Кодекс Республики Казахстан от 25 декабря 2017 года №120-vi зрк



бет3/9
Дата04.09.2023
өлшемі50.4 Kb.
#476559
түріКодекс
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Нотариат

Нотариат туралы
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 14 шiлдедегі N 155 Заңы.
35-бап. Аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың, ауылдық округтiң әкiмi аппаратының лауазымды адамы жасайтын нотариаттық iс-әрекеттер
1. Елдi мекенде нотариус болмаған жағдайда аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың, ауылдық округтiң әкiмi аппаратының нотариаттық iс-әрекеттердi жасауға уәкiлеттi лауазымды адамы мынадай нотариаттық iс-әрекеттер жасайды:
1) өсиеттердi куәландырады;
2) сенiмхаттарды куәландырады;
3) құжаттар көшiрмелерiнiң және олардан алынған үзiндiлердiң дұрыстығын куәландырады;
4) өтiнiштерге қойылған қолдың түпнұсқалығын куәландырады;
5) <*>
2. Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде жергiлiктi атқарушы органның лауазымды адамдары жасайтын өзге де нотариаттық iс-әрекеттер көзделуi мүмкiн.

Нотариустардың нотариаттық іс-әрекет жасау ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 31 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 28 ақпанда № 7447 тіркелді.

7. Өсиеттерді куәландыру


Ескерту. 7-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 29.03.2019 № 149 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
86. Өсиеттерді куәландырған кезде өсиет қалдырушыдан өсиетке қалдырып жатқан мүлігіне құқығын растайтын дәлелдерді талап етілмейді.
Өсиет жазбаша нысанда оның жасаған жері мен уақытын көрсетіп жасалынады және міндетті нотариалды куәландыруға жатады.
Ескерту. 86-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 29.03.2019 № 149 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.


87. Бірнеше адамдардың немесе өкілдің атынан өсиетхатты куәландыруға жол берілмейді.
88. Өсиеттi өсиет қалдырушының өзі жазады не өсиет қалдырушының айтуымен куәлардың қатысуы арқылы нотариус жазады.
Өсиетте оны жасаған жері, күні және уақыты көрсетіледі.
Өсиет куәнің қатысуымен жасалса, өсиеттің мәтіні мен тізілімде куәнің тегі, аты, әкесінің аты (егер бар болса), туған күні мен жері, жеке сәйкестендіру нөмірі, сондай-ақ тұрақты мекенжайы көрсетілуге тиіс. Өсиетке өсиет қалдырушының орнына қол қойған тұлғаға қатысты ұқсас мәліметтер өсиетте және тізілімде көрсетіледі.
Өсиет жасалған кезде Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 1050-бабының 4-тармағында көрсетілген тұлғалар куәгер бола алмайды.
Өсиетті нотариус өсиет қалдырушының сөзімен жазған кезде немесе нотариус қолымен жазса, жалпы қолданылатын техникалық құралды (жазу маш инкасы, дербес компьютер) пайдаланады.
Өсиетке өсиет қалдырушы мен куәгер қол қояды (өсиетті куәгердің қатысуымен жасаған жағдайда).
Өсиетті нотариус өсиет қалдырушының сөзімен жазған кезде өсиет қалдырушы өсиетке қол қойғанға дейін оны нотариустың және куәгердің қатысуымен оқиды.
Ескерту. 88-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 29.03.2019 № 149 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.


89. Егер өсиет қалдырушы дене кемістіктеріне, науқастығына немесе сауатсыздығына байланысты өсиетті жеке өзі оқи алмайтын жағдайда болса, ол үшін оның мәтінін нотариустың қатысуымен куә жария етеді, бұл туралы өсиет қалдырушының жеке өсиетті оқи алмауының себебі көрсетілген куәландырған жазбаға дейінгі өсиет мәтініне тиісті жазу жазылады.
Егер өсиет қалдырушы дене кемістіктеріне, науқастығына немесе сауатсыздығына байланысты өсиетке өз қолымен қол қоя алмайтындай жағдайда болса, оның өтініші бойынша нотариустың өсиет қалдырушының және куәгердің қатысуымен өсиетке басқа адамның қолы қойылады. Бұл ретте өсиет қалдырушының өсиетке өзі қол қоя алмауының себебі көрсетіле отырып, өсиет мәтінінде және куәландыру жазбасында тиісінше жазу жазылады.
Нотариус өсиетті куәландыруға қатысушы адамдарға, мұраны ашқанға дейін өсиеттің мазмұнына, оны жасауға, жоюға немесе өзгертуге қатысты мәліметтерді жария етпеу міндетін түсіндіреді.
Ескерту. 89-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 29.03.2019 № 149 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.


