14-тарау. Құжаттар көшірмесінің және олардың үзінділерінің дұрыстығын куәландыру
Ескерту. 14-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 29.03.2019 № 149 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
167. Нотариус құжаттардың көшірмелері мен олардан алынған үзінділердің дұрыстығын егер ол Қазақстан Республикасының заң актілеріне қайшы келмеген және заңдық мәні болған жағдайда куәландырады.
168. Нормативтік құқықтық актілердің, сондай-ақ газет баспаларының, кітаптардың, мақалалардың, монографиялардың, заңдық мәні жоқ жеке хаттар мен басқа да құжаттарының көшірмелерінің және үзінділерінің дұрыстығы куәландырылмайды.
Заңды тұлғалар ұсынған, факсимиле бедерлемесімен куәландырылған құжаттардың көшірмелерінің дұрыстығын куәландыруға рұқсат етілмейді.
Ескерту. 168-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 24.01.2014 № 22 бұйрығымен (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
169. Өсиеттің көшірмесінің дұрыстығы өсиет қалдырушының қайтыс болғаны туралы куәлік көрсетілген кезде ғана куәландырылады.
170. Тазартылған, қосымша жазу жазылған, сызып тасталған сөздері, сондай-ақ ескертілмеген өзге де түзетулері бар құжаттың және одан алынған үзінділердің дұрыстығын, не егер құжат қарындашпен жазылса, мәтіні түсініксіз болса, тиісті түрде нөмірленбеген, бауланбаған және бекітілмеген бірнеше бетке жазылса, немесе мөрдің бедерлемесі анық болмаса куәландырылмайды.
Ескерту. 170-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 24.01.2014 № 22 бұйрығымен (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
171. Нотариалды куәландырылған көшірмеде түпнұсқа құжаттың дәлме-дәл мәтіні болуға, лауазымды адамдардың қолдарының бар екендігі көрсетілуге, сондай-ақ құжат бекітілген мөрдің нақты мәтіні болуға тиіс. Көшірмеде нотариустың куәландыру жазбасы, оның қолы және мөрдің бедерлемесі қойылады.
172. Бірнеше бетке жазылған құжат көшірмесі және одан алынған үзінді осы Ереженің 21-тармағының ережелері сақталып жасалуға тиіс.
Ескерту. 172-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 24.01.2014 № 22 бұйрығымен (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
173. Шетел мемлекетінің ресми мекемелері берген құжаттың көшірмесінің және одан алынған үзінділердің дұрыстығын куәландыруды құжатта заңдастыру немесе апостиль қойылғаны туралы белгі болғанда ғана жүргізеді. Егер Қазақстан Республикасы мен шетел мемлекеті арасында тиісті келісім болған жағдайларда құжатты заңдастыру немесе апостиль қою талап етілмейді.
Ескерту. 173-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 24.01.2014 № 22 бұйрығымен (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
174. Көшірменің дұрыстығы көшірме жасалатын құжатта өзара байланысты емес жеке бөлек мәселелер туралы мәліметтер болған жағдайда куәландырылады.
Үзінді құжаттың мәтінінен механикалық түрде жазба машинасымен, компьютермен, қолдан қайта жазу арқылы, ксерокөшірмеленіп және сканерленіп жүзеге асырылады.
Келесі құжаттардың үзінділері ксерокөшірме және сканерлеу арқылы жүзеге асырылады:
1) Қазақстан Республикасы азаматының паспорты;
2) Қазақстан Республикасының дипломаттық паспорты;
3) Қазақстан Республикасының қызметтік паспорты;
4) шет ел паспорты;
5) әскери билеті;
6) еңбек кітапшасы.
Осындай құжаттардың үзінділері ұсынылған құжаттың үзіндісіне тиісті екенін анықтауға мүмкіндік беретін мәселе мен мәліметтерді айқындау бойынша құжаттың бір бөлігінің толық мәтінін қайталауы тиіс.
Азаматтың қалауы бойынша жоғарыда аталған құжаттардың барлық беттерінің көшірмелерінің дұрыстығын куәландыруға болады.
Ескерту. 174-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 24.01.2014 № 22 бұйрығымен (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
175. Егер құжаттағы азаматтың қолының дұрыстығын нотариус немесе нотариаттық іс-әрекет жасауға уәкілеттік берілген лауазымды тұлға куәландырған жағдайда, азамат берген құжаттың көшірмесінің және одан алынған үзінділердің дұрыстығы куәландырылады.
Ескерту. 175-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 04.06.2015 № 315 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
176. Құжаттың көшірмесінен алынған көшірменің дұрыстығы бұрын нотариаттық тәртіпте куәландырылған болса және оны түпнұсқа құжатты берген заңды тұлға берген болса ғана куәландырылады.
Соңғы жағдайда құжаттың көшірмесі аталған заңды тұлғаның бланкісінде жасалуға, оның мөрімен бекітілуге және оның түпнұсқасы құжатты берген заңды тұлғада жатыр деген белгісі болуға тиіс.
177. Құжаттың көшірмесінен алынған көшірмені куәландыру тәртібі құжаттың көшірмесін куәландыру ережелеріне ұқсас. Нотариаттық іс-әрекеттерді тіркеу тізілімде құжаттың мазмұны, деректемелері, құжаттың көшірмесін алғаш куәландырған орган туралы жазу жазылуға тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |