарын тротуарда тоқтату немесе тоқтап тұру қағидаларын бұзу, сондай-ақ көлік құралдарын гүлзарларда, балалар немесе спорт алаңдарында тоқтату немесе тоқтап тұру - он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Басқа көлік құралдарының жол жүрісіне кедергі келтіруге әкеп соққан, көлік құралдарын жолдың жүру бөлігінде тоқтату немесе тоқтап тұру қағидаларын бұзу - жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Мүгедектердің көлік құралдарын тоқтату немесе тоқтап тұру үшін бөлінген жерлерде көлік құралдарын тоқтату немесе тоқтап тұру қағидаларын бұзу - елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Осы баптың бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер - отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Осы баптың төртінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет - жетпіс бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2008.04.07 № 55-ІV ҚР Заңымен 463-5-баппен толықтырылды
463-5-бап. Арнайы жарық және дыбыс сигналдары іске қосылған жедел және арнайы қызметтер көлік құралының жүруіне басымдық бермеу
1. Бір мезгілде жарқылдауық маягі мен арнайы дыбыс сигналы іске қосылған жедел және арнайы қызметтер көлік құралының жүруіне басымдық бермеу -
жеті айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Сыртқы жағында арнайы түсті-графикалық схемалар, жазулар және белгілер бар, бір мезгілде жарқылдауық маягі мен арнайы дыбыс сигналы іске қосылған жедел және арнайы қызметтер көлік құралының жүруіне басымдық бермеу-
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер - он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2008.04.07 № 55-ІV ҚР Заңымен 463-6-баппен толықтырылды
463-6-бап. Бағдаршамның тыйым салатын сигналына немесе реттеушінің тыйым салатын қимылына қарамай өтіп кету
1. Осы Кодекстің 466-бабының бірінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, бағдаршамның тыйым салатын сигналына немесе реттеушінің тыйым салатын қимылына қарамай өтіп кету -
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет -
жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2008.04.07 № 55-ІV ҚР Заңымен 463-7-баппен толықтырылды
463-7-бап. Жүргіншілерге немесе жол жүрісінің өзге де қатысушыларының жүруіне басымдық бермеу
1. Басымдық құқығын пайдаланатын көлік құралдарының жүргізушілерін қоспағанда, жол жүрісі ережелерінің жүргіншілерге немесе жол жүрісінің өзге де қатысушыларына жол беру талаптарын орындамау -
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет -
жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2008.04.07 № 55-ІV ҚР Заңымен 463-8-баппен толықтырылды
463-8-бап. Жол белгілерімен немесе жолдың жүру бөлігіндегі таңбалармен көрсетілген талаптарды сақтамау
1. Осы тараудың басқа баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, жол белгілерімен немесе жолдың жүру бөлігіндегі таңбалармен көрсетілген талаптарды сақтамау -
бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет -
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2008.04.07 № 55-ІV ҚР Заңымен 464-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
464-бап. Көлiк құралдарын жүргiзушiлердiң жүргiзiп үйренудi өткізу, сыртқы жарық түсiру аспаптарын және (немесе) дыбыс сигналдарын пайдалану, авариялық сигнал берудi қолдану ережелерiн бұзуы
1. Көлiк құралдарын жүргiзушiлердiң жүргiзiп үйренудi өткізу, сыртқы жарық түсiру аспаптарын және (немесе) дыбыс сигналдарын пайдалану, авариялық сигнал беру мен авариялық аялдау белгiсiн қолдану ережелерiн бұзуы, -
бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет -
жеті айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2008.04.07 № 55-ІV ҚР Заңымен 464-1-баппен толықтырылды
464-1-бап. Көлік құралына арнайы жарық және (немесе) дыбыс сигналдарын беруге арналған құрылғыларды орнату ережелерін бұзу не жедел және арнайы қызметтер автомобильдерінің арнайы түсті-графикалық схемаларын заңсыз жазу
1. Көлік құралының алдыңғы бөлігіне қызыл түсті жарығы бар жарық аспаптарын немесе қызыл түсті жарық қайтаратын жабдықтарды, сол сияқты түсі мен жұмыс режимі көлік құралдарын пайдалануға жіберудің талаптарына сәйкес келмейтін жарық аспаптарын орнату -
аталған аспаптар мен жабдықтарды тәркілей отырып, жеке тұлғаларға - он бес, көлік құралдарының пайдаланылуына жауапты лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері, коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір жарым мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Арнайы жарық және (немесе) дыбыс сигналдарын беруге арналған құрылғыларды (күзет сигнализациясын қоспағанда) көлік құралына тиісті рұқсатсыз орнату -
аталған құрылғыларды тәркілей отырып, жеке тұлғаларға - жиырма бес, көлік құралдарының пайдаланылуына жауапты лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері, коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Көлік құралының сыртқы жағына жедел және арнайы қызметтер автомобильдерінің арнайы түсті-графикалық схемаларын заңсыз жазу -
жеке тұлғаларға - жиырма бес, көлік құралдарының пайдаланылуына жауапты лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері, коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2014.17.04. № 195-V ҚР Заңымен 464-2-баппен толықтырылды
464-2-бап. Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау қағидаларын бұзу
1. Жеке тұлғалардың көлік құралдары жүргізушілерін даярлау қағидаларын бұзуы - он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер - біліктілік куәлігінен айыруға әкеп соғады.
3. Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымдарының көлік құралдары жүргізушілерін даярлау қағидаларын бұзуы - дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - елу, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер -
көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымдарының тізілімінен алып тастай отырып, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2014.17.04. № 195-V ҚР Заңымен 464-3-баппен толықтырылды
464-3-бап. Қазақстан Республикасының жол жүрісі саласындағы заңнамасын бұзу
1. Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі кәсіптік бірлестіктердің «Жол жүрісі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген міндеттерді орындамауы -
көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі кәсіптік бірлестіктерге бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның заңдылықтың бұзылуын жою туралы жазбаша нұсқамасын кәсіптік бірлестіктердің белгіленген мерзімде орындамауы және (немесе) тиісінше орындамауы -
көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі кәсіптік бірлестікті аккредиттеу туралы куәлікті тоқтата тұрып, жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті орган көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі кәсіптік бірлестікті аккредиттеу туралы куәліктің қолданысын тоқтата тұрған себептерді жоймау -
көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі кәсіптік бірлестіктерді аккредиттеу туралы куәлігінен айыруға әкеп соғады.
4. Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі кәсіптік бірлестіктің «Жол жүрісі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының аккредиттеу туралы куәліктен айыруға негіздер болып табылатын талаптарын бұзуы -
көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі кәсіптік бірлестіктерді аккредиттеу туралы куәлігінен айыруға әкеп соғады.
5. Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымының «Жол жүрісі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген міндеттерді орындамауы -
көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымына бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған нақ сол әрекеттер -
көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымдарының тізілімінен алып тастай отырып, көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымына екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
7. Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымының жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның заңдылықтың бұзылуын жою туралы жазбаша нұсқамасын белгіленген мерзімде орындамауы -
көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымына бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
09.12.04 ж. № 10-III (бұр. ред. қара); 2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 465-бап өзгертілді; 2008.04.07 № 55-ІV ҚР Заңымен 465-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Достарыңызбен бөлісу: |