90. Өсиет қалдырушының қалауы бойынша нотариусты оның мазмұнымен таныстырмай, нотариус құпия өсиетті бір данада куәландырады.
Құпия өсиет, оның жарамсыз болып қалу қаупі ескеріліп, өсиет қалдырушының өз қолымен жазылады және қолы қойылады, екі куәнің және нотариустың қатысуымен куәлар өз қолдарын қоятын конвертке желімденіп салынады, куәлардың қатысуымен куәлар қол қояды, нотариус куәландыру жазбасын қойып, басқа конвертке бекітіледі. Құпия өсиеті бар конверт өсиет қалдырушының қалауы бойынша өсиетті куәландырған нотариуста не өсиет қалдырушыда не өсиет орындаушысында (өсиет жүктелген өкілде) сақталады.
Құпия өсиетті куәландырған кезде нотариус өсиет берушіге Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 1050-бабында көзделген өсиет нысанына қойылатын талаптарды түсіндіреді.
Нотариус өсиет қалдырушыға құпия өсиетті сақтауға қабылдау туралы куәлік береді. Егер құпия өсиет өсиет қалдырушыға не өсиетті орындаушыға (өсиет жүктелген өкілге) сақтауға берілсе, бұл туралы нотариус сақтауға беру туралы куәлік береді және өсиетхаттарды есепке алудың алфавиттік кітабында белгі қояды.
Ескерту. 90-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 12.12.2019 № 595 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.


91. Өсиет бір немесе бірнеше жеке тұлғалардың пайдасына, сондай-ақ заңды тұлғалардың және мемлекеттің пайдасына да жасалады. Егер өсиет бірнеше адамдардың пайдасына жасалса, өсиет қалдырушы әрбір мұрагердің үлес мөлшерін, немесе олардың әрқайсысына тиісті мүлікті немесе барлық мұрагерлердің мұрадағы үлестерінің тең екенін көрсетуі керек.
92. Егер көрсетілген өсиеттегі мұрагер мұра ашылғанға дейін қайтыс болатын, оны қабылдамайтын не одан бас тартатын немесе лайықсыз мұрагер ретінде мұрадан шеттетілетін жағдайда, сондай-ақ мұрагердің мұра қалдырушының құқықтық шарттарын өсиет бойынша орындамаған жағдайда өсиет қалдырушының басқа мұрагерді тағайындай алады.
93. Өсиетті куәландыру кезінде нотариус өсиет қалдырушыға заң бойынша жасы кәмелетке толмаған немесе еңбекке жарамсыз мұрагерлердің өсиеттің мазмұнына қарамастан міндетті үлесін алуға құқықтары туралы түсіндіреді.
94. Нотариус өсиеттік бас тартуды, міндеттерді жүктеуді, мұрагерді қосымша тағайындауды, өсиет орындаушыны тағайындауды қамтитын талаптардың өсиетке енгізілуі мүмкіндігін өсиет қалдырушыға түсіндіреді.
Ескерту. 94-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 04.06.2015 № 315 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.


95. Өсиеттің мәтініне өсиетті орындаушыны тағайындау туралы шарттың қосылуы мүмкін. Өсиетті орындаудың мұрагер болып табылмайтын адамға жүктелуі мүмкін. Бұл жағдайда осы адамның өз қолымен жазылған өсиеттің өзінде, не өсиетке қоса берілген өтінішінде білдірілген келісімі қажет. Құпия өсиетті куәландыру және өсиет қалдырушы өсиетті орындаушыны (өсиет жүктелген өкілді) тағайындау кезінде өсиетті орындаушының (өсиет жүктелген өкілдің) келісімі конвертке қоса берілетін өтініште көрсетіледі.
Өсиет орындаушы болып әрекет қабілеті жоқ адам, сол сияқты өсиет қалдырушының орнына өсиетке қол қойған адам тағайындалмайды.
"Жеке тұлғалар" мемлекеттік деректер қорында БНАЖ арқылы өсиетті орындаушының (өсиет жүктелген өкілдің) жеке басын куәландыратын құжаттары тексеріледі.
Ескерту. 95-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 12.12.2019 № 595 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.


96. Куәландырылған өсиеттер туралы мәліметтерді нотариус өсиеттерді есепке алу алфавиттік кітабына енгізеді.
97. Нотариаттық палатада нотариус берген куәландырылған өсиеттер туралы мәліметтер енгізілетін өсиеттерді есепке алудың алфавиттік кітабы жүргізіледі.
98. Өсиеттің:
1) өзі бұрын жасаған өсиеттен толық бас тарту туралы нотариусқа өтініш беру;
2) жаңа өсиет жасау жолымен күшінің жойылуы мүмкін.
Өсиеттің:
1) өзі бұрын жасаған өсиеттің белгілі бір бөлігін өзгерту туралы жазған өтінішті нотариусқа беру;
2) бұрын жасалған өсиетті өзгертетін жаңа өсиет жасау жолымен өзгертілуі мүмкін.
99. Өкіл арқылы өсиеттің күшін жоюға немесе өзгертуге жол берілмейді. Өсиеттің күшін жою немесе өзгерту туралы өтініш нотариаттық куәландырылады.
100. Нотариус нотариаттық іс-әрекеттерді тіркеу тізілімінде және БНАЖ электрондық тізілімінде өсиетті жою, өзгерту туралы белгі жасайды.
Өсиет жойылған жағдайда, нотариус өсиет қалдырушыдағы данасын, құпия өсиетті қоспағанда, алып қояды, оған жазба жасайды және нотариус істерінде сақталатын данасына тігеді.
Құпия өсиеттің күші жойылған жағдайда нотариусқа оның күшін жою туралы өтініш беріледі.
Бұрын жасалған өсиет өзгерген жағдайда оны өзгерту туралы өтініш нотариуста сақталатын өсиеттің данасына тігіледі.








Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет